Автор: Асылхан Бөрібай

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумында АЭС құрылысына қатысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысы референдумды айтулы уақиға деп бағалады. «Орайлы сәтті пайдаланып, бірқатар өзекті мәселеге тоқталғым келеді. Бірнеше күннен кейін өтетін жалпыұлттық референдумда халқымыз Қазақстанда атом электр станциясын салу қажет пе, әлде қажет емес пе деген мәселені шешеді. Дауыс беру нәтижесі қандай болса да, бұл – айтулы уақиға. Алдағы референдум – Қазақстанда соңғы бес жылда болған ауқымды өзгерістердің тағы бір мысалы, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі. АЭС құрылысына қатысты өз ұстанымымды бұған дейін бірнеше рет айттым. Әлемдегі прогрестен шет қалмау үшін…

Толық оқу

Сенат депутаттары Денис Шипптің Жоғарғы сот судьясы лауазымына кандидатурасын қолдап дауыс берді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бұл ұсынысты сенаторлар қарауына Мемлекет басшысы ұсынды. Денис Шипп 1968 жылы 27 ақпанда Петропавлда дүниеге келген. Омбы мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша және академик Королев атындағы Самара мемлекеттік аэроғарыш университетін бітірген. Әртүрлі уақытта Денис Шипп ағылшын тілінен аудармашы және салық полициясының инспекторы болып жұмыс істеген. Петропавл қалалық сотының және Алматы мамандандырылған қаржы сотының судьясы болды. 2011-2015 жылдары Алматы мамандандырылған қаржы сотының төрағасы болды. Ол Жоғарғы Соттың судьясы қызметін де атқарған.

Толық оқу

Қазақстанның қаржы секторында тағы да бір үлкен өзгеріс болғалы тұр. Әлеуметтік желі мен БАҚ-та ForteBank екі банкті – RBK Bank пен Еуразиялық банкті өз қанатының астына алу мүмкіндігін зерттеп жатқаны туралы ақпарат тарап кетті, деп хабарлайды Ertenмedia.kz. Дерекке сүйенсек, екі банктің де қаржылық жағдайы мұқият сараптамадан өтуде (due diligence), ал олардың иелеріне алғашқы ұсыныстар жасалған көрінеді. Евразиялық банк ұзақ жыл бойы Қазақстанның банк нарығында өз орны бар қаржы институттарының бірі болып келеді. Оның негізін қалаған үштік Машкевич, Ибрагимов және Шодиев ел экономикасына азды-көпті үлес қосты. Дереккөз қазіргі кезде билік мұрагерлердің қолына өткен соң, бұл банк әлсіздік көрсетіп отырғанын жазды. Банкста…

Толық оқу

Алматыда полиция экипажы көлік жүргізушіcінің өмірін сақтап қалды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Оқиға 1 қазанда Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы айыппұл тұрағы аумағында тіркелді. 33 жастағы ер адам алдымен көлігін, сосын өзін өртеп жіберген. «Сағат 13:10-да мамандандырылған патрульдік полиция батальонының экипажы Subaru көлігін тоқтатты. Көлік иесінің 1,300 млн теңге көлемінде төленбеген айыппұлы болған. Тексеру кезінде жүргізушінің міндетті сақтандыру полисі болмаған. Белгіленген ережелерге сәйкес, көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылуы тиіс, жүргізуші біраз уақыттан кейін осында қайтып келген. Жүргізуші көліктің ішінде отырып, көлік құралына сосын өзіне бензин шашып, жағып жіберді», — деп жазылған хабарламада. Полиция қызметкерлері ер адамды құтқару үшін жедел шаралар қабылдады. Өрт…

Толық оқу

Бүгін Жезқазған қаласында «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «SARAP» эксперттік клубының «Референдум тікелей демократия құралы ретіндегі орны мен мүмкіндіктері» тақырыбындағы аймақтық жиынын өткізді. Аталған аймақтық жиын 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналды. Күн тәртібіне сәйкес Жолдауда айтылған мемлекеттік шешімдерді қабылдаудағы азаматтардың қатысуы, энергетикалық саясат, сондай-ақ атом электр станциясын салу бойынша жалпыұлттық референдум сияқты маңызды сұрақтар талқыланды. Сонымен қатар Қазақстанда референдум құралын қолдануға қатысты өзекті мәселелер, сондай-ақ оның азаматтардың белсенділігін арттырудағы және демократияны нығайтудағы маңызы қарастырылды. Іс-шараға…

Толық оқу

Елшілік пен СІМ Таяу шығыстағы жағдайға байланысты шұғыл мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматтарына қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Елшілігімен байланыста болуды сұрайды. Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін жедел желі телефон нөмірлері: Қазақстанның Израильдегі елшілігінің байланыс нөмірлері: +972 (3) 503 78 85 (кезекші) +972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp) +972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp) +7 700 111 31 96 (WhatsApp) Қазақстанның Израильдегі, Ирандағы және Ливандағы елшіліктері осы елдердің уәкілетті органдарымен тұрақты байланыста. «Осы уақытқа дейін Қазақстан…

Толық оқу

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Қазір мамандар оң бағасын беріп отыр. Бұл болашақтың қажеттілігі. Қазір бүкіл әлем атом энергетикасына бет бұрып жатыр. Ерте ме, кеш пе, бәрібір осыған келеміз. Сондықтан, АЭС салу – орынды шешім деп санаймын», – деді депутат Мәжіліс кулуарында. Журналистің «Ресей салса, тәуелділік күшеймей ме?» деген сұрағына депутат бұл мәселе бойынша алаңдаудың қажеті жоқ екенін айтты. «Бұл жерде саяси шешімді Президент пен басқа да жауапты тұлғалар қабылдайды. Сондықтан алаңдайтын ештеңе жоқ. Қайткен күнде де шешім қабылдайтын уақыт келді. Мұнай мен көмірдің қоры да шексіз емес», – деді Назаров.…

Толық оқу

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматының тау бөктеріндегі бұрынғы шенеунікке тиесілі болуы мүмкін зәулім үйді сату туралы ақпаратты зерттемек, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Tengrinews.kz -ке сілтеп. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бастығының бұрынғы орынбасарының жұбайы Алматыда отбасылық зәулім үйді сатылымға шығарғаны туралы ақпарат пайда болды. Кейбір деректер бойынша оның құны 2 миллиард теңгеге бағаланған. Мәжіліс кулуарында журналистер Антикор төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтан бұл үй шынымен де бұрынғы әріптесінің отбасына тиесілі ме деген сауал қойды. «Біз де осы жазбаны көрдік, бізде тиісті бөлім бар, бұл мәселемен айналысады. Екінші: мен бірден атап өткім келеді, мұнда біз де түсінуіміз керек,…

Толық оқу

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың ісі «Құпия» белгісімен тергеліп жатқаны белгілі болды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Мәжіліс кулуарында агенттік өкіліне «Бекетаевтың ісінің «Болашақ» консалтингтік компаниясының бас директорына қатысты тергеуге қатысы бар ма?» деген сұрақ қойылды. «Бұл істерде «Құпия» белгісі бар. Миллиондаған доллар қаржы кетіп, шешімі табылмаған арбитраждық істер республиканың пайдасына болмағандықтан, қазір тиісті тергеу жүргізіліп жатыр», — деп жауап берді Ұлан Сарқұлов. Ал «бас директор мен бұрынғы министрдің бір іске қатысы бар ма?» деген сұраққа агенттік төрағасының орынбасары жауап бермеді. «Бұл істер құпия. Мен қазір былай немесе былай…

Толық оқу

Ресейлік компаниялардың салық төлемдері қысқарды: бюджет 6 миллиард теңгеден айырылды, деп жазады Ertenмedia.kz. Дерекке сүйенсек, 2023 жылы Қазақстанда жұмыс істейтін ірі ресейлік компаниялар ел бюджетіне түсетін салық төлемдерін айтарлықтай қысқартты. Нәтижесінде 14 компанияның төлеген жалпы сомасы 26,3 миллиард теңге болады, бұл 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 18,5%-ға төмен. 2022 жылы бұл сома 32,3 миллиард теңге болған еді, осылайша Қазақстан бюджеті 6 миллиард теңгеден айырылды. Салық төлемдерін едәуір қысқартқандардың қатарында «ЛУКОЙЛ Лубрикантс Орталық Азия», ВТБ Банкі, «КаР-Тел» («Beeline») және Wildberries бар. Алайда кейбір компаниялар, атап айтқанда, Ozon, Яндекс Қазақстан және «Росатом Орталық Азия» керісінше салық аударымдарын ұлғайтқан. 14 компанияның ішінде сегізі салық…

Толық оқу