Бүгінде ауыл шаруашылығы саласы экономикалық өсімнің нақты драйверіне айналып отыр. Шарулар мемлекеттік қолдау, жаңа технологиялар мен ғылыми тәсілдердің шараптын көріп келеді. Көл-көсір жұмыстың арқасында еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі мен экспорттық әлеуеті артып, өңірлік аграрлық көшбасшы ретінде беделі беки түсті. Биыл егін жинау науқаны еліміздің аграрлық саласы үшін ерекше табысты жылдардың бірі болды деп айта аламыз. Себебі маусым рекордтық көрсеткішпен есте қалды. Дәнді дақылдардың орташа өнімділігі гектарына 17 центнерге жетті. Бұл – соңғы екі жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім: • 2023 жылы – 11 ц/га, • 2024 жылы – 15,2 ц/га. Мұндай нәтижеге жетуге ауыл шаруашылығы мамандарына уақытылы қаржылық қолдау көрсету және тыңайтқыштарды…
Автор: Асылхан Бөрібай
Соңғы үш жылда Көксу ауданы әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүруде. Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың аудан тұрғындарымен кездесуінде айтылған деректер соны көрсетеді. Ауданда үш жылдың ішінде 20 жаңа әлеуметтік нысан салынған, тағы 3 нысан жөндеуден өткен. Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласына қатысты нысандар бар, деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесуде тұрғындар үшін ерекше маңызды тақырыптардың бірі білім беру саласы болды. Былтырғы кездесуде Балпық би ауылында 600 орындық жаңа мектеп салу жөнінде уәде берілген еді. Сол сөздің жай ғана айтылып қоймай, нақты іске айналып жатқаны жөнінде де ақпарат берілді. Қазір жаңа мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы толық дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтіп…
Алматы-1 теміржол вокзалының алқам-салқам ахуалы желідегі қауымның жағасын ұстатып жатыр. Вокзалдың қазіргі кейпін көрген жұрт оны «бомбыдан кейінгі көрініске» теңеді, деп хабарлайды Ertenmedia. Осы орайда Гүлнәр есімді жолаушы әлемжеліде эмоцияға толы жазба қалдырған екен. «Алматы-1 вокзалына барып, қарадай күйзелдім. Ғимараттың іші-сырты қирап жатыр, платформа ойылып кеткен, адамдар қалай жүрері, қайда жүрерін білмей абдырап тұр. Жақыным пойызда жолсерік болып істейді. Оның айтуынша, ел бойынша вокзалдардың көбісі осындай кетеуі кеткен күйде екен. Қазақстандағы ең үлкен шаһардың біріндегі жағдай осындай болса, шағын станцияларды елестетудің өзі қиын», – дейді ол. Жолаушылар тарапынан жаппай сынға ұшыраған «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы осы мәселеге түсініктеме беріпті.…
Президент Тоқаев Қазақстанның ішкі саясатының негізгі ұстанымдары мен құндылықтарын айқындайтын жаңа тұжырымдаманы бекітті, деп хабарлайды Ertenmedia. Бұл құжаттың қажеттілігі туралы алғаш рет Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айтылған болатын. Сол кезде қоғам қайраткерлері мен сарапшылар ел ішіндегі саяси-идеологиялық жұмыстарды жүйелейтін біртұтас концепция қажет деген ұсыныс жасаған еді. Мемлекет басшысы бұл бастаманы қолдап, ішкі саясаттағы жұмыстардың басын біріктіретін құжатты әзірлеуді тапсырған. Президент Әкімшілігі әзірлеген тұжырымдамаға мемлекеттік органдар, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам белсенділері мен ғылыми орта өкілдері атсалысты. Онда ішкі саясаттың негізгі бағыттары, ұстанымдары мен ортақ құндылықтары белгіленген. Құжатта мемлекет ішіндегі жұмыстың басты қағидалары нақты әрі ықшам түрде көрсетілді. Олардың қатарында: «Заң және…
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Қазақстанда тоқал алуды заңдастыруды ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia. Журналист Ербол Сейілханға берген сұхбатында депутат елде көп әйел алуға ресми тыйым болғанымен, ауқатты азаматтардың арасында осы құбылыстың кең тарағанын айтты. «Заң жүзінде тыйым салынғанымен, іс жүзінде елде екінші, тіпті үшінші-төртінші әйел алған азаматтар жетерлік. Бұлар тек мемлекеттік қызметкерлер емес, қарапайым қалталы жігіттер де солай өмір сүріп жатыр. Демек, заңның қауқары жоқ, ешкім тыйымға мән бермейді», – деді Құспан. Депутаттың өзі көп әйел алуға қарсы екенін, алайда осы бір әлеуметтік құбылысты заңмен реттеу қажет екенін жеткізді. «Жеке көзқарасым бойынша көп әйел алуға қарсымын. Бірақ сіз бен біздің қарсы…
Алматыда 2019 жылы апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының ісіне соңғы нүкте қойылды, деп хабарлайды Ertenmedia. Түрксіб аудандық соты ұшақ командирі Марат Мұратбаев пен екінші ұшқыш Миржан Молдақұловты кінәлі деп таныды. Олар Қылмыстық кодекстің 344-бабы 3-бөлігі бойынша («Әуе көлігі қозғалысы немесе пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу») айыпты деп табылды. Алайда екі ұшқыштың да қаза болуына байланысты оларға жаза тағайындалған жоқ. Марқұмдардың туыстары 1,7 млн теңге сот шығынын төлеуден босатылды. Іс материалдарына сүйенсек, ұшақ апатына негізгі себеп әуе кемесінің қанатын мұздан тазарту ережесін бұзу. Экипаж шығынды азайту мақсатында әуе кемесінің тек стабилизаторын ғана мұздан тазартқан. Қанаттары мұз күйінде қалған ұшақ биіктікке көтеріле алмай,…
Қазақстанда жаңа кредиттік рақымшылық болмайды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова несиені жаппай кешіру бюджетке үлкен салмақ түсіріп, халықты жауапсыздыққа итермелейді деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia. Мәжіліс кулуарында журналистер сауалына жауап берген Әбілқасымованың айтуынша, мемлекет амнистия өткізу үшін азаматтардың қарызын бюджет есебінен өтеуге мәжбүр болады. Ал бұл үлкен шығын. «2019 жылғы кредиттік амнистиядан кейін қарызы кешірілген азаматтардың бір бөлігі қайтадан несие алып, тағы да төлем мерзімін өткізіп алды. Яғни халық арасында «5–6 жыл сайын несие кешіріледі, қарызды қайтармаса да болады» деген қате түсінік қалыптасқан. Осыдан азаматтар өз міндетіне салғырт қарайды, ал бюджетке ауыртпалық түсе береді», – деді…
Алматыда Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық (EUR/NAT) өңірлік бюросының авиациялық персоналды даярлау және жұмыс күшін жоспарлау мәселелеріне арналған аймақтық семинар өтті деп жазады Ertenmedia. Іс-шараға авиация әкімшіліктерінің, әуе компанияларының, халықаралық ұйымдардың, авиациялық оқу орындарының жетекші мамандары қатысты. Олардың қатарында JAA TO, ACI World, Airbus Helicopters Kazakhstan Engineering, Air Astana, QAZAQ AIR, ENAC, EUROCONTROL және өзге де ұйымдардың өкілдері бар. Сондай-ақ ICAO EUR/NAT аймақтық директоры Николя Ралло, JAA TO бас директоры Паула В. де Алмейда, белгілі ғалымдар мен сарапшылар жиналды. Семинарға қатысушылар мониторинг және кадрлық әлеуеттің болжамын жасау, үздіксіз оқу мәдениетін қалыптастыру, NGAP бастамасын жүзеге асыру, әуе…
Бүгін Ақтау қаласында «Aktau Youth Forum» халықаралық жастар форумы өз жұмысын бастады. Форумда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жастармен қатар Әзербайжан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркия елдерінен келген барлығы 150 жас көшбасшы бас қосты. Форум аясында алдымен жастар жүзеге асырған әлеуметтік және танымдық бағыттағы жобалар көрмесі ұйымдастырылды. Оған еліміздің әр өңірінен 60-қа жуық өтінім түсіп, олардың ішінен 10 үздік жоба іріктеліп алынған. Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай көрмені аралап, қатысушылардың идеяларымен және бастамаларымен танысты. Көрмеден кейін облыс әкімі форумның салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, бүгінгі жиын достық пен ынтымақтастық мекені екенін айтты. «Бүгінгі форумда түркітілдес бауырлас елдерден келген ертеңгі күннің көшбасшылары жиналып отыр.…
Депутат Базарбек банк секторына шүйлігіп, екінші деңгейлі банктерді жемқорлыққа жол беріп, мемлекеттің қаржысын мақсатсыз жұмсап, жауапкершіліктен жалтарып отыр деп айыптады. Таяқтың бір ұшы экс-премьер Асқар Мәминге де тиіп кетті деп жазады Ertenmedia. Депутаттың айтуынша, Қазақстандағы банк жүйесі ұзақ жыл бойы айрықша мәртебеге ие болып, «банк құпиясы» деген желеумен талай заңсыз әрекетке жол берілген. «Банктерді бюджеттен қаржы бөліп құтқарып келдік. Олардың капиталды шетелге шығаруына ешкім кедергі келтірмейді. Банктік ақпараттың қолжетімділігі әдейі шектеліп, бақылаушы органның жұмысына тосқауыл қойылды. Банк лоббиі биліктің дәлізінде талтаңдап жүрді», – дейді депутат. Базарбек банктердің талай шұрайлы жерді жамбасына басып жатқанын жеткізді. Заң бойынша, банктер кепілге алынған учәскіні…










