Солтүстік Қазақстан облысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы ұсталған, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Бұған дейін тарап кеткен ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу аясында СҚО бойынша ҚАЖД бастығы ұсталғанын растайды. Өзге ақпаратты қосымша хабарлаймыз», — деп жазылған Антикордың Tengrinews.kz-ке жауабында.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД сайтының мәліметінше, былтыр мамырда аймақтың Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы лауазымына Әділет Мұстафинов тағайындалған.
Әр жылдары ол ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде қызмет атқарды, Павлодар облысы бойынша ҚАЖД бастығы болды.