Ұлттық тестілеу орталығы биыл жалған ҰБТ сертификаттарын анықтады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Қазіргі уақытта грант конкурсына құжаттар қабылданып жатыр және қабылдау комиссияларына жалған сертификаттар ұсыну бойынша 10-нан аса дерек тіркелген.
«ҰБТ сертификатын қолдан жасау мүмкін емес екенін ескеру маңызды. Әрбір сертификатта оның түпнұсқалығын бірден тексеруге мүмкіндік беретін бірегей QR коды бар. Сондай-ақ, ҰБТ сертификаты ресми құжат және оны қолдан жасау ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады», — деп жазылған хабарламада.
Ведомство мәліметінше, сертификаттарды қолдан жасауға тырысқан жағайда тиісті шаралар қабылдау үшін бұл дерек құқық қорғау органдарына жолданады.