Олжас Бектенов әкімдерге ескерту жасады. Вокзал мәселесі бақылаудан шығып барады, деп хабарлайды Ertenmedia. Үкімет басшысы бірнеше өңір әкімдерінің теміржол вокзалдарын жөндеу мен жаңғырту жұмысын тиісті деңгейде қадағаламай отырғанын сынады. Бектеновтің айтуынша, құрылыс жұмысын мерзімінде аяқтау үшін Үкімет барлық жағдайды жасаған. Әкімдіктерге ыңғайлы әрі тиімді шартпен мердігерлер таңдалып, биыл жұмысты бастап кетуге барлық мүмкіндік болған. Дегенмен, бірқатар облыста жұмыстың баяу жүргізілуі мен мерзімінен кешігу қаупі байқалып отыр. «Жетісу, Абай, Ұлытау, Ақмола және Ақтөбе облысындағы вокзалдарда жұмыстың дер кезінде аяқталмау қаупі жоғары. Маңғыстау облысындағы бір вокзалда жөндеу жұмысы жоспардан кешігіп жатыр. Алматы қаласындағы Алматы-1 вокзалын жаңғырту ісі созылып кетті. Мұның бәрі әкімдіктердің…
Автор: Асылхан Бөрібай
Тимур Турловтың Freedom холдингі виртуалды валюта нарығына аяқ басты, деп хабарлайды Ertenmedia. Freedom Holding Corp. Эстонияда тіркелген Wallet Solutions финтех-компаниясын толығымен сатып алмақ. Келісім құны 1,9 млн доллар. Қазан айында қол қойылған құжаттар бойынша мәміле аяқталуға жақын. Wallet Solutions компаниясы криптовалютамен операция жүргізу қызметін ұсынады. Freedom холдингі бұл қадам арқылы цифрлы қаржы өнімдерінің ауқымын кеңейтіп, қазіргі заманғы финтех нарығындағы орнын нығайтуды көздеп отыр. Forbes Kazakhstan журналында жарияланған дерек бойынша, Freedom-ның баспасөз қызметі мәміленің бар екенін растағанымен, оның егжей-тегжейіне қатысты қосымша ақпарат беруден бас тартқан. Тимур Турлов Freedom Holding Corp-тың негізін қалаушы әрі оның шамамен 70%-дық үлесіне иелік ететін мажоритар акционері.…
Алматы облысының Балқаш ауданында құтқарушылар жол апатынан кейін көлікте қысылып қалған жүргізушіні сыртқа шығарып, дәрігерлерге тапсырды. Құтқарушыларға Бақбақты ауылының маңында екі жеңіл көліктің соқтығысқаны туралы хабар түскен, деп жазады Ertenmedia.kz. Шақыру бойынша төтенше жағдайлар қызметінің мамандары оқиға орнына қысқа уақыт ішінде жетті. Алдын ала мәлімет бойынша, соқтығысу салдарынан көліктердің бірінің алдыңғы бөлігі қатты майысқан, жүргізуші орындықтан тұра алмай, темір конструкцияның арасында қалып қойған. Құтқарушылар алдымен жолдағы жағдайды бағалап, қосымша қауіптің жоқтығына көз жеткізді. Жанармай төгілу қаупі, от шығу қаупі және айналада адамдардың қауіпсіздігі назарға алынды. Одан кейін арнайы гидравликалық құралдар дайындалды. Мұндай құралдар көліктің майысқан бөліктерін жайлап ажыратуға, есікті немесе…
Сарқан қаласының тұрғыны, үш баланың анасы Райгүл Закарияқызы 25 жылдық сүт өнімдерін өңдеу тәжірибесін жаңа деңгейге көтерді. Ол баласының ұсынысымен бие сүтінің емдік қасиетін ескеріп, ұлттық тағам ерекшеліктеріне сай, ешқандай жасанды қоспасыз саумалдан балмұздақ жасап шығарды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Құрамында үй қаймағы мен табиғи бал бар, пайдалы әрі дәмді өнім! – Ежелден ата-бабаларымыз бие сүтінің жоғары емдік қасиетін білген. Сондықтан оны балалар тағамында пайдалану орынды деп есептеймін, – дейді Райгүл Закарияқызы. Райгүл өзінің жаңа өнімін «Бір ауыл – бір өнім» көрмесінде таныстырып, жартылай финалист атанды. Енді ол өндірісті автоматтандыру үшін мемлекеттік қолдау…
Түркістан қаласының ерекше мәртебе атануына орай ұйымдастырылған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі қорытындыланып, жеңімпаздар анықталды. Салтанатты марапаттау рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев арнайы қатысып, жеңімпаз және жүлдегер аудан, қала өнер ұжымдарын марапаттады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. – Биыл Түркістанның облыс орталығы атанғанына жеті жыл. Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Түркістанға ерекше мәртебе берілді. Бұл – біздің өңірге жүктелген мәртебелі міндет әрі жоғары жауапкершілікті талап ететін бастама болып отыр. Игілікті істердің жүзеге асуына мәдениет мамандарының да қосар үлес зор болмақ. Түркістанның туристтік әлеуетін арттыру, өңірдегі шығармашылық иелеріне қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі қала тұрғындары мен…
Жетісу ауданы қаланың жетекші өнеркәсіптік және сауда орталығының бірі ретінде өз позициясын жыл өткен сайын нығайтып келеді. Аудан әкімі Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 13,9%-ға өсіп, 320,8 млрд теңгеге жеткен. Экономикаға салған инвестициялар 93,8 млрд теңгені құрап, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ықпал етті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазір ауданда 572 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді, олардың 51-і үлкен және орта, 521-і шағын кәсіпорын. Олар Жетісу ауданының өнеркәсіптік әлеуетінің негізін құрап, жүздеген жаңа жұмыс орнын ашып отыр. Құрылыс саласында да өсім байқалады: біткен жұмыстың көлемі 44,5%-ға артып, 44,4 млрд теңгеге жетті. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің аумағы 15%-ға көбейіп, тұрғын үй құрылысының…
Алматы қаласында тұрғын үй аумақтарындағы жарықтандыруды жақсарту және қауіпсіз қала кеңістігін қалыптастыру жұмысы жалғасуда. Қала әкімі Дархан Сатыбалды Наурызбай ауданына барып, сәулеттік-декоративтік жарықтандыру және көркейтудің жаңа нысандарын қарады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алғаш болып Шұғыла шағынауданындағы «Арбат – Ұлықбек» жаңа жүргіншілер аймағы таныстырылды. Жоба көркейтуге арналған бюджеттік бағдарламалар (ХҚБ) аясында жүзеге асырылып, аудан тұрғындары үшін қолайлы және қауіпсіз қоғамдық кеңістік қалыптастыруға бағытталған. Аймақтың жалпы қашықтығы 370 метр. Мұнда жүргінші жолдары (2 мың куб. м) және велосипед жолақтары (1200 куб. м), балалар ойын алаңы, баскетбол алаңы, воркаут-аймағы және шағын амфитеатр орнатылған. Сондай-ақ шағын сәулеттік формалар, көше жиһазы, автоматты суару жүйесі және жарықтандыру…
Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбалды Әуезов ауданына жұмыс сапарымен барып, аулаларды көркейту, нарықты қайта жаңғырту және әлеуметтік медициналық нысан салу жобаларының жүзеге асу барысымен танысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жұмыс сапары 10-шағынаудандағы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында көркейтілген скверден басталды. Аумағы 3,89 гектар болатын жобаны аудан тұрғындары ұсынған. Жұмыс барысында 4,5 мың шаршы метрден астам кеспе тас төселді, 8,5 мың шаршы метр аумақ көгалдандырылды, 550 бұта және 30 ағаш отырғызылды. Сондай-ақ автосуару жүйесі, 83 жарықтандыру тірегі, 45 қоқыс жәшігі және 24 бейнебақылау камерасы орнатылды. Орындықтар мен ойын алаңдарының бір бөлігі қайта қалпына келтірілді. Бұдан кейін қала әкімі 4-шағынауданда орналасқан «Сарыарқа» базарының…
Үкімет отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы баяндады. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 10 айында 219,7 млрд теңгеге 3 миллионнан астам пациент тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген, деп жазады Ertenmedia.kz. Медициналық ұйымдарды үздіксіз жабдықтау үшін Бірыңғай дистрибьютор 21 млрд теңге сомасына төмендетілмейтін дәрі-дәрмек қорын құрды. Бұл қор медициналық ұйымдардың 2-3 айлық қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді және онкология, қант диабеті, қан ұюының бұзылуы, ағзалар мен тіндерді трансплантаттау және басқа да маңызды бағыттарды қоса алғанда, аурулардың негізгі топтарын қамтиды. «Созылмалы аурулардың бір бөлігін ТМККК пакетінен МӘМС-ке ауыстыруға қарамастан, барлық мемлекеттік кепілдіктер толығымен сақталады, қаржыландыру көлемі өзгеріссіз қалады. Тек…
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Еңбекшіқазақ ауданына жұмыс сапары мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Өңір басшысы облыстық басқарма басшыларымен және аудан әкімімен бірге ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар нысандарды аралады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сапардың алғашқы нысаны Балтабай ауылындағы «Baltabai Den» кәсіпорны болды. Мұнда жүгері дәндерін кептіру және консервілеу жүзеге асырылады. Өндірісте 30-ға жуық жергілікті тұрғын жұмыс істейді. Кәсіпорында төрт астық кептіргіш орнатылған, ал қабылданған жүгері дәндерінің көлемі 20 мың тоннаға жеткен. Шелек өңірінде әкімдік өкілдері инженерлік желілердің құрылысы мен қайта жаңарту жұмыстарының барысы туралы баяндады. Шелек ауылында ұзындығы 124 шақырым болатын су құбыры желісін салу аяқталуға жақын. Жобаның…










