«ҚазМұнайГаз» Лукойлдың Қарашығанақтағы үлесін сатып алуы мүмкін, деп хабарлайды Ertenmedia. Әңгіме әлемдегі ең ірі газ-конденсат кенішінің бірі Қарашығанақ жобасындағы Лукойлдың 13,5 пайыздық үлесін сатып алу туралы болып отыр. Reuters агенттігінің дерегінше, аталған актив шамамен 1 млрд долларға бағалануда. Қазір Қарашығанақ жобасының үлесіне Eni, Shell, Chevron, «ҚазМұнайГаз» және Лукойл компаниясы бірлесіп иелік етеді. Ресейлік компания санкцияға байланысты Қазақстандағы активтерін нарықтағы бағасынан түсіріп сатуға дайын көрінеді. Биылғы жылдың басында Лукойлдың еншілес кәсіпорны Lukoil Overseas Karachaganak-тың таза активтері 1,05 млрд долларға бағаланған. Компания 2024 жылы 187 млн доллар, ал 2023 жылы 202 млн доллар таза пайда тапқан болатын. Еске сала кетсек, қазан айында…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қазақстан экономикасының өсу қарқыны халық табысына, еңбек нарығына және әлеуметтік тұрақтылыққа тікелей ықпал етіп келеді. 2025 жылдың алғашқы тоғыз айындағы нәтижелер елде жаңа жұмыс орындары көбейіп, жалақы мөлшері артқанын көрсетті. Бұл өзгерістер білім, әлеуметтік қамсыздандыру және еңбек нарығын дамыту бағыттарындағы мемлекеттік саясаттың нақты нәтижесі саналады. Жалақы өсімі – экономикалық серпіннің айғағы Биылғы екінші тоқсанда орташа айлық жалақы 448 620 теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,3 пайызға жоғары. Ең төменгі жалақы мөлшерінің 85 мың теңгеге дейін өсуі 1,8 миллионнан астам жұмыскердің табысына тікелей әсер етті. Енді ең төменгі жалақы орташа еңбек өнімділігімен өзара байланысты жаңа әдістемемен есептеледі. Жалақының артуы тек…
Бүгінгі таңда цифрландыру мен жасанды интеллект тек технологиялық тренд қана емес, біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Енді кез келген саланы, әсіресе мемлекеттік қызметтерді, олардың ішкі басқару жүйелерін цифрлық шешімдерсіз елестету мүмкін емес. Жасанды интеллект тек есептеулер мен деректерді өңдеумен шектелмей, экономика мен өндірісті жаңғыртып, әлеуметтік саланы тиімдірек етеді. Бүгінгі таңда Қазақстан ақпараттық технологияларды барынша енгізу арқылы өз экономикасын инновациялық деңгейге көтеріп, жаһандық бәсекелестікке дайын елге айналып отыр. Бұл – болашаққа жасалған нақты қадам, әр қазақстандықтың өміріне әсер ететін өзгеріс, цифрландырудың ең көрнекті жемісі. Цифрлық басқару – жаңа дәуірдің талабы Расында, экономикалық тұрғыдан алғанда цифрландыру мен жасанды интеллект елдегі…
Наурызбай ауданындағы оқушы орындарының тапшылығы қалай шешіліп жатқанын аудан әкімі Назира Тоғызбаева Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында баяндап берді, деп жазады Ertenmedia.kz. – Аудан тұрғындары өсіп жатқандықтан тездетіп мектеп пен балабақша салуды қолға алдық. Биыл бұл мәселе біртіндеп шешіліп жатыр, – деді ол. Биыл ауданда 5 500 орындық 3 жаңа мектеп ашылған. Олар «Нұрлы дала» тұрғын үй кешенінде, Сәбденов көшесі мен «Құрамыс» шағынауданында орналасқан. Сонымен қатар, «Alem City» мен «Алма сити-3» тұрғын үй кешенінің маңында әрқайсысы 1 200 орындық екі жаңа мектептің, сондай-ақ №174 мектепке қосымша ғимараттың құрылысы аяқталып қалды. Бұл нысандарды 2026 жылдың бірінші тоқсанында ашу жоспарланып…
Атырау облысы бойынша 191 мектептің мұғалімі мен 50 мектептің оқушысы еліміздегі жетекші цифрлық білім беру платформаларының бірі AmanSultan жүйесіне қосылды. Білім көрсеткішін заманауи деңгейге көтеріп отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kzАтырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Платформада орта мектеп пәндері бойынша 2000-нан аса анимациялық бейнеролик, 1500-ден астам интерактивті сабақ, сондай-ақ физика, химия, биология пәндеріне арналған 50-ден астам жаттығу құралы, 30 мыңнан аса интерактивті тапсырма және 5-11 сыныптар арасында функционалдық сауаттылықты дамыту тренажеры бар. – Платформада ҚР ОАМ сарапшылары әзірлеген 4-ші және 9 сыныптарға арналған МОДО тренажеры бар. «МОДО — 2025» жаңа әдістемесіне сәйкес 460 тапсырма әзірленген. Бұл Қазақстанда алғаш рет және…
Түркияда Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Самат Ахилбеков Nata Holding компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы және негізін қалаушысы Намық Таникпен кездесті. Кездесуде жаңа қала салу және өңір инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. . Намық Таник ынтымақтастыққа қызығушылық білдіріп, Алматы облысына келіп, инвестициялық мүмкіндіктермен танысуға ниетті екенін жеткізді. – Қазақстан зор әлеуеті бар ел, ал Алматы облысы ерекше маңызға ие. Біз өңірге келіп, заманауи қала құрылысына үлес қосуға дайынбыз, – деді Намық Таник. Кездесу барысында облыс делегациясы құрылыс, туризм және логистика салаларындағы жобаларды және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін таныстырды. Nata Holding Түркияның жетекші девелоперлік…
Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішовтың өкімімен құрылған уақытша депутаттық комиссия отырысы өтті. Жиында өңірдегі сәулет және қала құрылысы саласындағы мәселелер талқыланды. Жиынды облыстық мәслихаттың кәсіпкерлік, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Сұлтан Көшенов жүргізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Отырысқа мәслихат депутаттары Төрегелді Қалмұратов, Нұржан Әшіров, Жаңабай Ағабеков, Ғабиден Қапалбаев, Сүлеймен Арыстанов, Нұржан Сейітжанов, Талғат Қаржауов, Еркебұлан Хандиллаев Сайдірасулхан Ералиев және басқарма қызметкерлері қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы Қуаныш Асанов өңірдегі құрылыс қарқыны, жаңа жобаларды іске асыру барысы мен инфрақұрылымдық даму бағытындағы көрсеткіштер,…
Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының табиғатты қорғау инспекторы Ғалымжан Райымбек мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. – Түркістан облысында іс-шараға барлығы 200-ден аса полиция қызметкері мен 100-ден аса мемлекеттік орган қызметкері және қоғамдық құрылымдардың мүшелері жұмылдырылды. Қазіргі таңға дейін 212 құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, балық ресурстарын заңсыз аулау бойынша Шардара және Келес аудандарында 3 дерек анықталып, қылмыстық іс тіркелді. Құқық бұзушылардан 150 келіге жуық әр түрлі балықтар, үрмелі ескек резеңке қайығы, 500 метрге жуық тыйым салынған моно талшықты қытай торлары тәркіленді. Қазіргі таңда…
Түркістан қаласына кіреберісте әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған еңселі мешіттің құрылысы аяқталуға жақын. Қазіргі таңда мешіттің қасбеті, мұнарасы, электрмен және сумен жабдықтау, терезе орнату жұмыстары толық аяқталған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сонымен қатар ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысан басында 30-дан астам адам мен 9 техника жұмылдырылған. Заман талабына сай салынып жатқан мешіттің құрылыс алаңына облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы барып, жауапты басшылармен кездесті. Ол жұмысты сапалы және уақтылы аяқтау жөнінде тапсырма берді. Көрші Өзбекстан мемлекетінің Түркістанға тартуы ретінде салынып жатқан мешіттің құрылысы осы жылдың соңында аяқтау жоспарланған. Шығыстық нақыштағы еңселі мешітте 5 мың жамағат бір мезгілде сәждеге бас тигізіп, құлшылық ете…
Түркістанда облыс әкімдігінің қолдауымен ҚР Мәдениет саласының үздігі, композитор Бағлан Омаровтың 60 жылдығына арналған ән кеші өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты шараның шымылдығын Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев құттықтау сөзбен ашып, шығармашылық табыс тіледі. – Қасиетті Түркістан төрінде бастау алған бүгінгі өнер кешінің маңызы жоғары деп есептеймін. Тарихи шаһардың жаңа ғасырдағы жылнамасын жазуға атсалысып, елдің рухани-мәдени әлеуетін арттыру жолында жан аямай еңбектеніп жүрген өнер майталмандары аз емес. Сол тұлғалардың қатарында Бағлан Омаровтың орны ерекше. Тарихи өлке Отырарда дүниеге келіп, өмірі де, өнері де өзгеге үлгі боларлықтай ғұмыр кешіп келе жатқан сазгердің шығармашылық кеші құтты болсын. Әуелеген ән кеші Жарты ғасырға жуық…










