Әлеуметтік желіде»Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры 28,5 миллион теңге көлемінде парамен ұсталды» деген ақпарат тарап кетті. Онда оқу ордасының тағы екі қызметкері мен екі компания басшылары қамауға алынғаны айтылған, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Шымкент бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіндегілер ректордың ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Күдіктілер мемлекеттік сатып алуға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр.
«Ақпарат беріліп жатыр біздің агенттіктен, соны оқып көре берсеңіздер болады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Біз ашып ештеңе айта алмаймыз. Бізден басқа мекемелер де сұрап жатыр», – деді Шымкент бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Санат Құлбаев.