Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Республика күніне орай, «AI-Art: Бояудағы болашақ» атты шығармашылық пленэр ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мұндағы басты мақсат – заманауи технология мен дәстүрлі өнердің үйлесімін көрсету, ЖИ дәуіріндегі ҚазҰУ-дың дамуы мен болашақтағы келбетін қылқалам арқылы бейнелеу және студенттер арасында жасанды интеллект көмегімен сурет салу конкурсын жүзеге асыру. Сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын шығармашылық салада қолдануды насихаттау, студенттердің цифрлық ойлау және визуалды экспрессия қабілеттерін дамыту, оқу ордасы жастарының инновациялық әлеуетін арттыру. Ашық аспан астындағы пленэрге Қазақстан суретшілер одағының мүшелері, атап айтқанда: Мәлік Қайдаров, Құрманғазы Ақашев, Ернат Иманбакиев, Нұрболат Талғатұлы, Айдос Сейдақұл, Мәлік Жұмағұлов, Бақтияр Бүркітбаев, Төлеген Сүлейменов, Серік Тайнов,…
Автор: Асылхан Бөрібай
Бүгін Республика күні қарсаңында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Каспий теңізінің жағалауында орналасқан жаңа «Aqqu Resort & Camp» демалыс және қонақ үй кешенінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Aqqu Resort & Camp» өңірдің туристік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды бастама. Кешен көпфункционалды форматта жұмыс істейді: жаз мезгілінде 300-350 балаға арналған «Aqqu Camp» балалар лагері ретінде, ал қалған уақытта курорттық және корпоративтік демалыс орталығы ретінде қызмет көрсетеді. Жоба инвестордың жеке қаражаты есебінен салынуда. Кешен аумағында заманауи тұрғын корпустар, ересектер мен балаларға арналған екі ашық бассейн, 50 орындық кинозал, футбол алаңы мен спорттық аймақтар,…
Ақтаудағы әскери гарнизонда өткен «Әскер аналар көзімен» акциясы әскер мен қоғам арасындағы сенімнің қалай қалыптасатынын нақты көрсетті. Осы кездесуге «Батыс» өңірлік қолбасшылығының басшысы, генерал-майор Бауыржан Артықов арнайы қатысып әскердегі тәрбие, тәртіп, психологиялық қолдау және ата-анамен кері байланыс туралы кеңінен әңгімеледі. Ақтаудағы Ertenmedia.kz сайтының тілшісі Астандан аналармен кездесуге ат терлетіп келген вице-адмирал сұхбаттасып, жұрттың көкейінде біраз сауалға жауап алды. – Бауыржан Шубайұлы, Ақтауда өткен «Әскер аналар көзімен» акциясына өзіңізде қатыстыңыз. Әдетте көпшілік үшін казарма мен оқу корпусы жабық аумақ болып келгені жасырын емес. Бұл жолы аналарға асханадан бастап жатын орынға дейін түгел көрсетіңіздер. Осы форматтағы кездесулерді алдағы уақытта жүйелі өтіп…
Қарағандыда Республика күніне орай «SARYARQALAB: AQYL.DAMU.QADAM» атты жастар форумы өтті. Іс-шараның мақсаты – жастардың жасанды интеллект пен цифрландыруға қызығушылығын арттыру, экологиялық мәдениетті дамыту және Әділетті Қазақстанды құру жолындағы жас патриоттарды тәрбиелеу. Форумның бастамашысы әрі ұйымдастырушысы – «AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалы. Ауқымды жиынға аймақтың 600-ден астам белсенді әрі креативті жастары – жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, сондай-ақ Приозерск, Саран, Теміртау, Шахтинск қалалары мен Қарағанды облысы аудандарынан келген жастар қатысты. Бағдарламада экскурсиялар, шеберлік сағаттары, тренингтер мен цифрлық технологиялар және жасанды интеллект тақырыптарына арналған сессиялар ұйымдастырылды. Форум жұмысына Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Кобжанов, «AMANAT» партиясы облыстық…
Алыстан бауырың келсе, өзіңде бардың бәрін таныстырасың ғой. Бүгін Астанада дәл солай болып жатыр. Кеше кешке елордаға Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев ат басын бұрған еді. Бұл жолғысы қарапайым мемлекеттік сапар. Сондықтан әуежайдан бастап Тоқаев өзі күтіп алды. Күндіз Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысын өткізді. Журналистермен кездесіп, брифинг жасады. Енді, Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығына аралап көрді. Тоқаев пен Әлиев орталықта елімізде цифрлы технологияларды дамыту және жасанды интеллектіні қолдану жетістіктерімен танысты. Мәртебелі меймандар мәртебелі меймандарға мемлекеттік үдерістерді басқаруға және талдауға, сондай-ақ GovTech-шешімдер қабылдауға арналған AI-Driven Government ахуалдық орталығының тұжырымдамасы жөнінде баяндалыпты. Сондай-ақ Smart City технологиялары, роботты техника аймағы,…
Астана қаласында «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен агрохакатон байқауы өтті. Оған І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Enactus Zhetysu» командасы қатысып, ІІ орын және 300 000 теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Республикалық додаға 200-ге жуық команда қатысып, оқу ордасының жастары үздік деп танылып, ақтық сында өнер көрсеткен 16 үздік ұжымның қатарынан көрінді. Аталған шараның мақсаты ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялық идеяларды қолдау, жас кәсіпкерлер мен агротехнология бағыты бойынша мамандарды біріктіру, сондай-ақ ауылдық өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу. Бұл жеңіс Жетісу университеті студенттерінің ғылыми-инновациялық әлеуетінің, белсенділігі мен ауыл шаруашылығы саласына деген қызығушылығының айқын дәлелі. Осындай байқаулар жастардың жаңа идеяларын дамытуға, агроинновациялық жобаларды…
Биылғы «Үздік педагог – 2025» республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Жыл сайын өткізілетін бұл беделді конкурс еліміздің ең үздік ұстаздарын анықтап, олардың кәсіби шеберлігін бағалауға бағытталған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Байқаудың облыстық кезеңінде 18 педагог іріктеуден өтіп, олардың ішінен 10 мұғалім республикалық кезеңге жолдама алды. Қазан айының 8-і күні Астана қаласында өткен республикалық додада қатысушылар елорданың түрлі мектептерінде ашық сабақ өткізіп, өздерінің үздік тәжірибелерімен бөлісті. Олар 24 қазан күні Астана қаласында өтетін марапаттау рәсіміне қатысып, «Үздік педагог» төсбелгісімен және 1000 айлық есептік көрсеткішпен (МРП) көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталады. Байқау қорытындысы бойынша Алматы облысының…
Түркістанда Республика күні қарсаңында Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті Пленумы өтті. Басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын орындау барысы, сондай-ақ ұйымдық мәселелер қаралып, алдағы атқарылатын жоспарлар талқыланды. Жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әбішов, Түркістан облысы прокуронының бірінші орынбасары Саян Келдібеков, пленум мүшесі Абдулла Ахметов, облыстық мәслихаттың депутаты Жанар Темірбекова, облыстық қоғамдық даму басқармасының міндетін атқарушы Болат Жанәбіл баяндама жасап, жастар тәрбиесі және өңірге инвестиция тарту, партиялардың рөлін арттыру, алдағы Парламент сайлауына дайындық барысы, сондай-ақ «Заң және тәртіп» қағидасы бойынша кеңінен…
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті CAREC институтының халықаралық гранттық байқауының жеңімпазы атанды. Бұл қазақстандық университеттің ғылыми әлеуетін айқындап қана қоймай, халықаралық серіктестіктің жаңа кезеңіне жол ашып, инклюзивті және цифрлық білім беруді дамытуға бағытталған маңызды қадам, деп жазады Ertenmedia.kz. Осыған орай университетте Орталық Азия Өңірлік Экономикалық Ынтымақтастық (ОАӨЭЫ, CAREC) институтымен бірлескен «Инклюзивті білім беру үшін жасанды интеллектіні пайдалану: ОАӨЭЫ өңірі үшін масштабталатын модель» атты халықаралық іс-шара өтті. Халықаралық жиын барысында шетелдік сарапшылар университеттің цифрлық және инклюзивті трансформация бағытындағы бастамаларына жоғары баға берді. Сонымен қатар ЖИ-дің бағдарламалау мен педагогикалық әдістемелерді жетілдірудегі рөліне ерекше назар аударып, ЖИ технологияларын білім беру үдерісіне…
АҚШ-та БТА Банкі мен Алматы әкімдігіне қатысты атышулы сот процесінің қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Ertenmedia. Нью-Йорктің Оңтүстік округінің федералды соты қазақстандық тарапқа 100 миллион доллардан астам өтемақы өндіріп беруге шешім шығарды. Оның 52 миллионы тікелей шығын ретінде есептелсе, қалған 50 миллион доллар іс ұзаққа созылғандықтан өндірілген пайыздық үстеме. Іс Қазақстаннан 10 жылдан астам уақыт бұрын ұрланып, АҚШ аумағындағы жылжымайтын мүлік нарығына заңсыз бағытталған қаражатқа қатысты өрбіген. Алматы әкімдігі мен БТА банкінің мүддесін АҚШ-тың әйгілі Boies Schiller Flexner адвокаттық кеңсесі қорғаған екен. Қылмыстық схеманың артында Алматы қаласының бұрынғы әкімі мен БТА банктің экс-төрағасы тұр. Бір-бірімен құда-жекжат болып келетін Әблязов-Храпунов тандемі Алматы…
