Автор: Асылхан Бөрібай

Қазақстан премьер-лигасындағы футбол клубтарына биыл бюджеттен 32 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген, деп хабарлайды Ertenmedia. Футбол маусымы аяқталысымен аймақтардың командаларға қанша ақша жұмсағаны белгілі болды. «Дядя Ваня» Telegram-арнасының дерегінше, биыл өңірлік спорт басқармалары клубтарды «асырауға» 26,7 миллиард теңге бөлген. Бұған «Астана» клубын қаржыландыратын Sport Qory квазимемлекеттік қорының шығындарын қоссақ, көрсеткіш 31,9 миллиард теңгеге ($59,4 млн) жеткен. Бюджетке ең үлкен салмақ түсірген клуб «Ақтөбе» (4,43 млрд теңге). Екінші орында шымкенттік «Ордабасы» (3,55 млрд теңге), одан кейін тұңғыш рет Конференциялар лигасына жолдама алған семейлік «Елімай» (2,77 млрд теңге) тұр. Биыл чемпион атанған «Қайрат» бюджеттен ең аз қаражат алған командалардың бірі. Алматы әкімдігі…

Толық оқу

Bloomberg-тің ақпаратына сенсек, Қазақстан Exxon Mobil-мен келісімге келе алса, Қашағанның екінші тынысы ашылады. Қазір кеніштің тек шығыс жағы ғана игерілуде, жаңа келісім жасалса, алып кен орнының өндіріс көлемі күрт артуы ықтимал деп жазады Ertenmedia. Exxon Mobil Қашағанды игерудегі басты инвестордың бірі. Компания Қазақстанмен Теңіз кен орнындағы лицензиясын ұзарту мәселесін де пысықтап жатыр. 2033 жылы мерзімі бітетін лицензияны ұзарту үшін Бектенов үкіметі Қазақстанның жобадағы үлесін арттыруды талап етуде. Алайда келіссөздердің нәтижелі боларына еш кепілдік жоқ. Қашаған әлемдік мұнай нарығындағы кейінгі онжылдықтардың ең ірі олжасы. Қазіргі күні кен орнынан тәулігіне 450 мың баррельге жуық мұнай өндіріледі. 2026 жылы жаңа газ өңдеу қуаттары…

Толық оқу

Eurasian Resources Group (ERG) Швейцарияның әйгілі трейдерлік компаниясы Mercuria Energy Group-пен үш жылға келісім жасап, Африкадағы жобаларын дамытуға 100 млн долларға дейін инвестиция тартатын болды, деп хабарлайды Ertenmedia. Bloomberg агенттігінің жазуынша, швейцариялық компания ERG-дің Конго Демократиялық Республикасындағы мыс кеніштерін игеруге қызығушылық танытып отыр. Mercuria кейінгі кездері түсті металл нарығына ден қойып, Африкадағы активтерге ерекше назар аударуда. Соның арқасында биылғы жылы Mercuria-ның металл саудасымен айналысатын бөлімшесі табысын бірден 300 млн долларға арттырған. Mercuria-ның металл және минералды шикізат бойынша директоры Костас Бинтастың айтуынша, Конго Демократиялық Республикасы стратегиялық тұрғыдан маңызды аймаққа айналған. «ERG-мен жасалған келісім осы өңірдегі маңызды активтерімізді нығайтудың бір қадамы», –…

Толық оқу

Түркістанның рухани төрінде дәстүрге айналған республикалық «Түркістан дауысы» эстрадалық жас орындаушылар байқауы биыл да жас дарындардың өз өнерін паш етуіне жол ашты. Талай талантты түлеткен дүлдүлдер додасына биыл – 5 жыл. Ашылу салтанатына арнайы қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. – Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Түркістанға ерекше мәртебе берілді. Осындай елдің мәдениетін дамытуға бағытталған шаралардың көптеп өтуі – бұл бастаманың жүзеге асуына оң ықпалын тигізеді деп сенемін. Бүгінде облыс ортылығына айналған қасиетті шаһарда руханиятқа, өнерге айрықша көңіл бөлінуде. Соның айқын дәлелі – республикалық «Түркістан дауысы» ән байқауы. Бұл өнер додасы Түркістанның жаңаша…

Толық оқу

Қазақстанның арнайы қызметі мен Ішкі істер министрлігіне қарасты қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) қызметкерлері АҚШ-тан ірі көлемде есірткі тасымалдауға қатысты күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Ertenmedia Алматы қаласының прокуратурасына сілтеп. «Арнайы операция барысында ҰҚК-ның 2 және ҚАЖК-нің 3 қызметкері ұсталды. Олар ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін жасырын түрде қорғап, көмек көрсетіп отырған. Ұсталған 20 күдіктіге есірткі заттарын контрабандалық жолмен жеткізу, өткізу және қызмет бабын асыра пайдалану баптары бойынша айып тағылды», – делінген прокуратура хабарламасында. Алматы қаласының арнайы прокурорлары осы іске қатысты тергеуді аяқтады. Белгілі болғандай, қылмыстық топтың басында абақтыда жазасын өтеп жатқан азамат тұрған. Ол АҚШ-тан Алматыға марихуана мен каннабис сығындысын жеткізудің арнайы…

Толық оқу
Түркістан

Түркістанда Кәсіпкерлер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Биыл елімізде алғаш рет ресми түрде 29 қазан Кәсіпкерлер күні болып бекітілді. Осыған орай Түркістан қаласында салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық мәслихаттың төрағасы, кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Нұралы Әбішов, сондай-ақ өңірдің іскер қауым өкілдері қатысты. Кездесу барысында өңір басшысы кәсіпкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, олардың облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған зор үлесін атап өтті. Сонымен қатар, ол «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурсының жеңімпаздарын және кәсіпкерлікті дамыту мен инвестиция тартуда үздік нәтиже көрсеткен компанияларды марапаттады. Мерекелік жиында облыстық мәслихаттың төрағасы, кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Нұралы Әбішов те кәсіпкерлер…

Толық оқу

Шымкентте алма бақтарын дамытуға бөлінген жүздеген миллион теңге қаражат ұрланып, туыс-туған мен жалған компаниялар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған, деп хабарлайды Ertenmedia. Осыған байланысты «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» бұрынғы төрағасы Жандар Омаров ұсталып, екі ай мерзімге қамауға алынды. Оған бюджеттен бөлінген 430 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген айып тағылып отыр. Қаржы мониторинг агенттігінің хабарлауынша, Омаров қызметін асыра пайдаланып, қажетті жабдық пен жұмыстың құнын бірнеше есе көтеріп көрсеткен. Осы схеманы іске асыру үшін ол Green Mart Kazakhstan ЖШС-нің басшысы Рүстем Сазынбекпен сөз байласқан. «Сазынбек жиырмаға жуық жалған компанияны өзінің туыстары мен таныстарының атына тіркеп, оларды лизингтік бағдарламаға қатысушы етіп көрсеткен.…

Толық оқу

ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландаумен Астанада келіссөздер өткізді. Кездесуде тараптар күн тәртібіндегі негізгі бағыттарды ашық талқылады. Әңгіме өзегінде экономикалық реформа, инвестиция, жаңа технология, энергетикалық қауіпсіздік және өңірлік тұрақтылық қатар жүрді. Қазақстан тарапы Вашингтонды елдің модернизация бағытын қолдайтын негізгі серіктестердің бірі ретінде қарастыратынын айтты. Ермек Көшербаев шетелдік капиталды тартып, бірлескен жобалар арқылы жаңа өндіріс ашу, жоғары технологияны игеру, жас мамандарды даярлау маңызды екенін жеткізді. Инвестицияны ұзақ мерзімді сенімге негізделген серіктестік ретінде қарастыру қажет деген ұстаным алға шықты. Келіссөз барысында инновация және жасанды…

Толық оқу
құрылыс

Алматы қаласы құрылыс саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бағытында маңызды қадамдар жасап жатыр. Атап айтқанда, қала құрылыс басқармасы құрылыс нормаларын, жобалық шешімдерді өрескел бұзған мердігер ұйымдарға қатысты нақты шаралар қабылдады, деп жазады Ertenmedia.kz. Әкімдік «AsiaMax» ЖШС Әбіш Кекілбайұлы көшесіндегі сыртқы кәріз желісін қайта жаңарту кезінде және «СК 7 строй» ЖШС көркейту мен білім беру нысандарындағы құрылыс жұмыстарында лицензиясынан айырылған. Сонымен қатар, «Құрылысшы-ТБС» ЖШС мектеп-гимназиясы ғимаратына салынған қосымша нысанда жобалық талаптарды бұзғаны үшін құрылыс қызметінің бірқатар кіші санаты бойынша лицензиясынан айырылды. Бұрын «Алатау сапа құрылыс» ЖШС техникалық қадағалауды орындамағаны үшін аккредитациясынан айырылғаны да белгілі болған. Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметіне қарағанда, нысандардағы…

Толық оқу

Президенттің экономика жөніндегі бұрынғы уәзірі Қанат Шарлапаев тағы бір маңызды қызметінен айырылды. Ол «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің директорлар кеңесі құрамынан ресми түрде шығарылды, деп хабарлайды Ertenmedia. Шарлапаевты 14 қазанда холдингтің жалғыз акционерінің шешімімен кеңес құрамынан шығарып жіберген. Енді «Бәйтерек» басқарушы органының құрамында тоғыз адам қалды, олардың арасында премьер-министр Олжас Бектенов, оның бірінші орынбасары Роман Скляр және Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бар. Бұл Шарлапаевтың соңғы бір айда жоғалтқан үшінші лауазымы. Бұған дейін ол (2025 жылдың 28 ақпанына дейін) Индустрия және құрылыс министрлігін басқарды, одан кейін Тоқаевтың экономика жөніндегі кеңесшісі қызметіне ауысты. Биыл 25 қыркүйекте оны осы лауазымынан босатты, дәл сол…

Толық оқу