Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Bloomberg-тің ақпаратына сенсек, Қазақстан Exxon Mobil-мен келісімге келе алса, Қашағанның екінші тынысы ашылады. Қазір кеніштің тек шығыс жағы ғана игерілуде, жаңа келісім жасалса, алып кен орнының өндіріс көлемі күрт артуы ықтимал деп жазады Ertenmedia. Exxon Mobil Қашағанды игерудегі басты инвестордың бірі. Компания Қазақстанмен Теңіз кен орнындағы лицензиясын ұзарту мәселесін де пысықтап жатыр. 2033 жылы мерзімі бітетін лицензияны ұзарту үшін Бектенов үкіметі Қазақстанның жобадағы үлесін арттыруды талап етуде. Алайда келіссөздердің нәтижелі боларына еш кепілдік жоқ. Қашаған әлемдік мұнай нарығындағы кейінгі онжылдықтардың ең ірі олжасы. Қазіргі күні кен орнынан тәулігіне 450 мың баррельге жуық мұнай өндіріледі. 2026 жылы жаңа газ өңдеу қуаттары…

Толық оқу
ERG

Eurasian Resources Group (ERG) Швейцарияның әйгілі трейдерлік компаниясы Mercuria Energy Group-пен үш жылға келісім жасап, Африкадағы жобаларын дамытуға 100 млн долларға дейін инвестиция тартатын болды, деп хабарлайды Ertenmedia. Bloomberg агенттігінің жазуынша, швейцариялық компания ERG-дің Конго Демократиялық Республикасындағы мыс кеніштерін игеруге қызығушылық танытып отыр. Mercuria кейінгі кездері түсті металл нарығына ден қойып, Африкадағы активтерге ерекше назар аударуда. Соның арқасында биылғы жылы Mercuria-ның металл саудасымен айналысатын бөлімшесі табысын бірден 300 млн долларға арттырған. Mercuria-ның металл және минералды шикізат бойынша директоры Костас Бинтастың айтуынша, Конго Демократиялық Республикасы стратегиялық тұрғыдан маңызды аймаққа айналған. «ERG-мен жасалған келісім осы өңірдегі маңызды активтерімізді нығайтудың бір қадамы», –…

Толық оқу

Түркістанның рухани төрінде дәстүрге айналған республикалық «Түркістан дауысы» эстрадалық жас орындаушылар байқауы биыл да жас дарындардың өз өнерін паш етуіне жол ашты. Талай талантты түлеткен дүлдүлдер додасына биыл – 5 жыл. Ашылу салтанатына арнайы қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. – Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Түркістанға ерекше мәртебе берілді. Осындай елдің мәдениетін дамытуға бағытталған шаралардың көптеп өтуі – бұл бастаманың жүзеге асуына оң ықпалын тигізеді деп сенемін. Бүгінде облыс ортылығына айналған қасиетті шаһарда руханиятқа, өнерге айрықша көңіл бөлінуде. Соның айқын дәлелі – республикалық «Түркістан дауысы» ән байқауы. Бұл өнер додасы Түркістанның жаңаша…

Толық оқу

Қазақстанның арнайы қызметі мен Ішкі істер министрлігіне қарасты қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) қызметкерлері АҚШ-тан ірі көлемде есірткі тасымалдауға қатысты күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Ertenmedia Алматы қаласының прокуратурасына сілтеп. «Арнайы операция барысында ҰҚК-ның 2 және ҚАЖК-нің 3 қызметкері ұсталды. Олар ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін жасырын түрде қорғап, көмек көрсетіп отырған. Ұсталған 20 күдіктіге есірткі заттарын контрабандалық жолмен жеткізу, өткізу және қызмет бабын асыра пайдалану баптары бойынша айып тағылды», – делінген прокуратура хабарламасында. Алматы қаласының арнайы прокурорлары осы іске қатысты тергеуді аяқтады. Белгілі болғандай, қылмыстық топтың басында абақтыда жазасын өтеп жатқан азамат тұрған. Ол АҚШ-тан Алматыға марихуана мен каннабис сығындысын жеткізудің арнайы…

Толық оқу
Түркістан

Түркістанда Кәсіпкерлер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Биыл елімізде алғаш рет ресми түрде 29 қазан Кәсіпкерлер күні болып бекітілді. Осыған орай Түркістан қаласында салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық мәслихаттың төрағасы, кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Нұралы Әбішов, сондай-ақ өңірдің іскер қауым өкілдері қатысты. Кездесу барысында өңір басшысы кәсіпкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, олардың облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған зор үлесін атап өтті. Сонымен қатар, ол «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурсының жеңімпаздарын және кәсіпкерлікті дамыту мен инвестиция тартуда үздік нәтиже көрсеткен компанияларды марапаттады. Мерекелік жиында облыстық мәслихаттың төрағасы, кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Нұралы Әбішов те кәсіпкерлер…

Толық оқу

Шымкентте алма бақтарын дамытуға бөлінген жүздеген миллион теңге қаражат ұрланып, туыс-туған мен жалған компаниялар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған, деп хабарлайды Ertenmedia. Осыған байланысты «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» бұрынғы төрағасы Жандар Омаров ұсталып, екі ай мерзімге қамауға алынды. Оған бюджеттен бөлінген 430 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген айып тағылып отыр. Қаржы мониторинг агенттігінің хабарлауынша, Омаров қызметін асыра пайдаланып, қажетті жабдық пен жұмыстың құнын бірнеше есе көтеріп көрсеткен. Осы схеманы іске асыру үшін ол Green Mart Kazakhstan ЖШС-нің басшысы Рүстем Сазынбекпен сөз байласқан. «Сазынбек жиырмаға жуық жалған компанияны өзінің туыстары мен таныстарының атына тіркеп, оларды лизингтік бағдарламаға қатысушы етіп көрсеткен.…

Толық оқу
Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан мен АҚШ арасындағы диалог жаңа мазмұнға ие бола бастады. Астанада өткен келіссөздер екі елдің экономикалық және стратегиялық әріптестігін тереңдетуге бағытталған нақты қадам ретінде бағаланып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландаумен кездесті. Келіссөз барысында тараптар экономикалық реформалар, инвестиция, технология, энергетика және өңірлік қауіпсіздік мәселелерін жан-жақты талқылады. Қазақстан тарапы Вашингтонды елдегі модернизация үдерісін қолдайтын негізгі серіктестердің бірі ретінде қарастыратынын атап өтті. Ермек Көшербаев шетелдік инвестиция тарту, жаңа өндірістер ашу және жоғары технологияларды игеру бағытында бірлескен жобаларды кеңейту қажеттігін жеткізді.…

Толық оқу
құрылыс

Алматы қаласы құрылыс саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бағытында маңызды қадамдар жасап жатыр. Атап айтқанда, қала құрылыс басқармасы құрылыс нормаларын, жобалық шешімдерді өрескел бұзған мердігер ұйымдарға қатысты нақты шаралар қабылдады, деп жазады Ertenmedia.kz. Әкімдік «AsiaMax» ЖШС Әбіш Кекілбайұлы көшесіндегі сыртқы кәріз желісін қайта жаңарту кезінде және «СК 7 строй» ЖШС көркейту мен білім беру нысандарындағы құрылыс жұмыстарында лицензиясынан айырылған. Сонымен қатар, «Құрылысшы-ТБС» ЖШС мектеп-гимназиясы ғимаратына салынған қосымша нысанда жобалық талаптарды бұзғаны үшін құрылыс қызметінің бірқатар кіші санаты бойынша лицензиясынан айырылды. Бұрын «Алатау сапа құрылыс» ЖШС техникалық қадағалауды орындамағаны үшін аккредитациясынан айырылғаны да белгілі болған. Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметіне қарағанда, нысандардағы…

Толық оқу
Шарлапаев

Президенттің экономика жөніндегі бұрынғы уәзірі Қанат Шарлапаев тағы бір маңызды қызметінен айырылды. Ол «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің директорлар кеңесі құрамынан ресми түрде шығарылды, деп хабарлайды Ertenmedia. Шарлапаевты 14 қазанда холдингтің жалғыз акционерінің шешімімен кеңес құрамынан шығарып жіберген. Енді «Бәйтерек» басқарушы органының құрамында тоғыз адам қалды, олардың арасында премьер-министр Олжас Бектенов, оның бірінші орынбасары Роман Скляр және Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бар. Бұл Шарлапаевтың соңғы бір айда жоғалтқан үшінші лауазымы. Бұған дейін ол (2025 жылдың 28 ақпанына дейін) Индустрия және құрылыс министрлігін басқарды, одан кейін Тоқаевтың экономика жөніндегі кеңесшісі қызметіне ауысты. Биыл 25 қыркүйекте оны осы лауазымынан босатты, дәл сол…

Толық оқу
Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстанда бала дамуына бағытталған жаңа жүйелі қадам жасалды. Астанада өткен «Қазақстандағы әрбір бала үшін – жарқын бастау» халықаралық конференциясында «Сәтті бастау» бағдарламасы қабылданып, 2025-2027 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл құжат Үкіметтің үш министрлігі мен ЮНИСЕФ ұйымының бірлескен жұмысының нәтижесі. Конференцияға ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Рашед Мустафа Сарвар, сондай-ақ сегіз елден келген сарапшылар мен халықаралық ұйым өкілдері қатысты. Жаңа бағдарламаның негізгі мақсаты – бала дүниеге келген сәттен бастап оның толыққанды дамуына жағдай жасау. Яғни денсаулық, білім, әлеуметтік қолдау және психологиялық қызметтерді бір жүйеге біріктіру көзделген. Жоспар алты бағытты қамтиды. Оның ішінде заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік органдар арасындағы үйлесімді жұмысты…

Толық оқу