Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Судьяларының ІХ съезіне қатысып, бірқатар маңызды мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Судьяларының ІХ съезінде сөз сөйледі. Іс-шараға еліміздің барлық аймағынан келген судьялар, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ шетелдік сарапшылар қатысты. Президенттің айтуынша, әділ сот мемлекеттің тірегі, сондықтан сот билігі қашанда абыройлы әрі мінсіз болуға тиіс. – Заң мен Тәртіп – әділетті қоғамның негізгі өлшемі. Бұл – заң алдында бәрі бірдей, тең құқылы деген сөз. Сол себепті, сот органдары азаматтардың басты қорғаны болуы керек. Елде заң үстемдігі орнаса, халықтың билікке деген сенімі нығаяды, – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің сот…

Толық оқу

Дубайдан үй алғандар тізімінде облыс не Алматы секілді республикалық маңызы бар қаланы басқарған, әлі де басқаратын азаматтар мен олардың жақындары да бар. Бұл туралы «Азаттық» зерттеуінде айтылды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Дерекке сүйенсек, олардың кейбірі мемлекеттік қызметке дейін не кейін кәсіппен айналысқанын айтады. Тағы бірі несиеге жүгінгенін айтады. Америкалық C4ADS ұйымы Азаттыққа Дубайдағы жылжымайтын мүлік реестрін ұсынды. 2020 және 2022 жылдарды қамтитын бұл реестрге қарағанда, Қазақстанның 1550 азаматы жалпы құны 1 млрд доллардан асатын 2700-ге жуық жылжымайтын мүлікке иелік еткен. Бұл тізімнен Қазақстанның қазіргі және бұрынғы шенеуніктері мен олардың туыстары көп кездеседі. C4ADS құжаттарына қарағанда Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Дубайда пәтері бар. Оны…

Толық оқу
Иманғали Тасмағамбетов

Президент Тоқаевтың жеті жылдық мерзімі орта тұсына жақындаған сайын сарапшылар «Тасмағамбетовте президенттік амбиция қалды ма?» деген сұраққа жауап іздеуде деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Dala Inside дерегіне сүйенсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамға айқын белгі берді. «Еуразиялық кеңістіктегі тұрақты даму және қауіпсіздік» конференциясында ол тағы да президент өкілеттігі бір ғана 7 жылдық мерзіммен шектелетінін еске салды. Яғни, Қасым-Жомарт Кемелұлы қайта сайланбайды және өкілеттілігін ұзарту үшін қитұрқыларға бармайды. Бұл посткеңестік елдерде өте сирек кездесетін құбылыс. Қазақстан бұл жағынан шынымен де алға шығып отыр. «Осыны пайдаланып өз кандидатын дайындап жатқан топтар бар екені жасырын емес. Үлкен қызға қарасты топ Санжар Боқаевты, тағы бір «кішітүркі»…

Толық оқу

Марат Қожаев Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Мемлекет басшысының өкімімен Марат Шәдетханұлы Қожаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды», — деп жазылған хабарламада. Марат Қожаев бірқатар лауазымды қызмет атқарған: 1984 жылдан – Алматы облысы ІІБ Қаскелең ауданының ІІБ уақытша ұстау изоляторының милиционері; 1989 жылдан 2001 жылға дейін тергеу қызметінде, оның ішінде Алматы облысы ІІБ басшылық лауазымдарында жұмыс істеді; 2004 жылдан 2009 жылға дейін – Алматы қаласы ІІД бастығының орынбасары 2012 жылғы ақпаннан бастап-Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы; 2014 жылдың қыркүйегінен — Павлодар облысы ІІД бастығы; 2017 жылғы желтоқсаннан бастап — Нұр-Сұлтан…

Толық оқу

Cенат құрамы жаңа депутатпен толықты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Молдабекқызы Қалтаеваның өкілеттігі тоқтатылды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Шәдетханұлы Қожаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.

Толық оқу
жемқорлық

Антикор білім беру саласындағы жемқорлықтың жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыруда, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау барысында бюджет қаражатын жоспарлау және игеру кезеңдерінде педагогтердің еңбегіне ақы төлеу қорынан бюджет қаражатын жымқыру схемалары ашылды. Бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру процестерін автоматтандырудың, бұзушылықтарды бақылау және алдын алу тетіктерінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің біркелкі болмауына байланысты көптеген фактілер мүмкін болған. Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою мақсатында Білім, Қаржы және Цифрлық даму министрліктерімен бірлесіп Жол картасы іске асырылуда. Кешенді жұмыс аясында бюджетті жоспарлау процесін цифрландыру үшін құқықтық жағдайлар жасалды. Бірінші кезекте, «Бухгалтерлік операциялардың бірыңғай қоймасы» жобасы енгізілді, Ұлттық білім беру базасында мемлекеттік…

Толық оқу

Сенатор Геннадий Шиповских Қазақстанда TikTok желісін қатаң бақылауға алу қажет екенін мәлімдеді. ErtenMedia.kz TikTok-қа енгізілгенін шектеулердің қандай себептер мен салдарлары болуы мүмкін екеніне, әлем елдерінің тәжірибесіне шолу жасап, құқықтық негіздерді қарастыра отырып, бұл шешімнің орынды немесе орынсыз екенін анықтауға тырысты. Депутат қандай ұсыныс жасады? Шиповскихтың пікірінше, бұл желіде балалардың психикасына, денсаулығына кері әсерін тигізетін контенттер, сондай-ақ, киберқауіпсіздік пен деректердің құпиялығына қауіп төндіретін материалдар кеңінен тарап жатыр. Бұл мәселе бойынша сенатор Франция, Канада және Қырғызстан сияқты елдер TikTok-ты пайдалануды шектеу шараларын қолға алғанын еске салды. Геннадий Шиповских балаларды қорғау және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мына шараларды ұсынды: 1. TikTok платформасында…

Толық оқу

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Кабар» агенттігіне берген сұхбатында қырғыз кәсіпкерлерін ақшаны елдің дамуына салуға тағы шақырды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Азаттыққа сілтеп. Жапаровтың сөзінше, Қырғызстанда байлығын доллармен есептегенде 5-6 миллиардер және 200 шақты миллионер бар. Олардың басым бөлігі ақшасын офшорда ұстайды. «Дәл осы себепті мүлікті заңдастыру туралы заң қабылдадық. Алайда әлі күнге дейін олар елге ақшасын толық әкелген жоқ. Жартылай қайтарып, құрылыс саласына ақша салғандар бар» деді Жапаров. Қырғызстан президент кәсіпкерлерді активтерін елге әкеліп, мемлекеттік жобаларға салудан қорықпауға үндеді. Жапаровтың сөзінше, мемлекет экономикаға пайда әкелетін барлық жобаны қолдауға дайын. «Сынап жүргендер, арасында журналистер де бар, жол саласына ғана емес, барлық салаға инвестор…

Толық оқу

Сенатор Геннадий Шиповских Қазақстандағы TikTok әлеуметтік желісін қатаң бақылауға алу қажеттілігі туралы Үкімет басшысы Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Депутат TikTok пайдаланушылар санының артып жатқанын және олардың басым көпшілігі жасөспірімдер екенін жеткізді. Осы тұста, ол платформада білім мен тарихты зерделеуге байланысты пайдалы тақырыптар өте аз үлесті құрайтынын атап өтті. Шиповскихтың айтуынша, балалардың психикасына, денсаулығына кері әсерін тигізетін контенттер, сондай-ақ киберқауіпсіздік пен деректердің құпиялығына қауіп төндіретін материалдар кеңінен таралуда. Бұл мәселе бойынша сенатор Франция, Канада және Қырғызстан сияқты елдердің TikTok-ты пайдалануды шектеу шараларын қолға алғанын еске салды. Ұсыныстар Геннадий Шиповских балаларды қорғау және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында келесі…

Толық оқу

Білім беру саласы жемқорлық қылмыс бойынша бірінші орында. Антикор мәліметінше, 2022-2023 жылдардың ішінде ғана парақор басшылар мен есепшілердің кесірінен мемлекетке 17 млрд теңге көлемінде залал келген, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz «КТК» арнасына сілтеп. «Бұл — қомақты қаражат. Мәселен, Талдықорған қаласында білім беру бөлімінің меңгерушісі, бас есепші, бірнеше  мектептің директорлары 4 млрд теңгеден аса  қаржы жымқырған. Олардың бірін тұтқындау кезінде көлігінен, шамамен 1 млрд теңге шықты. Мұндай былық басқа аймақтарда да анықталды», — деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов. Бірқатар былықты анықтаған антикор тиісті мемлекеттік органдармен, соның ішінде жауапты министрлік және әкімдіктермен қоян-қолтық жұмыс істеп жатыр.…

Толық оқу