Автор: Асылхан Бөрібай

TikTok Қазақстанда қауіпті контентпен күресті күшейтіп, биылғы екінші тоқсанда 1,4 миллионнан астам бейнероликті жойған, деп хабарлайды Ertenmedia. Қысқа бейнеформаттағы танымал платформа қазақстандық аудиторияның қауіпсіздігі мен жайлы шығармашылық ортасын өз басымдығы деп есептейді. Осы бағытта TikTok ең озық технологияларды қолданып, әлемнің әр түкпіріндегі кәсіби мамандардың тәжірибесіне сүйенеді. Платформаның тәулік бойғы модерациясы қауымдастық ережелерін бұзған мазмұнды дереу анықтап, өшіріп отырады. TikTok-тың тоқсан сайын жариялайтын ашық есебіне сәйкес, биылғы екінші тоқсанда Қазақстанда 1,4 миллионнан астам бейнеролик ереже бұзғаны үшін жойылған. Олардың 99,1%-ы пайдаланушылар шағым түсірмей тұрып-ақ анықталып, дер кезінде өшірілген. Ал жойылған контенттің 96,7%-ы жарияланғаннан кейінгі 24 сағат ішінде модерацияланған, бұл әлемдік орташа…

Толық оқу

Қазақстанның ауылдағы мектептерді дамыту тәжірибесі HundrED Global Collection 2026 халықаралық рейтингінің негізгі тізіміне енді. Бұл тізім әлемде іске асыруға ұсынылған 100 үздік білім беру инновациясын қамтиды. Іріктеуді Финляндиядағы HundrED үкіметтік емес ұйымы өткізді, оған 800-ден астам өтінім берілген, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен орта білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру, барлық бала үшін тең әрі қолжетімді білім беру ортасын құру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. 2023-2024 оқу жылдары Ақтөбе облысында Оқу-ағарту министрлігі мен облыс әкімдігінің қолдауымен «Шағын жинақты мектептердің әлеуетін цифрлық технологияларды пайдалана отырып дамыту» жобасы іске қосылған болатын. Жобаны Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры жүзеге…

Толық оқу

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жайылым тапшылығын шешуге уәде беріп, тұрғындарды малды бей-берекет жаю мәселесін тәртіпке келтіруге шақырды, деп хабарлайды Ertenmedia. Нұра ауданында болған атышулы оқиғаға байланысты пікір білдірген әкім жайылым мәселесіне ерекше тоқталды. Еске сала кетсек, 9 қазан күні егістік алқабына кіріп кеткен бір үйір жылқыны мылтықпен атқан шаруа 14 жылқыны жусатып салған еді. «Малға оқу ату еш ақтауға келмейтін әрекет. Әлбетте, дұрыс емес. Жылқылар шаруаның егістік алқабына түсіп кеткен екен. Ашу үстінде жасалған болып тұр. Алайда мұның басқа амалын табуға болатын еді», – деді әкім. Бөлекпаев оқиғаның астарында ауыл-аймақтағы жайылым тапшылығы жатқанын мойындады. «Әсіресе, Бұқар жырау сияқты Қарағандының…

Толық оқу
Дархан Сатыбалды

2026 жылы жаңа Салық кодексі күшіне енеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Республикада екі салық режимі біріктіріліп, 4% мөлшерлеме қолданылады. Осы ретте Алматы әкімдігі кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді қолға алды. Алматы әкімі Дархан Сатыбалды арнайы жиын өткізді. Кеңесте салық мөлшерлемесін 3%-ға төмендету туралы ұсыныс айтылды. Бұл мәселе қалалық Мәслихат талқылауына шығарылады. Шара шағын және орта бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, қосымша инфляциялық тәуекелдердің алдын алуға мүмкіндік береді. Әсіресе үй маңындағы дүкендер, шаштараздар мен шағын шеберханалар қолдау табады. Әкімдік бастамасы кәсіпкерлердің мемлекеттік институттарға сенімін арттырады деп күтілуде. Нәтижесінде инвестициялық ахуал жақсарып, іскерлік белсенділік артады.

Толық оқу
Кремль Тоқаев Путин

«Коммерсанттың» арнайы тілшісі Әндрей Кәлесников Қазақстан мен Ресей президентінің Кремльдегі кездесуінің вайбын егжей-тегжейлі суреттеп берді деп жазады Ertenmedia. Оның айтуынша, осы жолғы жүздесу бұрынғыдан өзгерек болған. Күні кеше Ақ үйдегі Сопақ кабинетте Трамппен тілдескен Тоқаев Астанаға қоржыны да, көңілі де тоқ оралған еді. «Оның Дөкеңе айрықша құрмет көрсеткеніне куә болдық. Трампты «әлемдік деңгейдегі көшбасшы, сегіз бірдей соғысты тоқтатқан сарабдал саясаткер» деп мадақтап, тіпті «Әмірика мен бүкіл әлемге ауадай қажет ұлы қайраткер» ретінде сипаттады», — дейді «Коммерсант» тілшісі Кәлесниковтың пайымынша, Тоқаевтың бұлайша тебіреніп сөйлеуі тегін емес. Мақтауды жаны жүйетін Трамп әлгі лебізге тәнті болып, кәдімгідей масайрап қалған. Алайда Путиннің жөні бөлек…

Толық оқу

Аймағамбетов дәрігерге қол көтергендерге жазаны күшейтуді ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін қорғауға бағытталған заң жобасы әзірленгенін мәлімдеді. Құжат дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне қарсы жасалған зорлық-зомбылық пен қорлау әрекетіне жауапкершілікті қатаңдатуды көздейді. «Бұл дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін қорғау мақсатында қолға алынған өте маңызды бастама. Соңғы жылдары медицина мамандарына жасалған шабуыл жиілеп кетті. Бір дәрігер жұмыс орнында соққыға жығылса, енді бірі жедел көмек көрсету үшін барған үйінде қорлық көрген. Мұндай жағдайдың қайталануына жол беруге болмайды. Сондықтан осы заң жобасында нақты шаралар қарастырылып отыр», – деді депутат. Аймағамбетовтің айтуынша, бұған дейін Мемлекет басшысы да осы бастаманы…

Толық оқу

Олжас Бектенов әкімдерге ескерту жасады. Вокзал мәселесі бақылаудан шығып барады, деп хабарлайды Ertenmedia. Үкімет басшысы бірнеше өңір әкімдерінің теміржол вокзалдарын жөндеу мен жаңғырту жұмысын тиісті деңгейде қадағаламай отырғанын сынады. Бектеновтің айтуынша, құрылыс жұмысын мерзімінде аяқтау үшін Үкімет барлық жағдайды жасаған. Әкімдіктерге ыңғайлы әрі тиімді шартпен мердігерлер таңдалып, биыл жұмысты бастап кетуге барлық мүмкіндік болған. Дегенмен, бірқатар облыста жұмыстың баяу жүргізілуі мен мерзімінен кешігу қаупі байқалып отыр. «Жетісу, Абай, Ұлытау, Ақмола және Ақтөбе облысындағы вокзалдарда жұмыстың дер кезінде аяқталмау қаупі жоғары. Маңғыстау облысындағы бір вокзалда жөндеу жұмысы жоспардан кешігіп жатыр. Алматы қаласындағы Алматы-1 вокзалын жаңғырту ісі созылып кетті. Мұның бәрі әкімдіктердің…

Толық оқу

Тимур Турловтың Freedom холдингі виртуалды валюта нарығына аяқ басты, деп хабарлайды Ertenmedia. Freedom Holding Corp. Эстонияда тіркелген Wallet Solutions финтех-компаниясын толығымен сатып алмақ. Келісім құны 1,9 млн доллар. Қазан айында қол қойылған құжаттар бойынша мәміле аяқталуға жақын. Wallet Solutions компаниясы криптовалютамен операция жүргізу қызметін ұсынады. Freedom холдингі бұл қадам арқылы цифрлы қаржы өнімдерінің ауқымын кеңейтіп, қазіргі заманғы финтех нарығындағы орнын нығайтуды көздеп отыр. Forbes Kazakhstan журналында жарияланған дерек бойынша, Freedom-ның баспасөз қызметі мәміленің бар екенін растағанымен, оның егжей-тегжейіне қатысты қосымша ақпарат беруден бас тартқан. Тимур Турлов Freedom Holding Corp-тың негізін қалаушы әрі оның шамамен 70%-дық үлесіне иелік ететін мажоритар акционері.…

Толық оқу

Алматы облысының Балқаш ауданында құтқарушылар жол апатынан кейін көлікте қысылып қалған жүргізушіні сыртқа шығарып, дәрігерлерге тапсырды. Құтқарушыларға Бақбақты ауылының маңында екі жеңіл көліктің соқтығысқаны туралы хабар түскен. Шақыру бойынша төтенше жағдайлар қызметінің мамандары оқиға орнына қысқа уақыт ішінде жетті. Алдын ала мәлімет бойынша, соқтығысу салдарынан көліктердің бірінің алдыңғы бөлігі қатты майысқан, жүргізуші орындықтан тұра алмай, темір конструкцияның арасында қалып қойған, деп жазады Ertenmedia.kz. Құтқарушылар алдымен жолдағы жағдайды бағалап, қосымша қауіптің жоқтығына көз жеткізді. Жанармай төгілу қаупі, от шығу қаупі және айналада адамдардың қауіпсіздігі назарға алынды. Одан кейін арнайы гидравликалық құралдар дайындалды. Мұндай құралдар көліктің майысқан бөліктерін жайлап ажыратуға, есікті немесе…

Толық оқу
Закарияқызы

Сарқан қаласының тұрғыны, үш баланың анасы Райгүл Закарияқызы 25 жылдық сүт өнімдерін өңдеу тәжірибесін жаңа деңгейге көтерді. Ол баласының ұсынысымен бие сүтінің емдік қасиетін ескеріп, ұлттық тағам ерекшеліктеріне сай, ешқандай жасанды қоспасыз саумалдан балмұздақ жасап шығарды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Құрамында үй қаймағы мен табиғи бал бар, пайдалы әрі дәмді өнім! – Ежелден ата-бабаларымыз бие сүтінің жоғары емдік қасиетін білген. Сондықтан оны балалар тағамында пайдалану орынды деп есептеймін, – дейді Райгүл Закарияқызы. Райгүл өзінің жаңа өнімін «Бір ауыл – бір өнім» көрмесінде таныстырып, жартылай финалист атанды. Енді ол өндірісті автоматтандыру үшін мемлекеттік қолдау…

Толық оқу