Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы зауыттардың бірінен ұшатын көлік шыққаны туралы хбар тарауда, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл ақпараттан автокөлік пен авиация саласының шекарасы жойылып бара жатқанын байқадық. XPENG-тің еншілес Aridge компаниясы «Land Carrier» деп атаған көлігін сериялы өндіріске шығарса, ұшатын көлік туралы әңгіме фантастика жанрынан экономикалық жоспарлау деңгейіне өтетні сөзсіз. Қытайлық басылымдар зауыт толық қуатында жұмыс істегенде әр 30 минут сайын бір ұшатын көлікті конвейерден шығаратынын жазып жатыр. Зауыттың жылдық жобалық қуаты 10 мың дана, бастапқы кезеңде 5 мың. eVTOL бағытындағы өзге ойыншылар әзірше прототип пен шоу-үлгі деңгейінде жүргенін білеміз. Ал Арidge компаниясы ертерек қимылдап, 7 мың адамнан алдын ала тапсырыс қабылдап…

Толық оқу
сібір жарасы

Алматы облысы билігі Іле ауданына қарасты Байсерке ауылындағы сібір жарасына қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ресми мәліметке қарағанда, Байсерке ауылдық округінің аумағында, «Транспетролеум» ЖШС-іне тиесілі жер телімінде сібір жарасымен ауырған малдың көмілімі орналасқан. Архив құжаттарына сүйенсек, 1958 жылы бір бас ірі қара, 1968 жылы екі жылқы осы жерде көміліпті. Яғни сөз болып отырған нысан ондаған жыл бұрын жасалған ветеринариялық көмілім. Осы объектінің айналасында радиусы 1000 метр санитарлық-қорғау аймағы белгіленген. Бұл шеңбер Байсерке ауылының бір бөлігін, сондай-ақ Талғар ауданына қарасты Кіші Байсерке ауылындағы кейбір жер телімдерін қамтиды. Дегенмен, облыс әкімдігі қазіргі кезде жергілікті тұрғындарды көшіру, үйлерді немесе басқа да нысандарды…

Толық оқу
Аида Балаева

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне бұқаралық ақпарат құралдарынан түрлі бағыттағы сауалдар жиі келіп түседі. Соның бір парасы – кино саласына қатысты. Бұл отандық киноның дамуына халықтың бейжай қарамайтынын көрсетеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Кейінгі жылдары қазақ киносының отандық және шетелдік көрермендер арасындағы беделі артып келеді. 2024 жылы ғана қазақстандық фильмдер прокаттан 22 миллиард теңгеден астам табыс тапты. Соңғы бес жыл ішінде отандық фильмдер 300-ден астам халықаралық кинофестивальге қатысып, 177 марапатқа ие болды. Биыл Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері алғаш рет Канн қаласындағы әлемдегі ең ірі кинонарықтардың бірі – Marché du Film алаңында өз стендін ұсынды. Бұл – қазақстандық продюсерлер мен дистрибьюторлар үшін…

Толық оқу

Жас кәсіпкерлер мен IT-мамандардың дамуына ерекше назар аударып отырғаны үшін Алматы облысының жас кәсіпкері Бағлан Бауыржанұлы Олжабаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді, деп жазады Ertenmedia.kz Alataunews.kz сайтына сілтеме жасап. Кәсіпкер өз сөзінде Президенттің бастамалары жаңа буын кәсіпкерлері мен инноваторлардың қалыптасуына зор серпін беріп отырғанын атап өтті. «Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Қазақстанның жаңа элитасын – жас кәсіпкерлерді, инженерлер мен IT-мамандарды дамытуға ерекше назар аударып келе жатқаныңыз үшін өз алғысымды білдіремін. Мен қазақстандық стартаптардың дамуына, инвестиция тартып, халықаралық деңгейге шығуына қолдау көрсететін Pul.vc венчурлік құрылымының негізін қалаушымын. Мемлекет пен кәсіпкерлердің бірлескен еңбегі арқылы Қазақстан инновациялар саласында өңірлік көшбасшы болатынына сенімдімін», — делінген…

Толық оқу
Бейбіт Исабаев

Текелі қаласында қуаты 24 МВт болатын бу-газ қондырғысы орнатылды. Бұл жұмыстар «Текелі энерго кешені» ЖШС-ның жаңғырту және бу-газ қондырғысын салу жобасының 1-кезеңінің жоспарына сай атқарылды. Ал жобаның үш кезеңі толық іске асырылғанда мұндағы өндірілетін электр қуаты 53,0 МВт және жылу қуаттылығы 48 Гкал/сағ дейін ұлғатуға мүмкіндік туады. Текелідегі осы және басқа да қолға алынған жұмыстармен бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев танысып қайтты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Текеліге барған жұмыс сапарында өңір басшысы алдымен «Текелі энерго кешені» ЖШС-да болды. Жалпы, Текелі ЖЭО-2 (электр-жылу орталығы) – қаланың тұтынушыларын жылумен қамтамасыз ететін жалғыз жылу көзі, сонымен қатар облыс аумағындағы электр энергиясын өндіретін негізгі база…

Толық оқу
Түркістан

Бүгін Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шараның мақсаты мемлекеттік қызметшілер мен мекеме қызметкерлерінің арасында әдеп нормаларын сақтау мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру және әдеп жөніндегі уәкілдің қызметінің маңызын түсіндіру. Аталған жиынға Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ербол Керімбекұлы, Түркістан облысы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Бақыт Жолдасбекұлы, Қоғамдық даму басқармасы басшысының м.а Болат Серікұлы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ернұр Жұматайұлы және мемлекеттік органдар мен мекеме қызметкерлері қатысты. Мұндай семинарлар…

Толық оқу

Қазақстанда жаңа жылдан бастап азаматтардың жасырын табысы жанама әдіспен тексерілетін болады, деп хабарлайды Ertenmedia. Қаржымин Мәди Тәкиев қол қойған бұйрық 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Жаңашылдық жаңа Салық кодексінің негізгі бағытының бірі. Жанама тәсілдің түпкі мәні азаматтың ресми табысы мен оның шынайы шығындарын салыстырып, жасырын табысты әшкерелеу. Қарапайым тілмен айтқанда, салық органдары адам көрсеткен ресми кірісі оның шығындарымен сәйкес келмесе, жылжымайтын мүлік, автокөлік және өзге де активтерінің құнына қарап, нақты табысын анықтайды. Әлгі әдіс мынадай жағдайда қолданылады: Азамат декларацияда көрсеткен табысы өз иелігіндегі мүлікке жұмсалған шығыннан аз болса; Есеп жүргізу тәртібін бұзса немесе қажетті құжаттарын жоғалтса; Кәсіпкер ретінде…

Толық оқу

Атыраудың құрылыс саласындағы кадрлық өзгерістер жалғасуда, деп хабарлайды Ertenmedia. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының жоспарлы-экономикалық бөлімін басқаруға Ернар Қадырбай тағайындалды. Қадырбай мемлекеттік қызметте мол тәжірибе жинаған. Ол еңбек жолын 2019 жылы облыстық жастар саясаты басқармасында методист ретінде бастап, кейін жастар мен әлеуметтік бастамаларды қолдау, сондай-ақ қаржы, құқық және ұйымдастыру бөлімдерінде бас маман қызметтерін атқарған. 2021 жылы ішкі саясат басқармасына ауысып, ақпараттық-талдау жұмыстары мен ұлтаралық қатынастар мәселесімен айналысты. Ал биылға дейін облыстық құрылыс басқармасының құрылыс бөлімінде бас маман қызметін атқарып келген еді. Атырау облысы бойынша ҰҚК департаменті Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының Құрманғазы ауданына іс-сапардан оралған бойда…

Толық оқу
Затулин

Мәскеу Орта Азия елдері АҚШ-пен қанша жақындасса да, Кремльден іргесін аулақ сала алмасына сенімді, деп хабарлайды Ertenmedia. Ресей Мемлекеттік думасының ТМД істері жөніндегі комитет төрағасының бірінші орынбасары Константин Затулин Уашингтондағы «Орта Азия – АҚШ» саммитінің қорытындысына қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, Әмірикамен қол қойылған келісімдер мен миллиардтаған долларлық инвестиция аймақ елдерінің Мәскеумен ынтымақтастығына түбегейлі әсер етпейді. «Ресей Батыс пен АҚШ-тың қыспағында тұрған қазіргі жағдайда Орта Азия мен Қапқаздағы ықпалын сақтау үшін күресуге мәжбүр. Арнайы әскери операция жалғасып жатқандықтан, біз осы өңірде аса мұқият, байқатпай әрекет етуге тырысамыз. Дегенмен, аймақтағы беделіміз үшін барымызды салып күресуіміз керек. Арнайы операцияның сәтті аяқталуы біздің…

Толық оқу
АҚШ Қазақстан

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен америкалық BETA Technologies компаниясы өкңлдері кездесті. Олар ақпараттық технологиялар мен электрлік авиация саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп жазады Ertenmedia.kz. Келісім пилоттық жобаларды іске асыру және электрлік ұшақтар, озық технологиялар мен интеллектуалды көлік жүйелері саласындағы инновациялық шешімдерді ілгерілету бойынша бірлескен жұмысты көздейді. – Қазақстан жаңа технологиялық бағыттарды жүйелі түрде дамытып, инновацияларды енгізуге қолайлы орта қалыптастыруда. BETA Technologies компаниясымен ынтымақтастық өңірдегі көшбасшылығымызды нығайтып, «ақылды» және экологиялық таза көлік шешімдерін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдеміз, – деп атап өтті ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі…

Толық оқу