Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Aerial Solutions/Drone Pilot Academy компаниясы стратегиялық меморандумға қол қойды. Бұл құжат ұшқышсыз авиация және геоақпараттандыру саласындағы жаңа ынтымақтастық бағытын ашып, ортақ жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді, деп жазады Ertenmedia.kz. Меморандумға қол қою екі тарап үшін маңызды кезең саналады. Университет пен өндірістік серіктес білім беру, ғылыми зерттеу және өндірістік тәжірибені біріктіре отырып, халықаралық стандарттарға негізделген және саланың нақты қажеттіліктеріне бағытталған бірлескен экожүйе қалыптастырады. Студенттер серіктес алаңында практикадан өтіп, заманауи дрон технологияларымен жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Олар аэрофототүсірілім жүргізу, деректерді өңдеу әдістерін меңгереді және ұшқышсыз ұшатын аппараттарды экология, ауыл шаруашылығы, геоинформатика (GIS) секілді салаларда қолдану бойынша дағдыларды жетілдіреді.…
Автор: Асылхан Бөрібай
Үкімет ел экономикасын алға жылжыту мақсатында арнайы бағдарлама қабылдады. Бұл бағдарлама арқылы халықтың әл-ауқаты жақсарып, тұрмыс тіршілігі түзелу керек. Үкіметтің алдағы қадамдары қандай болмақ? Нақты қандай шешім ұсынып отыр? Сарапшылар не дейді? Дінмұхаммед Ғали, экономист: – Қазіргі уақытта экономикаға қойылатын басты талап – сандық көрсеткіштерден сапалы көрсеткіштерге қол жеткізу. Мысалы, 2011 жылы ЖІӨ көлемі – 27 трлн теңге болған. 2014 жылы бұл көрсеткіш 131 трлн-ға жеткен. Яғни, ЖІӨ орта есеппен 5 есе артқан. Жалақыға келетін болсақ, 2011 жылы орта есеппен санағанда орташа жалақы мөлшері 91 мың теңге болған. 2024 жылы бұл көрсеткіш 444 мыңға өскен. Яғни, көрсеткіш 3,2-3,7 есеге өскенін…
Қазақ қоғамында қала, аудан және көшелердің атауын өзгерту төңірегіндегі талқылау қайта-қайта күн тәртібіне шыға береді. Әдетте әңгіме шықса, бір орта «халықпен кеңесу керек» десе, енді бірі «мұндай шешімдерді мемлекет өзі қабылдауы тиіс» дейді. Тоғжан Қожалы осы тақырыпқа тоқталып, жауапкершілік аймағын нақтылап алудың маңызы зор екенін алға тартты, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоғжан Қожалының ойынша елді мекендер мен аудандарға ат қою немесе қайта атау жергілікті жиын, кездейсоқ жиналған топтың шешімімен емес, нақты мемлекеттік институттардың құзырында болуы қажет. Яғни Мәжіліс, мәслихат сияқты өкілетті органдар талқылап, дауыс беріп, саяси шешім қабылдауы керек. – Астана тарихына қарасақ, Целиноград, Ақмола, Астана, Нұрсұлтан, қайтадан Астанаға айналған кезеңдердің…
Қонаев қаласында заңсыз айналымға түскен тауарлар ресми түрде жойылды. Қала әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің мамандары сот орындаушылары тәркілеген өнімдерді қабылдап, арнайы комиссияның қатысуымен қоқыс полигонында жарамсыз етті, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл тауарлар «Іле ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі» арқылы әкімдікке рәсімделіп жіберілген. Яғни, алдымен сот шешімі шығып, тауарлар тәркіленген, содан кейін ғана жою процедурасы іске асқан. Тізімге қарасақ, заңсыз өнімнің көлемі аз емес. Акцизделмеген 4 тоннадан астам алкогольдік өнім саудаға шығарылмақ болған. Мұндай ішімдіктің сапасы да, шығу тегі де түсініксіз. Ең бастысы салық пен акциз төленбеген. Оған қоса, Қытайда өндірілген бір тоннадан астам биологиялық белсенді…
Түркістанда 300-ге жуық компания басшыларының қатысуымен «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2025» халықаралық инвестициялық форумы жоғары деңгейде өтіп жатыр. Оған отандық және шетелдік инвесторлар мен жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдері қатысты. Маңызды шара барысында көрме ұйымдастырылып, келушілер мен инвесторлар назарына өңірдің қолөнер бұйымдары, туристік нысандары мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі таныстырылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл форумның мақсаты аймақтың инвестициялық және туристік әлеуетін ілгерілету, өңір экономикасын әртараптандыру бағытында инвестиция тарту, шетелдік жетекші компанияларымен іскерлік байланыстарды нығайту мен өндіріс орындарын көбейту. Форум аясында мемлекеттік органдар, бизнес және халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуымен «Түркістан – Қазақстанның жаңа инвестициялық циклінің драйвері» тақыбырында пленарлық отырыс…
Сайрам ауданының Ақсу ауылында ашылған 600 орындық №55 жалпы білім беретін мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерді. Бүгінде біліммен қатар оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ерекше мән беруде, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа форматтағы мектепте үйірме жұмыстары кең көлемде жандандырылып, балалардың шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай жасалған. Мектеп қабырғасында домбыра, футбол, волейбол, баскетбол, бокс, қолөнер, хореография секілді түрлі бағыттағы үйірмелер тегін жүргізіліп, оған бүгінде 300-ге жуық оқушы тұрақты түрде қатысуда. Арнайы жабдықталған музыкалық және шығармашылық кабинеттер, кең спорт залы және сыртқы спорт алаңдары оқушылардың қызығушылығын арттырып, әр баланың бойындағы қабілеті мен мүмкіндігін ерте анықтауға мүмкіндік беруде. Бастауыш…
Түркістан облысы мен Шымкентте жеке күн генерациясы энергетикалық жүйенің көзге көрінетін бөлігіне айналып келеді. Кәсіпкерлер мен үй иелері шатырға күн панельдерін орнатып, алдымен өз нысанын жарықпен қамтамасыз етіп, артығын «Оңтүстік Жарық Транзит» желісіне сатып отыр. Осылайша бұрын тек тұтынушы болып келген адамдар біртіндеп шағын өндірушіге айналып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. «Қазақстандық коммуналдық жүйелері» тобы мен «Оңтүстік Жарық Транзит» дерегіне қарасақ, соңғы бір жылда құрылымдық өзгеріс айқын сезіледі. 2024 жылы нетто-тұтынушы саны бар болғаны 22 болса, 2025 жылдың қарашасына қарай 78 адамға жетті. Яғни 3,5 еседен артық өсім тіркелді. Орнатылған жалпы қуат та өзгерді. Бұрын жеке күн стансалары 2750 кВт деңгейінде…
Блогер Евгений Мұхамеджанов өзінің Фейсбуктағы жазбасында «Кейде экология туралы жаңалықтарды оқығанда Қазақстаннан кетіп қалғың келеді» деп күйініпті. Ол бір апта бұрын Астанада Мәжілісте «Республика» партиясының шақыруымен, қалдықтарды басқару мәселесі бойынша сөз сөйлеген. Партия утильалым мен қоқыс тақырыбын арнайы күн тәртібіне шығарып, ұзақ уақыт назардан тыс қалған саланы қозғағаны алға тартты. Мәжілістегі жиынға экология министрлігі, қалдықтармен айналысатын басқарма өкілдері және «Жасыл даму» компаниясының толық басшылық құрамы шақырылған. Депутаттар кездесуді бірнеше рет министр келсін деп шегерген. Соған қарамастан министр жиынға қатыспады. Халық қалаулылары мұны Парламентке көрсетілген құрметсіздік ретінде хаттамаға енгізуді сұраған. – Кездесу барысында министрлік те, «Жасыл даму» өкілдері де нақты…
Қазақстанда 2026 жылдан бастап мобильді аударымдарға қатысты талап күшейеді. Банктік картадағы әрбір транзакция мұқият бақыланады, деп хабарлайды Ertenmedia. Shanyraq 2025 бизнес-форумында сөйлеген салық сарапшысы Дмитрий Казанцев жаңа тәртіптің қыр-сырын тарқатып берді. Оның айтуынша, банктік картада түрлі бағыттан бей-берекет ақша түссе, иесінен түсініктеме талап етілуі мүмкін. «Премьер-министрдің 16 қазандағы мәлімдемесінде шағын бизнесті тексеру уақытша тоқтайтыны айтылған еді. Алайда бұл жеңілдік өткен кезеңдерге ғана қатысты. Ал 2026 жылдың қаңтарынан бастап карталарды қолданудың жаңа ережесі күшіне енеді. Енді жеке картаға тек жалақы, дивиденд және жақын туыстардан келген аударымдар ғана түсуі тиіс», – дейді ол. Казанцев табысын жасырғандарға қандай жаза қарастырылғанын да атап өтті.…
Абай облысында жұртты сан соқтырған тағы бір қаржы пирамидасының беті ашылды, деп хабарлайды Ertenmedia. ELL QUATY атты ұйым өзін «халықтық кооператив» ретінде көрсетіп, бір жарым мыңнан аса азаматты қармағына түсірген. Компания салымшыларға пәтер мен көлікті пайызсыз бөліп төлеуге береміз деп уәде еткен. Тіпті әлеуметтік желіде «Әр отбасыға бақыт сыйлаймыз!» деген ұранмен түрлі акциялар ұйымдастырып, жұртты Түркиядағы демалысқа тегін жолдама берумен қызықтырған. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, ұйым бастапқыда танымал HALYK брендін заңсыз қолданып, ескерту алған соң, атауын ELL QUATY деп өзгерткен. «Кооператив мүшелері пәтер мен көлікке қол жеткізу үшін пай жарналарын төлеуге тиіс болған. Компанияның заңдылығын көрсету мақсатында ұйымдастырушы басқа бір…










