Түркістан қаласының ерекше мәртебе атануына орай ұйымдастырылған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі қорытындыланып, жеңімпаздар анықталды. Салтанатты марапаттау рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев арнайы қатысып, жеңімпаз және жүлдегер аудан, қала өнер ұжымдарын марапаттады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. – Биыл Түркістанның облыс орталығы атанғанына жеті жыл. Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Түркістанға ерекше мәртебе берілді. Бұл – біздің өңірге жүктелген мәртебелі міндет әрі жоғары жауапкершілікті талап ететін бастама болып отыр. Игілікті істердің жүзеге асуына мәдениет мамандарының да қосар үлес зор болмақ. Түркістанның туристтік әлеуетін арттыру, өңірдегі шығармашылық иелеріне қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі қала тұрғындары мен…
Автор: Асылхан Бөрібай
Жетісу ауданы қаланың жетекші өнеркәсіптік және сауда орталығының бірі ретінде өз позициясын жыл өткен сайын нығайтып келеді. Аудан әкімі Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 13,9%-ға өсіп, 320,8 млрд теңгеге жеткен. Экономикаға салған инвестициялар 93,8 млрд теңгені құрап, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ықпал етті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазір ауданда 572 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді, олардың 51-і үлкен және орта, 521-і шағын кәсіпорын. Олар Жетісу ауданының өнеркәсіптік әлеуетінің негізін құрап, жүздеген жаңа жұмыс орнын ашып отыр. Құрылыс саласында да өсім байқалады: біткен жұмыстың көлемі 44,5%-ға артып, 44,4 млрд теңгеге жетті. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің аумағы 15%-ға көбейіп, тұрғын үй құрылысының…
Алматы қаласында тұрғын үй аумақтарындағы жарықтандыруды жақсарту және қауіпсіз қала кеңістігін қалыптастыру жұмысы жалғасуда. Қала әкімі Дархан Сатыбалды Наурызбай ауданына барып, сәулеттік-декоративтік жарықтандыру және көркейтудің жаңа нысандарын қарады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алғаш болып Шұғыла шағынауданындағы «Арбат – Ұлықбек» жаңа жүргіншілер аймағы таныстырылды. Жоба көркейтуге арналған бюджеттік бағдарламалар (ХҚБ) аясында жүзеге асырылып, аудан тұрғындары үшін қолайлы және қауіпсіз қоғамдық кеңістік қалыптастыруға бағытталған. Аймақтың жалпы қашықтығы 370 метр. Мұнда жүргінші жолдары (2 мың куб. м) және велосипед жолақтары (1200 куб. м), балалар ойын алаңы, баскетбол алаңы, воркаут-аймағы және шағын амфитеатр орнатылған. Сондай-ақ шағын сәулеттік формалар, көше жиһазы, автоматты суару жүйесі және жарықтандыру…
Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбалды Әуезов ауданына жұмыс сапарымен барып, аулаларды көркейту, нарықты қайта жаңғырту және әлеуметтік медициналық нысан салу жобаларының жүзеге асу барысымен танысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жұмыс сапары 10-шағынаудандағы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында көркейтілген скверден басталды. Аумағы 3,89 гектар болатын жобаны аудан тұрғындары ұсынған. Жұмыс барысында 4,5 мың шаршы метрден астам кеспе тас төселді, 8,5 мың шаршы метр аумақ көгалдандырылды, 550 бұта және 30 ағаш отырғызылды. Сондай-ақ автосуару жүйесі, 83 жарықтандыру тірегі, 45 қоқыс жәшігі және 24 бейнебақылау камерасы орнатылды. Орындықтар мен ойын алаңдарының бір бөлігі қайта қалпына келтірілді. Бұдан кейін қала әкімі 4-шағынауданда орналасқан «Сарыарқа» базарының…
Үкімет отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы баяндады. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 10 айында 219,7 млрд теңгеге 3 миллионнан астам пациент тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген, деп жазады Ertenmedia.kz. Медициналық ұйымдарды үздіксіз жабдықтау үшін Бірыңғай дистрибьютор 21 млрд теңге сомасына төмендетілмейтін дәрі-дәрмек қорын құрды. Бұл қор медициналық ұйымдардың 2-3 айлық қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді және онкология, қант диабеті, қан ұюының бұзылуы, ағзалар мен тіндерді трансплантаттау және басқа да маңызды бағыттарды қоса алғанда, аурулардың негізгі топтарын қамтиды. «Созылмалы аурулардың бір бөлігін ТМККК пакетінен МӘМС-ке ауыстыруға қарамастан, барлық мемлекеттік кепілдіктер толығымен сақталады, қаржыландыру көлемі өзгеріссіз қалады. Тек…
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Еңбекшіқазақ ауданына жұмыс сапары мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Өңір басшысы облыстық басқарма басшыларымен және аудан әкімімен бірге ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар нысандарды аралады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сапардың алғашқы нысаны Балтабай ауылындағы «Baltabai Den» кәсіпорны болды. Мұнда жүгері дәндерін кептіру және консервілеу жүзеге асырылады. Өндірісте 30-ға жуық жергілікті тұрғын жұмыс істейді. Кәсіпорында төрт астық кептіргіш орнатылған, ал қабылданған жүгері дәндерінің көлемі 20 мың тоннаға жеткен. Шелек өңірінде әкімдік өкілдері инженерлік желілердің құрылысы мен қайта жаңарту жұмыстарының барысы туралы баяндады. Шелек ауылында ұзындығы 124 шақырым болатын су құбыры желісін салу аяқталуға жақын. Жобаның…
Келес ауданының орталығы Абай ауылында «Тегін көшет отырғыз» атты күзгі экологиялық акция өтті. Шараға аудан әкімдігінің қызметкерлері, ардагерлер, кәсіпкерлер, тазалық қызметкерлері мен еріктілер белсенді қатысты. Акцияның негізгі мақсаты аудан аумағын көгалдандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жақсылыққа бағытталған игі бастамаға қатысқан аудан әкімі Жанібек Ағыбаев мұндай шаралардың маңыздылығын атап өтті. – Мұндай игі іс ауданымызда тұрақты түрде өткізіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған сенбіліктің басты мақсаты – азаматтарымыздың бойында тазалық мәдениетін қалыптастыру. Әрбір тұрғын өз қоғамына, отбасына және табиғатына қамқорлықпен қарауы тиіс. Бұл бір күндік шара ғана емес. Сол себепті барша тұрғындарды көшет отырғызу жұмыстарына белсенді атсалысуға…
Қазан айындағы оң нәтижелер ел экономикасының өсуі бір реттік серпіндерге емес, құрылымдық өзгерістерге негізделгенін көрсетті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Өңдеу саласының кеңеюі, өңірлердің дамуы, экспорт пен өндіріс базасының әртараптанудың барлығы ұзақмерзімді тұрақтылықтың негізін қалайды. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылғы 10 айда елдің ішкі жалпы өнімі 6,4% өсім көрсетті. Бұл тоғыз айдағы көрсеткіштен 0,1 пайызға жоғары. Өсімнің басты драйверлері қатарында құрылыс, сауда, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы бар. Олардың барлығында дерлік өңірлік деңгейде оң динамика сақталуда. Маңыздысы нарықта қызып кету белгілері байқалмады. Өсу сапамен және өндіріс құрылымының жақсаруымен қатар жүруде. Бұл макроэкономикалық тепе-теңдіктің сақталғанын көрсетеді. Айбар ОЛЖАЕВ
Түркістан облысында жылу беру маусымының үздіксіз әрі қауіпсіз өтуі Түркістан облысының басшысы Нұралхан Көшеровтің қатаң бақылауында, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазіргі таңда өңірдегі қазандықтар температуралық кестеге сай штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерге жылу тұрақты берілуде. Облыс бойынша көмір отынының қажеттілігі 580,4 мың тонна болса, бүгінде 442,5 мың тоннамен қамтылды. Сондай-ақ теміржол тұйықтарында 75 мың тонна көмір қоры жинақталған. Өңірде газбен жабдықталып, іске қосылған елді мекендердің ішінде жалпы 334 007 абонент бар. Оның ішінде, бүгінгі таңға дейін 320 656 абонент газға қосылса, ал 9 647 абоненті газға қосылмаған. Қалқалған 3 704 абонент бос учаске немесе құжаты жоқ…
АҚШ санкциясы «Лукойлды» теңселтіп жатыр. Ирактағы ірі жоба тоқтап, Бұлғария Бұрғас мұнай өңдеу зауытын бақылауға алмақ, деп хабарлайды Ertenmedia. Әміриканың Кремльге қарсы санкциясы «Лукойлдың» халықаралық жобаларын тығырыққа тіреп, компанияның Ирактағы ең құнды активі «Батыс Курна-2» кен орнындағы жұмысын тоқтатты. Reuters агенттігінің хабарлауынша, өткен аптада ресейлік компания Ирактың мұнай министрлігіне хат жолдап, форс-мажор жағдайында жобаны жалғастыру мүмкін еместігін мәлімдеген. Басра портынан 65 шақырым жерде орналасқан «Батыс Курна-2» әлемдегі ең ірі мұнай кен орындарының бірі, Ирак мұнай өндірісінің 9%-ын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта тәулігіне 480 мың баррель мұнай өндіріліп отырған осы кен орнындағы жұмыс алты ай ішінде қайта жанданбаса, «Лукойл» жобадан толық…










