Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін инватакси қызметінің тәртібі біртіндеп өзгеруде. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бастаған пилоттық жоба аясында Астана мен Алматыда инватаксиге такси агрегаторларын қосу қолға алынған, деп жазады Ertenmedia.kz. Соның нәтижесінде 2025 жылдың басынан бері екі қалада арнайы қызмет 401,9 мың рет пайдаланылған. Салыстыру үшін айтсақ, 2024 жылдың қорытындысы бойынша инватакси қызметін пайдалану саны 207,2 мың шамасында болған. Яғни жаңа тәсіл сұраныстың артуына да, қызметтің жиі қолданылуына да әсер еткен. Бұған дейін инватакси алудың өз ережесі болды. Адам бір жерге баруы керек болса, бір күн бұрын телефон соғып жазылуға тиіс еді. Көлік жетіспесе, кезек күтуге тура келетін.…

Толық оқу

2025 жылы тоғыз ай ішінде Алматының жергілікті бюджет кірісі 1,6 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20% жоғары. Жыл қорытындысы бойынша қала бюджетіне түсетін жалпы түсім көлемі 2,3 трлн теңгеден асуы мүмкін. Бұл қала тарихындағы рекордтық көрсеткіш, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бюджет кірістерінің артуы Алматының тұрақты дамып келе жатқанын көрсетеді. Қалада ауқымды экономикалық және әлеуметтік бастамалар жүзеге асырылып келеді. 35 жыл ішінде Алматы жасампаздық пен дамудың символына айналып, оның жетістігі бүкіл елдің мақтанышына айналды. Шаһарда кәсіпкерлік пен инновацияны қолдайтын жаңа бизнес-алаңдар мен технопарктер құрылып жатыр. Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларды, зейнеткерлерді және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау шаралары…

Толық оқу

Сирек кездесетін металдар үшін басталған жаһандық тартыс Орталық Азияны геосаяси ойын алаңына айналдырғандай… Бұрын тек шикізат көзі ретінде саналып келген Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстанның жер қойнауындағы литий, никель, титаномагнетит пен уран секілді ресурстар қазір жаңа экономикалық дәуірдің «валютасына» айналып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Әлемдік державалар, әсіресе АҚШ, ЕО мен Ұлыбритания, бұл байлықты өз пайдасына икемдеу үшін түрлі дипломатиялық, экономикалық және саяси тетіктерді іске қосып , әрекет ете бастады. Сырт көзге серіктестік ұсынысы сияқты көрінгенімен, шын мәнінде олар аймақты технологиядан алыстатып, шикізаттық шеңберден шығармауға тырысатыны сөзсіз. Ал Орталық Азия елдері ресурстық әлеуетін қайта қарап, оны тиімді игерудің жолын іздеуі керек.…

Толық оқу
Тоқаев Трамп

Орта Азия елдерінің басшылары Доналд Трамппен өтетін кезектен тыс саммитке қызу дайындық үстінде. Қарашаның 6-сына жоспарланған кездесуде Уашингтонның аймақтағы ұзақмерзімді жобалары сөз болады деп жазады Ertenmedia. Eurasianet-тің мәліметінше Астана мен Тәшкент бірнеше ай бойы Трампты С5+1 форматын Орта Азияда өткізуге көндірмек болған. «Аймаққа аяқ басқан Әміриканың алғашқы президенті боласыз» деген уәж айтылған. Алайда қыңыр мінезді Ақ үй басшысы мұндай аргументке иланбаса керек, сөйтіп саммитті Уашингтонда өткізуді құп көрген. Трамп әкімшілігі Орта Азиямен қарым-қатынаста минералды ресурстар мәселесіне басымдық беріп отыр. АҚШ-тың екі жоғары дәрежелі дипломаты, Орта Азия бойынша арнайы өкіл Сержио Гор мен Мемхатшының орынбасары Кристопер Ландау 26-30 қазан аралығында Қазақстан…

Толық оқу
Көшербаев Нұртілеу

Ресейдегі pravda.ru сайты Қазақстанда ұлтшылдық өршіп барады деп байбалам салғанша, әуелі адам аттарын дұрыс жазып үйренсе жақсы болар еді. Журналистикасы жалған патриотизмге сүйеніп, фактімен емес, фантазиямен жұмыс істейтін осы сайт жуырда ҚР Сыртқы істер министрінің аты-жөнін шатастырып, Ермек Көшербаевтың орнына «Мурад Көшербаев» деп жазып жіберді, деп жазады Ertenmedia.kz. Мұны жай ғана техникалық қателік десек, тым аңғалдық болар еді. Себебі Ресейдің ақпарат алаңында Қазақстанға қатысты есімдерді бұрмалап жазуы (айтуы) әуелден келе жатқан әдеттері екенін жақсы білеміз. Ойдан құрастырылған «ұлтшылдар» мен ел ішіндегі «тіл дағдарысы» pravda.ru үшін сүйікті тақырып. Түймедей дүниені түйедей етіп көрсетпесе, ішкен астары бойларына сіңбейтіндей… Таяуда Ertenmedia елімізде тұратын…

Толық оқу
Алматы

Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы №56 мектепке қатысты тараған видео қоғамда қызу талқыланды. Әсіресе карниздің бұзылған сәті түсірілген кадрлардан кейін «тарихи ғимаратты сүріп жатыр» деген пікірлер көбейді, деп жазады Ertenmedia.kz. Алайда Құрылыс басқармасы бұл ақпаратқа дер кезінде түсініктеме беріп, мектепті бұзу жоспары жоқ екенін нақтылады. Қазіргі таңда нысанда сейсмикалық күшейту мен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алматы – сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан қала. Сондықтан мұнда кез келген ғимаратқа қойылатын талап жоғары. Әсіресе балалар оқитын мектептерге қауіпсіздік тұрғысынан ерекше назар аударылады. №56 мектеп – тарихи маңызы бар, қала ортасында орналасқан нысан. Мұндай ғимараттарды сақтаудың екі жолы бар. Біріншісі – тек сыртқы келбетін…

Толық оқу

Алматы әкімдігі Сәтбаев атындағы №56 гимназияның ғимараты бұзылады деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia. Қала әкімінің кеңесшісі Ілзат Ақчурин әлемжелі мен БАҚ-та тарап жатқан гимназия ғимараты бұзылады деген мәліметтің жалған екенін айтты. Құрылыс басқармасының ресми мәліметіне сәйкес, мектеп ғимараты толық бұзылмайды, қазір нысанда тек күрделі жөндеу және сейсмикалық күшейту жұмысы жүргізілуде. Сондай-ақ, тарихи ғимараттың сәулеттік келбеті сақталатынын атап өтті. «Қазіргі ғимаратты сүріп тастау жоспарланбаған. Жоба аясында ғимараттың тарихи қасбеті міндетті түрде сақталады», – деп сендірді басқарма өкілдері. Жөндеу жұмысынан кейін мектеп заманауи оқу кеңістігіне айналып, білім берудің жаңа стандартына сай болады деп күтілуде. Жаңарту жобасына сәйкес, гимназиядағы барлық…

Толық оқу

Алматыда соңғы жылдары әскерге шақыру науқандарының саны ғана көбеймей, оның ұйымдастырылу мәдениеті де өзгеріп келеді. Әскерге барар алдында қаланың әр түкпірінен жиналған жігіттер тар әрі уақытша бейімделген ғимаратта кезек күтіп отыратын күн артта қалуға жақын. Қала әкімдігі әскери міндетті азаматтармен жұмыс қалаға лайық деңгейде болуы керек деген қағиданы ұстанып, жинақ пунктін Түрксіб ауданындағы Беринга, 31 мекенжайындағы бұрынғы ІІМ академиясының кең ғимаратына көшіру туралы шешім қабылдады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Алматының мобилизациялық дайындығын заманауи форматқа көшіру талабы. Жаңа пункттің 2800 шаршы метр аумағы, 0,63 гектар іргелес жері, акт залы, спорт залы, асханасы бар екені…

Толық оқу
Ресей Қытай

Ресей мен Қытай арасындағы «Сила Сибири-2» жобасына бойынша меморандум қол қойылғанын білеміз. Құжаттың мазмұны мен шарттары теңдіктен гөрі тәуелділікке көбірек ұқсайды. Ertenmedia осы мәселені байыппен саралап, қарапайым сандардың астарында қандай сыр жатқанын білуге тырысты.   Бүгінде Қытай Ресейден газдың әрбір текше/метрін 100-110 доллардан алып отыр. Бұл Ресейдің ішкі нарығында бағасымен бірдей. Бұрын Еуропа орыстың газының әрбір текше/метірен 300-400 доллар төлеуші еді. Осыан-ақ, ресми Бейжіңнің өз шарттарын өткізіп, энергетикалық келісімді өз пайдасына шешкенін байқауға болады. Оның үстіне «Сила Сибири-2» әлі салынып бітпеген жоба. Ресей миллиардтаған инвестиция құйып құбырды салып жатқанда, Қытай бүкіл шартты өз мүддесіне қарай бұрған ойыншыға айналды. Меморандум ниет…

Толық оқу

Корей түбегіндегі әскери қуат жайында сөз қозғағанда, алдымен ауызға Солтүстік Кореяның ядролық бағдарлама түсетіні анық. Бірақ соңғы уақыттары тепе-теңдікті айқындайтын факторлардың бірі ретінде Оңтүстік Кореяның әскери-технологиялық серпілісін де атауға болады. Соның ішінде су асты флотын күшейтудегі талпыныстары ерекше назарға ілігуде. Жақында Оңтүстік Корея Jang Yeong-sil (SS-087) деп аталатын жаңа дизель-электрлік сүңгуір кемесін суға түсірді, деп жазады Ertenmedia.kz. 3600 тонналық алып кеме толығымен Оңтүстік Кореяның өнімі десек болады. Оның бойындағы стелс-технологиялар, соңғы үлгідегі сонар жүйелері және құрлықтағы нысанға дәл соққы беретін қанатты зымырандармен жабдықталуы кәрістердің теңіздегі қорғаныс қабілетін бір саты жоғары көтеріп тастады. Geoje аймағындағы Hanwha Ocean верфінде жасалған бұл сүңгуір…

Толық оқу