Жаңа оқу жылын Ордабасы ауданы, Ақбұлының ауылының оқушылары “Келешек мектептері” бағдарламасы аясында салынған жаңа білім ордасымен бастады. Ұлттық жоба арқылы бой көтерген мектеп аудандағы ыңғайластырылған қос мектептің мәселесін шешті, деп жазады Ertenmedia.kz. “Болашақ” мектебі 2007 жылы асар тәсілімен салынды. Ол кезде 6 бөлмеден тұратын білім ұясында 1-9 сынып аралығында 200-ге жуық бала білім алатын. Жоғары сынып оқушылары 3,5 шақырым қашықтықтағы көрші ауылға тасымалданып оқитын. Сонымен қатар 2,5 шақырым жердегі саманнан 1969 жылы салынған “Қарабастау” бастауыш мектебінде жүзден астам бала білім алатын. 2023 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алында “Келешек мектептері” бағдарламасы арқылы жаңа еңселі мектеп салынып, 2025 жылдың…
Автор: Асылхан Бөрібай
Сиыр етінің күрт қымбаттауының себебі неде? Экс-министр Асылжан Мамытбеков мәселенің мән-жайын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Ertenmedia. Соңғы кезде елдегі сиыр еті бағасының күрт көтерілуі жұрттың қалтасын қағып, биліктің басын ауыртып тұр. Бір жыл бұрын келісі 2500-3000 теңгеден сатылған ет биыл тамызда 4500-5000 теңгеге дейін өсті. Мамандар бұған әртүрлі себеп іздеп әлек. Бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі, қазір Қазақстанның ет одағының басшысы Асылжан Мамытбеков бағаның шарықтауына қатысты өз сараптамасын ұсынды. Алдымен статистикаға назар аударсақ: 2011 жылы Қазақстан шетелге ет экспорттаған жоқ. 2019 жылы елде 286 мың тонна ет өндірілсе, соның 63 мың тоннасы (22%) сыртқа сатылды. 2024 жылы ел 430 мың тонна…
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстандағы «Лукойлдың» активтеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ertenmedia. Ресейлік «Лукойл» компаниясы АҚШ-тың президенті Дональд Трамп енгізген санкциялардың салдарынан шетелдегі активтерін сатуға мәжбүр. Бұған дейін корпорация өзіне тиесілі бірқатар активтерді Gunvor тобына өткізу туралы алдын ала келісім жасаған болатын. Бірақ Қазақстандағы активтердің белгілі бір бөлігіне «ҚазМұнайГаздың» иелік етуі мүмкін екені айтылуда. Мұндай жағдайда ұлттық компанияның активтерді сатып алуға басым құқығы бар. 4 қарашада «ҚазМұнайГаз» осы мәселе бойынша ресми мәлімдеме жасап, қазіргі уақытта «Лукойлмен» бірлескен жобалардың барлық қатысушылары ықтимал тәуекелдерді жан-жақты саралап жатқанын айтты. Сараптама барысында құқықтық, қаржылық және техникалық мәселелер терең қаралуда. Дегенмен, ұлттық компания мәміленің нақты…
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Ведомство басшысы вегетация кезеңінің қорытындысы жайлы айтып, өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен министрліктің алдағы жоспарлары туралы баяндады, деп жазады Ertenmedia.kz. 2028 жылға дейінгі су саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес, Жамбыл облысында 10 жаңа су қоймасы салынып, жұмыс істеп тұрған 3 су қоймасы реконструкциядан өтеді. Сондай-ақ 45 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізу жоспарланған. Министрлік келесі жылы Ақмола және Қалғұты су қоймаларының құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар Теріс-Ащыбұлақ және Қарақоңыз су қоймалары реконструкциядан өтеді. Ал облыс әкімдігі 7 жаңа су қоймасының жобалау-сметалық құжатын әзірлеумен айналысып жатыр. Жиында…
Семейдегі колонияда отырып, жұртты джихадқа шақырған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ertenmedia. Тергеу материалдарына сай, ол жазасын №20 түзеу мекемесінде өтеп жатқанда WhatsApp пен Telegram арқылы экстремистік сипаттағы видеолар мен жазбаларды таратқан. «Таратылған материалдарда қарулы джихадқа шақыру, террорлық әрекеттерді ақтау және өзге дін өкілдеріне қарсы үгіт-насихат анықталды. Сараптама нәтижесінде материалдардың зорлық-зомбылық пен дінаралық өшпенділікті насихаттайтыны расталды», – делінген сот мәлімдемесінде. Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы 2-бөлігі («Байланыс желілерін пайдалана отырып терроризмді насихаттау») бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға қатаң режимдегі түрмеге кесілді. Бұрын өтелмеген жазасы ішінара қосылып, жалпы мерзім 10 жыл болып белгіленді. Үкім әлі заңды күшіне енген…
Отбасының цифрлық картасын (бұдан әрі – ОЦК) енгізудің нәтижесінде 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін 435,5 мың адамға SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте 231,2 мыңнан астам адам өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін пайдаланып үлгерді. Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады. Бүгінде онда Қазақстанның 20 млн азаматы немесе 6,2 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған. ОЦК енгізудің басты мақсаты – қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты ҚР Әлеуметтік кодексінде Отбасының цифрлық картасы әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіленген.…
«AMANAT» партиясы азаматтарға қолдау көрсетудің кешенді жүйесін іске қосты. Бұл жүйе ел азаматтарының әлеуметтік, экономикалық, еңбек және білім беру бағытындағы күн сайынғы мәселелерін шешуге арналған деп жазады Ertenmedia. Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен жиында «Қарызсыз қоғам», «Әкімдер мектебі» және «Ауыл аманаты» партиялық жобаларының нәтижелері мен мүмкіндіктері талқыланды. Бүгінде жүздеген мың ел азаматы партияның бірыңғай сервистік моделімен қамтылып отыр. Президент азаматтардың қарызға белшеден батуына қатысты мәселеге үнемі назар аударып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өтіп, оның түпкі мақсаты – халықтың мойнындағы қарызын азайту ғана емес, азаматтардың табысы тұрақты болуын қамтамасыз…
Бүгін Ғылым ордасында «Қазақстанның ғылым мен мәдениет тарихының үш алыбы: “Әл-Фараби – Шоқан – Абай” руханият тәрбиесінің темірқазығы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция ғылым мен өнер тоғысындағы ұлт руханиятының үш ірі тұлғасы – әмбебап ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің (1155 жыл), көрнекті ағартушы, ғалым және этнограф Шоқан Уәлихановтың (190 жыл) және қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбайұлының (180 жыл) мерейтойларына арналды. Іс-шара «Қазақстанның қолжазба мұрасы: реестрлеу, реставрациялау, ғылыми каталогтау, цифрландыру және кешенді кодикологиялық зерттеу» бағдарламасы мен «Әл-Фараби трактаттарындағы педагогикалық мұраларын қазіргі білім жүйесіне кіріктірудің ғылыми-әдістемелік негіздері» жобасы аясында ұйымдастырылды. Конференция жұмысына «Ғылым ордасы» РМК бас директорының орынбасары Азамат Нұршанов,…
Елімізде қолға алынған «Келешек мектебі» ұлттық жобасы қазіргі заманның ең маңызды әлеуметтік бастамаларының бірі саналады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен іске асырылып жатқан бұл жоба білім беру жүйесін жаңаша деңгейге көтеруге бағытталған кешенді бағдарлама. Жобаның мақсаты ауыл мен қала арасындағы білім сапасындағы айырмашылықты жою, апатты және үш ауысымды мектептерді жою, балаларға лайықты орта қалыптастыру. Енді Қазақстанның әр түкпіріндегі оқушылар бірдей жағдайдағы жаңа мектептерде білім алуға мүмкіндік алады. 2025 жылдың соңына дейін елімізде 217 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр. Бұл 460 мың балаға жаңа орын ашуға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде олардың басым бөлігі пайдалануға беріліп, заманауи жабдықтармен қамтылған. Мұндай мектептерде оқу бөлмелері…
Бүгінде республика бойынша астық жинау маусымы толығымен аяқталыпты. Нәтижесінде 16 мың гектар алқаптан гектарына 17 центнер орташа өнімділігімен 27 млн тонна астық қамбаға құйылған. Бұл жөнінде Үкімет отырысына Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтып берді. Яғни, 2025 жылғы егін жинау науқанының қорытындысын жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz. Биыл елімізде бидай 12, 2 млн гектар аумақтан жиналып, 20 млн тоннасы бастырылды. Бұл былтырмен салыстырғанда жарты миллион тоннаға көп. Егіс алқаптарын әртараптандыру нәтижесінде бидайдың егіс көлемі шамамен 900 мың гектарға қысқарғанымен өндіріс көлемі азаймай, керісінше артқан. Бұл – озық агротехнологиялардың тиімділігін тағы да дәлелдеп отыр. Сонмын қатар биыл 4 млн тоннаға жуық арпа…










