Қазақстанда жалақы деңгейі экономиканың нақты өсімімен қабыспай отыр, деп хабарлайды Ertenmedia. Сарапшылар жыл басынан бері елдің жалпы ішкі өнімі 6,4 пайызға артқанымен, халықтың шынайы табысы керісінше кемігенін атап өтті. Halyk Finance сарапшысы Алексей Афонскийдің дерегінше, 2025 жылдың тоғыз айында орташа айлық номиналды жалақы 433,3 мың теңгеге жеткенімен, инфляция әсерінен халықтың сатып алу мүмкіндігі былтырғы кезеңмен салыстырғанда 0,4 пайызға төмендеген. Инфляция көрсеткіші 12,9 пайыз. Елдегі ең жоғары жалақы тау-кен саласында (930,5 мың теңге), қаржы секторында (900,6 мың теңге) және IT мен байланыс саласында (833,1 мың теңге) тіркелген. Әсіресе IT мамандарының жалақысы 1,3 млн теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 16,6 пайызға өскен.…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эстония басшысы Алар Карис Астанада өткен қазақ-эстон бизнес-форумына қатысты. Қос елдің басшылары кәсіпкерлерге әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге шақырды, деп хабарлайды Ertenmedia. Ақорданың мәліметіне сәйкес, Тоқаев форум аясында Қазақстан мен Эстония іскер топтарының өзара байланысы нығайтудың маңызан тоқталды. Екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық әлеуетін арттыруға жол ашылатынын атап өтті. Президент өз сөзінде қос мемлекет үшін тиімді болуы мүмкін көлік және логистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, қаржы және білім беру салаларындағы ынтымақтастыққа екпін беріп, эстон бизнесінің Қазақстан нарығына кіруі үшін жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екенін мәлімдеді. Айта кетерлігі, форум аясында екі ел кәсіпкерлері жалпы сомасы 517 миллион…
Алматы полициясы брокерлік нарықтағы ең ірі ойыншылардың бірі «Фридом Финансқа» қатысты жалған ақпарат тарату ісін тергеуді әдейі кешеуілдетіп, істің мән-жайын анықтауға құлықсыздық танытып отыр, деп хабарлайды Ertenmedia «Курсивке» сілтеме жасап. Істің түп төркіні биылғы сәуірге барып тіреледі. Сол кезде KazTAG ақпарат агенттігі ондаған материал жариялап, «Фридом Финансты» «салымшылардың ақшасын жоғалтуға себеп болды» деп айыптаған. Артынша брокерлік компания өкілдері бұл мәлімдемелерді «жоспарлы түрде жасалған жалған ақпарат пен PR-шабуыл» деп бағалады. Олардың пікірінше, KazTAG-тың түпкі мақсаты «Фридом Финансты» заңсыз жолмен «ымыраға» көндіру болған. «Фридом Финанс» компаниясының адвокаты Александр Камендровскийдің айтуынша, осы негізде Алматы қаласы полиция департаментінде агенттіктің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Істі…
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай осы саланың бірқатар мамандарына мемлекеттік марапаттар тапсырды. Атап айтқанда, осы күні механик, трактор жүргізушісі, малшы, шаруа қожалықтарының жұмысшылары сияқты 7 еңбек адамы құрметке ие болды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жиынға келген мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтаған Бейбіт Исабаев өз сөзінде аграрлық салаға көрсетіліп отырған қолдауларға, Президенттің қатысуымен өткен Агрофорумда айтылған мақсат-міндеттерге қысқаша тоқталды: – Бұл мереке өмірін ауыл шаруашылығымен тығыз байланыстырған еңбек адамдарының қажырлы қызметіне көрсетілген құрмет деп білеміз. Мемлекет басшысы Агрофорумда фермерлерді қолдау, су үнемдеу технологияларын енгізу, заңсыз алынған және игерілмей бос жатқан жерлерді қайтару, агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру, өнімді терең өңдеп,…
Ашхабад үш күнге аймақтың цифрлық астанасына айналды. 12-14 қараша аралығында мұнда телекоммуникация саласындағы Түрікменстанның басты оқиғасы 18-ші халықаралық Turkmentel 2025 көрмесі өтті. Бұл Орталық Азиядағы байланыс, технологиялар және цифрлық басқарудың болашағы талқыланатын негізгі алаңдардың бірі. Биыл шараға 15 елден келген 200-ден астам қатысушы жиналып, ІТ, киберқауіпсіздік, спутниктік жүйелер және жасанды интеллект салаларындағы озық шешімдерін ұсынды. Халықаралық іскерлік атмосфера, мазмұнды бағдарлама және жоғары деңгейдегі ұйымдастыру көрмені жай іс-шара ғана емес, тәжірибе алмасу, технологияларды көрсету және әріптестік орнату платформасына айналдырды. Бүгінде Түрікменстан цифрландыру саласында аймақтағы ең қарқынды дамуды көрсетуші елдердің бірі. Мұнда «ақылды» технологияларды енгізу бойынша мемлекеттік бағдарламалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, байланыс…
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «Лукойлдың» Қарашығанақ жобасындағы үлесін сатып алады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады Ertenmedia. «БАҚ-та тарап жатқан мәлімет шындыққа жанаспайды. Дегенмен Қарашығанақ жобасындағы санкцияның әсерін серіктестерімен бірге мұқият әрі тұрақты түрде сараптап отырмыз», – деп нақтылады ҚМГ баспасөз қызметі. Бұған дейін, Reuters агенттігі «ҚазМұнайГаз» санкцияға ілінген «Лукойлдың» Қазақстандағы үлесін сатып алуы мүмкін екенін хабарлаған. Агенттік материалында нақты кен орындары аталған жоқ, алайда Қарашығанақ туралы жанама айтылды. Мұндағы «Лукойлға» тиесілі үлес 13,5 пайыздың шамасында. Еліміздің Энергі министрлігі де Қарашығанақ консорциумындағы жаңа серіктестіктер санкцияны есепке ала отырып мақұлданатынын ескерткен еді. Күні кеше Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов те Қазақстан «Лукойлдың» активін…
Түркістан облысы Жетісай ауданындағы Алғабас ауылында алапат өрт шығып, 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Ertenmedia. Қайғылы жағдай бүгін таңсәріде болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде екі қабатты тұрғын үй толығымен отқа оранып үлгерген. Құтқарушылар қызыл жалынның ішінен ес-түссіз жатқан үш адамды алып шығып, жедел жәрдемге тапсырды. Үйдің ішінен 12 адамның мәйіті табылды, олардың тоғызы бала. Көршілердің айтуынша, қайғылы оқиға болардың алдында үйде қонақтар болған, тұрғындар кешкісін жиын өткізген екен. Өрт 360 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Қазір оқиға орнында төтенше қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның себептері анықталуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты. Мемлекет басшысы Үкімет…
Қазақстанда банктегі ақша айналымын бақылаудың жаңа ережелері бекітілді, деп хабарлайды Ertenmedia. Қаржы министрі Мәди Тәкиев қол қойған құжатқа сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктер Қаржымин-нің Мем.кірістер комитетіне клиенттің есепшоты туралы деректі жаңа талап бойынша өткізеді. Жаңа ережеге сәйкес, банктер жеке және заңды тұлғалардың есепшоты мен онда сақталған қаражат, ақша қозғалысы және кәсіпкерлік белгісі бар операциялар туралы ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсынады. Банктер міндетті түрде өткізетін мәліметтің бірнеше формасы нақтыланған: клиенттердің есепшоты, шоттағы ақшаның қалдығы туралы мәлімет; есепшоттағы ақшаның кірісі мен шығысы туралы толық дерек; активтері мен мүлігі туралы декларация тапсыруға міндетті азаматтардың алған кредиті мен олардың қайтарылу сомасы туралы ақпарат;…
Алматы облысында алғаш рет бариатриялық-метаболикалық ота жасалды. Аймақ үшін маңызды бұл жоғары технологиялық хирургиялық ем-шара Іле орталық аудандық ауруханасында өткізілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Отаны медицина ғылымдарының докторы, Семіздік пен қант диабеті хирургиясы орталығының жетекшісі, профессор Орал Базарбайұлы Оспановтың қатысуымен жүзеге асырылды. Сондай-ақ операцияны Іле аудандық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Аңсат Нұрмолдаұлы Таубалдиев және хирург Әділхан Бақбергенұлы Карипбаев жүргізді.Бариатриялық-метаболикалық операция — семіздікті және онымен байланысты ауруларды (әсіресе 2 типті қант диабетін) емдеуге арналған хирургиялық әдістердің жалпы атауы. Бұл операциялардың негізгі мақсаты салмақты тұрақты түрде азайту және зат алмасуды жақсарту болып табылады. — Мұндай оталардың аудандық деңгейдегі ауруханаларда жасалуы — халыққа жоғары…
ҚР Энергетика вице-министрі Санжар Жәркешов Tallinna Masinatehas OU (Таллин машина жасау зауыты) компаниясының бас директоры Вадим Мартыновпен кездесті. Тараптар Қазақстанда ауа салқындатқыш аппараттар мен қаптамалы-құбырлы жылуалмастырғыштар өндіретін бірлескен инжинирингтік-өндірістік кәсіпорын құру мүмкіндіктерін талқылады. Tallinna Masinatehas OU – Эстониядағы ең көне машина жасау кәсіпорындарының бірі. Қазіргі уақытта компания Балтық және Солтүстік өңірлерде жылуалмастырғыш жабдық өндіру бойынша көшбасшылардың қатарында. Зауыт жоғары қысымда жұмыс істейтін, соның ішінде арнайы болат маркаларынан жасалатын жабдықты жобалау және өндіруде жоғары техникалық құзыретке ие. Қазақстанда өндірісті жергілікті деңгейде жолға қою бастамасы мұнайхимия, мұнай-газ және агрохимия салаларында заманауи технологиялық жабдыққа деген сұраныстың артуына байланысты қолға алынып отыр. Сонымен қатар,…










