Ашхабад үш күн бойы Орталық Азияның цифрлық астанасы атанды. Қарашаның 12-14 аралығында Түрікменстанда Turkmentel 2025 халықаралық көрмесі өтті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Орталық Азиядағы телекоммуникация, инновациялық технологиялар мен цифрлық басқарудың болашағын талқылайтын бұл маңызды алаңға биыл 15 елден 200-ден аса қатысушы жиналды. Іс-шара барысында IT-технологиялар, киберқауіпсіздік, жасанды интеллект және спутниктік жүйелер саласындағы озық шешімдер ұсынылды.
Көрме мазмұны мен ұйымдастырылу деңгейі тұрғысынан тек тәжірибе алмасып қана қоймай, заманауи технологияларды көрсететін әрі жаңа әріптестік байланыстарға жол ашатын маңызды платформаға айналды.
Түрікменстан цифрлық трансформация саласында аймақтағы ең қарқынды дамушы елдердің бірі. Қазір мұнда мемлекеттік бағдарламалар арқылы «ақылды технологиялар» кезең-кезеңімен енгізілуде, байланыс инфрақұрылымы жаңартылып, ұлттық IT-платформалар дамып келеді. Ел билігі технологиялық тәуелсіздік пен адами капиталды дамытуды тұрақты цифрлық өсудің негізгі факторлары деп санайды. Бұл қадамдар халықаралық компаниялармен әріптестік орнатуға және әлемдік тәжірибені пайдалануға мүмкіндік береді.
Turkmentel 2025 көрмесінде цифрлық трансформация саласындағы жетекші компаниялардың бірі INTEGRA CITY қалаларды заманауи, ыңғайлы әрі тұрақты етуге бағытталған инновациялық шешімдерін таныстырды.
Компанияның көрмедегі алаңы қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Мұнда «болашақ қаласының» цифрлық басқару жүйелері, жасанды интеллект арқылы басқарылатын шешімдер және жаңа технологияларды енгізудің тиімді жолдары талқыланды.
INTEGRA CITY ұсынған цифрлық экожүйе – қала өмірінің барлық саласын бір платформаға біріктіретін әмбебап шешім. Жүйенің негізінде «Ақылды әрі Қауіпсіз қала» тұжырымдамасы жатыр. Бұл шешім тек технологияларды емес, энергетика, көлік, қауіпсіздік және қоғамдық сервистерді бірыңғай интеллектуалды желіге біріктіреді.
Компания қатысушылар назарына Sfera, Nexus, Kodex және Bordex сияқты негізгі өнімдерін ұсынды. Бұл шешімдердің әрқайсысы қалалық басқарудың жеке бағыттарын қамтиды. Sfera – ақылды қала жүйесіне, Nexus – қауіпсіздікке, Kodex – электронды мемлекеттік басқаруға (e-Governance), ал Bordex – шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
«Біз үшін цифрландыру тек деректер мен бағдарламалық код емес. Ең бастысы – адамдардың жайлы өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін орта қалыптастыру. Біздің технологиялар азаматтардың күнделікті өміріне нақты пайда әкеліп, қалаларды тұрғындарға ыңғайлы етуі тиіс. Turkmentel көрмесі – осы идеялардың шынайы нәтижесін көрсететін тамаша алаң», – дейді INTEGRA CITY компаниялар тобы техникалық департаментінің директоры Илья Беляков.
INTEGRA CITY ұсынған шешімдердің басты артықшылығы – әрбір елдің жергілікті ерекшеліктеріне бейімделіп, кез келген ауқымдағы қалаға енгізуге болатын икемділігі. Бұл өнімдер қазірдің өзінде Орталық Азияның бірқатар елінде табысты қолданылуда және олардың тұрақты дамуға ықпал ететіні дәлелденген.
Контекст
Жалпы, Turkmentel 2025 көрмесі жасанды интеллект, телекоммуникациялық инфрақұрылым және спутниктік технологияларды дамыту мәселелеріне арналды. Іс-шараға мемлекеттік органдар, іскерлік орта өкілдері, зерттеу институттары және халықаралық компаниялар қатысты.
Осындай ауқымды көрмеге INTEGRA CITY компаниясының белсенді қатысуы – оның цифрлық трансформация саласындағы жаһандық деңгейдегі беделін көрсетеді. Компанияның кешенді жобалары жобалаудан бастап, жүйелерді енгізу мен пайдалануға дейінгі процестерді толық қамтиды.
Turkmentel 2025 көрмесі Орталық Азия елдеріндегі қалалардың болашағы технологиялар, деректер мен идеялардың синергиясында екенін тағы бір дәлелдеді. INTEGRA CITY осы болашақтың дамуына үлес қосып, аймақтағы цифрлық өзгерістердің алдыңғы қатарында жүр.
2025 жылғы химия саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты, Калифорния университетінің профессоры Омар Яги ауадан тәулігіне мың литрге дейін таза ауыз су алатын инновациялық құрылғысын көпшілікке ұсынды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







