Автор: Асылхан Бөрібай

Қырғызстанда президент Садыр Жапаровтың қарындасының күйеу жігіті ұсталды. Ақпаратты елдің мемлекет басшысының әкімшілігі растады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Жапаровтың баспасөз хатшысы Асхат Алагөзов Facebook парақшасында президенттің інісінің қызының күйеу жігітін құқық қорғау органдары ұстағанын растады. «Ләззат Нұрқожаеваның күйеу жігіті тікұшақпен ұсыныс жасағаннан кейін танымал болды. Бұл жігіттің негізгі мақсаты өзінің заңсыз әрекетін қорғау үшін билікте өз адамын табу болды деп айтуға толық негіз бар», — деді Асхат Алагөзов. Оның сөзінше, бұған кімның қатысы болса да Садыр Жапаров заңсыз әрекеттерді жасырмайды. Ұсталған жігіт пен оның сыбайластарының заңсыз әрекеттері туралы тергеу барысында анықталатыны айтылды. Қырғызстандық БАҚ-та жақында ТЖМ тікұшағын жалға алып, үйленуге…

Толық оқу

Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегінің жолын кесті, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Тергеу барысында күдікті «Покер» құмар ойынын өткізу үшін жергілікті мейрамханада орын жалға алғаны, арнайы ойын үстелдерін орнатқаны, ойын фишкалары мен карталарын сатып алғаны анықталды. Банк шотына түскен қаражаттардың жалпы сомасы 32 миллион теңгеден асқан. «Сот үкімімен күдікті кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шартты түрде айыру жазасы тағайындалды», — деп жазылған хабарламада.

Толық оқу

Орыстілді медиада Қайрат Нұртастың қамауға алынуы қызу талқыға түсіп, желі қолданушылары әншіні келемеждеп жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әлеуметтік желілерде әншінің ұсталуына қатысты «Қайрат енді түрмедегі корпоративтерде ән салады», «сотталғандардың көңілін көтереді» деген сыңайдағы кекесінді пікірлер көп. Оған қоса бұрын сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың Қайрат Нұртасты түрмеге шақыратын әзіл видеосы да жылдам тарап, қолданушылар арасында үлкен танымалдыққа ие болды. Әсіресе желіде Қайрат Нұртас пен бұрыннан басы дауға қалып жүрген әнші Төреғали Төреәлінің бес жыл бұрын түсірілген құшақтасқан видеосы қайта шығып, екі әншінің ұсталуы флешмоб сияқты сипат алды. Ал қазақ тілді аудитория бұл оқиғаға мүлдем басқа көзқараспен қарап отыр. Қазақ тілді орта…

Толық оқу

Астана қалалық сотында Қайрат Нұртасқа қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс апелляциялық тәртіппен қаралды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бұған дейін әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен Қайрат Айдарбеков ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған болатын. «Бірінші сатыдағы сот Қайрат Айдарбековтің ұшақтың ішінде жанжалдасу кезінде азамат Б.-ға қол жұмсап, оның денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, төбелес кезінде балағат сөздер айтқанын анықтады. Құқықбұзушының адвокаты қаулымен келіспей, 434-баптың 2-бөлігі бойынша шағымданып, соттан іс жүргізуді тоқтатуды сұрады», — деп жазылған мәліметте. Алайда Жоғары сот мәліметінше, қаулының күшін жою үшін себеп анықталмағандықтан, апелляцияның 9 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың сот актісі өзгеріссіз…

Толық оқу

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп берді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Министр спортшыларының ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы есеп берді; лицензиялық турнирлердің қорытындысы жөнінде баяндады: төрт жылдықтың басты додасына Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген; Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды. ұлттық құраманың Олимпиадаға дейінгі оқу-жаттығу жиындары мен спортшыларды қолдау шаралары туралы айтты; спортты басқару институттарын жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың есебін берді. Мемлекет басшысы Олимпиада ойындарының спортшыларымызға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екеніне назар аударды.

Толық оқу

Депутат Ермұрат Бапи денсаулығына байланысты мәлімдеме жасап, әлдекімдердің әдейі уландыру әрекетіне тап болуы мүмкін екенін жеткізді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Саясаткер бұл жайлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. «Қазір денсаулығым сыр беріп тұр. Дәрігерлер әзірге нақты диагноз айта алмады. Улану немесе қасақана уландыру ықтималдығы да қарастырылып жатыр екен. Жасушалық-молекулалық деңгейде тексеріс қажет деді. Не боларын көрерміз. Аман болайық, ағайын!» – дейді депутат өз жазбасында. Ермұрат Бапи Назарбаев әулеті мен олигархиялық топтарға қатысты өткір мәлімдемелерімен танымал. Ол бұған дейінгі сұхбаттарының бірінде экс-президенттің қызы Әлия Назарбаеваны рейдерлік әрекеті үшін қатаң сынға алған. Депутаттың сөзінше, Әлия Назарбаева белгілі кәсіпкерлер Нұрлан Бимурзин мен Медғат Қалиевтің меншігіндегі…

Толық оқу

Жуырда Грекия аралында өрт шыққан еді. «Персефон I» яхтасына қатысты оқиғадан кейін тың деректер шықты. Бұл туралы iEidiseis грек басылымы жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Басылым мәліметінше, Идра аралында өрт басталғаннан кейінгі алғашқы сағаттарда жергілікті төтенше жағдайлар қызметі бірнеше қате жіберген. Соның ішінде оқиғаға қатысы болуы мүмкін қазақстандықтар Грекиядан шығып кете алды. Идра аралына жататын әкімшілік аумақ — Пирей полициясы жүргізген қосымша тергеуден кейін қателер анықталған. Бірінші қатені жағалау күзетінің өкілдері жіберді. Олардың бірінің айтуынша, «Персефон I» яхтасын ұстамау туралы бұйрық алған. Екінші қатені өртке қарсы күрес басқармасының қызметкері жіберген. «Ол яхтаның жолаушыларымен сөйлесіп, тіпті олардың өртке қатысы бар-жоғын сұрағанын…

Толық оқу

«Қазақстан темір жолы» АҚ-ның бұрынғы президенті, белгілі кәсіпкер Ерлан Атамқұлов компаниядағы жемқорлықтың басталуына қатысты жаңа деректерді жария етті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Атамқұлов Abay Live арнасына берген сұхбатында теміржол саласындағы қызметін 2002 жылы бастағанын айтып, осы қызметке тағайындалуына сол кездегі премьер-министр Иманғали Тасмағамбетовтің ықпалы болғанын жасырмады. «Иманғали бір жағынан досым, бір жағынан құдам. Ол мені теміржолға әкелу туралы Назарбаевпен келіскен шығар деп ойлаймын. Өйткені ол маған: «Ерлан, сен нарықты білесің, теміржол саласын көтеру керек», – деген болатын», – дейді Атамқұлов. 2005 жылдың 13 қазанында президент Назарбаев оған орынбасар етіп Қайрат Сатыбалдыны тағайындайтынын жеткізген. Атамқұловтың айтуынша, дәл осы сәттен бастап компания ішінде…

Толық оқу

Жастар арасындағы бопсалау деректері анықталды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ұлытау облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 18-20 жас аралығындағы жастарды ұстады. Олар жергілікті колледждің кәмелетке толмаған студенттерін қорқытып, ақша бопсалаған. Күдіктілер өзгелерді қорқыту және өздерінің басымдылығын көрсету үшін зорлық-зомбылық әрекеттерін бейнежазбаға түсірген. Бопсалау және бұзақылық деректері бойынша қылмыстық істер сотқа жолданды. Павлодар облысының полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы да мамырда жастарды бопсалаумен айналысқан топтың әрекетіне тосқауыл қойды. Топ мүшелеріне осындай 10 дерекке қатысы бар деген айып тағылып отыр. Олар жәбірленушілерді қорқытып, 2 миллион теңгеге дейін алған. Жәбірленушілер қылмыскерлерден қорқып, құқық қорғау органдарына жүгінбеген. «Заңсыз әрекеттердің салдарынан жәбірленушілер…

Толық оқу

Қостанай облысында денсаулық сақтау нысандарының құрылысына қатысты заңсыз сыйақы алу ісі бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, авторлық қадағалау тобының басшысы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша дәрігерлік амбулаторияларды салып жатқан компанияның бас инженерінен 9 миллион теңге көлемінде пара алған. Күдікті орындалған жұмыс актілері мен нысандарды пайдалануға беру құжаттарына қол қою үшін құрылыс компаниясының өкілінен бопсалау жолымен ақша талап еткен. «Жедел іс-шара барысында күдікті заңсыз сыйақыны алу үстінде қолға түсті. Сыйақы көлемі аталған құрылыс нысандарының жалпы құнының шамамен 1 пайызын құрайды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Толық оқу