Алматы облысының полициясы қашып кеткен күдіктіге іздеу салды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алматы облысы Полиция департаменті мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен. «30.05.1998 жылы туған Бекарыс Сәбитұлы Қалмырзаевқа іздеу саламыз», — деп жазды ІІМ өкілдері. Сонымен қатар, іздеуде жүрген адам туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден мына телефондар арқылы дереу полицияға хабарлауды сұрады: +7 727 727 90 44, +7 777 427 2915, +7 778 900 02 55 немесе 102.
Автор: Асылхан Бөрібай
Қайрат Сатыбалдыұлы мен Самат Әбіштің анасы қайтыс болды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Назарбаева Светлана Мырзахметқызы 77 жасында өмірден өтті, — деп жазды саясаттанушы Ербол Еділов. Ол филолог, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Дәуір» полиграфиялық баспа кешенінің бас директоры болды. Ашық дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, Светлана Назарбаева жылжымайтын мүлікті жалға берумен айналысатын «Интердизайн-АС» астаналық компаниясының да иесі. Айта кетейік, Қайрат Сатыбалдыұлы мен Самат Әбіш – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інілері.
Ақмола облысының мамандандырылған сотының үкімімен Ерейментау қаласының шетіндегі жеке үйде есірткі зертханасын ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топ сотталды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Топ Астана аумағында сату үшін аса ірі көлемде синтетикалық есірткі өндірісін іске асыруды көздеген. Трансұлттық қылмыстық топтың құрамында Украина мен Молдова азаматтары болған. Оларды ұстау кезінде қылмыс орнынан 10 келі мефедрон мен 17 келіден астам прекурсорлар, сондай-ақ, синтетикалық есірткі өндіруге арналған арнайы құрал-жабдықтар табылды. Қылмыскерлер синтетикалық есірткіні қатаң құпия жағдайда жасаған. Үй онлайн режимінде деректерді ұйымдастырушыға жіберетін бейнебақылау жүйесімен жабдықталған, ал шикізат пен дайын өнімді сақтау үшін гараж жалға алынған. Қылмыстық іс Ерейментау ауданының прокуратурасымен сотқа жолдану барысында күдіктілердің әрекеті трансұлттық…
2024 жылдың басынан бері 14,4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 142,7 мың этникалық қазақ оралды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 45,8%-ы Қытайдан, 39% – Өзбекстаннан, 5,9% – Моңғолиядан, 5,2% – Түрікменстаннан, 2,9% – Ресейден және 1,2% басқа елдерден. 1 қазандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 57,6%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,1%-ды және зейнеткерлер 9,3%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,9%-ы жоғары білімді, 24,4%-ы орта кәсіби білімді, 54,4%-ы жалпы орта білімді және 3,3%…
Қазақстанның әділет министрі Азамат Есқараев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Маргарет Тэтчерге табыстаған награданың Ұлыбританияда сатылымға қойылуына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Есқараевтың сөзінше, біздің заңнамаға сәйкес мемлекеттік наградаларды сатуға жол берілмейді. «Тиісті жауапкершілік қылмыстық кодексте қарастырылған. Ал мемлекеттік наградаларды сатқан, саудалаған адам жауапқа тартылуы керек. Ұлыбритания мәселесіне келетін болсақ, біріншіден, Маргарет Тэтчердің аты аңызға айналған тұлға екенін ескеру қажет. Тарихта белгілі бір рөл атқарған мұндай тұлғалардың жеке заттары, кітапханасы, марапаттары аукционға мерзімді түрде қойылуы мүмкін – бұл олардың мәдениетінің бір бөлігі», — деді министр. Министр жауапкершілікке тарту мәселесі бұл басқа да уәкілетті органдардың – Сыртқы істер министрлігінің немесе Мәдениет…
Қазақстанда ауызсу қымбаттап жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz energyprom.kz-ке сілтеп. Минералды су бағасы бір жылда 15%-ға, ауыз су 14%-ға қымбаттады. Биылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 2,2 млрд литр алкогольсіз сусын өндірілді, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға көп. Оның ішінде минералды және газдалған су өндіру көлемі 518,4 млн литр болды, ал қалған алкогольсіз сусындардың өндірісі 1,7 млрд литр болды. Аймақтар арасында ең көп алкогольсіз сусындар өндірген өңір — Алматы облысы: 1,2 млрд литр, жылдық өсім — 6,1%. Бұл өңір еліміздің 51,3%-ын қамтамасыз етті. Екінші және үшінші орындарды Шымкент (272,3 млн литр, өсім 4,5%) және Астана (256,6 млн литр, 16,2%-ға азайған) иеленді.…
Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпір ашылды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпірдің ашылуына қатысты. Жоба көлік қатынасына қатысты көп жылғы мәселені шешуге бағытталған, көпір алты ауданды – Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Қатонқарағай, Тарбағатай және Зайсан аудандарын байланыстырады. Көлік министрі Марат Қарабаев Премьер-министрге ұзындығы 1316 метр екі жолақты автомобиль көпірінің құрылысы аяқталғаны туралы баяндады. Көпір тәулігіне 80 мыңға дейін көлік өткізе алады, өткелге 18 шақырым жаңа жол тартылды. Жоба озық инженерлік технологияларды қолдана отырып және барлық сапа стандарттарына сәйкес жүзеге…
Ақтауда теракт жасамақ болған адам ұсталды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. 19 қазанда Ақтау қаласының тұрғынына қатысты террористік акт жасамақ болғаны және терроризмді насихаттағаны үшін үкім заңды күшіне енді. Ақтау қалалық соты оған 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Зорлық-зомбылық әрекетін жасау үшін жарылғыш құрылғыны, соның ішінде зақымдайтын элементтер жасауға қажетті компоненттер болттар мен шегелерді сатып алғаны анықталды. Шабуыл нысаны ретінде Маңғыстау облысының мемлекеттік мекемелерінің ғимараттарын таңдап, фото және видеоға түсіру арқылы жергілікті жерді зерттеген. Айта кету керек, сотталған адам бұрын кісі өлтіргені үшін сотты болған.
Ұлыбританияда Маргарет Тэтчерге Назарбаев сыйлаған орден сатылып жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Награда 8 миллион теңгеге бағаланған. Нұрсұлтан Назарбаев награданы Ұлыбританияның экс-премьері Маргарет Тэтчерге екі ел арасындағы байланысты дамуына қосқан үлесі үшін берген болатын. Енді орден 12,5 мың фунт стерлингке сатылмақ. Бұл туралы хабарландыру антиквариаттар сатуға арналған Peter Harrington сайтында жарияланған. «Асыл тастары бар орден көк түсті барқытқа тігілген. Жиынтықта ақ атласты астары бар және «достық» деген жазуы бар түпнұсқа қорап, сондай-ақ жезден жасалған бекіткіштер бар», — делінген лоттың сипаттамасында. Сонымен қатар, сипаттамада орденнің ешқандай зақымы жоқ, тек аздаған сызаты бары айтылған.
Белгілі журналист Асхат Ниязовқа «Хутор» бандасы туралы айтып берген тұрғынды полиция ұстап алып кетті, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бұл туралы журналистің өзі телеграмында жазды. «Дәл қазір полиция Талғар туралы шығарылымда «хуторлықтар» туралы айтып, сұхбат берген тұрғындардың бірін ұстап алып кетті. Оны психиатриялық ауруханаға алып кеткен», — деп жазды журналист. Айта кетейік, шығарылымда талғарлық тұрғын «хуторлықтар» жасаған былықтар туралы айтып берген. «Олар менің замандастарымның бәрін өлтірді. «Жабылып ұрып кетті» дейтін. Жанболат марқұмды ұрып-ұрып өлтіріп кетті. Менен бір жас қана үлкен болатын. Бұрыннан келе жатқан қылмыстар. Мынаның бәрі тек жалғасы. Ақшасы бар, «крышалары» бар, не істегісі келсе соны істейді», — дейді тұрғын.…









