Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Қаржы саласының мониторингіне қарап отырған адам үшін, Қазақстанyың мемлекеттік қарызы жайлы жаңа деректер ойландырады. Елдің жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) шаққандағы мемлекеттік қарызы қазіргі болжам бойынша шамамен 24-25 % деңгейінде, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл көрсеткіш көп елдердің қарыз деңгейімен салыстырғанда өте төмен, әрі қаржылық тәуекелдер тұрғысынан жағымды позицияны көрсетеді. Бірақ оң жайттармен қатар белгіленбеген мәселелер де бар, сондықтан сараптамалық тұрғыдан қарауды қажет етеді. Алдымен айтарлықтай позитивті жәйтке тоқталайық. Мемлекеттік қарыздың жалпы ЖІӨ-ге шаққандағы деңгейінің 24-25% шамасында болуы қаржылық тұрақтылықтың айғағы. Мысалы, кейбір көршілерімізде қарыз деңгейі әлдеқайда жоғары. Қазақстан үшін бұл жағдай сыртқы шоктарға төтеп беру қабілетін күшейтеді. Халықаралық резервтер мен ұлттық…

Толық оқу
Жаңбыршин

Мәжіліс депутаттары ЛҒБТ насихатына тыйым салатын заң жобасын қайта мақұлдады, деп хабарлайды Ertenmedia. Құжат енді Сенаттың қарауына жіберіледі. Бұған дейін қоғамда қызу талқыланып келген бұл норма мұрағат ісі бойынша заңға енгізілген еді. Депутаттардың сөзінше, заң жобасының басты мақсаты жас ұрпақты зиянды ақпараттан қорғап, олардың санасында ЛҒБТ-ны жағымды етіп көрсетуге тосқауыл қою. Заң жобасының авторларының бірі, мәжілісмен Еділ Жаңбыршин бүгін парламент мінберінен ЛҒБТ мәселесін талқылау бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқанын айтты. Бұл идеологияның қоғамға жат екенін мәлімдеді. «Бұл топ біздің қасиетті шаңырағымызда тайраңдап, ұлттық құндылықтарымызды аяққа таптады. Ұлттық фольклорда гомосексуализм бар деп тұтас халыққа жала жапты. Олар мектептерге барып, ашық…

Толық оқу
Смайылов

Жоғары аудиторлық палатаның тексерісінен кейін ондаған спорт шенеунігі тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды Ertenmedia. Палата төрағасы Әлихан Смайыловтың жетекшілігімен өткен аудит барысында Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен оған бағынысты мекемелерде бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалып, қаржылық есеп жүргізуде көптеген заңсыздық болғаны анықталды. Сондай-ақ мемлекеттік мекемелердегі ішкі бақылаудың нашарлығы сынға алынды. Тексеріс нәтижесінде: «Спортты дамыту дирекциясы», «Республикалық спорт колледжі», «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мектеп-интернат-колледжі», Алматыдағы «Олимпиадаға даярлау орталығы», «Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшылары мен лауазымды қызметкерлері жауапқа тартылды. Аудиторлардың айтуынша, жауапкершіліктің жоқтығы мен қаржы ашықтығының төмен болуы мемлекеттік спорт бағдарламаларының тиімділігіне кері әсерін…

Толық оқу
Тоқаев Путин Кремль Ресей

Президент Тоқаев Мәскеуге Владимир Путиннің шақыруымен мемлекеттік сапармен барды. Екі елдің басшысыы Кремльде ресми келіссөз өткізді деп жазады Ertenmedia. Кездесудегі басты тақырып бұған дейін Ресейдің ресми басылымында жарияланған Тоқаевтың сұхбатында да айтылған еді. Қазақстан президенті Мәскеу сапарын «2025 жылдың ең маңызды саяси оқиғасы» деп бағалады. Тараптар өзара сауда көлемін алдағы уақытта 30 млрд долларға жеткізуге мүдделі екенін мәлімдеді. Сондай-ақ Қазақстанда «Росатом» корпорациясының қатысуымен АЭС салу туралы құжатқа қол қоюға жақын қалғандары белгілі болды. Бұған қоса, елімізде Ресейдің тоғыз университетінің филиалдары ашылғаны айтылды. Тоқаев екі ел арасындағы гуманитарлық байланыс туралы да пікір білдірді. «Орыс тілін қолдауды екі ел арасындағы сенім мен…

Толық оқу
TikTok

TikTok Қазақстанда қауіпті контентпен күресті күшейтіп, биылғы екінші тоқсанда 1,4 миллионнан астам бейнероликті жойған, деп хабарлайды Ertenmedia. Қысқа бейнеформаттағы танымал платформа қазақстандық аудиторияның қауіпсіздігі мен жайлы шығармашылық ортасын өз басымдығы деп есептейді. Осы бағытта TikTok ең озық технологияларды қолданып, әлемнің әр түкпіріндегі кәсіби мамандардың тәжірибесіне сүйенеді. Платформаның тәулік бойғы модерациясы қауымдастық ережелерін бұзған мазмұнды дереу анықтап, өшіріп отырады. TikTok-тың тоқсан сайын жариялайтын ашық есебіне сәйкес, биылғы екінші тоқсанда Қазақстанда 1,4 миллионнан астам бейнеролик ереже бұзғаны үшін жойылған. Олардың 99,1%-ы пайдаланушылар шағым түсірмей тұрып-ақ анықталып, дер кезінде өшірілген. Ал жойылған контенттің 96,7%-ы жарияланғаннан кейінгі 24 сағат ішінде модерацияланған, бұл әлемдік орташа…

Толық оқу
оқушылар

Қазақстанның ауылдағы мектептерді дамыту тәжірибесі HundrED Global Collection 2026 халықаралық рейтингінің негізгі тізіміне енді. Бұл тізім әлемде іске асыруға ұсынылған 100 үздік білім беру инновациясын қамтиды. Іріктеуді Финляндиядағы HundrED үкіметтік емес ұйымы өткізді, оған 800-ден астам өтінім берілген, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен орта білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру көзделген. Барлық бала үшін тең әрі қолжетімді білім беру ортасын құру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. 2023-2024 оқу жылдары Ақтөбе облысында Оқу-ағарту министрлігі мен облыс әкімдігінің қолдауымен «Шағын жинақты мектептердің әлеуетін цифрлық технологияларды пайдалана отырып дамыту» жобасы іске қосылған болатын. Жобаны Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры…

Толық оқу

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жайылым тапшылығын шешуге уәде беріп, тұрғындарды малды бей-берекет жаю мәселесін тәртіпке келтіруге шақырды, деп хабарлайды Ertenmedia. Нұра ауданында болған атышулы оқиғаға байланысты пікір білдірген әкім жайылым мәселесіне ерекше тоқталды. Еске сала кетсек, 9 қазан күні егістік алқабына кіріп кеткен бір үйір жылқыны мылтықпен атқан шаруа 14 жылқыны жусатып салған еді. «Малға оқу ату еш ақтауға келмейтін әрекет. Әлбетте, дұрыс емес. Жылқылар шаруаның егістік алқабына түсіп кеткен екен. Ашу үстінде жасалған болып тұр. Алайда мұның басқа амалын табуға болатын еді», – деді әкім. Бөлекпаев оқиғаның астарында ауыл-аймақтағы жайылым тапшылығы жатқанын мойындады. «Әсіресе, Бұқар жырау сияқты Қарағандының…

Толық оқу
Дархан Сатыбалды

2026 жылы жаңа Салық кодексі күшіне енеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Республикада екі салық режимі біріктіріліп, 4% мөлшерлеме қолданылады. Осы ретте Алматы әкімдігі кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді қолға алды. Алматы әкімі Дархан Сатыбалды арнайы жиын өткізді. Кеңесте салық мөлшерлемесін 3%-ға төмендету туралы ұсыныс айтылды. Бұл мәселе қалалық Мәслихат талқылауына шығарылады. Шара шағын және орта бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, қосымша инфляциялық тәуекелдердің алдын алуға мүмкіндік береді. Әсіресе үй маңындағы дүкендер, шаштараздар мен шағын шеберханалар қолдау табады. Әкімдік бастамасы кәсіпкерлердің мемлекеттік институттарға сенімін арттырады деп күтілуде. Нәтижесінде инвестициялық ахуал жақсарып, іскерлік белсенділік артады.

Толық оқу
Кремль Тоқаев Путин

«Коммерсанттың» арнайы тілшісі Әндрей Кәлесников Қазақстан мен Ресей президентінің Кремльдегі кездесуінің вайбын егжей-тегжейлі суреттеп берді деп жазады Ertenmedia. Оның айтуынша, осы жолғы жүздесу бұрынғыдан өзгерек болған. Күні кеше Ақ үйдегі Сопақ кабинетте Трамппен тілдескен Тоқаев Астанаға қоржыны да, көңілі де тоқ оралған еді. «Оның Дөкеңе айрықша құрмет көрсеткеніне куә болдық. Трампты «әлемдік деңгейдегі көшбасшы, сегіз бірдей соғысты тоқтатқан сарабдал саясаткер» деп мадақтап, тіпті «Әмірика мен бүкіл әлемге ауадай қажет ұлы қайраткер» ретінде сипаттады», — дейді «Коммерсант» тілшісі Кәлесниковтың пайымынша, Тоқаевтың бұлайша тебіреніп сөйлеуі тегін емес. Мақтауды жаны жүйетін Трамп әлгі лебізге тәнті болып, кәдімгідей масайрап қалған. Алайда Путиннің жөні бөлек…

Толық оқу
Аймағамбетов

Аймағамбетов дәрігерге қол көтергендерге жазаны күшейтуді ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін қорғауға бағытталған заң жобасы әзірленгенін мәлімдеді. Құжат дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне қарсы жасалған зорлық-зомбылық пен қорлау әрекетіне жауапкершілікті қатаңдатуды көздейді. «Бұл дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін қорғау мақсатында қолға алынған өте маңызды бастама. Соңғы жылдары медицина мамандарына жасалған шабуыл жиілеп кетті. Бір дәрігер жұмыс орнында соққыға жығылса, енді бірі жедел көмек көрсету үшін барған үйінде қорлық көрген. Мұндай жағдайдың қайталануына жол беруге болмайды. Сондықтан осы заң жобасында нақты шаралар қарастырылып отыр», – деді депутат. Аймағамбетовтің айтуынша, бұған дейін Мемлекет басшысы да осы бастаманы…

Толық оқу