2017-2019 жылдар аралығында Қазақстанның бас прокуроры болған Қайрат Қожамжаров «Кто убийца?» атты кітабын жазды. Желіде кітапқа қатысты ақпарат пайда болды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Қожамжаров «Кто убийца?» атты кітабын жазып шықты. Дәл осы уақытта Қорғас ісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Ол істе назарбаевтық күш құрылымдарының жетекшісінің де қатысы бар. 12 жыл бұрын негізгі куәгерлердің бірі — кеден қызметкері Жамашев өлтірілген болатын. Жамашев Қорғастағы контрабанданың басында кім тұрғанын айтып үлгермеді», — деп жазылған «Чемодан госсекретов» каналы мәліметінде. Сарапшылардың мәліметінше, Жамашев Қорғастағы контрабанда ісіне қатысты айғақтар бере алатын кезде қаржы полициясындағы негізгі лауазымды қызметтерді бұрынғы сенатор Қайрат Қожамжаровтың командасының адамдары атқарған. «Жамашевке қастандық 2012 жылы жасалды. Ал қастандық жасалардан алты ай бұрын сол кездегі…
Автор: Асылхан Бөрібай
Маңғыстау облысының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп, мұнай-газ саласының жекелеген кәсіпорындарының қызметіне тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ertenмedia.kz. «Ойл Транспорт Корпорейшн» ЖШС лауазымды тұлғалары бюджет қаражаты есебінен 700 млн теңгеден астам сомаға мердігер компанияның шығынын негізсіз өтегені анықталды. Бұдан бөлек мердігерлерге нақты көрсетілмеген көлік қызметтері үшін 2,2 млрд теңге аударылған. Бұл заң бұзушылықтар бойынша 10 шілдеде Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі бойынша (аса ірі мөлшерде жымқыру) сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ, 22 шілдеде «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ еншілес ұйымының 11 млн теңгесін жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. «23 шілдеде «Ойл Транспорт Корпорейшн» ЖШС-нің бұрынғы басшысы «Т» ұсталды. Қаражатты жымқыру фактісімен ҚК-нің 189-бабымен бұрын…
Петропавл зауытының бұрынғы директорына қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Ertenмedia.kz. Петропавл ауыр машина жасау зауытының бас және атқарушы директорларына қатысты болды. Сондай-ақ, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде қозғалтқыштар мен гироблоктарды жеткізуді жүзеге асырған кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі ҚМА тергеді. «2022 жылы зауыт Қорғаныс министрлігінен әскери техниканы жөндеуге тапсырыс алғаны анықталды, оны орындау кезінде жеке кәсіпкермен жалпы сомасы 283,3 млн теңгеге қосалқы бөлшектер жеткізуге шарт жасалды», — деп жазылған хабарламада. Орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және шартты орындау кезінде жалпы қамқорлығы үшін бас директор атқарушы директор арқылы кәсіпкерден 100 мың АҚШ доллары (45 млн теңге) сомасында пара алған. Сот зауыттың бұрынғы…
Бірнеше мәрте депутат болған академик Оразәлі Сәбден экс-президент Назарбаевқа әділ баға беретін арнайы жұмыс тобы құруды ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ғалым Ne boldy арнасына берген сұхбатында Назарбаевты алғашында не себепті қолдағанын айтты. «Алғашқы сайлауда Назарбаев шынында да ширақ, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, пысық басшы ретінде көзге түсті. Ол кезде партияны басқарып, Қонаевтан кейін бірінші хатшы болды. Адам бір күнде өзгеріп кетпейді ғой. Сондықтан оған сендік. Басшылыққа лайық басқа да тұлғалар болды. Бірақ Назарбаев қызметте болған соң, сенім білдірдік», – деді академик. Оразәлі Сәбден Назарбаевқа бағаны беретін жалғыз орган Парламент деп санайды. «Қазір түрлі цифр аталады. «Назарбаев пен оның айналасындағыларда 200 млрд…
Қазақстанда Мәжіліс депутаттарының жалақысы 700 мыңнан басталып, 1,5 миллион теңгеге дейін барады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл сома мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі мен депутаттың лауазымдық деңгейіне қарай белгіленеді. Дегенмен халық қалаулыларының табысы жалақымен шектелмейді, олардың көбі ірі бизнестің иесі немесе құрылтайшысы. Тұрлыхановтың дүние-дәулеті туралы не белгілі? Мысалы, мәжілісмен Дәулет Тұрлыханов бұрын спортта танылған тұлға. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы бүгінде депутат болумен қатар, ауқатты кәсіпкер саналады. Тұрлыхановтар әулетінің басты активі – Семейде орналасқан «СемАЗ» зауыты. Кәсіпорын автобус және ауыл шаруашылығы техникасын шығарып, оны негізінен мемлекеттік ұйымдарға жеткізумен айналысады. Мемлекеттік сатып алудың тұрақты қатысушысы саналатын компанияның үстінен сотқа шағым жиі түседі. Оны мемлекеттік…
Салтанат Нүкенованы өлтірді деп сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаев қатаң режимдегі колонияға жеткізілді, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Сотталушы сот үкімі бойынша қатаң режимдегі мекемеге ауыстырылды. Сонымен қатар, қылмыстық-атқару кодексінің 88 — бабына сәйкес сотталғандар тіркеуге сәйкес жазасын өтеу орындарына жіберілетінін хабарлаймыз», — делінген ҚАЖД хабарламасында. Еске салайық, бұған дейін Ішкі істер министрлігі экс-министр Қуандық Бишімбаев колонияда қандай жұмыс істей алатынын айтты. Бұл туралы ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы, әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков айтты. «Біріншіден, Бишімбаев әлі тергеу изоляторында. Екіншіден, оның жұмыс істеуіне қатысты: өндірістік аймақтарда түрлі жұмыс бар. Ол «Еңбек» Республикалық мемлекеттік кәсіпорында мысалы ағаш, металл өңдеу саласына жұмысқа орналаса алады. Қай жерде…
ҰҚК экс-төрағасының бұрынғы орынбасары Ерғожин тағы екі бап бойынша күдікке ілінді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин 2023 жылғы сәуірде Қаңтар оқиғасына қатысты 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы, яғни аса ірі мөлшерде пара алу және қылмыстық кірістерді заңдастыру туралы баптар бойынша тағы тергеу жүргізіліп жатыр. Арнайы қызмет сотқа дейінгі тергеудің егжей-тегжейін жария етпеді. Дегенмен бұған дейін бірнеше БАҚ-та Ерғожин қазақстандықтардың құпия деректерінің «GitHub» қытайлық сервисіне таралуына байланысты іс бойынша күдікке ілінгені туралы ақпарат пайда болды. 2023 жылы 24 сәуірде Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Ұлттық…
Мәсімов ісінде соңғы сөзді Тоқаев айтты: рақымшылық болмайды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президент Тоқаев ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке рақымшылық жасаудан бас тартты. Осылайша, ел тарихындағы ең ықпалды тұлғалардың бірі ұзақ мерзімді жаза мерзімін толық өтейтін болды. Еске салсақ, Мәсімов былтыр сәуірде мемлекетке опасыздық жасап, билікті күшпен басып алуға әрекет еткені үшін 18 жылға сотталған еді. Оның ісімен бірге ҰҚК басшысының бұрынғы орынбасарлары да түрлі мерзімге жаза алған. Сот процесі аса құпия жағдайда өтті. Маусым айында рақымшылық комиссиясы Мәсімовтің өтінішін қарап, «қабылдамау қажет» деген шешім шығарды. Президент әкімшілігі сол шешімді қолдады. Дегенмен, қоғамда істің кейбір маңызды тұстары әлі де…
Ұлттық тестілеу орталығы биыл жалған ҰБТ сертификаттарын анықтады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қазіргі уақытта грант конкурсына құжаттар қабылданып жатыр және қабылдау комиссияларына жалған сертификаттар ұсыну бойынша 10-нан аса дерек тіркелген. «ҰБТ сертификатын қолдан жасау мүмкін емес екенін ескеру маңызды. Әрбір сертификатта оның түпнұсқалығын бірден тексеруге мүмкіндік беретін бірегей QR коды бар. Сондай-ақ, ҰБТ сертификаты ресми құжат және оны қолдан жасау ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады», — деп жазылған хабарламада. Ведомство мәліметінше, сертификаттарды қолдан жасауға тырысқан жағайда тиісті шаралар қабылдау үшін бұл дерек құқық қорғау органдарына жолданады.
Бюджеттің 4,5 млрд. теңгесін жымқырған 21 бухгалтерге сот үкімі шықты, — деп хабарлайды Ertenмedia.kz. Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырғаны (ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 1), 2) тармақтары), заңсыз заңдастырғаны (ҚК-нің 218-бабының 3-бөлігінің 3) тармағы), ұйымдасқан топ құрып, оған басшылық жасап және оған қызметтік бабын пайдалана отырып қатысқаны (ҚК-нің 262-бабының 3-бөлігі) үшін айыпталған Талдықорған қаласы білім бөлімінің және мектептерінің 21 бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс қаралды. «3 жыл бойы Талдықорған білім бөлімінің бас бухгалтері С. әріптестерінен құралған (7 – білім бөлімі және 14 – орта мектеп) қылмыстық топ ұйымдастырған. Оның басшылығымен ұйымдасқан топ алдын ала сөз…










