Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы жанындағы Мұхтар Әуезов ғылыми кабинетінің жабылуы туралы бірқатар БАҚ-та пайда болған ақпаратқа байланысты оның толыққанды жұмысын жалғастырып, оқырмандар мен зерттеушілерді штаттық режимде қабылдайтынын хабарлаймыз. Мұхтар Әуезовтің ғылыми кабинеті ҚР Ұлттық кітапханасында қалыпты түрде қызмет көрсетіп, келушілерді қабылдауды жалғастырып жатыр және кітапхананың экскурсиялық маршрутына енгізілген. Кабинеттің кітап қоры алдағы уақытта да толықтырылатын болады, сондай-ақ жазушының шығармашылығына арналған іс-шаралар тұрақты өткізіледі. Еске сала кетейік, биылғы қазан айында «Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КМҚК-нің №4 кітапхана-филиалына Мұхтар Әуезовтің есімін беруге және онда жазушының мемориалдық кабинеті ашылуына байланысты, Мұрат Әуезовтің бірқатар жеке заттары мен кітаптары жазушының отбасынан осы филиалға берілді.…
Автор: Асылхан Бөрібай
Ақтөбе облысында шенеунік шөп шабуға жер телімін беремін деп пара алған, деп хабарлайды Ertenmedia. Ырғыз ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Медет Бердалин жергілікті тұрғыннан шабындық үшін жер телімін рәсімдеуге көмектесемін деп 300 мың теңге талап еткен. Сот дерегіне сүйенсек, шенеунік тұрғынмен кабинетте емес, көшеде кездесіп, сұраған ақшасын сол жерде айтқан. Бердалинге ақша бергісі келмеген азамат бірден Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арыз түсірген. Кейін ҰҚК қызметкерлері пара беру сәтін құжаттап алған. 2025 жылдың қыркүйегінде Бердалин әйелі атына ашылған банк шотына алдымен 200 мың, кейін 100 мың теңге алған. Тергеу барысында шенеунік ақшаны отбасының қажеттілігіне жұмсап жібергенін айтқан. Сот Бердалинді «пара алу» бабымен…
Алдағы екі жылда Атырау облысындағы барлық ауылдық округ спорттық инфрақұрылыммен қамтылады. Бұл туралы Үкімет отырысында өткен жиында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов айтты. Ол баяндамасында өңірде бұқаралық спортты дамыту, спорт нысандарының санын көбейту және дарынды балаларға жағдай жасау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазір облыста 800 спорт нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде 8 стадион, 53 спорт кешені, 702 спорт алаңы, 50 метрлік олимпиадалық бассейн, «Атырау» спорт сарайы, теннис орталығы және мұз сарайы бар. Сонымен қатар 17 жеке спорт нысаны да халыққа қызмет көрсетіп тұр. Бұл – қаладағы тұрғынға да, аудан орталығындағы жасөспірімге де спортпен шұғылдануға мүмкіндік бар…
Құлыбаевқа тиесілі компания Қонаевта ірі агрокешен ашты, деп хабарлайды Ertenmedia. Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында Тимур Құлыбаев жанама иелік ететін «Қапшағай бидай өнімдері» кешені іске қосылды. Кәсіпорын астық пен майлы дақылды терең өңдеумен айналыспақ. Forbes мәліметінше жоба туралы алғашқы ақпарат биылғы мамырда шыққан. Сол кезде кәсіпорын аумағында үш жаңа зауыт, қоймалар мен өндірістік терминал салынып, теміржол инфрақұрылымының жаңартылатыны хабарланған болатын. Компания өз өнімін қаптау мәселесін де шешкен арнайы қап шығаратын желі іске қосылған еді. Бес ай бұрын кешенге салынатын қаржы көлемі 8 млрд теңге деп көрсетілсе, Ауыл шаруашылығы министрлігі ашылу рәсімінде инвестиция сомасы 15 млрд теңгеден асатынын мәлімдеді. Кәсіпорын жылына…
Белгілі салық адвокаты Жангелді Сүлейманов президент Тоқаевтан жаңа Салық кодексін қолданысқа енгізуді тоқтатуды сұрады, деп хабарлайды Ertenmedia. «Қазіргі қалпында кодекс кәсіпкерлікке кедергіні көбейтеді, бизнес-климатты нашарлатады. Құжат шикі, құқықтық тұрғыдан өрескел қателер мен әділетсіз нормалар көп. Мұны сарапшылар мен кәсіпкерлердің бәрі айтып жатыр. Өзім де бірнеше рет осы мәселені көтердім, талай мемлекеттік органға хат жолдап, кодекстегі қарама-қайшылықтарды жоюды талап еттім. Бірақ мәселе мұнымен ғана шектелмейді», – дейді адвокат. Жангелді Сүлеймановтың айтуынша, басты қауіп ендігі жерде көптеген салық мәселесі кодекстің өзімен емес, одан төмен деңгейдегі 245 нормативтік-құқықтық актімен реттелмек. «Осыны ойлап көріңіз: бірнеше жыл дайындалған кодекстің өзінде сансыз қате жіберілген. Енді асығыс…
Жетісу облысы Алакөл ауданы Достық ауылында «Келешек мектебі» ұлттық жобасымен заманауи жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді. Алты жүз орынға арналған бұл білім мекемесі аталған жоба аясында тұрғызылған облыстағы екінші мектеп. Бұған дейін осындай 1200 орындық Панфилов ауданының Жаркент қаласында ашылған болатын, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жаңа мектептің ашылуына арнайы барған облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады: – Республикалық Тамыз конференциясында Президентіміз қала мен ауыл мектептеріндегі білім беру деңгейін теңестіру міндетін қойған болатын. Соған сәйкес облыста әсіресе ауылдық жерлердегі білім саласының инфрақұрылымын жақсартуға көп көңіл бөлініп келеді. Жыл сайын мектептердің…
Түркияның ірі мұнай өңдеу зауыттары Ресейден келетін шикізатқа тәуелділікті азайтып, балама көздерден мұнай сатып ала бастады, деп хабарлайды Ertenmedia. Reuters-тің мәліметінше бұған дейін Түркия Ресей мұнайын ең көп тұтынатын елдердің қатарында Қытай мен Үндістанмен бірге алдыңғы орында тұрған еді. Алайда Батыс елдерінің, атап айтқанда АҚШ, Ұлыбритания және Еуроодақтың Украинадағы соғысты қаржыландыруға жол бермеу үшін ресейлік мұнайға қарсы санкцияны күшейтуі Анкараны шикізат нарығындағы саясатын қайта қарауға мәжбүр етті. Дереккөздердің айтуынша, Әзербайжанның SOCAR компаниясына тиесілі Түркиядағы ең ірі мұнай өңдеу зауыты SOCAR Turkey Aegean Refinery (STAR) соңғы уақытта Қазақстан, Ирак және басқа елдерден төрт партия мұнай сатып алған. Reuters агенттігінің есебіне сәйкес,…
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айлары аралығында Қазақстаннан жаңа өнімді астықтың 2 миллион тоннасы экспортталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Салыстырмалы түрде қарасақ, өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 1,8 миллион тонна болған. Бұл экспорт көлемінің тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді. Атап айтқанда, Өзбекстанға экспорт көлемі 42%-ға артып, 738 мың тоннадан 1 049 мың тоннаға дейін артты. Қырғызстанға жеткізілім көлемі 2,6 есеге, 24 мыңнан 64 мың тоннаға дейін, Әзербайжанға 3,1 есеге (18 мыңнан 56 мың тоннаға дейін), Ауғанстанға 42,5%-ға (73 мыңнан 104 мың тоннаға дейін), ал Түрікменстанға 2,3 есеге (3 мыңнан 7 мың тоннаға дейін) өсті. Астық экспортының…
Қазақстанда кедендік рәсімдерді жеңілдету мен толық цифрландыру бағытында жаңа қадам жасалды. «АСТАНА-1» (Keden) ақпараттық жүйесінде тауарларға арналған декларацияның жаңартылған форматы енгізілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл өзгерістер Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 30 мамырдағы №75 шешімін іске асыру аясында жүзеге асырылып отыр. Негізгі мақсат кедендік процестерді автоматтандыру және қағаз құжат айналымын барынша қысқарту. Жаңа формат аясында декларанттарға жіберілетін барлық сұраулар, декларацияға өзгерістер енгізу туралы талаптар мен шешімдер, сондай-ақ басқа да рәсімдер толық автоматтандырылған. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2025 жылғы 3 қарашадан бастап «Тауарларға арналған декларация» модулін барлық кедендік рәсімдер бойынша сынақтан өткізу басталады. Сынақ онлайн және офлайн форматта өтеді. Оған…
Алматы облысы әкімінің өкімімен Қанат Болатұлы Есболатов 2025 жылғы 3 қарашасынан бастап Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Қанат Болатұлы 1982 жылы туылған, білімі жоғары, 2008 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2002 «Досанов» шаруа қожалығы төрағасының орынбасары болып бастаған. Әр жылдары Алматы облысы қаржы басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша бір жолғы талондарды беру және есепке алу жөніндегі инспекторы, бас инспекторы, аға инспекторы, «Megaron & K» ЖШС-нің қаржы директоры, Ескелді ауданы Көкжазық ауылдық округінің әкімі, Ескелді ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Жетісу облысы ауыл шаруашылығы…










