Автор: Асылхан Бөрібай

Елімізде инвесторлардың құқықтық жағынан қорғалуы мен кепілдіктері заңнамалық тұрғыда күшейді. Бұл – мемлекеттің халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тұрақты бизнес орта қалыптастыруға ұмтылысын көрсетеді. Келешекті ойласақ, инвесторлардың құқығын қорғау және құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бей-жай қарауға болмайды. Өйткені, сот жүйесінің ашықтығын арттыру, әкімшілік кедергілерді азайту және сыбайлас жемқорлықпен жүйелі күрес жүргізу шаралары инвестициялық климаттың жақсаруына және институционалдық сенім деңгейінің артуына ықпал етеді. Экономикалық зерттеулер институтының Сауда және инвестициялық саясатты дамыту орталығының сарапшысы Жанара Берікқызының айтуынша, бүгінде Қазақстан инвесторларға маңызды қолдау тетіктерін ұсынып отыр. Инвестициялық келісімшарттар, инвестициялар туралы келісімдер, арнайы экономикалық аймақтар түрлі салықтық және кедендік жеңілдік береді. «Қазақстан инвестициялық климатты…

Толық оқу
Сабан той

Алматы облысының Райымбек ауданында жұмысшы мамандықтар жылы аясында «САБАН FEST – 2025» атты еңбек мерекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Фестиваль ауыл еңбеккерлерін ынталандырып, ауыл шаруашылығы саласында жетістікке жеткен үздіктердің еңбегін дәріптеуге арналды. Іс-шара аясында асылтұқымды мал мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылып, аудан шаруаларының еңбегінің нәтижесі көпшілікке паш етілді. Сонымен қатар, үздік еңбеккерлер түрлі аталымдар бойынша марапатталды. «Үздік механизатор», «Үздік малшы», «Егін және мал шаруашылығының үздігі» номинациялары бойынша жеңімпаздарға құрмет көрсетілді. Күздің соңғы күнінде өткен фестивальдің өткізу орны ретінде Райымбек ауданының таңдалуы кездейсоқ емес. Себебі бұл өңір мал және егін шаруашылығын қатар дамытып отырған аграрлы аймақтың бірі. Биыл аудан шаруалары 2300…

Толық оқу

Инвесторлар Қазақстанның өнеркәсіп және логистика саласына салынған инвестицияларды арттыруда Қазақстан инвестициялық дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – ел экономикасы біртіндеп шикізаттық модельден технологиялар, өңдеу өндірісі және тұрақты өсімге негізделген экономикаға өтуде. Бұл трансформацияның өзегінде Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті мен «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы тұр. Олар инвесторлар үшін «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін бірыңғай оператор әрі елдің инвестициялық саясатын іске асырушы негізгі құрылым болып саналады. Соңғы үш жылда Қазақстан 69 млрд АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестиция тартты, оның шамамен 20%-ы өңдеу өнеркәсібіне бағытталған. Салыстырмалы түрде, 2019 жылы бұл көрсеткіш 14% болған. Бұл ел экономикасының біртіндеп әртараптандырылып, шикізаттық тәуелділіктің…

Толық оқу

Әлібек Қуантыров: Біздің мақсатымыз – Қазақстанның өңірлік хаб ретіндегі мәртебесін нығайту Бүгін Астанада KGIR‑2025 алаңында «Логистикалық трансформация және болашақтың азық-түлік жүйесі: Қазақстанның тұрақты өсуінің жаңа драйверлері» тақырыбында екінші панельдік сессия өтті. Бұл сессияны модератор ретінде Astana International Financial Centre басқарушысы Ренат Бектұров жүргізді. Қатысушыларға құттықтау сөзін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров жолдады. Спикерлер қатарында халықаралық және отандық компаниялардың өкілдері болды, соның ішінде: ·        Жером Буайе (Alstom) ·        Нұржан Марабаев (Semurg Invest) ·        Вячеслав Мальцев (Carlsberg) ·        Азамат Конратбаев (PwC Қазақстан) ·        Мэтью Сейгерс (S&P Global) ·        Ли Чан Ук (RETD) ·        Михеил Нибладзе (Cerberus Frontier) Қазақстан Республикасының…

Толық оқу

Қазақстан қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Алматыда Ресей қорғаныс ведомствосының басшысы Андрей Белоусовпен кездесті, деп хабарлайды Ertenmedia. Кездесу ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрлері кеңесінің 85-ші отырысы аясында өтті. Екі елдің қорғаныс министрлері өңірлік қауіпсіздік, әскери кадрлар даярлау және әскери-патриоттық тәрбие мәселелерін талқылады. Тараптардың пайымдауынша, келіссөз қорытындысы Қазақстан мен Ресей арасындағы қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы стратегиялық әріптестікті тереңдете түседі. Кездесу соңында Қазақстан мен Ресейдің қорғаныс ведомстволары 2026 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды. Министр Дәурен Қосанов биыл жазда Қазақстанда өткен «Айбын» әскери-патриоттық жиынын ұйымдастыруда Ресей тарапы көрсеткен қолдауға алғыс білдірді. Айта кетерлігі, шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес…

Толық оқу

Министрлік «Сюцайды» псевдоғылымға жатқызып, елді сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Ertenmedia. Мәдениет және ақпарат министрлігі депутат Айдос Сарымның сауалына жауап қатып, қоғамға қауіпті, эзотерикалық әрі жалған психологиялық ұйымдардың қызметіне тосқауыл қою жалғасатынын мәлімдеді. Вице-министр Қанат Ысқақовтың айтуынша, алаяқтық сипаттағы әрі деструктивті бағыттағы ұйымдардың ықпалын болдырмау үшін медиакеңістік мұқият сүзгіден өтіп, діни сараптама жүргізілуде. «Жыл басынан бері интернет-алаяқтық белгісі бар 7964 материал анықталды. Нәтижесінде 6087 сайтты бұғаттау туралы 179 нұсқама шығарылып, әлемжелі әкімшіліктеріне 145 хабарлама жолданды», – дейді вице-министр. Ел арасында кең тараған «Сюцай» қозғалысының материалдарына 2023 жылдың қыркүйегінде діни сараптама жасалған. Қорытындысында оның дінге еш қатысы жоқ екені анықталған. «Өзін…

Толық оқу

Келесі жылы доллар бағамы 600 теңгеден асып түсуі мүмкін, деп хабарлайды Ertenmedia Halyk Finance сарапшыларына сілтеп. Қыркүйектің соңында доллардың бағамы 549 теңге болған. Бір айдың ішінде ұлттық валюта шамамен екі пайызға құлдырады. Соңғы күндері теңге сәл-пәл нығайғанымен, сарапшылар қуануға әлі ерте деп отыр. «Теңгенің әлсіреуіне сыртқы себеп жоқ еді. Мұнай бағасы 69 доллар шамасында тұрақтады, экспорт көлемі де өсті, доллар индексі төмен күйде қалды. Бірақ соған қарамастан ұлттық валюта тәлтіректеп тұр», – дейді қаржыгерлер. Доллар бағамы 530 теңгеден сәл төмендегенімен, жыл соңына қарай қайта көтеріліп, 550-560 теңге аралығында тұрақтайды. Ал 2026 жылы теңгенің жағдайы қиындауы мүмкін. «2026 жылы доллар бағамы…

Толық оқу

Елімізде қант қызылшасын қабылдау және өңдеу науқаны жалғасуда. Бүгінгі күні Жетісу мен Жамбыл облыстарында орналасқан кәсіпорындар 225 мың тоннадан астам қызылша қабылдады. Атап айтқанда, Көксу қант зауытында өнімді қабылдау үрдісі тәулік бойы жүргізіледі. Кәсіпорын аумағында 4 түсіру техникасы мен 4 автотаразы жұмыс істеп тұр, бұл жеткізілген шикізатты үздіксіз қабылдауды қамтамасыз етеді. Зауыттың зертханасы жедел талдау жасап, қызылшаның сапасын бақылайды, ал өнімді сақтау үшін жалпы аумағы 9 гектар болатын қант қызылшасын үйіп сақтау алаңы дайындалған. Зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 200–230 мың тонна қызылшаны құрайды. Бүгінде 69 мың тоннадан астам тамыржеміс қабылданды. Ақсу қант зауыты 92 мың тонна, ал Меркі қант зауыты…

Толық оқу

Мемлекет басшысы «Қазақстан – академиялық білім аймағы» халықаралық стратегиялық серіктестер форумына қатысып отыр Форумда үздік шетелдік университеттердің жетекшілері, халықаралық рейтинг және аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері бас қосты. Атап айтқанда, Quacquarelli Symonds компаниясы, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты, Бейжің тіл және мәдениет университеті, Кардифф университеті, Вусонг университеті, МИФИ, Минерва университеті және басқа да жетекші жоғары оқу орындары бар.

Толық оқу

Қазақстанның Мұнай-газ кеңесі (PetroCouncil) елдегі мұнай-газ химиясы жобаларын жүзеге асыруда шетелдік компаниялардың демпингке жиі жол беруіне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia. Әсіресе, Қытайдан келген мердігерлердің нарықтағы үлесі ұлғайып, жергілікті кәсіпорындарды шеттетіп жатқанына назар аударған кеңес Үкіметтен отандық бизнесті қорғауды сұрады. PetroCouncil ұйымының құрамына 150-ге жуық қазақстандық мұнай-сервис, инжиниринг және өнеркәсіп кәсіпорыны кіреді. Олар премьер Бектеновке ресми хат жолдап, мәселені реттеудің кешенді шараларын ұсынды. Соңғы жылдары Қазақстанның мұнай-газ химиясы саласындағы ірі жобаларға шетелдік, оның ішінде қытай компанияларының қатысуы күрт көбейген. Ұйым сарапшыларының сөзінше, олар қызмет бағасын нарықтағы орташа құнынан 60-70 пайызға төмен ұсынып, демпингті күшейткен. Соның салдарынан жергілікті компаниялардың тапсырыс алу…

Толық оқу