Қазақстанға құны 1 триллион теңгеден асатын активтер қайтарылды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Жыл басынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер шеңберінде шамамен 195 млрд теңгені өтеді. Соңғы 2,5 жылда, оның ішінде олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,09 трлн теңге қайтарылды. Бұған дейін агенттік залалды өтеу ретінде Қ. Сатыбалдыұлы қайтарған жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекетке беру туралы хабарлаған болатын. Олардың ішінде Алматыдағы құны 7,9 млрд теңгеден асатын «Kaisar Tower» бизнес-орталығы бар, ол Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қарамағына берілген. Сонымен қатар, Т. Жүргенов атындағы «Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ теңгеріміне құны 800 млн теңгеден асатын әкімшілік ғимарат берілді. Елордада құны 5 млрд…
Автор: Асылхан Бөрібай
Бұрынғы вице-министр Тимур Тоқтабаевқа қатысты істе мемлекет пайдасына қандай мүлік тәркіленгені белгілі болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Индустрия және инфрақұрылымдық даму экс-вице-министрі Тоқтабаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекет пайдасына Қостанай облысындағы құны 5,6 триллион теңгеден асатын никель мен кобальттың ірі қорлары бар бірегей «Шевченковское» кен орны берілді», — деп жазылған хабарламада. Заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Танымал журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы FlyArystan әуекомпаниясының үстінен арыз жазды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оқиға кеше 21:50 шамасында KC7326 рейсінде, Шымкенттен Астанаға ұшып келген кезінде болған. «Ұшақтың есігі ашылмай, тұрып кеткен жанымдағы жолаушының абайсыздығынан бетіме үстіңгі сөреде тұрған ауыр (қатты) зат, отырған маған құлап, көзімнің тұсын жырып, қабағым жарылды. Бұл @flyarystan әуекомпаниясы қауіпсіздік шарасын сақтамағандықтан орын алған жағдай. Бортсеріктер мен әуекомпанияның алғашқы көмекке дайын емес болғанына қапа болдым! Не аптечка, не мұз, не суық зат, не қан тоқтатын, не салфетка жоқ», — деп жазды ол. Журналист мұның жауапсыздық екенін, әр бортсерік жолаушы мініп-түскенше адам денсаулығына жауапты, алғашқы көмек көрсетуге міндетті екенін…
Мұратхан Тоқмәдиге қатысты іс қайта қозғалды. Бұған дейін кәсіпкерді мерзімінен бұрын босату туралы шешім шыққан, алайда Ержан Тәтішевтің отбасы бұған қарсы, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қонаев қалалық соты биыл 26 шілдеде Тоқмәдидің мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырған. Шешім бойынша ол 10 тамыз күні бостандыққа шығуы тиіс еді. Алайда зардап шеккен тарап марқұм банкир Ержан Тәтішевтің отбасы бұл туралы мүлде хабарсыз болғандарын алға тартып, шешімнің күшін жоюды талап етті. Отбасының адвокаты бұл мәселе қайта қаралып, Алматы облыстық сотының апелляциялық алқасына жіберілгенін мәлімдеді. Қазір Мұратхан Тоқмәди колонияда жазасын өтеуді жалғастыруда. Ал Тоқмәдидің адвокаттары болса, Қонаев сотының шығарған шешімін «толық заңды» деп санайды.…
CNBC Ұлттық Олимпиада комитеттерінен, спорт қауымдастықтарынан сыйақы мөлшері туралы ақпарат жинаған. Қазақстан алғашқы бестікке кіреді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ең алғашқы орында Гонконг тұр, алтын медаль алғандарға 768 мың доллар береді. Бұл шамамен 366 миллион теңгеден асады. Сингапур да бұдан қалыс қалмайды. 745 мың доллар береді. Ал Қазақстан бестікті аяқтайды, Олимпиада чемпиондарына 250 мың доллар береді. Қазақстан ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарында 1 алтын, 3 күміс және 3 қола еншілеп, 206 мемлекет ішінен 41-орында тұр.
Дикий Арман Президент пен Қазақстан халқына үндеу жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz kursiv.media-ға сілтеп. Оның үндеуін бүгін адвокаты Елена Жигалёнок оқыды. Арман Жұмагелдиевтің айтуынша, оны «қылмыстық істі бұрмалау және пропагандалық сипаттағы фильмдер түсіру» арқылы «Қаңтардағы» тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушы етіп шығармақ. «Ұялатын түгім жоқ, керісінше. Сын сағатта заң күзетінде болғанымды және өз елімді қорғағанымды мақтан тұтамын. Алланың қалауымен «Қаңтар» бойынша барлық жайт Президентке жетеді деп және менің дәлелдерімді тексеріп, Арман сатқын емес, батыр екеніне көз жеткізеді деп үміттенемін», — деп жазды Жұмагелдиев. Дикий Арман «шындықты бәрі білсін» деп ашық сотты сұраған. Арман Жұмагелдиев Алматыда 2022 жылғы 7 қаңтарда Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталды.…
Агенттік ғылымды қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Жүргізілген талдау ғылыми жобаларды іріктеудің ашықтығына, оларды іске асырудың көзбояушылдығына, нәтижелер үшін жауапкершіліктің болмауына, зерттеу қорытындыларының төмен сұранысына, сондай-ақ ғылыми тағылымдамалар үшін гранттар беру жөніндегі конкурстық комиссия құрамына қойылатын талаптардың төмендеуіне байланысты елеулі тәуекелдерді көрсетті («500 ғалым» жобасы бойынша). Мұның бәрі бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына әкелді. Мысалы, жобаларды іріктеу бойынша конкурстық құжаттама нақты тұлғалар үшін қалыптастырылды, жобаларды ғылыми сараптау рәсімі ашық емес, бағалауды «қол режимінде» іріктелетін үлестес сарапшылар жүзеге асырды. Тізімде тұрған 13,5 мың сарапшының 10 мыңға жуығы (75%) сараптама жүргізбеген. Манипуляция арқылы бағалау нәтижелері «қажетті» жобаларға бейімделді. 11,5 млрд теңгеге…
Елімізде ескі көліктер көбейсе, жол апатының қаупі еселеп артады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жақында Ресейде кәдеге жарату алымының мөлшерлемесі күрт көтерілмек. Көрші елдегі бұл өзгеріс Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін? Министр Қанат Шарлапаев осы сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, Ресейдегі баға айырмашылығына байланысты Қазақстан нарығына ескі, экологияға зиянды әрі техникалық тұрғыдан қауіпті автокөліктер жаппай ағылуы мүмкін. «Өкінішке қарай, Ресейдегі өзгерістің салдары бізге кері әсер етуі ықтимал. Бұл жағдай еліміздегі жол қозғалысының қауіпсіздігіне де тікелей қауіп төндіреді. Көптеген мемлекеттер мұндай автокөліктерді заң арқылы шектеп, өз нарығын қорғайды. Бізге де автохламның ағынын тоқтататын шараларды…
Дональд Трамп Илон Маскқа ауқымды сұхбат беріп, Украина мен Ресейдің арасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Трамп АҚШ-ты басқарған кезінде Ресей президенті Путинді жақсы білгенін және ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен, КХДР басшысы Ким Чен Ынмен жақсы қарым-қатынаста болғанын айтты. Оның сөзінше, бұл елдермен қарым-қатынаста дағдарысқа жол бермеу керек. «Олар өз істерін өте жақсы алып жүр. Олар қатал, ақылды әрі өз елдерін қорғайды», — деді Трамп. Трамп сайлауда жеңіске жеткен жағдайда Путинмен жақсы қарым-қатынас орнатқысы келетінін айтты. Сондай-ақ, оның айтуынша, «Ресей мен Қытай мүдделерінің бірігуіне» және олардың одағына жол бермеу керек. Трамп АҚШ-қа оларға қарсы тұра алатын президент қажет…
Лауазымды қызметтер атқарған мемлекет қайраткері, Шымкенттің экс-әкімі Амалбек Тшан Олимпиададан кейін елдегі бокстың хал-ахуалына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Амалбек Тшан Құлыбаев спорт саласында билікке келгеннен кейін спортшылар арасында «ақшақұмарлық» белең алғанын айтты. «Федерацияны Құлыбаев басқарды ғой, Құлыбаев басқарған кезде, әрине, қаражат жағынан шек жоқ. Ағып келіп ағып кетіп жатқан дүние. Боксқа да аямай берді. Құлыбаевтың заманында дүниеқұмарлық деген көбейіп кетті. 2008-2009 жылдары жасөспірімдер арасында Азия біріншілігі болды. Сонда Қазақстанның үш баласы алтын медаль алып келді. Сол балаларға 150 мың доллардан сый берді. Солар қайта көрінбей кетті, бокста жоқ, спортта жоқ, алған сыйменен кетті. Спорттағы жетістікті бағалау, мақтау,…
