ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шәкәлиевтің айтуынша, Қазақстан шекарада бес ірі трансшекаралық хаб салып жатыр. Мақсат елді негізгі көлік-логистикалық орталыққа айналдыру және шикізаттан бөлек өнім экспортын 30 пайызға өсіру. Қазір барлық бағытта басқарушы компаниялар анықталған, инфрақұрылым құрылысы жүріп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Өзбекстанмен шекарада «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперацияның халықаралық орталығы құрылуда, ол екі ел арасындағы сауданы 10 млрд долларға дейін жеткізуге тиіс. Шығыста Қорғас торабында «Қорғас» Халықаралық орталығы және «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА дамып келеді, өткізу қуатын арттыру үшін SkyHansa халықаралық әуежайы мен жаңа логистикалық нысандар салынады. Каспий жағында Ақтау мен Құрық порттарында контейнерлік хаб және «Саржа» көпфункциялы…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қазақстан Үкіметі 2026-2030 жылдарға арналған барлық түрдегі қалдықтарды басқару тұжырымдамасын әзірледі. Вице-министр Жомарт Әлиевтің айтуынша, құжаттың мақсаты жылдар бойы жиналған экологиялық, экономикалық және ұйымдастырушылық мәселелерді жүйелі түрде шешу. Қалдықтарды дұрыс басқару экологиялық қауіпсіздікке, халықтың өмір сапасына тікелей әсер етеді. Экономика өскен сайын, қала көбейген сайын, тұтыну мен құрылыс артқан сайын қалдық та көбейіп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазір коммуналдық секторда жылына шамамен 4,5 миллион тонна тұрмыстық қалдық шығады, соның тек 25-26 пайызы ғана өңделеді. Кей өңірде тұрмыстық қоқыстың 30-40 пайызы тамақ қалдығы болып отыр. Негізгі салмақ өндірістік кәсіпорындарға түседі, олар жыл сайын жүздеген миллион тонна тау жыныстары мен техногендік минералдық…
Ош қаласында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» («Атам жөнүндө баян») атты қырғыз тіліне аударылған кітабының таныстырылымы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Кітап қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаған, елдік пен ерлік жолында қалам тербеген көрнекті жазушы, қайраткер тұлға Кемел Тоқаевқа арналған. Іс-шара Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігінің конференция залында өтті. Оған ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Аскаралы Мадаминов, Ош қаласының мэры Женишбек Токторбаев, ОшМУ ректоры Қудайберди Кожобеков, Қырғызстан Жазушылар одағының бұрынғы төрағасы Нурланбек Калыбеков және Қырғызстанның шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева…
Қазақстан экономикасы 2026 жылдан бастап іргелі өзгерістерді бастан өткермек. Елдегі бюджет саясаты қайта қаралып, Ұлттық қордан жұмсалатын қаражат көлемі біршама азаяды, деп хабарлайды Ertenmedia. Bank of America (BofA) сарапшыларының талдауынша, алдағы жылдың басынан күшіне енетін жаңа Салық кодексі макроэкономикалық тұрақтылыққа жетудің негізгі тетігі. Әсіресе, шағын және орта бизнес үшін қосымша құн салығының (ҚҚС) 12%-дан 16%-ға дейін өсуі және өзге де салықтық шаралар бюджеттің кірісін көбейтіп, Ұлттық қор шығынын едәуір қысқартуға жол ашады. Қазір Ұлттық қордан жұмсалып отырған қаражат көлемі өте жоғары 2025 жылы ол 5,2 трлн теңгеге жеткен (жалпы ішкі өнімнің 3,2%-ы). Ал жаңа салықтық реформаның арқасында бұл шығын 2026…
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «Үлгілі ауыл» жобасы биыл да өз жалғасын тапты. Бұл жоба облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына, инфрақұрылымының жақсаруына және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Осы орайда, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен комиссия отырысы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. – «Үлгілі ауыл» байқауы – ауылдардың дамуына нақты серпін беретін маңызды жоба. Байқауға қатысу – ауыл әкімдері үшін үлкен мүмкіндік. Себебі үздік деп танылған ауылға бір әлеуметтік нысан салынады. Сондықтан әрбір ауыл әкімдігі белсенді болып, тұрғындарды жұмылдыру арқылы өз ауылын дамытуға мүдделі болуы тиіс, – деді Ертай Кенжебекұлы. Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі – сәуір мен…
Қазақстан мен Түркіменстан алдағы уақытта сауда-саттықты екі есеге арттырып, ортақ көлік дәліздерін ірі транзиттік хабқа айналдыруды көздеп отыр, деп хабарлайды Ertenmedia. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедовтың жуырдағы келіссөзі осы бағытта өрбіді. Қазақстан соңғы жылдары Түркіменстан экономикасына белсенді түрде инвестиция құйып келеді. Ресми мәлімет бойынша, қазіргі уақытта көрші елге салынған қазақ инвестициясның көлемі 120 млн доллардан асқан. Бұған қоса, Қазақстан нарығында түркімен капиталының қатысуымен 140-қа жуық компания жұмыс істеп жатыр. Соның нәтижесінде екі елдің өзара сауда айналымы бес жылда төрт есеге өсіп, 500 млн доллардан асып отыр. Ендігі мақсат миллиард доллар межесіне жету. Бұл үшін қос мемлекет бір-бірінің ірі қалаларында арнайы…
Қазақстанда келесі жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіне қоғамның көзқарасы көбінесе сынға толы, деп хабарлайды Ertenmedia. MediaNet халықаралық журналистика орталығы мен PaperLab зерттеу орталығы Конрад Аденауэр қорының қолдауымен DEMOSCOPE бюросы жүргізген сауалнама нәтижесі осыны көрсетті. Жаңа кодекске сай, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес үшін қосымша құн салығының (ҚҚС) мөлшері 12%-дан 16%-ға дейін көтеріледі. Бұл өзгеріс көпшіліктің көңілінен шықпай отыр. Сауалнамаға қатысқан азаматтардың 61,4%-ы салық өсімінің өз тұрмысына кері әсер ететініне сенімді. Олардың 32,4%-ы «тұрмысымыз айтарлықтай нашарлайды» десе, 29%-ы «жағдайымыз шамалы ғана төмендейді» деген пікірде. Респонденттердің тек 20,6%-ы ғана бұл өзгерістер өзіне еш әсер етпейтініне сенеді.…
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (АЗРК) «ҚазМұнайГазға» халықаралық бизнесін қайта қарап, KMG International (KMGI) компаниясындағы үлесінің 50 пайызына дейін сатуды ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia. Агенттіктің пайымынша, 2026–2027 жылдары жүзеге асуы тиіс бұл қадам стратегиялық инвестор тартуға, сол арқылы шетелдік активтерді дамытуға жол ашады. Қазір KMGI 100 пайыз «ҚазМұнайГазға» тиесілі. Холдинг Румыниядағы Rompetrol Rafinare «Петромидия» мен «Вега» мұнай өңдеу зауыттарының 54,6 пайыздық үлесін иеленген. Форбстың мәліметінше 2007 жылы «ҚазМұнайГаз» әлгі активті 3,6 млрд долларға сатып алып, халықаралық нарықтағы беделін арттыруды көздеген. Компанияның сол кездегі басшысы Сауат Мыңбаев «Rompetrol әлемдегі ең ірі 30 мұнай-газ компаниясының қатарына кіреді» деген өршіл жоспармен бөліскен еді.…
Жамбыл облысында ант қабылдау рәсімінде әскери қызметкер бір көзінен айырылды, деп хабарлайды Ertenmedia. 24 жастағы Жақсылық Молдақұлдың айтуынша, басшылықтың бұйрығымен басына бөтелке сындырғаннан кейін осындай жағдайға тап болған. Оқиға өңірдегі таулы-егерь полкінде болған. Ант қабылдау рәсіміндегі әскери «қойылым» кезінде сарбаздар оттан секіріп, жекпе-жек ұйымдастырып, басына бөтелке сындырған. Соның біріне қатысқан Жақсылықтың жағдайы күрт нашарлап, дәрігерлер сарбаздың көзін тігіп беруге мәжбүр болған. Жамбыл облыстық офтальмология орталығының дәрігерлері әскери қызметкердің жарақаты өте ауыр екенін айтады. «Ішкі қабықтары ағып кеткен көз жанарын сақтап қалуға тырыстық. Енді екінші көзге зақым келмес үшін күресіп жатырмыз», – деді орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Жансая Сыдықова. Әскери бөлім басшылығы…
Депутат Ермұрат Бапи Қызылордадағы колонияда жазасын өтеп жатқан журналист Думан Мұхамедкәрімнің жағдайымен танысып қайтты, деп хабарлайды Ertenmedia. Бұған дейін бірнеше рет аштық жариялаған журналистің денсаулығы әлсіреген. Ермұрат Бәпидің айтуынша, қамаудағы Думан Мұхамедкәрім біраз салмақ жоғалтқанымен, рухын түсірмеген. «Екі сағаттай әңгімелестік. Сол баяғы Думан мінезі қайсар, ұстанымы берік, ештеңеге мойымайды. Үкіммен келіспейді. Көңіл-күйі түспеген. Шашын түгел алып тастапты. «Не үшін?» деп сұрасам, әзілдеп: «Гигиена ғой. Кичада душ жоқ қой», – дейді. Кича дегені тәртіптік изолятор. Қызылордаға ауыстырылғаннан бері жалғыз адамдық осы камерада отыр. Түрме формасын киюден бас тартқаны үшін жазаға тартылған», – дейді депутат. Бұдан бөлек, журналистің денсаулығында айтарлықтай кінәрат пайда…










