Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Ұлттық домбыра күніне орай пікір білдіріп, ұлттық мұраның мән-маңызы туралы айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz «Қазақ әдебиетіне» сілтеп. «Домбыра – ұлттық бірегейліктің басты атрибуттарының бірі және ең қадірлі құндылығы. Себебі, халқымыздың тағдыр жолы мен таңбалы тарихында домбыраның алар орыны ерекше. Ерге қуат берген де – домбыра. Ұлысты ұйытып, елді біріктірген де – домбыра. Әр заманның талай тағдыршешті сәттерінде қара домбыра еңсемізді көтеріп, айбарымызды асырған. Бүгінде Ұлттық домбыра күні дәстүрлі түрде аталып өтеді. Мектептерге домбыра сабағы енгізіліп, өскелең ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастыруға баулып келеміз. Домбыраға қандай да бір құрметсіздік байқалса, ол күллі қоғамның қатаң айыптауы мен…

Толық оқу

2024 жылғы 5 шілдеде Қарағанды қаласында Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті, деп хабарлайды Ertenмedia.kz. Қоғамдық талқылауға қала тұрғындары, қоғам қайраткерлері мен экологтар қатысты. Тыңдау аясында Энергетика министрлігінің, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, Ұлттық ядролық орталық және Ядролық физика институтының өкілдері сөз сөйлеп, АЭС салудың артықшылықтары, қазіргі атом станцияларының қауіпсіздігі, жұмыс принциптері және АЭС-тің қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер ету деңгейі туралы айтып берді. ҚР ЭМ Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мурсалова өз сөзінде Қазақстанда АЭС салу елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызды шешім болып табылатынын атап өтті. Оның…

Толық оқу

Бүгін, 2024 жылғы 5 шілдеде, Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында кәріз жүйесіне қызмет көрсету мен тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде кәріз газымен улану салдарынан үш адам қаза тапты, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оның ішінде екі азаматтық тұлға және бір келісімшарт бойынша әскери қызметші бар. «Оқиға жұмыс барысында абайсызда құдыққа құлап кеткен Шымкент аудандық пайдалану бөлімінің жұмысшысын құтқару кезінде орын алды. Оған көмекке келген тағы екі жұмысшы мен келісімшарт бойынша екі әскери қызметші де жағдайдың нашарлауына байланысты жоғары жаққа көтеріліп шыға алмады. Нәтижесінде үш адам сол жерде қаза тапты», — деп хабарлады ведомство. Тағы бір жұмысшы мен әскери қызетші…

Толық оқу

Мәдениет экс-министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі Ғалия Ысқақова жазасын өтеп, бостандыққа шықты, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы судья Шынар Ерғалиеваның төрағалық етуімен Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 13 ақпандағы Ғалия Ысқақоваға қатысты үкімін өзгертті. Оның қылмыстық кодексінің 368-бабының 1-бөлігімен («Пара алудағы делдалдық») әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігімен («Қылмыс жасауға оқталу»), 368-бабына өзгертілді. Ғалия Ысқақова Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 368-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салу арқылы 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 2023 жылғы 5 шілдеден бастап үйде қамауда…

Толық оқу
Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс жасауға

Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенген топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Елдің Ұлттық қауіпсіздік комитеті елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандырып, билікті күштеп басып алмақ болған деструктивті топтың әрекетіне тосқауыл қойылғанын хабарлады. Арнайы операция кезінде төрт адам ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің дерегінше, топ мүшелері криминалдық және радикалды діни идеологияны ұстанған. Күдіктілердің үйлері мен көліктеріне жүргізілген тінту барысында қолдан жасалған жарылғыш заттарға арналған бөлшектер, атыс қаруы мен оқ-дәрі, сауыт-сайман, полиция қызметкерлерінің арнайы киімдері, байланыс құралдары, дрондар, экстремистік әдебиет және басқа да тыйым салынған заттар табылып, тәркіленді. Қазір осы дерек бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Толық оқу

Қайрат Нұртасқа сот үкімі шықты, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Әнші 15 тәулікке қамауға алынды. «Қаулы етемін: тараптардың татуласуы туралы келісім бекітілсін. Қайрат Нұртасұлы Айдарбековке қатысты ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-1-бөлігімен («Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылсын. Қайрат Нұртасұлы Айдарбеков ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынсын», — деді судья. Ол қамауға алу мерзімі 4 шілдеден бастап сағат 23:50-де есептелетінін айтты. Әнші жазасын Шымкент қалалық әкімшілік полиция басқармасында өтейтін болды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Тараптар апелляцияға бере алады. Еске салайық, Қайрат Нұртас ұшақта төбелес шығарғаны үшін қылмыстық іс фигуранты болған еді. Әнші қамауға…

Толық оқу

Белгілі әнші Қайрат Нұртас сот алдында жауап беріп жатыр. Астананың әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әншіге қатысты істі онлайн режимде қарай бастады, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Сотта әнші Қайрат Нұртас пен Асылбек Бекқайыровтың арасындағы оқиғаның мән-жайы айтылды. Қайрат Нұртастың сөзінше, мәселе тойда өнер көрсету туралы өтініштен басталған. «Досым мені тойда өнер көрсетуге шақырды. Мен бара алмайтынымды айтты. Ол мені балағаттай бастады, сөйтіп басымнан екі рет ұрды. Мен де жауап ретінде оны ұрдым. Кейін тыныш отырдым. Бірақ ол келіп, мені тағы ұрды. Бары осы. Тәртіп бұзған жоқпын. Мен жәбірленушімін», — деді әнші. Ал Асылбек Бекқайыровтың айтуынша, ол расында да, әншіні…

Толық оқу
Қазақ тіліне қатысты дау

Gorilla Drift Championship турнирінің негізін қалаушы Артем Чекменевтің қазақ тіліне қатысты пиғылын көрсетіп қойды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Желіде тараған видеода Артем Чекменев қазақша сөйлеуден бас тартады. «Сен не мен сөйлейтін тілде сөйле, не менімен мүлдем сөйлеспе. Түсінікті ме? «Эй» деп әйеліңе айтасың. Бауырым, сен орысша түсінбейсің ғой», — дейді Чекменев видеода. Видео әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түсіп кеткеннен кейін компания өкілдері олардың әлеуметтік желідегі парақшаларында және Артем Чекменовтің парақшасында да пікір жазу мүмкіндігін алып тастаған. Чекменовтің өзі бұл жайтқа қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, оқиға 2 маусымда болған. Ал видео қырқып алынған және оның толық мазмұны мүлде басқаша болыпты-мыс. «Сол…

Толық оқу

Арменияда жасырынып жүрген қазақстандық азамат қаржы пирамидасын басқарды деген күдікпен елге экстрадицияланды. Қылмыстық істен Қостанай облысының 40-қа жуық тұрғыны 167 млн теңгеден астам шығынға ұшыраған, – деп жазады ErtenMedia.kz. Күдіктіні Қазақстанға жеткізу шарасын Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері ұйымдастырған. Экстрадицияға Қазақстанның Армениядағы елшілігі де көмектесті. Қазір азамат Ақтау қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті 2019-2021 жылдары Қостанай облысындағы «Finiko» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған. Жобаға қатысушыларға жоғары табыс табуға мүмкіндік беретін қаржылық жүйе ретінде ұсынылған. Алайда салынған қаражат қайтарылмай, ондаған адам зардап шеккен. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жәбірленушілердің жалпы шығыны 167 млн теңгеден асып отыр.…

Толық оқу

ШЫҰ саммитіне байланысты еліміздің бірқатар қаласында енгізілген террористік қауіптің «сары» деңгейі алынды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті мен Қытай төрағасының мемлекеттік ресми сапарының аяқталуына байланысты «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» заңның 13 және 15-баптарына сәйкес күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күзет іс-шараларын өткізу кезінде терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы ретінде Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы терроризмге қарсы операция режимін 4 шілде сағат 23.59-да Астана қаласында алып тастау туралы шешім қабылданды», — деп жазылған хабарламада. Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №611 жарлығымен бекітілген «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар…

Толық оқу