Бұрынғы джихадшы, Хайят Тахрир әш-Шам қозғалысының бұрынғы жетекшісі, бүгінде Сирияның уақытша президенті Ахмед аш-Шараа Ақ үй табалдырығын аттады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бір күн бұрын ғана АҚШ Мемлекеттік департаменті оның есімін террористер тізімінен алып тастаған болатын. Бұдан басқа БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі де санкцияны жұмсартты. Бұған дейін ешбір сириялық басшыға мұндай есік ашылмаған-ды. Сол есікті Ахмед аш-Шараа ашты. Ресми Вашингтон Сирияны қайтадан өңірлік ойынға кіргізуді көздеп отыр. Сирияның жаңа басшысы соны дер кезінде түсініп, айтқанға көніп отыр. Аш-Шараа 2010 жылдардың соңында әлемдік ақпараттың басты нысанасына айналып, Әбу Мұхаммед әл-Джулани деген есіммен танылған болатын. Сол кезде Батыс пен БҰҰ оны Сириядағы әл-Каида желісінің…
Автор: Асылхан Бөрібай
Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында қала әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым әлеуметтік көмектің тек қаржылық емес, сонымен бірге азаматтарды еңбекке тартуға бағытталғанын атап өтті. Соның бірі мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту және бейімдеу мақсатындағы «JOBCOACH» жобасы. Жыл басынан бері мегаполисте 1 620 адам жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысқан, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сонымен қатар, 34 мың қалалық инфрақұрылым нысанын бейімдеу үшін 2030 жылға дейін паспорттау жүргізілуде. Бұл процесті «Цифрлық инклюзия» платформасы арқылы бақылау қамтамасыз етіледі. – Әлеуметтік қызмет көрсету саласында 9 медициналық-әлеуметтік мекеме, 14 үкіметтік емес ұйым және аудандық әкімдіктердің 8 үйде қызмет көрсету бөлімшесі лицензияланған. Жыл сайын 7 мың қызмет алушы…
Алматыда аз қамтылған және әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету және арнайы әлеуметтік қызметтер ұсыну жұмысы жалғасып келеді. 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік қорғау саласында қала тұрғындарына 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде жәрдемақы рәсімдеу, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету және әлеуметтік қызмет көрсету бар. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz. Егде жастағы азаматтарға, ерекше қажеттілігі бар адамдарға (оның ішінде балаларға) және қиын өмірлік жағдайда қалған тұлғаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Жыл басынан бері шамамен 9 мың алматылық осындай арнайы әлеуметтік қызметтерді пайдаланды. Көмек…
Қазіргі заманда спорт әлеуметтік әділдіктің жаңа формасына айналуда. Бұл үрдіс әсіресе Ақмола облысында айқын байқалады. Мұнда әрбір азамат, ауыл баласынан бастап ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға дейін, спортпен айналыса алатындай жағдай жасалуда, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. – Біздің мақсатымыз спортты тек рекордтарды бағындырудың жолы ғана емес, өмірдің бір бөлігі ету. Ерекше қажеттіліктері бар адам да, ауыл баласы да, зейнеткер де өзін үлкен қозғалыстың бір бөлігі екенін сезінсін, – дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ардақ Төлендин. Бүгінде өңірдің 329 мыңнан астам тұрғыны, яғни халықтың 41,8%-ы жүйелі түрде спортпен айналысады. Олардың жартысына жуығы – ауыл тұрғындары. Бұл бұқаралық спортты және қолжетімді…
Air Astana әуе паркін жаңарту мақсатында Boeing-тен 15 дана 787 Dreamliner ұшағын сатып алатын болды, деп хабарлайды Ertenmedia. Әмерикалық компанияның ресми сайтындағы мәлімет бойынша келісім АҚШ-та өткен «С5+1» саммиті аясында бекітілген. Қазақстандық әуекомпания 15 дана Boeing 787-9 Dreamliner ұшағын сатып алып, алдағы онжылдықта Орта Азия мен Қапқазды Азия, Еуропа және Солтүстік Америкамен жалғайтын жаһандық бағыт желісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Келісім түпкілікті рәсімделген соң, Air Astana-ның тарихындағы ең ауқымды бір жолғы ұшақ сатып алу келісіміне айналады. Boeing компаниясының ақпаратына сәйкес, тапсырыстың арқасында Әмірика аумағында қосымша 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. «Осынау келісім Air Astana тарихындағы жаңа дәуірдің басталуы. Boeing…
Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы зауыттардың бірінен ұшатын көлік шыққаны туралы хбар тарауда, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл ақпараттан автокөлік пен авиация саласының шекарасы жойылып бара жатқанын байқадық. XPENG-тің еншілес Aridge компаниясы «Land Carrier» деп атаған көлігін сериялы өндіріске шығарса, ұшатын көлік туралы әңгіме фантастика жанрынан экономикалық жоспарлау деңгейіне өтетні сөзсіз. Қытайлық басылымдар зауыт толық қуатында жұмыс істегенде әр 30 минут сайын бір ұшатын көлікті конвейерден шығаратынын жазып жатыр. Зауыттың жылдық жобалық қуаты 10 мың дана, бастапқы кезеңде 5 мың. eVTOL бағытындағы өзге ойыншылар әзірше прототип пен шоу-үлгі деңгейінде жүргенін білеміз. Ал Арidge компаниясы ертерек қимылдап, 7 мың адамнан алдын ала тапсырыс қабылдап…
Алматы облысы билігі Іле ауданына қарасты Байсерке ауылындағы сібір жарасына қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ресми мәліметке қарағанда, Байсерке ауылдық округінің аумағында, «Транспетролеум» ЖШС-іне тиесілі жер телімінде сібір жарасымен ауырған малдың көмілімі орналасқан. Архив құжаттарына сүйенсек, 1958 жылы бір бас ірі қара, 1968 жылы екі жылқы осы жерде көміліпті. Яғни сөз болып отырған нысан ондаған жыл бұрын жасалған ветеринариялық көмілім. Осы объектінің айналасында радиусы 1000 метр санитарлық-қорғау аймағы белгіленген. Бұл шеңбер Байсерке ауылының бір бөлігін, сондай-ақ Талғар ауданына қарасты Кіші Байсерке ауылындағы кейбір жер телімдерін қамтиды. Дегенмен, облыс әкімдігі қазіргі кезде жергілікті тұрғындарды көшіру, үйлерді немесе басқа да нысандарды…
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне бұқаралық ақпарат құралдарынан түрлі бағыттағы сауалдар жиі келіп түседі. Соның бір парасы – кино саласына қатысты. Бұл отандық киноның дамуына халықтың бейжай қарамайтынын көрсетеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Кейінгі жылдары қазақ киносының отандық және шетелдік көрермендер арасындағы беделі артып келеді. 2024 жылы ғана қазақстандық фильмдер прокаттан 22 миллиард теңгеден астам табыс тапты. Соңғы бес жыл ішінде отандық фильмдер 300-ден астам халықаралық кинофестивальге қатысып, 177 марапатқа ие болды. Биыл Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері алғаш рет Канн қаласындағы әлемдегі ең ірі кинонарықтардың бірі – Marché du Film алаңында өз стендін ұсынды. Бұл – қазақстандық продюсерлер мен дистрибьюторлар үшін…
Жас кәсіпкерлер мен IT-мамандардың дамуына ерекше назар аударып отырғаны үшін Алматы облысының жас кәсіпкері Бағлан Бауыржанұлы Олжабаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді, деп жазады Ertenmedia.kz Alataunews.kz сайтына сілтеме жасап. Кәсіпкер өз сөзінде Президенттің бастамалары жаңа буын кәсіпкерлері мен инноваторлардың қалыптасуына зор серпін беріп отырғанын атап өтті. «Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Қазақстанның жаңа элитасын – жас кәсіпкерлерді, инженерлер мен IT-мамандарды дамытуға ерекше назар аударып келе жатқаныңыз үшін өз алғысымды білдіремін. Мен қазақстандық стартаптардың дамуына, инвестиция тартып, халықаралық деңгейге шығуына қолдау көрсететін Pul.vc венчурлік құрылымының негізін қалаушымын. Мемлекет пен кәсіпкерлердің бірлескен еңбегі арқылы Қазақстан инновациялар саласында өңірлік көшбасшы болатынына сенімдімін», — делінген…
Текелі қаласында қуаты 24 МВт болатын бу-газ қондырғысы орнатылды. Бұл жұмыстар «Текелі энерго кешені» ЖШС-ның жаңғырту және бу-газ қондырғысын салу жобасының 1-кезеңінің жоспарына сай атқарылды. Ал жобаның үш кезеңі толық іске асырылғанда мұндағы өндірілетін электр қуаты 53,0 МВт және жылу қуаттылығы 48 Гкал/сағ дейін ұлғатуға мүмкіндік туады. Текелідегі осы және басқа да қолға алынған жұмыстармен бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев танысып қайтты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Текеліге барған жұмыс сапарында өңір басшысы алдымен «Текелі энерго кешені» ЖШС-да болды. Жалпы, Текелі ЖЭО-2 (электр-жылу орталығы) – қаланың тұтынушыларын жылумен қамтамасыз ететін жалғыз жылу көзі, сонымен қатар облыс аумағындағы электр энергиясын өндіретін негізгі база…










