Автор: Асылхан Бөрібай

Көксу ауданында жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның қуатын арттыру және жаңа жобаларды қолға алудың арқасында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесі көтеріледі. Атап айтқанда, Көксу қант зауытын қайта жаңғыртудың нәтижесінде оның өңдеу қуаттылығы тәулігіне 5 мың тоннаға жеткізілсе, алдағы жылдарда құс етін өндіретін «Beles Agro KZ» ЖШС-нің қуаты жылына 15 мың тонна болатын инвестициялық жобасы жүзеге асырылады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Көксу ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылды. Ауданда ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруге үлес қосып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған үш ірі кәсіпорын бар. Атап айтқанда, оның алғашқысы бүгінгі…

Толық оқу

Іле Алатауы жыл сайын мыңдаған адам баратын жер, бірақ тауға шыққанда қауіп әрқашан бірге жүреді. Кеше Қаскелең шатқалына барған бес адамнан тұратын туристік топ осындай жағдайды бастан өткерді. Топ құрамында балалар және жасы үлкен әйел болған. Серуен кезінде топтың бір жас мүшесінің жағдайы нашарлап, ауырып қалады. Тауда байланыс ұстамай қалған соң, топ жетекшісі қиын таңдау жасаған. Ақырында ол балалар мен қарт әйелді қауіпсіз жерге түсіріп, өзі құтқарушылардан көмек сұрауға мәжбүр болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары ақпаратты алған соң бірден сол аймаққа жетті. Алдымен төменге түскен топ мүшелерімен сөйлесіп, жағдайды нақтылап, координаттарды анықтады. Тауда іздестіру жұмысы…

Толық оқу

Алматы облысында құрылыс сапасына қойылатын талап пен бақылау біртіндеп күшейіп келеді. Құрылыс басқармасы есептік кезеңде азаматтарды жеке қабылдауды жалғастырып, 42 тұрғынның өтінішін қарап, заңға сәйкес жауап берген. Осы уақыт ішінде 238 нысаннан құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама түскен, деп жазады Ertenmedia.kz. Сонымен қатар жоспардан тыс тексерулер жүргізілген. Сол тексерулердің нәтижесінде 70 нысан бойынша хаттама толтырылып, заң бұзушылықтар анықталған. 21 іс ауданаралық соттарға жіберілді, ал 49 құрылыс субъектісіне жалпы 28 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Яғни тек ескерту ғана емес, нақты қаржылық жауапкершілік қолданылып отыр. Құрылыс компаниялары үшін мұндай айыппұлдар – келесі жолы норманы сақтамаса, шығынға бататынын еске салатын белгі. Тексеру…

Толық оқу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің білім саласын жаңа деңгейге көтеру үшін «Келешек мектептері» жобасына бастамашы болды. Осы бағытта Түркістан облысында білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуда жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бүгін Келес ауданы, Абай ауылында «Келешек мектептері» жобасы аясында 600 орындық  мектеп ел игілігіне пайдалануға берілді. №65 жалпы білім беретін мектебінің ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, ұстаздар мен оқушыларды құттықтады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   – Бүгін Келес ауданындағы тағы бір қуанышты сәттің куәсі болып отырмыз.  Баршаңызды заман талабына сай жаңа білім ордасының ашылуымен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен…

Толық оқу

Түркістан облысы Келес ауданына қарасты  Абай ауылында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында заманауи спорт нысаны салынып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров кешеннің ашылу салтанатына арнайы қатысып, келестіктердің қуанышымен бөлісті, деп жазады Ertenmedia.kz. – Бүгін Келес ауданында қуанышты сәттің куәсі болып отырмыз. Аймақта заман талабына сай жаңа спорт кешені пайдалануға берілуде. Баршаңызды осы ғимараттың ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауларында бұқаралық спортты дамыту мен халықтың денсаулығын нығайтуды басым бағыттардың бірі ретінде айқындап келеді. Президент тапсырмасына сәйкес облыс көлемінде спорт инфрақұрылымын жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде өңірімізде жаңа спорт нысандары бой…

Толық оқу

Қазақстанда сиыр еті бағасының күрт қымбаттауына байланысты Ауылмин Айдарбек Сапаров түсініктеме берді, деп хабарлайды Ertenmedia. Министрдің айтуынша, ет бағасының шарықтауына сыртқы нарықтағы сұраныстың өсуі себеп болған. Қазір нарықтағы баға біртіндеп тұрақталып келеді. «Бұл сұраққа бірнеше рет жауап бергенмін. Сыртқы нарықтарда сұраныс күрт артып, баға аз-мұз көтерілді. Қазір жағдай тұрақталды», – деді Сапаров. Министр Қазақстан бойынша сиыр етінің орташа бағасы 3249 теңге екенін атап өтті. Ал нақты баға өнімнің сұрпына қарай әртүрлі деңгейде қалыптасып отыр. «Кеше де, бүгін таңертең де қызметкерлерді дүкен мен базарға жіберіп, жағдайды бақылап отырмын. Қолымда нақты суреттер бар. Баға 3,5–3,6 мың теңге көлемінде. Ал премиум санатындағы өнімдердің,…

Толық оқу

Жаңа оқу жылын Ордабасы ауданы, Ақбұлының ауылының оқушылары “Келешек мектептері” бағдарламасы аясында салынған жаңа білім ордасымен бастады. Ұлттық жоба арқылы бой көтерген мектеп аудандағы ыңғайластырылған қос мектептің мәселесін шешті, деп жазады Ertenmedia.kz. “Болашақ” мектебі 2007 жылы асар тәсілімен салынды. Ол кезде 6 бөлмеден тұратын білім ұясында 1-9 сынып аралығында 200-ге жуық бала білім алатын. Жоғары сынып оқушылары 3,5 шақырым қашықтықтағы көрші ауылға тасымалданып оқитын. Сонымен қатар 2,5 шақырым жердегі саманнан 1969 жылы салынған “Қарабастау” бастауыш мектебінде жүзден астам бала білім алатын. 2023 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алында “Келешек мектептері” бағдарламасы арқылы жаңа еңселі мектеп салынып, 2025 жылдың…

Толық оқу

Сиыр етінің күрт қымбаттауының себебі неде? Экс-министр Асылжан Мамытбеков мәселенің мән-жайын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Ertenmedia. Соңғы кезде елдегі сиыр еті бағасының күрт көтерілуі жұрттың қалтасын қағып, биліктің басын ауыртып тұр. Бір жыл бұрын келісі 2500-3000 теңгеден сатылған ет биыл тамызда 4500-5000 теңгеге дейін өсті. Мамандар бұған әртүрлі себеп іздеп әлек. Бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі, қазір Қазақстанның ет одағының басшысы Асылжан Мамытбеков бағаның шарықтауына қатысты өз сараптамасын ұсынды. Алдымен статистикаға назар аударсақ: 2011 жылы Қазақстан шетелге ет экспорттаған жоқ. 2019 жылы елде 286 мың тонна ет өндірілсе, соның 63 мың тоннасы (22%) сыртқа сатылды. 2024 жылы ел 430 мың тонна…

Толық оқу

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстандағы «Лукойлдың» активтеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ertenmedia. Ресейлік «Лукойл» компаниясы АҚШ-тың президенті Дональд Трамп енгізген санкциялардың салдарынан шетелдегі активтерін сатуға мәжбүр. Бұған дейін корпорация өзіне тиесілі бірқатар активтерді Gunvor тобына өткізу туралы алдын ала келісім жасаған болатын. Бірақ Қазақстандағы активтердің белгілі бір бөлігіне «ҚазМұнайГаздың» иелік етуі мүмкін екені айтылуда. Мұндай жағдайда ұлттық компанияның активтерді сатып алуға басым құқығы бар. 4 қарашада «ҚазМұнайГаз» осы мәселе бойынша ресми мәлімдеме жасап, қазіргі уақытта «Лукойлмен» бірлескен жобалардың барлық қатысушылары ықтимал тәуекелдерді жан-жақты саралап жатқанын айтты. Сараптама барысында құқықтық, қаржылық және техникалық мәселелер терең қаралуда. Дегенмен, ұлттық компания мәміленің нақты…

Толық оқу

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Ведомство басшысы вегетация кезеңінің қорытындысы жайлы айтып, өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен министрліктің алдағы жоспарлары туралы баяндады, деп жазады Ertenmedia.kz. 2028 жылға дейінгі су саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес, Жамбыл облысында 10 жаңа су қоймасы салынып, жұмыс істеп тұрған 3 су қоймасы реконструкциядан өтеді. Сондай-ақ 45 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізу жоспарланған. Министрлік келесі жылы Ақмола және Қалғұты су қоймаларының құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар Теріс-Ащыбұлақ және Қарақоңыз су қоймалары реконструкциядан өтеді. Ал облыс әкімдігі 7 жаңа су қоймасының жобалау-сметалық құжатын әзірлеумен айналысып жатыр. Жиында…

Толық оқу