Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Талғар

Алматы облысының әкімдігі өңірдің барлық аумағын кешенді дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Облыс құрамына тоғыз аудан кіреді Балқаш, Еңбекшіқазақ, Іле, Жамбыл, Қарасай, Райымбек, Кеген, Ұйғыр және Талғар аудандары. Бүгінде солардың ішінде ең қарқынды дамып келе жатқаны Талғар ауданы. Мұнда заманауи инженерлік инфрақұрылымды қажет ететін жаңа әлеуметтік және коммерциялық нысандардың құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстары белсенді жүріп жатыр, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы  әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  2025 жылы 13 елді мекенді газдандыруға бағытталған құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. Жобаларды жүзеге асыруға 11 млрд теңге бөлінді. Оның 250 млн теңге республикалық бюджеттен, 8,5 млрд – жергілікті бюджеттен, 2,2 млрд – «Самұрық-Қазына» қорынан.…

Толық оқу
Алматы

Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі көптің назарын аударды. Қалада жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылық қайта артып келе жатқанын осы бір қарапайым жиынның өзі-ақ көрсетті. Жұмыспен қамту басқармасының Еңбек мобильдігі орталығы мен қалалық прокуратура бірігіп ұйымдастырған шара Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылының нақты жалғасына айналды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жәрмеңкеге келген жұртшылық өзіне қолайлы жұмыс табуды көздеді. Ал жұмыс берушілер өз тарапынан нақты ұсыныстарын айтып, әңгімелесті. Құрылыс саласы, өнеркәсіп, білім беру, медицина және басқа да бағыттар бойынша 70-тен астам ұйым өздеріндегі 1 247 бос жұмыс орнын ұсынды. Осылайша көптеген адам бұрынғыдай резюме мен құжат жіберіп әуреге түспей,…

Толық оқу
білім жобалары

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев «Білім беруді тұрақты дамыту» қорының өкілдерімен кездесіп, өңірдегі білім саласын дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты. Алдағы жоспарларды баяндап, негізгі басымдықтарға тоқталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. – ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Қазақстан халқына» қоры арқылы облыс аумағында «Ауылды жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында «Қазақстан халқына» қоры есебінен 4 млрд. теңгеге 16 мектеп жабдықталып, жаңартылды. Сонымен қатар білім сапасын арттыру мақсатында 3 мыңға жуық педагог әдістемелік іс-шаралармен қамтылды. Ал 2 мыңға жуық  мұғалімге біліктілікті арттыру курсы мен семинар ұйымдастырылды, – деді облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы. Кездесу барысында  «Білім беруді тұрақты дамыту»…

Толық оқу
Қазақстан экономикасы

2021-2025 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы айтарлықтай өзгерістер арқылы өсіп келеді. Ұлттық экономика министрлігінің болжамы бойынша 2025 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі 5,6% болады деп жоспарланған еді. Бұл өсімге экономиканың нақты секторлары мұнайдан бөлек салаларды, яғни инфрақұрылым мен әлеуметтік жобаларды дамыту арқылы орындалуда, деп жазады Ertenmedia.kz. Ауыл шаруашылығы саласындағы ілгерілеру 2025 жылы Қазақстандағы ауылдық аумақтарды дамыту және фермерлерге қолдау көрсету бағытындағы негізгі өзгерістер туралы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков пікір білдірген болатын. – 2025 жылы ауылдық аумақтарды мемлекеттік қолдау бағдарламалары бірыңғай тетікке біріктіріледі. Бұл шешім ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына, фермерлердің техника мен тыңайтқыштарға қолжетімділігін арттыруға және жергілікті өнім өндіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік…

Толық оқу

Жетісу университеті мен «Helios Soft» компаниясы цифрлық оқыту  және ақпараттық технологиялар саласындағы стратегиялық әріптестік  туралы меморандумға қол қойды. Бұл келісім білім беру жүйесінде отандық IT-шешімдерді дамыту мен енгізуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі. – Аталған серіктестік практикалық оқытуға басымдық беріп, студенттердің кәсіби әлеуетін арттырады. Әрі өңірде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау ісін жаңа деңгейге көтереді, – дейді І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ректоры Ермек Бөрібаев. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік IT-әзірлемелерге тәуелділікті төмендетудің маңыздылығын атап: «Бұл көрсеткіш, қазіргі таңда 95%-ға жеткен, төмендетілуі тиіс», – деген болатын. Осы орайда, Жетісу университеті мен «Helios Soft» компаниясы арасындағы әріптестік елдің цифрлық трансформация мен ақпараттық қауіпсіздікті…

Толық оқу
Су тасқынына қарасы бөгеттер

Жетісу облысында су тасқынына қарсы атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде бүгінге дейін жалпы ұзындығы 2 шақырым қорғаныс дамбылары салынып, жөнделді. 5,8 шақырым су бұру арналары мен арықтар орнатылып, 2,7 шақырым өзен және канал арналары механикалық тазартудан өтті, өзендердің 4 шақырымында тереңдету, арналарын түзеу және жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Қазіргі кезде Талдықорған қаласында «Үйтас» пен «Қаратал» саяжай қауымдастықтарының аралығында Қаратал өзенін механикалық тазалау, тереңдету, арнасын түзеу мен нығайту жұмыстары аяқталуға жақын. Сол сияқты Панфилов ауданы Сүптай ауылында Тышқан өзенінің арнасы нығайтылып жатыр. Сонымен қатар су тасқынының алдын алу…

Толық оқу
Жасыл желек

Түркістан облысында күзгі ағаш отырғызу маусымы 3 қарашада басталды. Биыл 510 750 түп көшет отырғызу жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін орман шаруашылығы мекемелері тарапынан  401 475 түп  көшет босатылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Аудан, қала әкімдіктері тарапынан шұңқырлар қазу, қоршау және суару жүйелерімен қамту жұмыстары 70 пайыз көлемінде атқарылып, 340 мың түп  көшет отырғызылды. Атап айтқанда, Түркістан, Арыс, Кентау қалалары мен Сайрам, Ордабасы, Төлеби, Бәйдібек, Түлкібас аудандары жоспарды толық орындады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде баяндалды. Облыс әкімі елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру бағытында жұмыстарды жандандыруды және күтімін  күшейтуді тапсырды. Саладағы кемшіліктерге тоқталып, сын ескертпелер…

Толық оқу
Борис Писториус

Германияның Қорғаныс министрі Борис Писториус «Енді бір аптадан кейін ескіріп қалатын дрондарды жинаудың мәні қалмады» деп кесіп айтты. Өйткені қазір майдан даласында соғыс логикасы күнде өзгеруде. Инновацияның демі екі-үш ай сайын жаңарып, бүгінгі маңызды шешім ертесі ескіріп қалады. Сондықтан Германия дрондарды қоймада сақтаудан бас тарып отыр. Енді немістер өнеркәсіпті жылдам қайта құруға, бағдарламалық жаңартуға, дронға қарсы жүйелер құруға күш салмақшы. Ресеймен ықтимал соғысқа дайындалып отырған Германия енді ұшқышсыз аппараттардың қорын жасамайды. Өйткені бұл салада бәрі тым жылдам өзгеріп жатыр. – Дрондарды әзірлеуде инновация циклдері барған сайын қысқарып барады. Технологиялар 2-3 айдың ішінде түбегейлі өзгеріп кетеді, оған қарсы дрондық қорғаныс та…

Толық оқу

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Құрылыс кодексі жобасындағы маңызды ұсыныстардың ескерілмей қалғанын айтып, өкініш білдірді деп жазады Ertenmedia. Оның пікірінше, құжат осы қалпында қабылданса, тұрғындар емес, құрылыс компанияларының мүддесіне ғана қызмет етпек. Аймағамбетовтің сөзінше, жұмыс тобының отырыстары аяқталуға жақын, ал уақыт өте тығыз. Бірақ, ең қажетті деген нормалар заң жобасына енбей қалған. «Біз әрбір азамат үшін аса маңызды мәселелерді көтердік. Біріншіден, тұрғын үй кешендерімен қатар мектептер мен балабақшалар да салынуы тиіс. Олардың құрылысын кейінге қалдыруға болмайды. Геологиялық зерттеулердің сапасы қатаң бақылануы қажет. Әзірге құрылыс компаниялары «сатып алған» жалған зерттеу қорытындыларымен үйлерді тұрғызып жатыр», – деді депутат. Ол мектеп пен ауруханаға деп…

Толық оқу
APEC PetroTechnic жоғары колледжі

Оралда өткен өңіраралық форум шеңберіндегі көрмеде APEC PetroTechnic жоғары колледжі энергетика мен экология бағытындағы жаңа шешімдерді тірі күйінде көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Көрме барысында негізгі назар студент пен жас маманға. Теорияны ұзаққа созбай, нақты құрылғыны қосып, токтың қайдан келіп, қайда жұмсалатынын түсіндірді. Инженерлер ұсынған USFULL модулі күн панельдерінен және қалалық желіден қуат қабылдап, тұрмыстық техникаға үздіксіз энергия беруге бейімделген. AC желісіне теледидар, ыдыс жуғыш, шаңсорғышты жалғап, DC тізбегіне жылытқыш, кондиционер, мұздатқышты қосу жолдары көрсетілді. Көрермен үшін ең маңыздысы – сызбадағы белгі емес, розеткадан жанған жарық пен іске қосылған мотордың дыбысы. Ауыл шаруашылығына арналған күн энергиясымен жұмыс істейтін су айдау қондырғысы…

Толық оқу