Әлеуметтік желіде журналист Ораз Әлімбековтің Бас мүфти мен Түркістан облысының бас имамына қатысты даулы жазбасы пайда болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Оның сөзінше, түркістандық қарапайым имамдар «қоңыз теріп» қиналып кеткен. Жазба авторы бұл жағдай Бас мүфти өңірге келген сайын болып жатқанын жеткізді. «Түркістан облысының имамдары «өңірге Бас мүфти Наурызбай Өтпенов келген сайын облыстың жаңадан тағайындалған бас имамы Ержан Тілепов ақша жинап, әбден «қанымызды» ішіп бітті» деп хабарласты. Мысалы, Бас мүфтидің 2024 жылдың қаңтар айының соңында Түркістанға барған 2 күндік ресми сапарына арнап облыстағы 17 аудан және қала имамдарының әрбірінен 150 мың мен 300 мың теңге аралығында ақша жиналды. Аудан имамы…
Автор: Асылхан Бөрібай
Әлеуметтік желіде»Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры 28,5 миллион теңге көлемінде парамен ұсталды» деген ақпарат тарап кетті. Онда оқу ордасының тағы екі қызметкері мен екі компания басшылары қамауға алынғаны айтылған, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Шымкент бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіндегілер ректордың ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Қазір тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер мемлекеттік сатып алуға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр. «Ақпарат беріліп жатыр біздің агенттіктен, соны оқып көре берсеңіздер болады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Біз ашып ештеңе айта алмаймыз. Бізден басқа мекемелер де сұрап жатыр», – деді Шымкент бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Санат Құлбаев.
Түркістан облысында Тоқаев кортежінің жүретін жолынан оқ атылатын қарулар табылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Түркістан облысында Мемлекет басшысының кортежінің жүру бағытын тексеру кезінде ІІМ, ҰҚК қызметкерлері МКҚ-мен бірлесіп жасырылған қару-жарағын тапты. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтау және күдікті адамдарды ұстау бойынша қажетті жедел іздестіру және тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады ІІМ. Айта кетейік, 27 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барған еді.
Қазақстан интернет қауымдастығының басшысы Шавкат Сабиров «Facebook» желісіндегі парақшасында «mediametrics.kz» сервисінің индикаторлары бойынша желілік БАҚ пен әлеуметтік желілерді бақылау нәтижелерін жариялады. «Әр 5 секунд сайын біз 1500-ден астам онлайн БАҚ-тан мәліметтер аламыз. Атом электр стансасын салу жөніндегі референдум тақырыбы бойынша Қазақстанның ақпараттық өрісін талдадық», – басылымда атап өтілді. Атап айтқанда, Ш. Сабиров 16-22 қыркүйек аралығындағы апталық мониторинг мәліметтерін ұсынды. Талдау үшін іздеу кілт сөздері таңдалды: «атомдық электр станциясы», «энергия тапшылығы», «атомдық электр станциясы», «атомдық энергия», «бейбіт атом», «ядролық реактор», «референдум», «Үлкен ауылы» және т.б. Сервистің қызмет көрсету нәтижесінде желілік БАҚ-та 3 мыңнан астам жарияланым тіркелді, оның 80%-ға жуығы бейтарап, 18%-ы…
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді экс-министр Қуандық Бишімбаевтан 1,5 млрд теңге моральдық шығын талап етіп отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қарындасының өлімінен кейін Айтбек Амангелді отбасының материалдық және моральдық тұрғыдан ауыр зардап шеккенін айтты. Ол қарындасының қазасынан соң ата-анасының денсаулығы күрт нашарлап, қатты күйзеліске түскенін, тіпті еңбекке жарамай қалғанын алға тартып отыр. Оның айтуынша, ата-анасы қайғы мен уайымнан күнделікті ем қабылдап, психологиялық ауыр жағдайда. Сот кабинетінде тіркелген мәлімет бойынша, арыз иесі сот процестері кезінде адвокаттарға, олардың жол шығындары мен қонақүй ақыларына 8 млн 828 мың теңге жұмсаған. Осы шығындарды да жауапкерден өндіріп алуды сұрап отыр. «Отбасымыз қарындасымыздың қазасынан соң есеңгіреп…
Президент Түркістан облысының жұртшылығымен кездесті, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Мемлекет басшысы Түркістан қаласында жаңадан бой көтерген «Достық үйінің» жұмысымен танысты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы тапсырмасымен салынған кешенде «Қоғамдық келісім» мекемесі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Ардагерлер кеңесі, Аналар кеңесі, Медиация кеңесі, сондай-ақ аймақтағы 11 этномәдени бірлестіктің өкілдіктері орналасқан. Мемлекет басшысы ғимаратты аралап көріп, жергілікті зиялы қауыммен және Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелерімен жүздесті. – Қастерлі Түркістан жеріне арнайы келіп отырмын. Түркістан өңірінің келешегі жарқын деп ойлаймын. Жастарымызға үлгі-өнеге көрсетіп жүрген ардагерлерге алғыс айтқым келеді. Ең алдымен, жастарға қолдау білдіруіміз керек. Біз бәріміз бірігіп, ел үшін еңбек етуіміз қажет. Сырттан келетін тәуекелдер аз…
Назым Қаһарман бұрынғы күйеуі Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айырғысы келеді. Бұл туралы ол Астанада өткен баспасөз мәслихатында айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп. Назым Қаһарманның айтуынша, ол Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру үшін сотқа арызданған. Сот оны қабылдамаған, себебі Салтанат Нүкенова Бишімбаевтың заңды әйелі емес, яғни ол өзінің туысын немесе отбасы мүшесін өлтірген болып саналмайды. Сонымен қатар, Назым Қаһарман балаларының тегін өзгертуді қалаған, бірақ бұдан да бас тартылған. «Өкінішке қарай, мен қазір бәрін ашуға мәжбүрмін, өйткені көмек сұрағым келеді. Менің ойымша, бұл (соттың бас тартуы — еск.) әділетсіз болды. Мен мұнда қоғамға, Бас прокуратураға және Жоғарғы сотқа жүгініп тұрмын…
Әскерде жүріп ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтар Түркияға емделуге кетті, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бұл туралы адвокат Инга Иманбай мәлімдеді. «Ербаян Ыстамбұлға жолға шықты. Ұшақ бүгін таңғы сегізде Астанадан ұшты. Бұл күнге жету де оңайға соққан жоқ. Тоқтаусыз күрес, талмай еңбекпен келді. Бастысы, кеңпейіл халқымыздың мейірімі мен жанашырлығының жемісі. Ербаян, мықты бол! Бұл жартылай жеңіс! Бұйырса, үлкен жеңістер алда. Сенің бар өмірің алда. Аман-есен елге өз аяғыңмен оралуыңды күтеміз», – деп жазды адвокат. Айта кетейік, бұған дейін депутат Нартай Аралбайұлы дүйім ел назарын тігіп отырған Ұлттық ұлан жауынгері Ербаян Мұхтардың жағдайына тоқталды. «2023 жылғы тамызда әскери бөлімшелердің бірінде командир әскерге…
Тәліптер Алматыда қашан көрме өткізетіні белгілі болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Orda.kz-ке сілтеп. Ол Ауғанстанның Индустрия және сауда министрлігі болжаған мерзімнен екі айдан кейін өтеді. 22 қазанда ҚР Сауда және интеграция министрлігі кезекті Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумын ұйымдастырады, ол Алматыда өтеді. Оның аясында тамыздың басында Ауғанстанның Индустрия және сауда министрлігі хабарлаған көрме өтеді. «Делегацияның Ауғанстаннан Қазақстанға сапары аясында ауқымды бизнес-форум өтеді, онда Ауғанстан экономикасының түрлі салаларынан 250-ден аса кәсіпкер өз тауарлары мен қызметтерін ұсынады», — деп жазылған іс-шара анонсында.
Қуандық Бишімбаев Нүкеновтерге материалдық және моральдық шығынды өтейді, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында Айтбек Амангелдінің жауапкер Қуандық Бишімбаевтан материалдық шығын мен моральдық зиянды өндіру туралы талабымен іс қаралды. «Ағасы қайғылы оқиға салдарынан моральдық азап шеккенін, денсаулығы нашарлағанын және қайғылы оқиғаға байланысты еңбекке қабілеттілігін жоғалтқанын көрсеткен. Марқұмның ата-анасы талап қоюшының пайдасына өндіруден бас тартқан. Талап қоюда қылмыстық іс аясында заң қызметтеріне төлеуге кеткен шығындар да талап етілді. Сот жақын туысының қайтыс болуы талап қоюшының моральдық жағдайына кері әсерін тигізіп, оның жеке мүліктік емес құқықтарын бұзғанын ескере отырып, талапты ішінара қанағаттандырды», – деп жазылған хабарламада. Жауапкерден…










