Автор: Асылхан Бөрібай

Әлемдік бокстың аңызы Майк Тайсон Қазақстанға астаналық кинофестивальге келген сапарында қымыз ішіп қызық жағдайға тап болған, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы фестивальді ұйымдастырушы Майра Қарсақбаева айтып берді. Белгілі режиссер Тимур Бекмамбетовтың өтінішімен Қазақстанға әйгілі боксшы Майк Тайсон шақырылған. Ол елордаға жұбайымен, қызымен, енесімен және жақын досымен бірге келген. Қонақтарды қарсы алған ұйымдастырушылар оларды алдымен мейрамханаға апарып, ұлттық тағамдарға толы мол дастархан жайған. Осы жерде Тайсонға қымыз ұсынылған. – Біреу Тайсонға: «Қымыз ер адамдар үшін өте пайдалы, Қазақстанда тіпті 70 жастағы қариялар да бала сүйе алады» деп айтты. Осы сөзге қызыққан Тайсон бірден бір литрге жуық қымызды сіміріп салды. Мен оған…

Толық оқу

Жетісу облысында ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту ісімен айналысатын әзірге Иппотерапия орталығы бар, деп жазады Ertenmedia.kz. Жалпы өңірде балаларды оңалту ісімен 9 мекеме айналысады. Мұнда жыл сайын 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі 800-ге жуық бала сауықтыру шараларынан өтеді. Аталған Иппотерапия орталығы Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы облыс әкімінің бұрынғы резиденциясы негізінде ашылған «Мерей» балаларды оңалту орталығында орналасқан. Бұл ғимарат арнайы жөндеуден өтіп, қажетті құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Қазіргі таңда орталықта 55 маман жұмыс істейді, олар 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға сегіз түрлі бағыт бойынша оңалту шараларын жүргізеді. Бүгінгі күні орталықта 40 бала сауықтыру емінен өтуде. Олар үшін мұнда бассейн, физиотерапия кабинеті,…

Толық оқу

Алматы облысында түйе сүтінен жасалатын балмұздақ шығарыла бастады. Қазіргі уақытта бұл өнім халық арасында «қазақ балмұздағы» деген атауға ие болып, үлкен қызығушылық тудыруда, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл ерекше десертті Еңбекшіқазақ ауданының Сарыбұлақ ауылында тұратын кәсіпкер Азангүл Албосын өндіреді. Оның басты ерекшелігі – дәстүрлі шұбаттың пайдалы қасиеттерін сақтай отырып, оны заманауи өнімге айналдырғанында. Қазір бұл балмұздақтың 20-дан астам дәм түрі бар. Дәстүр мен жаңашылдық тоғысы Жоба «Қазақтану» атты мәдени-ағартушылық бағыттың аясында жүзеге асырылуда. Мұндағы мақсат дәстүр мен заманауилықты ұштастыра отырып, ұлттық тағамның тек тамақ қана емес, тарихи және мәдени құндылық екенін көрсету. Кәсіпкер Азангүл Албосынның негізгі мамандығы заңгер. Ол Қазақстанға көшкенге…

Толық оқу

Алматыда көрнекті мемлекет қайраткері, академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 114 жылдығына орай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Тағылымды шараға Алматы қаласы мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев, Халықаралық Д.Қонаев қорының президенті Эльдар Қонаев, М.Әуезов музейінің директоры Дияр Қонаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Дінмұхамед Ахметұлының жақын туыстары мен замандастары, жоғары оқу орындарының студенттері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Шарада сөз алған Халықаралық Д.Қонаев қорының президенті Эльдар Асқарұлы Қонаев: – Бүгін халқымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 114 жыл толып отыр. Оның өмірі мен еңбегі мемлекетіміздің дамуына қосылған орасан зор үлес. Димаш Ахметұлының…

Толық оқу

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран басшылығы одан келіссөз өткізуді сұрағанын мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. «Иранның жетекшілері маған хабарласты», – деді Трамп. Оның айтуынша, кездесуді ұйымдастыру жұмыстары басталды. «Олар келіссөзге отырғысы келеді. Бірақ бізге кездесуге дейін әрекет ету қажет болуы мүмкін», – деп қосты президент, алайда нақты қандай әрекет туралы айтқанын ашып айтпады. Әзірге Тегеран ресми түрде Ақ үй басшысының мәлімдемесіне қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ. Бұған дейін Дональд Трамп Ақ үй мен Пентагон Ирандағы наразылық білдірушілерді қолдаудың бірнеше жолын қарастырып жатқанын айтқан еді. – Қазір әскери мамандар жағдайды саралап, біз өте қатаң шараларды қолға алуды қарастырудамыз, – деді ол журналистермен…

Толық оқу

2026 жылы Алматы облысындағы агроөнеркәсіптік кешенін қолдауға республикалық бюджеттен қомақты қаражат бөлінді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл қаржы Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде қарастырылған. Жалпы көлемі 4 миллиард теңге. Оның 2,5 миллиард теңгесі өңірдегі ірі кәсіпорын  «АзияАгроФуд» акционерлік қоғамына жүгеріні терең өңдеу жобасын жүзеге асыру үшін берілді. Кәсіпорын бұл қаражатқа заманауи өндірістік жабдықтар сатып алмақ. Биыл іске қосылатын бұл жоба облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытуға, қосымша құны жоғары дайын өнім шығаруға және жаңа жұмыс орындарын құруға жол ашады. Сонымен бірге, өңірдегі егіншілік саласындағы маңызды мәселенің бірі су ресурстарын тиімді пайдалану бағытында нақты қадам жасалды. «Alfalfa» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 1,5…

Толық оқу

Соңғы уақыттары энергетик сусындардың кесірінен бірнеше өнер адамдардан көз жазып қалдық, деп жазады Ertenmedia.kz. Бар-жоғы 53 жасында өмірден өткен Мұрат Бисембин Динара Сәтжанға берген сұхбатында актер салмақ тастау үшін энергетикалық сусындар мен қантсыз коланы жиі тұтынғанын мойындаған еді. Осылайша ол тәбетін басып, артық салмақ қосудан сақтанбақ болған. Ақыры не болғанын өздеріңіз білесіздер. Өкінішке қарай, энергетикалық сусындардан зардап шеккен жалғыз жағдай емес. Жақында ғана Tengri порталына сұхбат берген алматылық Ауған Тағиев те дәл осы энергетиктердің кесірінен жүрегіне ауыр зақым келгенін айтты. Аспаз болып жұмыс істейтін жігіт күні бойы аяқта тұруға мәжбүр болған. Шаршаған кезде күш беру үшін күн сайын бір банка…

Толық оқу

Әнші Бақыт Тұрман өрескел видеосынан кейін халықтың сынына ұшырады, деп жазады Ertenmedia.kz. Желіге тарап кеткен бейнежазбада әнші күйеуі Қайрат Әділгереймен бірге «Мен әйеліме сененмін» атты тренд аясында видео түсірген. Видеода әншінің күйеуінің басынан аяғымен теуіп өткені көрінеді. Бұл көрініс желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшіліктің наразылығын тудырды. Оқырмандардың көбі бұл әрекетті орынсыз әрі ерсі деп бағалап, «трендтің соңы артық кетті» деген пікірлерін білдірді. «Әзіл болса да ер адамның басынан тебу дұрыс емес», «Ер адамның басынан аттап өтпе деп үйреткен, мынау не тәрбие?», «Өте орынсыз әзіл. Ер адамды бұлай қорламау керек еді», «Хит боламын деп, ит болды деген осы шығар», «Еркекте…

Толық оқу

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшыларының бірі ұсталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Арнайы қызметтің мәліметінше, КНБ-ның жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарларды заңсыз әкелу арнасының жолын кесті. «Сот санкциясымен Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кірістер департаменті басқармаларының бірінің басшысы және елорда тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Олар шетел азаматтарына ақшалай сыйақы алып, халық тұтынатын тауарларды еш кедергісіз ел аумағына кіргізуге көмектескен», – делінген комитет хабарламасында. Қазіргі таңда күдіктілердің 100 млн теңгеден астам көлемде пара алғаны дәлелденіп, процессуалды түрде құжатталды. Алдын ала есептеулерге қарағанда, мемлекетке келтірілген залал көлемі 1,9 млрд теңгені құрайды. Айтпақшы, Астана бір-ақ түнде қалың қардың астында қалғанын білесіз…

Толық оқу

Шетелде білімін толықтырып жүрген журналист Айжан Көшкенова Ирандағы толқуға байланысты, ирандық досының ойын жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz. Италияда тұратын ирандық досымнан тіке сұрадым: «Сен шынымен билік елдегі наразылықты басып тастай алмайды деп ойлайсың ба?». Ол: – Иранда осыған дейін де талай рет жаппай шерулер болған еді. Сол кезде мыңдаған адам қаза тапты, он мыңдаған адам түрмеге жабылды. Жараланғандардың есебі жоқ. Жақында ғана соңғы 48 сағат ішінде 2 мың адамның қаза тапқанын оқыдым, – дейді ирандық жас. – Бірақ олар енді халықты бұрынғыдай басып-жанши алмайды. Себебі қорқытып-үркіту өз әсерін жоғалтты. Қазір Иранда үнсіз қалу айғайлап көшеге шығудан да ауыр болып кетті.…

Толық оқу