«Бәйтерек» холдингі экономиканың жаңа өсу бағыттарының бастамашысы болады. Үкімет экономиканың 20 негізгі жобасын қаржыландыру үшін «Бәйтерекке» 1 трлн теңге бөледі, деп жазады Ertenmedia.kz. Үкімет басшысы Олжас Бектенов Үкімет отырысында макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бағдарлама шеңберінде инвестициялық саясатты жүзеге асыруда даму институттарына маңызды мән берілетінін атап өтті. «Даму институты ретінде «Бәйтерек» холдингі тек жобалардың операторы ғана емес, нарық сұраныстарын қалыптастыруға және бірлескен кәсіпорындар құруға қабілетті жаңа өсу бағыттарының бастамашысы болуға тиіс. Бұл өңдеуші сектордың дамуына қосымша серпін береді», деп атап өтті Олжас Бектенов. Одан бөлек Kazakh Invest мемлекеттік органдар мен даму институттарының барлық жобаларға қолдау көрсету бағытындағы жұмысын…
Автор: Асылхан Бөрібай
2025 жылғы қаңтар-қазан аралығында телекоммуникация, сым және сымсыз желілер арқылы көрсетілген интернет қызметтерінің көлемі 724,2 млрд тг. құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,1% көп, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның ішінде тұрғындарға көрсетілген қызметтердің көлемі 517,2 млрд тг, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,3% артық. Барлық көрсетілген интернет қызметі көлемінің 81,9% Астана және Алматы қалаларына тиесілі. 10 айда тіркелген интернет абоненттерінің саны 3,2 млн бірлікті құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,9% көп. Интернетке қосылған ұялы байланыс абоненттерінің саны 19,3 млн бірлікті құрады, өсім – 2,8%.
«Северный казах» деген атпен танымал блогер Асылан Төлегенов ұлтаралық араздық тудырғаны және жалған ақпарат таратқаны үшін 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ertenmedia. Күні кеше Көкшетау қалалық соты атышулы істің соңғы нүктесін қойды. Жабық есік жағдайында өткен процесте провокатор кінәсін толық мойындап, ұсынылған айғаққа қарсылық білдірмеген. Тергеу материалы бойынша «орыс әлемін» ұлықтаған блогер ұлтараздықты қоздыратын контентті ұдайы түрде таратқан. Сараптама оның видеолары ұлтты ұлтқа айдап салатын арандатуға тұнып тұрғанын растаған. «Айыпталушы кінәсін толық мойындап, ұсынылған дәлелге дау айтпады. Кінәсі тек мойындауымен ғана емес, телефонын ақтару нәтижесімен, әлемжелідегі видеоматериалмен және сараптама қорытындысымен расталды», – дейді Көкшетау қалалық соты.…
Қазіргі дамыған заманда қоғамның қауіпсіздігі тек шекарадағы күзетпен өлшенбейді. Ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін ақпарат алдымен интернеттен бастау алатынын күнделікті өмірде көріп жүрміз. Цифрлық кеңістікте жүрген әрбір контент кейде ел ішіндегі бірлікке, ұрпақ тәрбиесіне, мемлекеттің конституциялық құрылымына қарсы әсер етуі мүмкін. Сондықтан ҚР Ішкі істер министрлігі жыл сайын жүздеген сайтты бұғаттап, қоғамға қауіпті ақпараттардың таралмауы үшін үздіксіз жұмыс жүргізіп келеді. Кей азаматтардың қауіпті контентті әдейі тарататыны да жасырын емес. Ал енді біреулері мұндай ақпараттың зиянын білмей, бөлісіп артынша «жаздым, жаңылдым» деп етегі жасқа толып, қателегін кеш түсініп жатады. Бірақ заң алдында «білмедім» деген сөз жауапкершіліктен қорғай алмайды. Себебі ұлттық қауіпсіздік бәрінен…
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне қарасты Цифрлық үкіметті қолдау орталығы IT-архитекторлар академиясының ашылғанын жариялады. Бұл жаңа білім беру бастамасы мемлекеттік және корпоративтік деңгейдегі цифрлық шешімдердің архитектуралық сапасын арттыруға бағытталған. Жедел цифрландыру мен жасанды интеллектті кеңінен енгізу жағдайында негізгі күрделі мәселелердің бірі – IT-жүйелердің бытыраңқылығы мен олардың қайталануы болып қалып отыр. Қазіргі таңда мемлекеттік цифрлық сервистердің ыңғайлы, өзара ықпалдасқан және ауқымдалатын болуы аса маңызды. Мұндай шешімдер дайын модульдерді қайта пайдалану, технологиялық үйлесімділік және бірыңғай архитектура қағидаттарына сүйенуі тиіс. IT-архитекторлар академиясы мамандарды IT жүйелерін идеядан бастап іске қосу мен жасанды интеллектіні интеграциялауға дейін тұтас экожүйе ретінде қарастыруға үйрететін тәжірибеге бағытталған платформа…
Жетісайдағы трагедиядан кейін Үкімет басшысы Олжас Бектенов шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Ertenmedia. Премьер-министр Үкімет атынан марқұмдардың туыстарына көңіл айтып, Түркістан облысы Алғабас ауылындағы қайғылы жағдайға байланысты дереу қорытынды шығаруды талап етті. Үкіметтік комиссия жетекшісі, вице-премьер Қанат Бозымбаевтың айтуынша, өрт 19 қараша күні таңғы сағат 05:30-да екі қабатты жеке тұрғын үйде тұтанған. Қызыл жалын бүкіл ғимаратты шарпып, төбесі опырылған. Өрт тек таңғы сағат 07:22-де толық ауыздықталды. Салдарынан 12 адам, оның ішінде тоғыз бала қайтыс болды. Үш зардап шегуші Жетісай аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Қазірше өрттің шығу себебінен қасақана әрекет белгісі байқалмайды. Төтенше оқиғаға қатысты «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу»…
Қазақстан заңнамасына сәйкес, алаяқтық үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген. Сондай-ақ дропперлік үшін 5 жылға дейін, ал оларды ұйымдастырушылар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Дроппер деп алаяқтар қылмыстық жолмен басқалардың шотынан ұрлаған ақшаларын шығаруға немесе қолма-қол ақша айналдыру үшін пайдаланатын адамды айтады. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Гүлзия Қарсыбаева мәлімдеді. – Дроптар бұл заңсыз қаржылық операцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын қарапайым адамдар. Яғни, өздерінің банк карталарын немесе жеке деректерін басқа біреулерге беріп, заңсыз қаржы операцияларын жасауға көмектескен тұлғалар. Мұндай топтардың алдауына 18-25 жас аралығындағы жылдам ақша…
Биыл ҚР жаңа Салық Кодексі қабылданған болатын. Ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл салық жүйесін реформалаудағы маңызды кезең. Жаңа салық Кодексі еліміздің салық жүйесін жаңғыртуға, оны тиімді әрі әділетті етуге бағытталған. Мәселен, жаңа Кодекске сәйкес, енді елімізде сән-салтанат салығы күшіне енбек. Бұл жайында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Сәуле Шырынбекова БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. – 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ел тұрғындары бағасы 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлкі үшін 2 млн 946 мың теңге және лимиттен асқан сомаға 2% көлемінде салық төлеуге міндетті. Сондай-ақ, көлік құны…
Қазақстанда тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) таралу көрсеткіші соңғы аптада күрт өскені байқалды, деп хабарлайды Ertenmedia. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың дерегінше, елде жыл сайын 3-4 млн ЖРВИ және екі мыңға жуық тұмау жағдайы тіркеледі. Биылғы эпидемиологиялық маусым басталған 1 қыркүйектен бері республика бойынша 1 461 819 адам ЖРВИ жұқтырған. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 20 пайызға төмен. Бірақ соңғы аптадағы ахуалдың күрт өзгеруі мамандарды алаңдатып отыр. Өткен бір аптада ғана 183 074 жағдай тіркеліп, былтырғы жылдың осы кезеңінен 16 пайызға артқан. Ауруға шалдыққандардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар (66 пайыз немесе 963 847 бала). Министрлік биылғы маусымда…
Президенттің тапсырмасы бойынша Жетісу облысында Балқаш және Алакөл көлдерінің жағалау аймағын күтіп ұстау қызметімен айналысатын коммуналдық кәсіпорындар құрылуда. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев туристік әлеуеті үлкен Панфилов ауданы тұрғындарымен кездесуі кезінде айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. – Панфилов ауданы – туристік әлеуеті жоғары өңірлердің бірі. Ауданда 28 туристік нысан жұмыс істейді, онда биылғы жылдың 1-жартысында 18 мың келушіге қызмет көрсетіліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 4,7%-ға артты. Бұл ішкі және шетелдік туристердің аймаққа деген қызығушылығының артуын көрсетеді. Ауданда «Жаркент Мешіті», Әулиеағаш, сондай-ақ Керімағаш пен «Жаркент-Арасан» шипажайлары сияқты туризмді дамытуға қолайлы жерлер болғандықтан, туристер легін көбейтуге болады. Осы орайда туризмді…










