Қазақстанның бірнеше өңірінде терроризмді насихаттады деген күдікпен алты азамат ұсталды, деп хабарлайды Ertenmedia. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, ұсталғандар деструктивті діни ағымдардың жақтастары болған. Арнайы операция Алматы, Ақтөбе, Қонаев және Шымкент қалаларында жүргізілген. «Күдіктілер діни себеппен шабуыл жасауға, адам өлтіруге шақырып, елдің зайырлы құрылымына қарсы шыққан», – деп хабарлады комитет өкілдері. Тінту кезінде олардың тұратын жерінен атыс және суық қару, сондай-ақ экстремистік сипаттағы діни әдебиет тәркіленген. Комитет дерегінше, жыл басынан бері республика бойынша терроризм мен экстремизмге қатысы бар 83 азамат ұсталып, 97 адам сотталған. Соңғы істердің бірі қарашаның басында Ақтөбе облысында аяқталған болатын. Терроризмге ашық түрде шақырған жергілікті тұрғын жеті жылға…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қазақстандықтардың жартысынан астамы (51,1%) ChatGPT, Google Gemini, Midjourney және басқа да жасанды интеллект технологияларын қолданады. Бұл деректер ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты тапсырысымен жүргізілген әлеуметтанулық сауалнама нәтижелеріне негізделген. ЖИ ең белсенді қолданатындар бұл жастар: 18–29 жас аралығындағы респонденттердің 76,2%-ы жасанды интеллект сервистерін пайдаланады. 30-45 жаста бұл көрсеткіш 57,1%-ға дейін төмендейді. Жас ұлғайған сайын технологияны қолдану деңгейі біртіндеп азаяды: 46–60 жас тобында 37,5%, ал 61 жастан асқан азаматтар арасында – 16,6%. Жастар мұндай цифрлық құралдарды көбіне оқу үрдісіне және өзін-өзі дамыту үшін (48,7%), сондай-ақ мәтіндермен жұмыс істеуге (44,2%) пайдаланады. Орта жастағы респонденттердің негізгі сұраныстары да осы бағыттармен сәйкес келеді:…
Биыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» болып жариялануы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне нақты бағыт берді. Үкімет құжат қабылдап, экономикаға қажет маман дайындау туралы жиі айтылады, ал оның күнделікті өмірдегі көрінісі колледждердің жұмысынан білінеді. Сол оқу орындарының бірі APEC PetroTechnic жоғары колледжі. Колледж басшылығы мұнай-газ саласына маман дайындаумен қатар, оқытушылардың өз білімін халықаралық деңгейде шыңдауын да маңызды санап отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Сол мақсатта колледждің математика пәнінің аға оқытушысы Гүлфия Кабиденова Жапонияның Хиросима қаласында өткен WALS 2025 халықаралық конференциясына қатысып қайтты. Бұл Lesson Study әдісін дамытуға арналған әлемдік қауымдастық. Конференцияға түрлі елдің зерттеушілері, мектеп және колледж ұстаздары жиналып, өздерінің зерттеу сабақтарын…
Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде заманауи Fab-Lab инновациялық зертханасы ашылды. Орталықтың негізгі мақсаты студенттердің инженерлік және цифрлық дағдыларын күшейту. Қарапайым тілмен айтсақ, жастарға қағаздағы теорияны айналдырып, қолмен ұстап көретін нақты құрал беріліп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Fab-Lab деген атау көп елдің оқу орындарында бар халықаралық форматқа жатады. Мұндай зертхананың артықшылығы – студентті «көрдім, тыңдадым» деңгейінде қалдырмай, «жасадым, іске қостым» деген нәтижеге алып келуі. Қазір еңбек нарығы дәл осыны сұрап отыр. Зертхана үш бағытта жұмыс істейді. Біріншісі робототехника. Мұнда NAO гуманоид роботтары және WorldSkills стандарттарына сай платформалар арқылы құрастыру мен бағдарламалау дағдылары дамытылады. Яғни студент темірдің бөлшегін жинап қана қоймай, оны басқаруды,…
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы Қадырбек Атамбаев билікті күшпен құлатуға әрекеттенді деген айыпты «абсурдқа» балап, қолмен жазған бірнеше хатын жариялады, деп хабарлайды Ertenmedia. Kaktus.media жариялаған хаттарда Атамбаевты ұлы өзіне тағылған айыптың мән-жайын баяндаған. Оның айтуынша, құқық қорғау органдары бастапқыда «жаппай тәртіпсіздікке шақырды» деп айыптағанымен, кейіннен істің сипатын өзгертіп, ауыр қылмысқа жататын «билікті күшпен басып алуға әрекет жасады» деген бапты қосқан. Қарашаның 22-сі күні жазған хатында Атамбаев ешбір заңды негізсіз, ордерді көрсетпестен, он шақты арнайы жасақ өкілдері таңғы жетіде пәтеріне басып кіргенін айтады. «Анаммен бірге Қой-Таштағы үйден шығарылған соң жалдап тұрып жатқан пәтерге арнайы жасақ басып кірді. Олар ешқандай заңды…
Алматы қаласында пеш, газ, қатты отын пайдаланатын үйлер аз емес, ал қыс түскенде қауіп те қатар жүреді. Осы себепті Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жеке секторды аралап, тұрғындарға жылыту құрылғыларын дұрыс пайдалану тәртібін түсіндіріп, қажет жерлерге газ бен көміртек тотығын анықтайтын датчиктер орнатып жатыр. Кезекті алдын алу шарасы Ақбұлақ шағынауданында өтті. Бұл аумақта әлі газ жүйесіне толық қосылмаған үйлер бар, сол себепті тексеріс пен түсіндіру жұмысы бірінші кезекте осы жақтан басталған, деп жазады Ertenmedia.kz. ТЖД қызметкерлері мұндай профилактикалық шараларды ұдайы жүргізіп келеді. Әсіресе демалыс күндері жұмыс күшейеді. Себебі тұрғындар үйде болады, есік ашық, сөйлесуге мүмкіндік бар. Мамандар бір үйді…
Астанада өткен Silk Way Star вокалдық жобасы көрермендер тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Бүгінде Қазақстан Азияның мәдени төрі болуға талпынып отырған ел. Осындай кезде әрбір ән, әрбір сахнаға шыққан орындаушы халықтың атынан сөйлейді. Жобаның финалында Моңғолия әншісі Мишель Джозеф жеңімпаз атанды. Өз елінің рухын таныта білді. Бірақ жеңімпаз тек ол емес, әр сахнаға шыққан жеті елдің мәдениеті де осы кеш арқылы бір баспалдаққа көтерілді. Он эпизодқа созылған жобаны миллиондаған көрермен бақылап отырды. Бұл әншілер жарысынан гөрі, Азияның бір-бірін тану процесіне көбірек ұқсады десек болады. Финал сахнасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин оқыды. Онда «Silk Way Star –…
Қазақстанның тұңғыш атом электр станциясының іргетасы Балқаш көлінің жағасындағы Үлкен ауылының маңында 2029 жылы ғана құйыла бастайды, деп хабарлайды Ertenmedia. Атом энергетикасы агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев Ақордадағы жиын арасында журналистер сұрағына жауап беріп, осылай деді. Сәтқалиевтің айтуынша, қазір құрылысқа дайындық жұмысы жоспарға сай жүріп жатыр. Дегенмен станция құрылысы нақты қашан басталатыны тек жобалау мен іздестіру жұмысы аяқталған соң белгілі болады. «Осы уақытқа дейін шамамен 50 ұңғыма бұрғыланды, топырақ үлгісі алынып, зертханаға жіберілді. Екі мыңға тарта нүктеден радионуклидтер бар-жоғы тексерілді. Бұған қоса гидрологиялық, гидротехникалық, инженерлік және топографиялық зерттеу жұмысы аяқталды. Аймақта екі гидробекет орнатылды. Алдағы бір жарым жылдың ішінде жоба-іздестіру кезеңін…
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан энергетикалық әрі су ресурстарын тиімді пайдаланудың жаңа форматын бекітті, деп хабарлайды Ertenmedia. Үшжақты келіссөз Алматыда өтіп, қорытындысында тараптар ортақ хаттамаға қол қойды. Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Аккенженов төрағалық еткен жиында аймақтың су және энергетика саласына жауапты тұлғалар бас қосты. Олардың қатарында Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Қырғызстан Энергетика министрі Таалайбек Ибраев, Өзбекстан Энергетика министрі Жорабек Мирзамахмудов, Өзбекстан Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев және Қырғызстан Су шаруашылығы министрінің орынбасары Алмаз Жееналиев болды. Келіссөздің басты тақырыбы өңірдің тіршілік көзі саналатын Тоқтоғұл су қоймасының қазіргі ахуалы. Кейінгі жылдары су деңгейі төмендеп, қысқы уақытта электр тапшылығы қаупі…
Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілуіне орай «Құқық бұзушылыққа жол жоқ!» ұранымен жарыс өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жарысқа 2012-2013 және 2014-2015 жылдары туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен жарыс өтті. Спорттық дода «Балуан Шолақ» спорт кешенінде өтіп, еліміздің бірнеше өңірінен жиналған 250-ге жуық жас балуан өзара бақ сынады. Жарыстың салтанатты ашылуында Түркістан қаласы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Қабдырұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Додаға Қарағанды және Орал облыстары, Ақтөбе қаласы, Қармақшы, Арал, Шиелі аудандары, сондай-ақ Түркістан қаласы, Жуалы, Созақ, Сауран, Шардара, Бәйдібек аудандары мен Кентау қаласынан келген жас спортшылар қатысты. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі










