Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов мәлімдеді. Ол атаулы әлеуметтік көмектің уақытша сипатқа ие екенін, оның басты мақсаты азаматтардың еңбекке белсенділігін арттыру екенін атап өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. – Атаулы әлеуметтік көмек бұл өмір бойы төленетін жәрдемақы емес, ол өмірінде қиындық болып жатқан отбасыға аяқтан қайта тұруға мүмкіндік беретін уақытша қолдау шарасы. Басты мақсатымыз жай көмек көрсету емес, азаматтардың еңбек етуіне және әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасау, – деді Бауыржан Жаубасов. Оның айтуынша, АӘК алу үшін отбасының еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысуға тиіс. Атаулы әлеуметтік көмек екі түрге бөлінеді. Біріншісі, шартсыз көмек –…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қазақстанда әлеуметтік желілерде «ЛГБТ-насихатына» тыйым салу туралы заң жобасын талқылау бойынша Мәжіліс депутаттарының бастамасын сынаған «Жұрттың баласы» арнасы авторының мәлімдемесіне қатысты қызу талқылау өрбіді. Желі қолданушылары жарияланған жазбаның астында автордың ұстанымын жаппай сынап, оны дәстүрлі құндылықтарды қорғауға қатысты қоғамдық сұранысты менсінбеуге тырысты деп айыптады. Өз жазбасында автор мұндай заңның қажеттілігіне күмән келтіріп, мемлекеттің «нақты проблемаларға» назар аударуы тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ ол бұл бастаманы «балаларды қорғау деген ұранмен жасалған манипуляция» деп бағалап, өзінің байқағаны бойынша «Қазақстанда насихат жоқ» екенін айтты. Алайда бұл пікір желі қолданушыларының өткір реакциясын тудырды. Көптеген қазақстандықтар автордың көзқарасын сынға алып, оны қоғамның моральдық және мәдени…
Мәжіліс депутаты Болатбек Әлиев Facebook парақшасында елдің даму жолына қатысты ой бөлісті. Ол өз жазбасында Қазақстанның эволюциялық жолмен дамып келе жатқанын атап өтті. Депутаттың айтуынша, қазір әлем жасанды интеллект пен цифрлық төлем сияқты жаңа шындыққа көшкен кезеңде өмір сүріп отыр. Осындай жылдам өзгерістер дәуірінде, кейде тоқтап, артқа қарап, қандай жолдан өткенімізді және қай бағытта келе жатқанымызды түсіну маңызды екенін айтты. – Мен кейде Үкімет мүшелерін сынаймын. Бірақ өсу – сынмен ғана емес, қоғамның еңбегімен келеді. Экономика өздігінен дамымайды, оны алға жылжытатын ауыл мен бизнес, өндіріс пен министрліктер. Соңғылары дұрыс «ойын ережесін» орната білсе, даму жалғасады, – дейді Болатбек Әлиев. Оның…
Армения саясатында күтпеген бұрылыс басталды. Никол Пашинян елдің көршілерге деген ұстанымын түбегейлі өзгертетін қадамға барды. Ол қоғамдағы Ресей қалыптастырған көзқарасты сынға алып, Армения халқының санасына сіңіп кеткен ескі үрейден арылу керектігін айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Тарихи тұрғыда Ресейдің ықпалына ұзақ жыл тәуелді болған армян қоғамы Түркия мен Әзірбайжанды үнемі қарсылас ретінде қабылдап келді. Енді Пашинян сол ұғымды бұзып, Кавказдағы жаңа дипломатиялық тепе-теңдік орнатуға талпынып отыр. Премьердің сөзі тереңде жатқан идеологиялық мәселелерге тікелей тиіп отыр. Арменияда ондаған жыл бойы КСРО кезінде қалыптасқан саяси құрылымдар мен арнаулы қызметтердің ықпалы сақталып келгені жасырын емес. Ресейдің «бауырлас ел» деген саяси риторикасының астарында Арменияны өз…
Көксу ауданында жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның қуатын арттыру және жаңа жобаларды қолға алудың арқасында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесі көтеріледі. Атап айтқанда, Көксу қант зауытын қайта жаңғыртудың нәтижесінде оның өңдеу қуаттылығы тәулігіне 5 мың тоннаға жеткізілсе, алдағы жылдарда құс етін өндіретін «Beles Agro KZ» ЖШС-нің қуаты жылына 15 мың тонна болатын инвестициялық жобасы жүзеге асырылады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Көксу ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылды. Ауданда ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруге үлес қосып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған үш ірі кәсіпорын бар. Атап айтқанда, оның алғашқысы бүгінгі…
Іле Алатауы жыл сайын мыңдаған адам баратын жер, бірақ тауға шыққанда қауіп әрқашан бірге жүреді. Кеше Қаскелең шатқалына барған бес адамнан тұратын туристік топ осындай жағдайды бастан өткерді. Топ құрамында балалар және жасы үлкен әйел болған. Серуен кезінде топтың бір жас мүшесінің жағдайы нашарлап, ауырып қалады. Тауда байланыс ұстамай қалған соң, топ жетекшісі қиын таңдау жасаған. Ақырында ол балалар мен қарт әйелді қауіпсіз жерге түсіріп, өзі құтқарушылардан көмек сұрауға мәжбүр болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары ақпаратты алған соң бірден сол аймаққа жетті. Алдымен төменге түскен топ мүшелерімен сөйлесіп, жағдайды нақтылап, координаттарды анықтады. Тауда іздестіру жұмысы…
Алматы облысында құрылыс сапасына қойылатын талап пен бақылау біртіндеп күшейіп келеді. Құрылыс басқармасы есептік кезеңде азаматтарды жеке қабылдауды жалғастырып, 42 тұрғынның өтінішін қарап, заңға сәйкес жауап берген. Осы уақыт ішінде 238 нысаннан құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама түскен, деп жазады Ertenmedia.kz. Сонымен қатар жоспардан тыс тексерулер жүргізілген. Сол тексерулердің нәтижесінде 70 нысан бойынша хаттама толтырылып, заң бұзушылықтар анықталған. 21 іс ауданаралық соттарға жіберілді, ал 49 құрылыс субъектісіне жалпы 28 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Яғни тек ескерту ғана емес, нақты қаржылық жауапкершілік қолданылып отыр. Құрылыс компаниялары үшін мұндай айыппұлдар – келесі жолы норманы сақтамаса, шығынға бататынын еске салатын белгі. Тексеру…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің білім саласын жаңа деңгейге көтеру үшін «Келешек мектептері» жобасына бастамашы болды. Осы бағытта Түркістан облысында білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуда жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бүгін Келес ауданы, Абай ауылында «Келешек мектептері» жобасы аясында 600 орындық мектеп ел игілігіне пайдалануға берілді. №65 жалпы білім беретін мектебінің ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, ұстаздар мен оқушыларды құттықтады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. – Бүгін Келес ауданындағы тағы бір қуанышты сәттің куәсі болып отырмыз. Баршаңызды заман талабына сай жаңа білім ордасының ашылуымен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен…
Түркістан облысы Келес ауданына қарасты Абай ауылында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында заманауи спорт нысаны салынып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров кешеннің ашылу салтанатына арнайы қатысып, келестіктердің қуанышымен бөлісті, деп жазады Ertenmedia.kz. – Бүгін Келес ауданында қуанышты сәттің куәсі болып отырмыз. Аймақта заман талабына сай жаңа спорт кешені пайдалануға берілуде. Баршаңызды осы ғимараттың ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауларында бұқаралық спортты дамыту мен халықтың денсаулығын нығайтуды басым бағыттардың бірі ретінде айқындап келеді. Президент тапсырмасына сәйкес облыс көлемінде спорт инфрақұрылымын жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде өңірімізде жаңа спорт нысандары бой…
Қазақстанда сиыр еті бағасының күрт қымбаттауына байланысты Ауылмин Айдарбек Сапаров түсініктеме берді, деп хабарлайды Ertenmedia. Министрдің айтуынша, ет бағасының шарықтауына сыртқы нарықтағы сұраныстың өсуі себеп болған. Қазір нарықтағы баға біртіндеп тұрақталып келеді. «Бұл сұраққа бірнеше рет жауап бергенмін. Сыртқы нарықтарда сұраныс күрт артып, баға аз-мұз көтерілді. Қазір жағдай тұрақталды», – деді Сапаров. Министр Қазақстан бойынша сиыр етінің орташа бағасы 3249 теңге екенін атап өтті. Ал нақты баға өнімнің сұрпына қарай әртүрлі деңгейде қалыптасып отыр. «Кеше де, бүгін таңертең де қызметкерлерді дүкен мен базарға жіберіп, жағдайды бақылап отырмын. Қолымда нақты суреттер бар. Баға 3,5–3,6 мың теңге көлемінде. Ал премиум санатындағы өнімдердің,…










