Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Желідегі қауым ЛҒБТ туралы біртүрлі пікір білдірген «Жұрттың баласы» арнасының авторына бойкот жариялап жатыр, деп жазады Ertenmedia. Бұған дейін Мәжіліс депутаттары «ЛҒБТ-ның үгіт-насихатына тыйым салу туралы» заң жобасын ел назарына ұсынған. «Жұрттың баласы» атты Youtube арнаның авторы Мұрат Данияр әлгі бастамаға күмән келтіріп, «мемлекет шынайы мәселеге көңіл бөлуі керек» деген сыңаржақ пікір білдірген екен. Ол депутаттардың әрекетін «балаларды қорғау деген желеумен жасалған манипуляция» деп бағалап, «Қазақстанда мұндай насихат мүлде жоқ» деп отыр. «Әлемде ЛҒБТ насихатына тыйым салатын заң санаулы елде ғана бар. Мәжілістің 15 депутаты талқыға салып отырған заң жобасы мемлекеттің өзін қысым мен кемсітудің ошағына айналдыратын түрі бар. Әрине,…

Толық оқу

Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданында ауыл оқушыларын мектепке тасымалдау мәселесі біртіндеп шешіліп келеді, деп хабарлайды Ertenmedia. Шалғайдағы шағын елді мекендерде білім алудың қолжетімділігі мен балалар қауіпсіздігі аймақтағы басым бағыттың бірі. Өйткені мұнда кейбір ауылдар мен мектептің арасы бірнеше шақырымға дейін жетеді. Бұрын балалардың білімге ұмтылған жолы жаяу немесе жолай көлікпен жалғасса, бүгінде бұл көрініс өткен күннің еншісінде қалған. Қазір аудандағы 65 мектептің 51-і орта, 6-уы негізгі, 8-і бастауыш мектеп санатына жатады. Орта мектебі жоқ ауылдардағы балалар көрші елді мекендегі білім ошақтарына жеткізіледі. Жамбыл аудандық білім бөлімінің бас маманы Светлана Сүлейменованың айтуынша, бүгінде аудандағы 12 мектепте арнайы тасымал қызметі жолға қойылған.…

Толық оқу

Алматы облысында төтенше жағдай кезіндегі дайындықты тексеруге арналған радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс бойынша тактикалық оқу-жаттығу өтті. Жаттығуға Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері, Ұлттық ұланның бөлімшелері және облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мамандары бірігіп қатысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Сценарий шартты түрде радиациялық немесе химиялық заттың таралуын моделдеуге негізделді. Алдымен әскери мамандар жағдайды барлап, ластану ауқымын бағалау міндетін өз мойнына алды. Арнайы қорғаныс костюмдері мен өлшеу құралдарын қолдана отырып, олар қауіпті аймақты белгілеп, шектеу сызығын қойды. Бұл кезеңде Ұлттық ұлан қызметкерлері аумақты қоршап, бөгде адамдардың кіруін тоқтатуға бағытталған жұмыс атқарды. Қауіпсіздік периметрін құру – осындай оқиғаларда ең бірінші кезекте орындалатын шаралардың бірі. Денсаулық…

Толық оқу
Сабан той

Мемлекет басшысының жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Осыған байланысты Үкімет арнайы ұлттық жоспар әзірлеп, ауыл шаруашылығы саласының мамандарына жан-жақты қолдау көрсетуде, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгінгі күні аграрлық сала мамандары тұрғын үй субсидиясын, жас мамандар жалақы субсидиясын, сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие ала алады. Бұл шаралар ауылдағы еңбек адамдарын қолдауға, аграрлық салаға деген қызығушылықты арттыруға және ауылдық жерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған. Жуырда Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің қатысуымен өткен Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші республикалық форумында еліміздің түкпір-түкпірінен келген 107 ауыл еңбеккері марапатталды. Оның ішінде 79 адам – тікелей жұмысшы мамандықтардың өкілдері. Бұл ауыл еңбеккерлерінің қоғам алдындағы…

Толық оқу
ауыл

Бүгінде ауыл шаруашылығы саласы экономикалық өсімнің нақты драйверіне айналып отыр. Шарулар мемлекеттік қолдау, жаңа технологиялар мен ғылыми тәсілдердің шараптын көріп келеді. Көл-көсір жұмыстың арқасында еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі мен экспорттық әлеуеті артып, өңірлік аграрлық көшбасшы ретінде беделі беки түсті. Биыл егін жинау науқаны еліміздің аграрлық саласы үшін ерекше табысты жылдардың бірі болды деп айта аламыз. Себебі маусым рекордтық көрсеткішпен есте қалды. Дәнді дақылдардың орташа өнімділігі гектарына 17 центнерге жетті. Бұл – соңғы екі жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім: • 2023 жылы – 11 ц/га, • 2024 жылы – 15,2 ц/га. Мұндай нәтижеге жетуге ауыл шаруашылығы мамандарына уақытылы қаржылық қолдау көрсету және тыңайтқыштарды…

Толық оқу

Соңғы үш жылда Көксу ауданы әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүруде. Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың аудан тұрғындарымен кездесуінде айтылған деректер соны көрсетеді. Ауданда үш жылдың ішінде 20 жаңа әлеуметтік нысан салынған, тағы 3 нысан жөндеуден өткен. Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласына қатысты нысандар бар, деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесуде тұрғындар үшін ерекше маңызды тақырыптардың бірі білім беру саласы болды. Былтырғы кездесуде Балпық би ауылында 600 орындық жаңа мектеп салу жөнінде уәде берілген еді. Сол сөздің жай ғана айтылып қоймай, нақты іске айналып жатқаны жөнінде де ақпарат берілді. Қазір жаңа мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы толық дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтіп…

Толық оқу

Алматы-1 теміржол вокзалының алқам-салқам ахуалы желідегі қауымның жағасын ұстатып жатыр. Вокзалдың қазіргі кейпін көрген жұрт оны «бомбыдан кейінгі көрініске» теңеді, деп хабарлайды Ertenmedia. Осы орайда Гүлнәр есімді жолаушы әлемжеліде эмоцияға толы жазба қалдырған екен. «Алматы-1 вокзалына барып, қарадай күйзелдім. Ғимараттың іші-сырты қирап жатыр, платформа ойылып кеткен, адамдар қалай жүрері, қайда жүрерін білмей абдырап тұр. Жақыным пойызда жолсерік болып істейді. Оның айтуынша, ел бойынша вокзалдардың көбісі осындай кетеуі кеткен күйде екен. Қазақстандағы ең үлкен шаһардың біріндегі жағдай осындай болса, шағын станцияларды елестетудің өзі қиын», – дейді ол. Жолаушылар тарапынан жаппай сынға ұшыраған «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы осы мәселеге түсініктеме беріпті.…

Толық оқу
ішкі саяси доктрина

Президент Тоқаев Қазақстанның ішкі саясатының негізгі ұстанымдары мен құндылықтарын айқындайтын жаңа тұжырымдаманы бекітті, деп хабарлайды Ertenmedia. Бұл құжаттың қажеттілігі туралы алғаш рет Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айтылған болатын. Сол кезде қоғам қайраткерлері мен сарапшылар ел ішіндегі саяси-идеологиялық жұмыстарды жүйелейтін біртұтас концепция қажет деген ұсыныс жасаған еді. Мемлекет басшысы бұл бастаманы қолдап, ішкі саясаттағы жұмыстардың басын біріктіретін құжатты әзірлеуді тапсырған. Президент Әкімшілігі әзірлеген тұжырымдамаға мемлекеттік органдар, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам белсенділері мен ғылыми орта өкілдері атсалысты. Онда ішкі саясаттың негізгі бағыттары, ұстанымдары мен ортақ құндылықтары белгіленген. Құжатта мемлекет ішіндегі жұмыстың басты қағидалары нақты әрі ықшам түрде көрсетілді. Олардың қатарында: «Заң және…

Толық оқу
тоқал алуды заңдастыруды

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Қазақстанда тоқал алуды заңдастыруды ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia. Журналист Ербол Сейілханға берген сұхбатында депутат елде көп әйел алуға ресми тыйым болғанымен, ауқатты азаматтардың арасында осы құбылыстың кең тарағанын айтты. «Заң жүзінде тыйым салынғанымен, іс жүзінде елде екінші, тіпті үшінші-төртінші әйел алған азаматтар жетерлік. Бұлар тек мемлекеттік қызметкерлер емес, қарапайым қалталы жігіттер де солай өмір сүріп жатыр. Демек, заңның қауқары жоқ, ешкім тыйымға мән бермейді», – деді Құспан. Депутаттың өзі көп әйел алуға қарсы екенін, алайда осы бір әлеуметтік құбылысты заңмен реттеу қажет екенін жеткізді. «Жеке көзқарасым бойынша көп әйел алуға қарсымын. Бірақ сіз бен біздің қарсы…

Толық оқу
Bek Air

Алматыда 2019 жылы апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының ісіне соңғы нүкте қойылды, деп хабарлайды Ertenmedia. Түрксіб аудандық соты ұшақ командирі Марат Мұратбаев пен екінші ұшқыш Миржан Молдақұловты кінәлі деп таныды. Олар Қылмыстық кодекстің 344-бабы 3-бөлігі бойынша («Әуе көлігі қозғалысы немесе пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу») айыпты деп табылды. Алайда екі ұшқыштың да қаза болуына байланысты оларға жаза тағайындалған жоқ. Марқұмдардың туыстары 1,7 млн теңге сот шығынын төлеуден босатылды. Іс материалдарына сүйенсек, ұшақ апатына негізгі себеп әуе кемесінің қанатын мұздан тазарту ережесін бұзу. Экипаж шығынды азайту мақсатында әуе кемесінің тек стабилизаторын ғана мұздан тазартқан. Қанаттары мұз күйінде қалған ұшақ биіктікке көтеріле алмай,…

Толық оқу