Таяуда Алматы қаласында Қазақстанның Еуропалық Бизнес Қауымдастығы ұйымдастырған EUROBAK CSR Awards 2025 марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, экология, цифрландыру және маркетинг салаларында елеулі бастамаларды жүзеге асырған компанияларды тануға арналды. Биылғы жылы байқауға Қауымдастыққа мүше компаниялардан 37 өтінім түсті. Конкурс бірнеше бағыт бойынша өтті: CSR (корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік), экология, адами әлеуетті дамыту, IT және жаңғырту, маркетинг және PR. Жеңімпаздарды тәуелсіз қазылар алқасы анықтап, салтанатты рәсімде жарияланды. «Экология» номинациясында GPI Lab және Coca-Cola компаниялары жүзеге асырып жатқан Smart Plastic Zone жобасы жеңімпаз болып танылды. Бастама бизнестің пластикалық ізін азайтуға бағытталған: қазіргі тәжірибелерді диагностикалау, балама материалдар енгізу, қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеу,…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қарағанды облысында өнеркәсіптің негізгі өсу нүктелерінің бірі – Saran индустриялық аймағы. Мұнда машина жасау және өңдеу өнеркәсібі серпінді дамып келеді. Қазірдің өзінде бәсекеге қабілетті өнім шығаратын бес кәсіпорын жұмыс істейді, 4,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған. Сонымен қатар тағы жеті жоба жүзеге асырылуда. Солардың бірі – Қазақстанда теңдесі жоқ заманауи құбыр зауыты. Кәсіпорынның іске қосылуы еліміздің құбыр импортына тәуелділігін азайтып, отандық өнеркәсіптің ішкі және сыртқы нарықтағы позициясын күшейтеді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «ТЭМПО-Казахстан» зауытының құрылысы аяқталуға жақын. Қазіргі уақытта өндіріс алаңында іске қосу және реттеу жұмыстарына дайындық жүріп жатыр. Зауыттың жылдық…
Маңғыстау облысында Республика күні қарсаңында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ерекше қарқын алды. Президент бастамасымен қолға алынған бұл қозғалыс жай сенбілік емес, елдік сана мен қоғам мәдениетін қалыптастыратын азаматтық жауапкершілікке айналып келеді. Өңірдің түкпір-түкпірінде көшелер тазаланып, тал егіліп, қоқыс шығарылып қана қоймай, тұрғындар арасында табиғатты аялаудың маңызы түсіндіріліп жатыр. Туған жерді қорғау күнделікті әрекетке айналуы тиіс деген ой халықтың көңіліне берік орныға бастады, деп жазады Ertenmedia.kz. 25 қазан Республика күні жақындаған сайын Маңғыстау облысында тазалық жұмыстары тұрақты ұйымдастырылып, оқушылар мен жастарға экологиялық мәдениет түсіндірілуде. Мектептер мен кәсіпорындар челленджге қатысып, «таза қала – ортақ міндет» деген ұстанымға үндеп отыр. Біреуі қоқыс жинаса,…
Түркістанда Республика күні қарсаңында облыстық ардагерлер кеңесінің пленумы өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын орындау жолдары талқыланды. Ertenmedia.kz тілшілері осы пленумның мәні мен өңірдегі басты бағыттар және Президент Жолдауының маңызы жайында Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішовтен сұрап білдік.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында өңдеу саласына көбірек қаражат тарту қажеттігін атап өтті. «Инвестиция тарту – орталық атқарушы органдардың ғана міндеті емес. Осы маңызды жұмысқа жергілікті билік те атсалысып, бәрі жұмыла жұмыс істеуге тиіс», деді Президент. Сондай-ақ Жолдауда экономиканы әртараптандыруды тың қарқынмен жалғастыру, ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті, терең өңделген өнім шығаруға басымдық беру қажеттігі айтылды. Осы орайда «Egemen Qazaqstan» газеті Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында қолға алынған, атқарылып жатқан және жоспарланған жұмыстар төңірегінде әңгіме өрбітіпті. Сол сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз. Республикалық бюджетке тәуелділік 25 пайызға дейін төмендейді – Соңғы жылдары…
Қазақстан Қарулы Күштеріндегі ең бойшаң сарбаз Маңғыстау облысындағы теңіз жаяу әскерлері бригадасында қызмет атқарып жүр. Оның бойы 2 метр 9 сантиметр. Мұндай биіктік әскердегі саптық жүйеге ғана емес, рух биігіне де лайық екені сөзсіз, деп жазады Ertenmedia.kz. Әлішер Назымбек Ақмола облысының Жарқайың ауданындағы Далабай ауылында дүниеге келген. Үлкен әулеттің ұлы алты баланың бірі. Анасы жағынан атасына тартқан биік дене бітімі бала кезінен-ақ оның ерекшелігін танытқан. Мектептегі суреттерде қатарластарының үстінен «асқақ қарап тұрған» бала бүгінде ел қорғап жүрген жауынгер. Әскерге шақырылғанға дейін ол Көкшетау жоғары көпсалалы азаматтық қорғау колледжін «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Өрт сөндіруші мен сарбаздың табиғаты ұқсас: екеуі…
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов халықтың аударымы мен табысы қалай тексерілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Ertenmedia. Мәжіліс кулуарында журналистер сауалына жауап берген вице-министрдің айтуынша, табысы бар немесе ірі мүлік сатып алған азамат декларация тапсырмаса, оған арнайы хабарлама жіберіледі. «Бұл шараны тексеріс деп түсінбеу керек. Мұндай хабарлама шағын және микро бизнестің ресми тіркелген өкілдеріне ғана қатысты», – деді Біржанов. Оның айтуынша, телефон нөмірі арқылы әрі-бері ақша жөнелтуді бақылау шарасы қарапайым азаматтарға емес, негізінен шағын және орта бизнес өкілдеріне бағытталған. Осы тәсілмен ақша жөнелту жалпы төлемдер ішінде айтарлықтай үлес алады, бірақ шын мәнінде төлемге жатпауы керек. Егер банктер мен құзырлы орган әлгіндей төлем түрінің…
Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданына қарасты Достық ауылында 1200 орындық жаңа мектеп қолданысқа берілді. Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерген заманауи оқу мекемелерінің бірі, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz БҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен құттықтады. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа дәуірде мектептің жағдайы мемлекеттің дамуына тікелей ықпал етеді. «Келешек мектептері» жобасы аясында бой көтерген бұл мектеп – өскелең ұрпаққа жасалған үлкен қамқорлықтың айғағы. Себебі, «Келешек мектебі» – болашаққа нық қадам басқан, заман талабына сай озық…
Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың 19-пакетін ертең, 23 қазанда өтетін саммитте бекітпек, деп хабарлайды Ertenmedia Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап. Бұл жолғы шектеу шараларының тізіміне Орта Азиядағы бірнеше кредитор мекеме де енген. «Жаңа санкция пакетіне Ресейден сұйытылған табиғи газ (СТГ) импорттауға салынған тыйымның мерзімін 2027 жылдың қаңтарына дейін, яғни бұған дейінгі жоспардан бір жыл ерте енгізу кіреді. Бұдан бөлек ресейлік банктерге, Орта Азиядағы кредиторларға және криптовалюта биржаларына да шектеу қойылады», – деп атап өтті агенттік. Жаңа санкциялардың басты мақсаты Мәскеудің энергетикалық кірістерін барынша шектеу және Владимир Путинді Украинадағы соғысты тоқтату үшін келіссөз бастауға мәжбүрлеу. Пакеттің ішінде Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектескен Қытай…
Вице-премьер әрі Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин елдің 2026–2028 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia. «Базалық болжам бойынша 2026 жылы ішкі жалпы өнімнің нақты өсімі 5,4 пайызды, ал алдағы үш жылдағы орташа жылдық өсім 5,3 пайызды құрайды. Жалпы ішкі өнім номиналды түрде 2026 жылғы 183,8 трлн теңгеден 2028 жылы 229,8 трлн теңгеге дейін өседі. Экономиканың өсуіне нақты сектор мен қызмет көрсету саласының дамуы ықпал етеді», – деді Жұманғарин. Министрдің мәліметінше, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде өңдеу өнеркәсібінде өсім қарқыны 2026 жылы 6,2 пайыздан 2028 жылы 6,6 пайызға артады. Сонымен қатар үш жылдағы орташа көрсеткіш тау-кен өндірісінде 2,8…
