Автор: Асылхан Бөрібай

«Ауыл әкімі түн жарымында терезеден үйге кіріп, зорламақ болды». Осылай деп әділдік іздеген Жетісу облысының тұрғыны әкіммен соттасып жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әсем Бөкенова «сол күнді есіме алсам қорқыныштан әлі күнге дейін қол-аяғым дірілдейді» дейді. Күйеуі үйде болмаған. «Алматы» телеарнасына сұхбат берген әйелдің айтуынша, балаларының жанында қаперсіз  ұйықтап жатқанда түн ортасында ауыл әкімі терезеден ішке кірген. Шырт ұйқыдан шошып оянған ол жарықты жағып үлгергенін айтты. Ал арам ойы іске аспаған әкім түк болмағандай, есіктен сыртқа шығып кеткен. «Халықтың алдына шыққаным маған да оңай болып тұрған жоқ. Төрт бала асырап отырмын. Үйде әпкемнің 17 жастағы қызы бар. Егер мен болмасам қызға тиісер…

Толық оқу

Қазақстан АҚШ-қа 49 жылға жалға жер береді. Жер Алматыдағы Американың консулдық мекемесінің үй-жайларын салу және пайдалану үшін берілетіні айтылған деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Қазақстан Республикасының Үкіметі Америка Құрама Штаттарының Үкіметіне Алматы қаласындағы АҚШ-тың консулдық мекемесінің ғимаратын салу үшін жер учаскесін жалға беру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын», – делінген Қазақстан Үкіметінің қаулысында. Келісім жобасына сәйкес Алматы қаласындағы Жамақаев көшесі, Әл-Фараби даңғылы, Сейфуллин даңғылы, Алдара Көсе көшесінің арасында орналасқан жер учаскесі жалға беріледі. Жалдау мерзімі шарт жасалған күннен бастап 49 жыл деп есептелінген. Бұл ретте жалдау мерзімі тағы 49 жылға ұзартылуы мүмкін. Учаске ауданы – 70 593 шаршы метр. «Жалға алу ақысы (жалпы ұзақтығына…

Толық оқу

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Бас прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдап, заңсыз берілген жерлердің мәселесін көтерді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Тоқаев биылғы Жолдауында да заңсыз берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару қажет екенін мәлімдеді. Депутаттың сөзінше, әкімдіктер тарапынан заңсыз әрі конкурссыз берілген 2 мыңға жуық шешімдердің жұмысын «Жер аманаты» комиссиясының араласуымен қайтаруды тапсырған. «Соңғы уақыттарда республикалық жер комиссиясы мен оның инспекторларына жан-жақты заңсыз қысым көрсетілуде. Бұл комиссияның жүйелі жұмыс жасауына үлкен кедергілер келтіріп отыр. Мысалы, Үкіметтің вице-премьері Нұрлан Байбазаровтың кәсіпкерлерден түскен арыз өтінішінен кейін негізсіз хаттамалық шешім шығарды. Дәлел ретінде, хаттамалық шешімде – жұмыс тобын құрып, оның аясында заңсыз, яғни конкурссыз берілген жерлердің құжаттамаларына…

Толық оқу

Алматы облысы Есік қаласында жаңа мектеп ашылды. Оқу орнының құрылысын Болат Өтемұратов қорының қолдауымен «Верный капитал» компаниялары тобына енетін ForteBank қаржыландырды. Жобаның құны 8,1 млрд теңгені құрады. Мектептің құрылысы аяқталғаннан кейін Алматы облысы әкімдігінің балансына өтеусіз берілді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған жаңа оқу орнында бірден 900 оқушы оқиды. Жаңа мектеп ең жоғары сапа критерийлеріне сәйкес салынып қана қоймай, сонымен қатар үстелдер мен орындықтардан бастап компьютерлерге дейін толық жабдықталған. Есік қаласындағы заманауи мектептің құрылысы 2023 жылдың көктемінде Алматы облысының әкімдігі кәсіпкерлер мен меценаттарға өтініш білдіргеннен кейін басталды. Аймақтағы оқу орындарының тапшылығынан көптеген мектептерде үш ауысымдық оқу процесі жұмыс істеді…

Толық оқу

Алматы соты Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тағы бір үкім шығарды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ол кәсіпкерді бопсалап, заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін 12 жылға сотталды. Оның көмекшісі әрі жүргізушісі Мәди Батыршаев та кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұған дейінгі сот отырыстарында Батыршаев өзіне тағылған айыпты мойындамай, судьядан әділ шешім күтетінін жеткізген болатын. Айта кетсек, Гүлмира Сатыбалдыға былтыр да екі рет сот үкімі шыққан. 2023 жылдың маусымында Қызылорда соты оны бөтен мүлікті заңсыз иемденіп, талан-таражға салғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырған еді. Одан бұрын Астана соты Сатыбалдыны «Адам ұрлау» және «Өзінше билік ету» баптары бойынша…

Толық оқу

Конституция күніне орай Алматы облысының әкімі Қонаев қаласындағы 85 отбасыға жаңа пәтер кілттерін табыстады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Sun City» тұрғын үй кешенінде 85 отбасыға жаңа пәтер кілттерін табыс етті. Баспана 10 жылдан астам уақыт үй кезегінде тұрған отбасыларға берілді. Пәтерлер Конституция күні қарсаңында қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана сатып алу бағдарламасы шеңберінде табысталды. Бұл пәтерлер «KazSMU» ЖШС жүзеге асырған 360 пәтерлі кешеннен сатып алынды. Шараға Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы қатысып, тұрғындарды құттықтады. Ол: «Тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттік әлеуметтік саясаттағы басымдық. Тұрғын үй мәселесіне қатысты жағдайды түбегейлі өзгерту керек. Бұл сұрақ әрдайым…

Толық оқу

2 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп. Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады. Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.

Толық оқу

Экс-сенатор Қайрат Қожамжаровтың командасының адамдары кеденші Медет Жамашевті тапсырыспен өлтіру туралы іс бойынша ұзақ мерзімге сотталды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Elmedia-ға сілтеп. «Бүгін таңертең Алматының ауданаралық мамандандырылған сотының судьясы кеденші Медет Жамашевті тапсырыспен өлтіру туралы іс бойынша үкімді жариялады. Талғат Махатовқа қауіпсіздігі орташа мекемеде 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмысты орындаушы саналатын қалған төрт сотталушыға 13 жылдан 14 жасқа жылға (прокурор бір жылға артық сұрады) тағайындалды», — деп жазылған хабарламада. Сонымен қатар, сот 2 миллион теңге моральдық шығын төлету туралы шешім шығарды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Толық оқу

Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов Париж Олимпиадасында боксшылардың кем кеткен тұсы қайсы екенін айтты, деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Кеше министр Маржықпаев спортшылармен кездесу өткізіп, боксшыларға сын тақты. Тіпті «айтқан сөзде, берген уәдеде тұрмадыңыздар» деп түйреп өтті. Ермахан Ибраимовтың айтуынша, боксшылардың демалыс базасында дайындалуы қате шешім болған. «Олимпиаданы басынан-аяқ қарап, жанкүйер болып отырдым. Елдос Сметовтің алтын медалі, Ғұсман Қырғызбаевтың , атқыштардың қола медалі бізді бір серпілтіп тастады. Жалғасы болады деген сенімде болдық. Бірақ әттең. Боксшылар бірінің артынан бірі шығып, жеңіліс тауып жатты. Бірінші раундты жақсы бастайды, екінші раундта теңеседі, үшінші раундта жеңіледі. Көбі байқап отырды.  Мырзағали Айтжанов тәжірибелі бапкер. Екі Олимпиадаға команда…

Толық оқу

Елдос Сметовтың ауылы таза суға жарымай отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ұлысмедиа дерегінше Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Жалпақсаз ауылы бірнеше жылдан бері ауыз су тапшылығын тартып келеді. Париж Олимпиадасының чемпионы атанған әйгілі балуан Елдос Сметов туып-өскен ауылда қазір шамамен 80-ге тарта үй бар. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауылға екі-үш жыл бұрын газ кіргенімен, ауыз су мәселесі сол күйі шешілмеген. «Су ауылға әрең жетеді. Кей күндері тіпті тамбай қалады. Жергілікті халық суды тасып ішуге мәжбүр. Құзырлы органдар жиі келіп, жағдайды тексеріп, уәде беріп кетеді. Бірақ мәселе өзгермей отыр. Ауылдағы асфальттың да жағдайы нашар», – дейді ауыл тұрғындары. Тұрғындардың айтуынша, Елдос Сметовтың…

Толық оқу