Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Тоқаев

Президент Тоқаев Уашингтон сапары барысында Украинадағы ахуалға қатысты пікір білдірді деп жазады Ertenmedia. New York Times-тың мәліметінше Тоқаев саммиттің вайбын жоғары бағалап, Ақ үйдегі кездесудің былтыр Байден өткізген жиыннан бөлек болғанын атап өткен. «Осы жолғы жиында Орта Азияның рөліне тереңірек мән берілді», – депті Қазақстан басшысы. Жо ақсақал аймақтың басшыларымен Нью-Йорктегі БҰҰ-ның кеңсесінде ғана кездесе салған еді. Саммит барысында Ақ үй мен Ақорда «аса маңызды минералды бірлесіп игеру» бойынша меморандумға қол қойған. Жақын күндері Әмірикамен бірлескен кәсіпорын құру туралы ірі келісімнің егжей-тегжейі жариялануы тиіс. «Байденнің тұсында аймақ елдеріндегі адам құқығы мәселесіне екпін берілсе, осы жолы прагматикалы әрі бизнеске бағытталған мәмілелер…

Толық оқу

Бүгін Түркістан облысының Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шараның мақсаты мемлекеттік қызметшілер мен мекеме қызметкерлерінің арасында әдеп нормаларын сақтау мәдениетін қалыптастыруү Сондай-ақ,  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру және әдеп жөніндегі уәкілдің қызметінің маңызын түсіндіру. Аталған жиынға Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ербол Керімбекұлы, Түркістан облысы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Бақыт Жолдасбекұлы, Қоғамдық даму басқармасы басшысының м.а Болат Серікұлы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ернұр Жұматайұлы және мемлекеттік органдар мен мекеме қызметкерлері қатысты. Мұндай семинарлар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға…

Толық оқу
Нұрдәулет Қилыбай

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған ауданына жұмыс сапарымен барып, «Қызылсығыра» жерінде орналасқан «Қарағантүбек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің түйе сауу цехының жұмысымен танысты. Бұл – Қазақстандағы түйе сүтін автоматтандырылған әдіспен сауатын алғашқы цех, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Аталған жоба Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы саласын дамыту және экологиялық таза өнім өндіру бағытындағы тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында іске асырылды. Заманауи үлгіде жабдықталған цехта түйелерді автоматтандырылған жүйе арқылы сауу қарастырылған. Құрал-жабдықтар Германияда жасалған. Нысан тәулігіне 400 тоннаға дейін түйе сүтін өндіруге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта 100 бас түйеден сүт алынса, болашақта түйе санын 2000 басқа дейін арттыру жоспарланып отыр. Кәсіпорын толықтай тазартылған ауыз сумен…

Толық оқу
БҚО мектеп ашылды

Бүгін Бөрлі ауданында 300 орындық мектеп пайдалануға берілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған мектептің ашылу салтанатына облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz БҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   1957 жылы Пугачев сегізжылдық мектебі өз алдына дербес білім ошағы ретінде ашылып, өңірдегі білім беру ісінің дамуына тың серпін берді. Білім ордасының қазіргі ғимараты 1962 жылы пайдалануға беріліп, 180 оқушыға есептелген. Ал 17 оқу кабинетімен қамтылған жаңа нысанның құрылыс жұмыстарын «Жайық Сити» ЖШС жүргізді. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев аудан жұртшылығын жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, өңірде білім беру инфрақұрылымын жаңғырту…

Толық оқу
Нұралхан Көшеров

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған өңірлік делегацияның Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары жалғасып жатыр. Мақсат – туризм және өзге де салалар бойынша әріптестік орнату, тәжірибе алмасу. Жұмыс сапары Хорезм облысында жалғасып, маңызды келіссөздер жүргізілді. Одан кейін делегация Хиуа қаласындағы Ичан-Қала тарихи кешені мен Нуриллабой сарайын аралады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Өзбекстанның Хорезм облысында орналасқан Ичан-Қала – Хиуаның ежелгі орталығы. Бұл орталық ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген. Аумағы 26 гектарды құрайтын аумақ ішкі қамал қабырғаларымен қоршалған және онда ондаған сәулет ескерткіштері – медреселер, мешіттер, сарайлар мен мұнаралар орналасқан. Нұралхан Көшеров бастаған делегация Ичан-Қаланың басты нысандарын аралап, деректерімен танысып, тарихи мұраларды сақтау тәжірибесімен…

Толық оқу

Шымкенттік шенеунікті бопсалаған блогер ұсталды. Ол он миллион талап етіп тұтылды, деп хабарлайды Ertenmedia. Белгілі журналист әрі блогер Арай Есенбек әкімдік қызметкерінен 10 млн теңге талап етіп, айтқанына көнбеген жағдайда әлемжеліде компромат жариялаймын деп қорқытқан. Құқық қорғау органдары осындай айып тағып отыр. Полиция журналистің үйі мен кеңсесін тінтіп, электронды құрылғылар мен өзге де заттай айғақты тәркілеген. Есенбекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдікке ілінген Арай Есенбек AMANAT партиясының экс-мүшесі екен. Kungei дейтін порталға иелік ететін көрінеді. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы болып та қызмет атқарған. Оған дейін қаладағы Ақпараттық коммуникация орталығын басқарған. Еңбек жолын «Хабар» агенттігінен бастап,…

Толық оқу

Алматы қаласының Әуезов ауданында рұқсатсыз тұрған сауда нүктелерін кезең-кезеңімен сүру жұмысы жүргізіліп жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Абзал Егембердиев осылай деп хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, жыл басынан бері ауданда 114 бейстационарлық сауда нысаны мен рұқсат құжаты жоқ 53 силомер (күш өлшеу аппараты) бұзылған. Бұл жұмыс Жер ресурстарын басқару департаментімен бірлесе жүзеге асқан. – Демонтаж жұмыстары басталар алдында меншік иелеріне аумақты босату қажеттігі туралы ескерту хаттары жіберіледі. Көп жағдайда кәсіпкерлер ескертуден кейін нысандарын өздері алып тастайды. Бас тартқан жағдайда, арнаулықызметтер оларды мәжбүрлеп бұзады, – дейді Абзал Егембердиев. Бұзылған нысандардың қайта орнатылуына жол бермеу мақсатында аумақтарды тұрақты түрде бақылап,…

Толық оқу
инфляция

Қазақстан салық салудың жаңа кезеңіне кіріп отыр. Бұрын салық дегенде көпшіліктің ойына бірден тексеріс, айыппұл, түсініксіз есеп-қисап келетін. Қазір мемлекет сол қатынасты өзгертіп, салықты жазалау құралы емес, ортақ дамудың қаржы арнасы ретінде ұсынуға тырысып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа Салық кодексі мен жалпыға бірдей декларациялау бастамасы осы өзгерістің заңдық тірегі. Мұнда негізгі идея қарапайым азамат та, бизнес те табысын жасырмайды, ал мемлекет оның есесіне ережені жеңілдетіп, сервис ұсынады. Әлемдік тәжірибеде салық мәдениетін осылай қалыптастырады. Ресейлік экономикалық басылымдар да соңғы жылдары «әкімшілендіру сапасын арттырмай, табыс базасын кеңейту қиын» деп жазып жүр, біздегі қадам соған ұқсас, бірақ бір айырмашылық бар: Қазақстан бірден…

Толық оқу
Касым-Жомарт Токаев

Елімізде қазір іске асырылып жатқан реформалар өзінің ау­қым­­дылығымен ерекшеленеді. Шын мәнінде, қысқа мерзімде олар экономика мен саясаттан бастап бірегейлік мәселелеріне дейінгі ұлттық мүддені көздейтін барлық саланы қамтып үлгерді. Деген­мен әрбір жалпыұлттық реформаның мазмұнымен қатар, жүзеге асы­рылатын кеңістігі, яғни нақты орны болатыны белгілі. Ол орын – бір­тұтас елді құрайтын өңірлер екені анық. Себебі қолға алған реформалар қала мен ауылда тұратын халықтың мүддесі үшін, солардың күш-жіге­рі­мен өңірлерде жүргізіледі. Сондықтан Мемлекет басшысы жария­ла­ған «Қуатты өңірлер – қуатты ұлт» қағидаты Қазақстан өзінің даму жо­­­­­лында табан тірейтін негіз болды және солай болып қала береді. БІРЕГЕЙЛІГІМІЗДІҢ ӨЗЕГІ Бұған дейінгі мақаламызда жаң­ғыр­ған ұлттық бірегейлік Әділетті Қа­зақстанның негізгі…

Толық оқу
Бейжіңнің ақпарат құралдары

Бейжіңнің ақпарат құралдары Қазақстанның вольфрам кеніштеріне «құда түскен» Ақ үйдің амбициясынан үрейленіп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Қытайдағы танымал CTIA сайтының сараптауынша, Уашингтонның Қазақстандағы маңызды минералдарға көз салуы коммерциялық шеңберден шығып, Бейжіңнің осы нарықтағы монополиясын бұзуға бағытталған. «Қазақстандағы Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты кенішіне инвестиция құйған Әмірика Қытайдың стратегиялық үстемдігін шайқалтқысы келеді», – дейді басылым. CTIA-ның дерегінше, Қытай бүгінде әлемдегі вольфрам өндірісінің 83 пайызына және жалпы қордың жартысынан астамына (52%) иелік етеді. Халықаралық хаос мен нарықтағы ахуал осы минералдың бағасын аспандатып, аммоний паравольфраматының құны тоннасына 435 мың юаньға (32 млн теңге) жеткен. Аммоний паравольфраматы вольфрам кенінен өндірілетін негізгі аралық химиялық қосылыс.…

Толық оқу