Қарағандыда мемлекетке заңсыз сатып алынған активтер қайтарылды, деп хабарлайды Ertenмedia.kz. 2023 жылғы 12 шілдеде Мемлекет басшысы «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңға қол қойды. Негізгі міндеттер заңсыз алынған мүлікті анықтау және мемлекетке қайтару, сондай-ақ, мүлікті заңсыз алып қоюға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау. Өңір прокуратурасы заңсыз берілген 37 жер телімін, сондай-ақ, құны 900 миллион теңге болатын «Сарыарқа» хоккей клубын мемлекет меншігіне қайтарды. Қазір прокурорлар мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің заңдылығын тексеріп жатыр. «Мемлекеттің экономикалық мүддені қалпына келтіру мақсатында заңсыз алынған және жекешелендірілген барлық мемлекеттік мүлікке қатысты прокурорлық қадағалау және ден қою шаралары қабылданады», — деп жазылған Прокуратура хабарламасында.
Автор: Асылхан Бөрібай
Шілдеде Астана, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл облыстарында ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен және полиция көмегімен діни радикалдарды ұстады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жедел қызметкерлер террористік әрекеттерге қатысуға, терроризмді насихаттауға, экстремистік әрекеттерді ұйымдастыруға және осы мақсатта адамдарды тартуға күдікті ретінде Қазақстанның 4 азаматын мен 1 шетелдікті ұстады және қамауға алды. Олардың тұрғылықты жерлерінен көптеген діни-экстремистік әдебиет пен өзге де заттай дәлелдер алынды. Күдіктілердің бірі бұған дейін шет мемлекеттің аумағында соғыс әрекеттеріне қатысып, ол үшін Қазақстанда сотталған болатын. Тағы екеуіне қатысты «ауыр» есірткіні үнемі қолданғаны туралы ақпарат тексеріліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 256, 257, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Депутат Ермұрат Бапи денсаулығы күрт нашарлап, шұғыл түрде Еуропаға медициналық диагностикаға аттанды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұған дейін депутаттың өзі де белгісіз жағдайға байланысты уланған болуы мүмкін екенін ашық жазған еді. «Диагнозым белгісіз. Денсаулығымда күрделі мәселе бар. Уланған болуы мүмкін екенімді айтты дәрігерлер. Нақты себебін білу үшін молекулалық деңгейдегі диагностика қажет болып тұр. Қандай жағдай болса да, аман болайық, ағайын!» – деді депутат әлеуметтік желідегі жазбасында. Ақпарат көздерінде мәжілісменнің денсаулығына қатысты мәселе соңғы жарты жылда ушыға бастағаны айтылған. Дәрігерлер алғашқы тексеріс кезінде нақты диагноз қоя алмаған. Жақында депутаттың жағдайы күрт нашарлаған соң дәрігерлер кеңесі жиналып, оған шұғыл шетелдік мамандар көмегі керектігін…
Ресей «дос» санайтын елдердің Путинге деген сеніміне ұзақ жылға селкеу түсті. Бұл туралы The Moscow Times жазды, – деп хабарлайды Ertenмedia.kz. Басылым мәліметіне сүйенсек, Владимир Путиннің Батысқа қатысты көзқарасы және Жаһандық Оңтүстік елдеріне шағымдары Кремль «дос» тұтатын елдерге жақпай қалған. Латын Америкасы мемлекеттеріндегі тұрғындар, сондай-ақ, Ресейдің сауда байланысында негізгі серіктестер — Үндістан мен Түркия халықтарының Ресей Федерациясының президентіне деген сеніміне ұзақ жылға селкеу түскен. Мұны Pew Research Сenter сауалнамасы көрсетті. «Кремль «стратегиялық серіктес» деп атайтын Үндістанда азаматтардың небары 39 пайызы Путин халықаралық аренада дұрыс әрекет ете алады деп санайды. Ресей президентіне деген сенім рейтингі алдыңғы зерттеумен салыстырғанда 3 пайызға төмендеген,…
Ішкі істер министрлігі Грекияның Гидра аралында болған өртке қатысты пікір білдірді. Бірқатар БАҚ өрт қазақтардың кінәсінен шыққанын жазған болатын деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ішкі істер азаматтарымыздың шетелдегі кез келген әрекеті (халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда) сол елдің заңнамасына сәйкес шешілетінін хабарлады. «Ішкі істер министрлігіне Грекияның құқық қорғау органдарынан Қазақстан Бас прокуратурасынан бұл дерек бойынша сұрау (нұсқау) түскен жоқ», — деп жазылған ІІМ-нің жауабында. Айта кетейік, Грекияның Идра аралындағы орман өрті 21 маусымда болған еді. Оның болжалды себебі – жағалауда болған «Персефон» яхтасынан отшашу атылуы. Бұл оқиға бойынша БАҚ беттерінде сегіз қазақстандық күдікті екені жазылды. OCCRP жариялаған тізімге сәйкес олардың ішінде кәсіпкер…
Алматыда бейбіт жиналыстар, шерулер мен пикеттер өткізу үшін орындарды ауыстыру туралы түзетулер жобасы талқылауға ұсынылды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бұл туралы Алматы қаласы Мәслихатының шешімінде айтылған. «Адамдар тобының жақын орналасуы жұмысына кері әсер етуі мүмкін аумақтар мен объектілердің барынша қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы орынды Шоқан Уәлиханов атындағы скверден Амангелді Иманов атындағы скверге ауыстыру қажет», – деп жазылған Алматы мәслихаты шешімінің жобасында. Сондай-ақ, Шевченко көшесінен Жамбыл көшесіне дейінгі шеру маршруты орнына Гагарин даңғылынан Мұқанов көшесіне дейінгі жаңа маршрутты бекіту жоспарланған. Билік бұл ұйғарымға кептелісі аз, көлік көп жүрмейтін жол болған соң келген. Сонымен қатар, «СарыАрқа» кинотеатрының артындағы алаң сыйымдылығын 500-ден…
«Қазақстан теміржолы» АҚ бұрынғы президенті, белгілі кәсіпкер Ерлан Атамқұлов бірнеше танымал есімді атап, олардың қандай оқиғаларға қатысы барын айтты, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Жуырда Мәжіліс отырысында Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның қарызы шамамен 3 триллион теңгеге жеткенін айтқан еді. Ол ҚТЖ-ға банкрот қаупі төніп тұрғанын да ашық мәлімдеді. «Менің ойымша, (Әлихан Смайыловтың — еск.) мұны жария етуінің бірнеше себебі бар. Бірінші себеп: «теміржол саласын болашақта қай топ билейді, қай топ өз бақылауына алады?» деген жұмыс басталды деген сөз. Екінші: Нұрлан Сауранбаевқа көп ақша бөлінді. Былтыр 50 локомотивке бөлінді. Теміржолда 7 миллиард доллар деген қарыз — үлкен…
«Қолдан жаңбыр жауғызып жүрген» Алтай Айнабек әлемжеліде «жаңбыр адам», «қазақтың Тони Стәркі» деген лақап аттарымен танылып келеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Алтай климатты өзгерту технологиялары халықаралық орталығының (International Center of Climate Change Technologies) басшысы, “Жасанды жаңбыр жауғызу” технологиясының авторы. Бірнеше жыл бұрын Маңғыстаудағы қуаңшылық мәселесін шешуге атсалысқан маман қазіргі таңда Аралдың жай-күйіне ерекше назар аударуда. Ertenmedia тілшісімен пікірлескен маман «Арал өңіріне жаңбыр жауғызамын» деген ойын ортаға салды. Соңғы күндері еліміздің оңтүстік өңірлерінде жаңбыр жауу көрсеткіші жиілеп кетті. Ал «қырық күндік шілденің» аптап ыстығына еті үйреніп қалған халық жаздың қақ ортасында нөсерлеп төккен жауынға аң-таң. Табиғи құбылыстың тосыннан келген сыйына дайын болмаған…
«Семей орманы» филиалының директоры ұсталды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Былтыр жазда болған ауқымды өртке байланысты Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына орманды заңсыз кесуге және ағаштарды ұрлауға қарсы күрес шараларын күшейтуді тапсырды. ІІМ аталған тапсырманы орындау аясында осы саладағы қылмыстық схемаларды анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. «9 шілдеде Абай облысының аумағында ІІМ және ҰҚК жедел уәкілдері прокуратураның үйлестіруімен «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты филиалдарының бірінің директорының басшылығымен әрекет еткен қылмыстық топтың қызметіне тосқауыл қойды. Орманды жымқырды деген күдікпен полицияға 20-дан аса адам жеткізілді. Тінту жүргізіліп, ұрланған ағаштардың ондаған текше метрі, ағаш өңдеу станоктары, ақша және құжаттар…
Солтүстік Қазақстан облысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы ұсталған, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бұған дейін тарап кеткен ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу аясында СҚО бойынша ҚАЖД бастығы ұсталғанын растайды. Өзге ақпаратты қосымша хабарлаймыз», — деп жазылған Антикордың Tengrinews.kz-ке жауабында. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД сайтының мәліметінше, былтыр мамырда аймақтың Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы лауазымына Әділет Мұстафинов тағайындалған. Әр жылдары ол ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде қызмет атқарды, Павлодар облысы бойынша ҚАЖД бастығы болды.










