Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов журналистердің сауалына қызбаланып жауап берді, деп хабарлайды Ertenmedia. «Хабар» телеарнасының журналисі реновация бағдарламасымен сатып алынған кейбір жаңа тұрғын үйлердің апатты жағдайда екенін, тіпті «құлауға шақ тұрғанын» айтқанда, әкім бірден эмоциясын жасыра алмады. «Осындай қисынсыз сөздерді қайдан аласыздар? Біз сатып алған үйлердің қайсысы құлап жатыр, көрсетіңізші! Тұрғындардың бәрі риза. Мемлекет басшысының өзі реновация нысандарын аралап көрген», – деді әкім. Ахметжанов сонымен қатар Қосшы қаласындағы әлі адам қоныстанбаған тұрғын үйлерде бірқатар мәселе барын мойындады. Бірақ жылу мәселесі қазірдің өзінде шешілген. «Жылуға қатысты мәселені бүгін шештік. Әзірге циркуляция толық күшіне енген жоқ, бірақ қуаты 3 килокалория болатын қазандық…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қазақстан экономикасы биыл серпінді өсім көрсетіп отыр. 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында ішкі жалпы өнімнің өсімі 6,3 пайызға жетті. Бұл – соңғы жылдардағы ең тұрақты қарқынның бірі. Қаңтар айында өсім 3,8 пайыз болса, көктемге қарай 6 пайыздың үстіне шыққан. Мұндай нәтиже ел экономикасының бір бағытқа ғана тәуелді еместігін, түрлі салалардың қатар дамып келе жатқанын аңғартады, деп жазады Ertenmedia.kz. Өсімнің негізгі қозғаушы күштері Биылғы табыстың басты драйверлері көлік және қоймалау, құрылыс, сауда, тау-кен және өңдеу өнеркәсібі. Көлік саласы бір жылда 21 пайызға, құрылыс 15 пайызға, сауда 9 пайызға, ал өңдеу өнеркәсібі 6 пайызға өскен. Бұл – елдің өндірістік және тұтынушылық белсенділігі…
Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту бүгінгі таңда экономикалық өсім мен жұмыспен қамтудың негізгі драйверіне айналды, деп жазады Ertenmedia.kz. 2020 жылдардың басынан бері елде кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді экожүйесі қалыптасып келеді. Бұл шараларға әкімшілік кедергілерді азайту, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, жеңілдетілген несие беру және кәсіпкерлерді кәсіби оқыту бағдарламалары кіреді. Қолданылып жатқан саясат өз нәтижесін беріп келеді. Елде белсенді кәсіпорындардың саны тұрақты түрде өсуде, бұл өз кезегінде өзін-өзі жұмыспен қамтудың кеңеюіне және жеке инвестициялардың артуына мүмкіндік туғызуда. Жаңа жобалар мен стартаптар іске қосылуы арқылы жаңа жұмыс орындары пайда болып, өңірлердегі экономикалық белсенділік артуда. Шағын және орта бизнестің дамуы жұмыспен қамтудың мүмкіндігі 2025 жылдың…
Жоғары аудиторлық палатаның ескертуін елемеген 18 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Ertenmedia. Әлихан Смайылов басқаратын мекеменің мәліметіне сәйкес, тексеру қорытындысы бойынша ресми ескерту жасаған. Бірақ бірқатар әкімдер мен мемлекеттік орган басшылары орындамаған немесе уақытылы жүзеге асырмаған. Жоғары аудиторлық палатаның ескертуі мемлекеттік аудиттен кейін нақты анықталған кемшілікті жоюға бағытталған ресми құжат. Онда қандай олқылықты жою қажет, оған кім жауапты және қандай мерзімде орындауы тиіс екені нақты көрсетіледі. Осы ескертуді орындамағаны үшін Ұлытау облысы әкімінің орынбасары, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары, Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы және «СПК Семей» қызметкерлері жазаға тартылды. Сонымен қатар,…
Жуырда І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенті Әлихан Әскербай Манама қаласында өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында өнер көрсетіп, екі рет әлем рекордын жаңартты, деп жазады Ertenmedia.kz. Ол жұлқа көтеруде 144 келі, ал серпе көтеруде 172 келіні еңсерді. Екі нәтиже де жасөспірімдер арасында әлем рекорды болып тіркелді. 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, алтыннан алқа таққан Әлихан Әскербайды бүгін Басқарма Төрағасы-Ректор Ермек Бөрібаев құттықтап, Жетісу университетінде тегін білім алуы үшін грант серификатын табыстады. – Білім ордасында еліміздің мерейін үстем еткен Әлихандай спортшы студент барына мақтанамыз. Қазақстанның көк байрағын әлемдік ареналарда желбіретіп, абыройын асқақтатты. Өзі білім алып жатқан университетінің имиджін…
Көп адамның жүрегіне жылу сыйлайтын шаралар сирек ұйымдастырылады. Әсіресе баланың ішкі әлеміне сәуле шашатын мәдени алаңдар шын мәнінде қоғамның тынысына айнала бастайды. Алматыда өтетін «Әлемнің дыбыстары» халықаралық фестивалі дәл сондай рухани кеңістікті қалыптастыруға бағытталған, деп жазады Ertenmedia.kz. Есту қабілетінде іркілісі бар балалардың шығармашылыққа қадам басуы, сахнаға шығуы, өз үнін қоғамға жеткізуі ұзақ еңбектің нәтижесі. Осындай балалардың өмірінде әр дыбыс жаңа бетбұрысқа жол ашады. Сол бетбұрыстың алғышарты кохлеарлық имплантация арқылы жасалды, ал фестиваль осы еңбектің жалғасы сияқты әсер қалдырады. Фестивальдің ауқымы жыл сайын кеңейіп келеді. Қазақстанның әр өңірінен жиналған балаларға шетелден келген жас таланттар қосылады. Бұл үрдіс халықаралық тәжірибеде бар. Еуропада…
Бүгінгі жаһандық жағдайда экономикалық тұрақтылық – ел дамуының басты кепілі. Бұл ұғым тек макроэкономикалық көрсеткіштермен шектелмейді. Тұрақты экономика – халықтың тұрмыс деңгейі мен жалақысының тұрақтылығы, кәсіпкерліктің дамуы, мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін уақытында орындауы деген сөз. Әлемде орын алып жатқан түрлі саяси, қаржылық және экологиялық өзгерістерге қарамастан, мемлекеттердің экономикалық беріктігі олардың ішкі әлеуетіне, яғни үш негізгі факторға – қаржы тұрақтылығына, экономикалық әртараптандыруға және адам капиталына байланысты қалыптасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Қаржылық және бюджеттік тұрақтылық – елдің берік іргетасы Экономиканың тұрақтылығы ең алдымен ұлттық қаржы жүйесінің сенімділігімен өлшенеді. Яғни мемлекет табысын тиімді жұмсап, бюджеттің тепе-теңдігін сақтап отырса ғана дағдарыс кезеңдерінен қорықпай өте…
Жетісу облысында инвестициялық белсенділік жоғары деңгейде. Жыл басынан бері өңір экономикасына 330,3 млрд теңге инвестиция тартылса, соның ішінде шетелдік инвесторлардың тікелей құйған қаражаты шамамен 35 млрд теңгені құрап отыр. Былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда бұл үш есеге жуық жоғары, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазір облыста жалпы құны 2,9 трлн теңге болатын 110 инвестициялық жоба әзірленген. Осы жобалардың нәтижесінде 13 мыңнан астам жұмыс орны пайда болады деп күтілуде. Ірі жобалардың қатарында «Шоғырландырылған тау-кен құрылыс комбинатының» металлургиялық кешенін айтуға болады. Бұл кәсіпорын екі мың адамды жұмыспен қамтымақ. Сонымен бірге, «Қорғас – Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағында германиялық «Skyhansa» компаниясымен бірлесіп халықаралық әуежай құрылысы жоспарланған. Әуежайда…
Бүгін Түркістан қаласында Қазақстанның мемлекеттік статистика қызметінің 105 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, сала ардагерлері мен өңірдің статистика органдарының қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мерекелік іс-шара барысында облыс басшысы статистика саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, олардың қоғам мен мемлекеттің дамуына қосып келе жатқан еңбегін жоғары бағалады. – Бүгін біз Қазақстанның мемлекеттік статистика қызметінің 105 жылдық мерейтойын атап өтудеміз. Осы айтулы мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Жолдауында ел дамуының жаңа басымдықтарын айқындады. Цифрлық даму, инвестиция тарту, экономиканы әртараптандыра отырып, шикізаттық сектордан терең өңдеуді дамытуды тапсырды. Осыған сәйкес статистика жүйесі…
Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев Данияның аквамәдениетке арналған жем өндіру бойынша әлемдік көшбасшыларының бірі Aller Aqua компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар өңір аумағында балық жемін өндіретін зауыт салу мәселесін талқылады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кездесуге Aller Aqua компаниясының бас директоры Андерс Биллинг, TMT Group компаниясының құрылтайшысы Марлен Тұрсынәлі және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов қатысты. Рустам Исатаев өз сөзінде Алматы облысының табиғи және логистикалық мүмкіндіктері мұндай жобаларды жүзеге асыруға қолайлы екенін атап өтті. – Алматы облысына инновациялық технологияларды тарту басым бағыттардың бірі. Aller Aqua компаниясымен әріптестік орнату арқылы біз аквамәдениет саласының өндірістік әлеуетін арттырамыз…










