Қазақстан уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы саналатынын осыған дейін ақпарат көздерінен оқып немесе естіген шағарсыз. Дәл осы бағыт ел экономикасында жетекші орынға шығып келеді. Сол секілді цифрландыру, астық өндірісі, мыс өндірісі де заманға қарай алдыңғы қатарға шығып келеді. Уран бойынша әлемдік өндірістің 39% бізге тиесілі Мақаланы ураннан бастаған соң, алдымен сол жайында айтайық. 2024 жылы елде 23 270 тонна табиғи уран өндіріліп, бұл әлемдік өндірістің шамамен 39% құраған. Елдің жетекші ұлттық компаниясы «Kazatomprom» Лондон және Астана биржаларында листингтелген. Бұл саланың ашықтығын, корпоративтік басқару сапасын және инвесторлардың сенімін арттырады. Экономикалық зерттеулер институты Макроэкономикалық зерттеулер және болжамдау орталығының аға сарапшы Рамазан…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қазақ даласында мал шаруашылығына қолдау көрсетіліп, түрлі тұқымдағы ірі қара көбейді. Әр аймақтағы малдың өз ерекшелігі бар. Мәселен, оңтүстік-шығыстағы сиырлар ірі болса, қуаңшылық жерлердегі малдың тұрқы шағын әрі суыққа төзімді келеді. Осы тұста қазақ ақбас сиырының өзге тұқымдардан артықшылығы айқын байқалады, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақтың ақбас сиырының тарихы 1930 жылдардан басталады. Бұл тұқым қазақ және қалмақ сиырларын герефорд бұқаларымен будандастыру нәтижесінде пайда болған. Ерекше тұқым негізінен Қазақстан даласында көп кездеседі. Оның басты артықшылығы – еттілігі әрі жайылым талғамайтындығы. Жем-шөбі жеткілікті болса, тез арада ет жинап, өнімділігі артады. Бұқасының салмағы 850-900 келіге, аналықтары 450-500 келіге дейін жетеді. Қазір елімізге шетелден асыл…
Әлеуметтік-экономикалық даму мен азаматтардың тұрмыс сапасы – егіз ұғым. Биылғы жеті айда ел экономикасының өсімі 6,3 пайызға жетті. Сарапшылар мұны тұрақты даму белгісі деп бағалайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Экономикалық көрсеткіштер халықтың тұрмысына қалай әсер етуде? Біз осы сұрақ төңірегінде сарапшылар пікіріне сүйеніп, нақты деректермен тереңірек талдап көрдік. Тұрмыс сапасының жақсаруы нақты қандай өзгерістерден байқалады? Кейінгі жылдары ел тұрғындарының өмір салты, тұтыну мәдениеті айтарлықтай өзгерді. Мысалы, ішкі туризм көрсеткіші 40 пайызға артып, жылына 10,5 миллион адамға жеткен. Шетелдік туристердің саны да үш есеге көбейіп, қазір 1,19 миллион адамды құрайды. Экономиканың тағы бір көрсеткіші – көлік саласы. Әуе тасымалы жолаушыларының саны 14,4…
Шанхайда Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбалды мен Шанхай мэрі Гун Чжэн жұмыс бабымен кездесті. Тараптар екі мегаполистің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылының негізгі бағыттарын талқылады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шанхай мэрі Алматының серіктестікті дамытудағы маңызды торап екенін атады. Ол биыл Шанхайда өткен China International Import Expo халықаралық көрмесіне алматылық кәсіпорындардың қатысуының маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, Алматы компанияларының өнім ұсынуы ынтымақтастықты тереңдетуге деген қызығушылықтың арта түскенін көрсетеді. Гун Чжэн сонымен қатар өнеркәсіптік және инновациялық байланысты дамыту қажеттілігіне сенім білдіріп, қалалар арасындағы экономикалық қатынастарды кеңейтуге зор әлеует бар екенін айтты. Дархан Сатыбалды Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы бұрын-соңды болмаған жаңа, жоғары деңгейге көтерілгенін…
Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбалды Қытай Халық Республикасына жұмыс сапармен барды. Әкім Қытайдың ең ірі көпсалалы компанияларының бірі «Yuexing Group» корпорациясының өндірістік және іскерлік кешенімен танысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қытайдың озық жекеменшік компанияларының қатарына кіретін «Yuexing Group» ұлттық нарықтағы ең ірі қатысушылардың бірі. 35 жылдан астам уақыт ішінде компания жиһаз өндірісі, бөлшек сауда, девелопмент, қонақ үй бизнесімен айналысады. Бұдан басқа түрлі бағыттарды біріктіретін әртараптандырылған бизнес құрылымын қалыптастырған. Кездесу барысында Дархан Сатыбалды екі тарап арасындағы өзара іс-қимылдың зор әлеуеті бар екенін атап, корпорацияның Алматыда ауқымды жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін жоғары бағалады. – Алматыда біз өндірісті орналастыруға қажетті барлық инфрақұрылымы бар Индустриялық…
1998 жылы дүниеге келген астаналық пара спортшы Ақназар Муталипов мұны өз тәжірибесінде дәлелдеді. 2018 жылы темір жолда жұмыс істеп жүргенде ол ауыр өндірістік жарақат алып, бір қолы мен бір аяғынан айырылды. Бірақ бұл жағдай оның өмірге деген құлшынысын тоқтата алған жоқ. Бүгінде Ақназар – пара жүзуден Астана қаласының спортшысы, ел мақтанышы. 2024 жылы ол Таразда өткен ел чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, VII Спартакиадада күміс жүлдегер атанды. Ал биыл Балқаш көлін бір жағасынан екінші жағына дейін 20 шақырымды 13 сағатта жүзіп өтіп, Әлемдік рекордтар кітабына енді. Бұған дейін Бурабай көлін 2,5 сағатта жүзіп өткен болатын. Қайсар мінезі мен мықты рухының…
Әуезов ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны орнықты. Өткен жылы шағын және орта бизнес нысындарының саны 7 пайызға өсіп, 57,1 мыңнан 61 мыңға жеткен еді. Бұл өз кезегінде 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Аудан экономикасына 82 миллиард теңге инвестиция тартылды, бұл қалалық жалпы көлемнің 5,8 пайызы деген сөз. Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев осылай деп мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Әкімнің айтуынша, шағын және орта бизнес — аудан экономикасының негізгі қозғаушы күші. Ауданда қазір 12 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Биылғы жылдың басынан бері олар 83 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Жыл соңына дейін…
«Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдастырған «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Жылға, Шеңгелді, Бадам, Игілік және Састөбе ауылдарының тұрғындарына тегін медициналық және заңгерлік көмек көрсетеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Пойыздың кестесіне сәйкес: Жылға ауылында – 6-8 қараша, Шенгелдіде – 9-10 қараша, Бадамда – 11-12 қараша, Игілікте – 13-14 қараша, ал Састөбеде – 15 қараша күндері жұмыс істейді. Бұған дейін пойыз Екпінді, Бесарық, Шойтөбе, Күншағыр және Тимур ауылдарының тұрғындарын қабылдап үлгерді. Барлық медициналық қызметтер тегін көрсетіледі. Көмекті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруы жоқ азаматтар да ала алады. Қабылдауды 29 дәрігер жүргізеді. Негізгі бағыттар: терапия, хирургия, педиатрия, кардиология, неврология, оториноларингология, офтальмология, стоматология, гинекология, урология, функционалдық диагностика, рентген және…
Цифрлық дәуірдің мүмкіндігін тиімді пайдаланған Қазақстан бюджетіне әлемдік IT-компаниялардан түскен қаржы 118,4 млрд теңгеге жетті деп жазады Ertenmedia. 2022 жылы енгізілген «Google салығы» аясында бүгінде елімізде 118 шетелдік компания тіркелген. Олар қазақстандық пайдаланушыларға көрсеткен қызметі үшін 12% мөлшерінде ҚҚС төлеуге міндетті. 2025 жылы тағы 20 компания тіркеліп, олардың арасында ChatGPT әзірлеушісі OpenAI, дизайн саласында әйгілі Canva, Microsoft Ireland Operations, танымал шахмат платформасы Chess.com және Canyon Bicycles спорттық велосипед өндірушісі бар. Биыл бюджетке осы компаниялардан түскен салық көлемі 48,6 млрд теңгені құрап, өткен жылдан 20 млрд теңгеге артқан. Цифрлық салықты төлеуден көш басында тұрған компаниялар: Valve Corporation (Steam) 8,6 млрд теңге;…
АҚШ Мемхатшысы Марко Рубио келесі жылы Астанаға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Ertenmedia. МемДеп-те Орта Азияның Сыртқы істер министрлерін қабылдаған Рубио Әміриканың аймаққа қатысты ұзармерзімді жоспарымен бөлісті. «Алдағы жылы Орта Азиядағы бес елдің барлығын аралап шығамын. Сапар бір аптаға, бәлкім одан да ұзақ мерзімге созылуы мүмкін», – деді ол. Айтуынша, Уашингтонның өңірге қатысты ұстанымы мен саясаты өзгеру үстінде. Ұзақ уақыт бойы тасада қалып келген Орта Азия әзір Ақ үйдің ұлттық мүдделерімен тығыз қабысады. «Экономикалық өсім, тұрақты дамуға келгенде аймақ елдері мен АҚШ-тың мүддесі үйлеседі. Жер қойнауындағы қазба байлықты сіздермен бірлесе игеріп, осы процеске барынша атсалысуға әзірміз», — деген Рубио әмірикалық…










