Ақ үйдегі кездесуде Мемлекет басшысы Вашингтонға сапармен келуге шақырғаны және қазақстандық делегацияға көрсеткен қонақжай көңілі үшін АҚШ Президентіне ризашылық білдірді, деп жазады Ertenmedia.kz. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың президенттік лауазымының тарихи сипатына тоқталып, оның басшылығымен АҚШ әлемнің жетекші экономикалық, саяси және технологиялық державасы ретіндегі позициясын күшейтіп келе жатқанын атап өтті. Қазақстан Президентінің айтуынша, Америка көшбасшысы жер жүзінің қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Мемлекет басшысы Қазақстан АҚШ Президентінің бітімгерлік бастамаларын толық қолдайтынын жеткізді. Соның ішінде келешекте Орта дәлізді одан әрі дамытуға ықпал ететін «Трамптың халықаралық бейбітшілік және өркендеу жолына» (TRIPP) ерекше назар аударды. Дональд Трамп АҚШ-тың Қазақстанмен көпжоспарлы…
Автор: Асылхан Бөрібай
Талдықорғанда волейболдан әйелдер командалары арасындағы Ұлттық лига чемпионатының ІІ кіші туры өтіп жатыр. «А» тобының ойындары облыс орталығындағы «Жастар» спорт сарайына шоғырланған. Осы турда Жетісу облысының «Жетісу» командасы, Шығыс Қазақстанның «Berel» ұжымы бар. Бұдан басқа Түркістан облысының «Тұран» клубы және Алматы қаласының командасы өзара күш байқасуда. Ойындарды тамашалауға Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев арнайылап келді, деп жазады Ertenmedia.kz. «Жетісу» турды сәтті бастады. Алдымен Алматы командасымен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл матчта жетісулық ойыншылар ойын тәртібін бұзбай, негізгі тактикалық жоспарды сақтап, қарсыласына көп мүмкіндік бермеді. Келесі күні шығыс қазақстандық «Berel» командасымен тартысты ойын өтті. Есеп 3:1 болып, тағы да «Жетісу»…
Уашингтонда Қазақстан мен АҚШ аса маңызды минералдар бойынша әріптестік орнатуға уағдаласты, деп жазады Ertenmedia. Президент Тоқаевтың қатысуымен өткен рәсімде тараптар арасында аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа Қазақстан атынан Индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, ал америкалық тараптан Сауда министрі Говард Латник қол қойды. Айта кетелік, Тоқаевтың АҚШ сапары қарсаңында Washington Post Қазақстанға арналған көлемді сараптама әзірлеген. Басылымға пікір білдірген беделді сарапшылар: «Қазақстанда әмірикалық компаниялардың экономикалық мүддесі болса, Мәскеудің қолы байланып, агрессиясы қиындайды. Уашингтон сирек метал мен энергетика саласындағы келісім арқылы Астананың аймақтағы ықпалын арттырып, солтүстіктегі тұрақтылықты күшейте алады», – деген болаты. Толығырақ осы тұста. …
Тоқаевтың Уашингтон сапары АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен және Трамп әкімшілігі өкілдерімен кездесуден басталды, деп хабарлайды Ertenmedia. Ақ үйдегі жүздесуге АҚШ-тың сауда министрі Гоуард Латник пен президенттің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор да қатысты. Тараптар екіжақты және аймақтық әріптестіктің негізгі мәселелерін талқылап, стратегиялық серіктестікті тереңдетудің жаңа мүмкіндіктерін ортаға салды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Құрама Штаттар арасында экономикалық байланысты нығайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және өнеркәсіп пен бизнесті қолдауға басымдық берілетінін атап өтті. Президент Әмірикамен түрлі деңгейдегі саяси диалогты белсенді жүргізіп келе жатқан Ақорданың жан-жақты әріптестікті одан әрі дамытуға әзір екенін жеткізді. Айта кетелік, бұған дейін Марко…
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Экожүйелер мен биоалуантүрлілікті қорғау бойынша Орталық Азия – Герман институты ашылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Басты мақсат – Орталық Азия елдерінде экожүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз ету және биологиялық алуантүрлілікті сақтау ісін ғылыми негізде дамыту. Институт Қазақстан мен Германия ғалымдары арасындағы экологиялық ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді. Мұнда зерттеушілер тәжірибе алмасып, ортақ жобаларды бірлесіп іске асырады. Шара «Орталық Азиядағы биоалуантүрлілікті сақтаудың мәселелері мен болашағы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциямен жалғасты. Ауқымды жиынға ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев, Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Матиас Лёхерер, Тәжікстан Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Тиллохуджа Ибодзода, NETSCI GmbH компаниясының басқарушы директоры…
Қазақстан уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы саналатынын осыған дейін ақпарат көздерінен оқып немесе естіген шағарсыз. Дәл осы бағыт ел экономикасында жетекші орынға шығып келеді. Сол секілді цифрландыру, астық өндірісі, мыс өндірісі де заманға қарай алдыңғы қатарға шығып келеді. Уран бойынша әлемдік өндірістің 39% бізге тиесілі Мақаланы ураннан бастаған соң, алдымен сол жайында айтайық. 2024 жылы елде 23 270 тонна табиғи уран өндіріліп, бұл әлемдік өндірістің шамамен 39% құраған. Елдің жетекші ұлттық компаниясы «Kazatomprom» Лондон және Астана биржаларында листингтелген. Бұл саланың ашықтығын, корпоративтік басқару сапасын және инвесторлардың сенімін арттырады. Экономикалық зерттеулер институты Макроэкономикалық зерттеулер және болжамдау орталығының аға сарапшы Рамазан…
Қазақ даласында мал шаруашылығына қолдау көрсетіліп, түрлі тұқымдағы ірі қара көбейді. Әр аймақтағы малдың өз ерекшелігі бар. Мәселен, оңтүстік-шығыстағы сиырлар ірі болса, қуаңшылық жерлердегі малдың тұрқы шағын әрі суыққа төзімді келеді. Осы тұста қазақ ақбас сиырының өзге тұқымдардан артықшылығы айқын байқалады, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақтың ақбас сиырының тарихы 1930 жылдардан басталады. Бұл тұқым қазақ және қалмақ сиырларын герефорд бұқаларымен будандастыру нәтижесінде пайда болған. Ерекше тұқым негізінен Қазақстан даласында көп кездеседі. Оның басты артықшылығы – еттілігі әрі жайылым талғамайтындығы. Жем-шөбі жеткілікті болса, тез арада ет жинап, өнімділігі артады. Бұқасының салмағы 850-900 келіге, аналықтары 450-500 келіге дейін жетеді. Қазір елімізге шетелден асыл…
Әлеуметтік-экономикалық даму мен азаматтардың тұрмыс сапасы – егіз ұғым. Биылғы жеті айда ел экономикасының өсімі 6,3 пайызға жетті. Сарапшылар мұны тұрақты даму белгісі деп бағалайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Экономикалық көрсеткіштер халықтың тұрмысына қалай әсер етуде? Біз осы сұрақ төңірегінде сарапшылар пікіріне сүйеніп, нақты деректермен тереңірек талдап көрдік. Тұрмыс сапасының жақсаруы нақты қандай өзгерістерден байқалады? Кейінгі жылдары ел тұрғындарының өмір салты, тұтыну мәдениеті айтарлықтай өзгерді. Мысалы, ішкі туризм көрсеткіші 40 пайызға артып, жылына 10,5 миллион адамға жеткен. Шетелдік туристердің саны да үш есеге көбейіп, қазір 1,19 миллион адамды құрайды. Экономиканың тағы бір көрсеткіші – көлік саласы. Әуе тасымалы жолаушыларының саны 14,4…
Шанхайда Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбалды мен Шанхай мэрі Гун Чжэн жұмыс бабымен кездесті. Тараптар екі мегаполистің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылының негізгі бағыттарын талқылады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шанхай мэрі Алматының серіктестікті дамытудағы маңызды торап екенін атады. Ол биыл Шанхайда өткен China International Import Expo халықаралық көрмесіне алматылық кәсіпорындардың қатысуының маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, Алматы компанияларының өнім ұсынуы ынтымақтастықты тереңдетуге деген қызығушылықтың арта түскенін көрсетеді. Гун Чжэн сонымен қатар өнеркәсіптік және инновациялық байланысты дамыту қажеттілігіне сенім білдіріп, қалалар арасындағы экономикалық қатынастарды кеңейтуге зор әлеует бар екенін айтты. Дархан Сатыбалды Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы бұрын-соңды болмаған жаңа, жоғары деңгейге көтерілгенін…
Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбалды Қытай Халық Республикасына жұмыс сапармен барды. Әкім Қытайдың ең ірі көпсалалы компанияларының бірі «Yuexing Group» корпорациясының өндірістік және іскерлік кешенімен танысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қытайдың озық жекеменшік компанияларының қатарына кіретін «Yuexing Group» ұлттық нарықтағы ең ірі қатысушылардың бірі. 35 жылдан астам уақыт ішінде компания жиһаз өндірісі, бөлшек сауда, девелопмент, қонақ үй бизнесімен айналысады. Бұдан басқа түрлі бағыттарды біріктіретін әртараптандырылған бизнес құрылымын қалыптастырған. Кездесу барысында Дархан Сатыбалды екі тарап арасындағы өзара іс-қимылдың зор әлеуеті бар екенін атап, корпорацияның Алматыда ауқымды жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін жоғары бағалады. – Алматыда біз өндірісті орналастыруға қажетті барлық инфрақұрылымы бар Индустриялық…










