Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Silk

Астанада өткен Silk Way Star вокалдық жобасы көрермендер тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Бүгінде Қазақстан Азияның мәдени төрі болуға талпынып отырған ел. Осындай кезде әрбір ән, әрбір сахнаға шыққан орындаушы халықтың атынан сөйлейді. Жобаның финалында Моңғолия әншісі Мишель Джозеф жеңімпаз атанды. Өз елінің рухын таныта білді. Бірақ жеңімпаз тек ол емес, әр сахнаға шыққан жеті елдің мәдениеті де осы кеш арқылы бір баспалдаққа көтерілді. Он эпизодқа созылған жобаны миллиондаған көрермен бақылап отырды. Бұл  әншілер жарысынан гөрі, Азияның бір-бірін тану процесіне көбірек ұқсады десек болады. Финал сахнасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин оқыды. Онда «Silk Way Star –…

Толық оқу
Қазақстанның тұңғыш атом электр станциясының

Қазақстанның тұңғыш атом электр станциясының іргетасы Балқаш көлінің жағасындағы Үлкен ауылының маңында 2029 жылы ғана құйыла бастайды, деп хабарлайды Ertenmedia. Атом энергетикасы агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев Ақордадағы жиын арасында журналистер сұрағына жауап беріп, осылай деді. Сәтқалиевтің айтуынша, қазір құрылысқа дайындық жұмысы жоспарға сай жүріп жатыр. Дегенмен станция құрылысы нақты қашан басталатыны тек жобалау мен іздестіру жұмысы аяқталған соң белгілі болады. «Осы уақытқа дейін шамамен 50 ұңғыма бұрғыланды, топырақ үлгісі алынып, зертханаға жіберілді. Екі мыңға тарта нүктеден радионуклидтер бар-жоғы тексерілді. Бұған қоса гидрологиялық, гидротехникалық, инженерлік және топографиялық зерттеу жұмысы аяқталды. Аймақта екі гидробекет орнатылды. Алдағы бір жарым жылдың ішінде жоба-іздестіру кезеңін…

Толық оқу

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан энергетикалық әрі су ресурстарын тиімді пайдаланудың жаңа форматын бекітті, деп хабарлайды Ertenmedia. Үшжақты келіссөз Алматыда өтіп, қорытындысында тараптар ортақ хаттамаға қол қойды. Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Аккенженов төрағалық еткен жиында аймақтың су және энергетика саласына жауапты тұлғалар бас қосты. Олардың қатарында Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Қырғызстан Энергетика министрі Таалайбек Ибраев, Өзбекстан Энергетика министрі Жорабек Мирзамахмудов, Өзбекстан Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев және Қырғызстан Су шаруашылығы министрінің орынбасары Алмаз Жееналиев болды. Келіссөздің басты тақырыбы өңірдің тіршілік көзі саналатын Тоқтоғұл су қоймасының қазіргі ахуалы. Кейінгі жылдары су деңгейі төмендеп, қысқы уақытта электр тапшылығы қаупі…

Толық оқу
Жарыс қазақ күресі

Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілуіне орай «Құқық бұзушылыққа жол жоқ!» ұранымен жарыс өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жарысқа 2012-2013 және 2014-2015 жылдары туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен жарыс өтті. Спорттық дода «Балуан Шолақ» спорт кешенінде өтіп, еліміздің бірнеше өңірінен жиналған 250-ге жуық жас балуан өзара бақ сынады. Жарыстың салтанатты ашылуында Түркістан қаласы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Қабдырұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Додаға Қарағанды және Орал облыстары, Ақтөбе қаласы, Қармақшы, Арал, Шиелі аудандары, сондай-ақ Түркістан қаласы, Жуалы, Созақ, Сауран, Шардара, Бәйдібек аудандары мен Кентау қаласынан келген жас спортшылар қатысты. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Толық оқу
Армения астық вагон РЖД теміржол

Қазақстанның астық керуені Оңтүстік Кавказға жол тартты. Әзербайжан санкцияларды алып, дәлізін ашқаннан кейін қараша айында Арменияға алғашқы мың тонна қазақ бидайы жеткізілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл экономикалық келісім ғана емес, аймақтағы жағдайдың жақсарып келе жатқанының белгісі. Кавказдағы соңғы жылдардағы шиеленіске қарамастан, осы астық тасымалы жаңа сенім мен өзара тиімді қатынас орнатуға сеп болды. Мемлекет басшысы Қазақстанның Арменияға астықпен бірге басқа да сапалы өнімдерді тұрақты жеткізуге дайын екенін айтты. Ол үшін екі ел арасында жүк тасымалы жүйесін реттеп, тікелей әуе рейстерін ашу қажет. Сауда тек келісіммен шектелмейді, нақты инфрақұрылымды талап етеді. Тараптар осы бағытта жұмыс істеуге келісті. Астық – кез келген…

Толық оқу
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы алдағы екі жыл ішінде Еуропадағы активтерінің бір бөлігін сатуға шығармақ деп жазады Ertenmedia.kz. Компанияның еншілес құрылымы KMG International N.V. холдингінің 50 пайызға дейінгі үлесін жеке инвесторларға ұсыну жоспарланып отыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, активтер 2026-2027 жылдары екі кезеңнен тұратын ашық конкурс арқылы сатылады. Қазір KMG International толығымен «ҚазМұнайГазға» тиесілі. Холдинг құрамына Румыния, Швейцария, Болгария, Грузия, Молдова, Түркия және Қазақстандағы 28 кәсіпорын кіреді. KMGI активтері қатарында Румыниядағы «Петромидия» және «Вега» мұнай өңдеу зауыттары, мұнай-химия кешені, терминалдар және Еуропа бойынша Rompetrol брендімен жұмыс істейтін 1400 жанармай бекеті бар. Компания шикізатты Қазақстаннан бөлек, өзге елдерден де сатып алады.…

Толық оқу
Ғылым ордасы

Бүгін Ғылым ордасында Қазақстан ғылымының тарихы музейі мен Ш. Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалдық музейі бірігіп, Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқан Уәлиханов және ұлттық ғылымның бастаулары» атты ғылыми-мәдени шара өткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шараның мақсаты – қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың мұрасын дәріптеп, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу. Жиынға Ғылым ордасының бас директоры Ұлар Мұқажанов, Шығыстану институты директорының орынбасары Ғалымжан Дүйсен, «Алтынемел» музейінің директоры Марал Рахатова, мәдениет және ғылым қайраткерлері, ғылыми-зерттеу институттары мен университеттердің ғалымдары, Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия ұстаздары мен оқушылары қатысты. Ғылым ордасы ғимараты алдында Шоқан Уәлиханов ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, «Шоқан Уәлиханов: Ұлы тұлға мұрасы» атты көрме…

Толық оқу
Талғар ауданы полиция

Талғар ауданында 21 қараша күні Алматы облысының полиция қызметкерлері бір күнге жоспарланған кең ауқымды профилактикалық рейд өткізді. Мақсат аудан аумағындағы құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың қауіпсіздігін тексеру және жиі кездесетін заңбұзушылықтарды дер кезінде анықтау. Рейд қорытындысында жүздеген құқықбұзушылық тіркеліп, бірқатар тұрғынға түсіндіру жұмысы да жүргізілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Рейд барысында ішкі істер органдарының профилактикалық және өзге де есептерінде тұрған 86 адам тексерілді. Тағы 5 азамат қосымша профилактикалық есепке қойылды. Тәртіп бұзған 18 адам полиция бөліміне жеткізіліп, олардың іс-әрекетіне құқықтық баға берілді. Бұл жұмыс бір күнмен шектелмейді, бірақ дәл осы күнгі тексеріс ауданның жалпы ахуалын жақсы көрсетіп берді деуге болады. Полиция дерегінше,…

Толық оқу

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Astana International University студенттері үшін цифрлық қауіпсіздік бойынша сабақтар ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Сабақтарды Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жүргізді. Негізгі мақсат – жастарға жеке деректермен сауатты жұмыс істеуді үйрету және интернеттегі жалған ақпаратты тану дағдыларын қалыптастыру. Департамент қызметкері студенттерге цифрлық гигиена ұғымын түсінікті әрі қолжетімді түрде түсіндірді. Оның айтуынша, цифрлық гигиена – интернетте қауіпсіз әрекет етуге арналған ережелер жиынтығы, ол өзіңді және жеке деректеріңді қорғауға көмектеседі. Бұл, әсіресе, жастар үшін маңызды, өйткені олар желідегі барлық қауіп-қатерді әрдайым толық бағамдай бермейді. Цифрлық гигиенені үйрену – нақты өмірдегі қаржылық қауіпсіздік негіздерін…

Толық оқу
Білім цифрлық активтер

Қазақстанда білім беру саласында жасанды интеллектіні (ЖИ) этикалық және қауіпсіз қолдану бойынша жүйелі жұмыс басталды. Бұл мақсатта мектептерде ЖИ-ді қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленуде, деп жазады Ertenmedia.kz. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ЖИ-ді табысты енгізу үшін үш негізгі фактор маңызды: ұстаздардың жоғары біліктілігі, қатаң этикалық стандарттар және қоғамның технологияларға деген сенімі. – Қазақстан білім беру жүйесіне ЖИ интеграциясының ұлттық моделін жасауда. Ол этикалық, қауіпсіз, педагогикалық негізделген және оқушылар мен ұстаздардың әлеуетін барынша ашуға бағытталған. Негізгі мақсат жаңа технологияларды саналы түрде қолдану, адамның рөлін сақтау және барлық процестердің ашықтығын қамтамасыз ету, – дейді Орта білім комитеті төрағасының орынбасары Зейнеп Мақсұтова. Ұлттық модельді әзірлеуде…

Толық оқу