Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Қазақстанның халық әртісі, ұйғыр театрының жарық жұлдызы, көрерменнің сүйікті актрисасы Рихангүл Махпирова 79 жасына қараған шағында өмірден озды, деп жазады Ertenmedia.kz. Рихангүл Махпирова бүкіл шығармашылық ғұмырын Құддыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрымен байланыстырған еді. Өнер жолын 1977 жылы бастаған актриса жарты ғасыр бойы ұлттық сахнада сан алуан ерекше образдарды сомдап, көрермен жүрегінен орын алды. Оның театр өнерін дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі», кейіннен «Қазақстанның халық әртісі» атақтары берілді. Марқұмның отбасы мен жақындарына, барша өнер сүйер қауымға Мәдениет және ақпарат министрлігі көңіл айтты. «Рихангүл Махпирова өнерге деген адалдығымен, сахнаға деген ерекше құрметімен есте…

Толық оқу
Ақтау – Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы

Бүгін «Ақтау Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы» жылының жабылуына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оған Түркі мемлекеттері ұйымының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырым, сондай-ақ ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің мәдениет министрлері мен тиісті ведомстволарының өкілдері қатысты. Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәдени астана мәртебесі өңір үшін құрмет қана емес, сонымен бірге түркі әлемінің бай мұрасын кең аудиторияға таныстыруға мүмкіндік бергенін атап өтті. «Тарихи қала осы жауапкершілікті абыроймен атқарып, өзіне жүктелген міндетті жоғары деңгейде орындады деп нық сеніммен айта аламыз. Жобаның табысты жүзеге асуына Президентіміздің түркі мемлекеттерінің бірлігін нығайтуға, гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған…

Толық оқу

Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясында маңызды мәселелер қаралды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 2025 жылғы 28 қараша күні сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті. Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының жұмысына облыс әкімінің міндетін атқарушы З.Жолдасов, облыс әкімдігінің мүшелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов жүргізді. Сессияның күн тәртібінде 8 маңызды мәселе қаралды. Атап айтқанда, 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу, Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесін лауазымынан босату, «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі Ережесіне өзгерістер енгізу туралы және басқа да мәселелер қаралды.…

Толық оқу

Алматы облысында полицияның «Учаске» профилактикалық іс-шарасы жоспар бойынша ғана емес, басшылықтың тікелей бақылауымен жүріп жатыр. Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ақылбек Төлеуов осы операцияның қалай орындалып жатқанын өз көзімен көру үшін түнгі рейдке шықты. Осылайша басшылық учаскелік инспекторлар мен патрульдік құрамның нақты жұмысын бақылап, тәртіптің қалай сақталып жатқанын өз көзімен көрді, деп жазады Ertenmedia.kz. Түнгі тексеріс тәтіп сақшылары кезінде көңіл көтеру орындары, ойын-сауық мекемелері және тәулік бойы жұмыс істейтін дүкендер араланды. Полиция қызметкерлері алдымен алкоголь өнімдерін сату тәртібіне назар аударды. Заңда белгіленген тыйым салынған уақыт бар, сол кезеңде спирттік ішімдік сатуға болмайды. Рейд барысында осындай заң бұзу дерегі тіркелмегені…

Толық оқу

Airbus концерні шұғыл түрде шығарған директиваның салдарынан Қазақстандағы бірқатар әуе рейстері кешігуі мүмкін, деп хабарлайды Ertenmedia. «Airbus ұшақтарын қолданатын барлық әуе компаниялары басқару компьютерлерінің бағдарламалық жүйесін тез арада жаңартуы тиіс. Бұл талап компанияның A320 сериясындағы ұшақтарына қатысты», – делінген хабарламада. Бағдарламалық жүйені әр лайнер ұшар алдында міндетті түрде жаңартуы қажет. Осы себепті еліміздегі әуежайлардан ұшатын Airbus рейстері кешігуі мүмкін. Жолаушыларға көмек көрсету мақсатында Азаматтық авиация комитеті мен Авиациялық әкімшілік тәулік бойы жұмыс істейтін жедел байланыс орталығын іске қосты. Әуе рейстерінің статусын мына нөмірлер арқылы анықтауға болады: Air Astana: +7 727 244 44 77, +7 7172 58 44 77, +7 702 702 44 77; FlyArystan: +7 727 331 10 10 (WhatsApp: +7 702 702 02 27); SCAT: +7 7252 99 88 80; Qazaq Air: +7 727 356 14 14;…

Толық оқу
Астана қаласындағы Промышленный алабының

Астананың Промышленный тұрғын алабындағы жұрт он жылдан бері силикат кірпіш зауытының түтінімен тыныстап келді. Жергілікті тұрғындар денсаулыққа зиян екенін айтып, жылдар бойы дабыл қақты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Зауыт мұржасынан шыққан шаң-тозаң, өткір иіс пен көк түтін айналаны басып, мұндағы 30 мың адамның өмір сүру сапасын айтарлықтай нашарлатқан еді. Ақыры бұл түйткілдің түйіні тарқатылды. Әкімдік пен Экология министрлігі өндірісті жабу үшін сотқа бірнеше рет жүгінген болатын. 2022 жылы зауыт жұмысы уақытша тоқтатылғанмен, көп ұзамай қайта іске қосылды. Дегенмен билік тұрғындар талабын ескеріп, мәселені біржола шешуге биыл қайта кірісті. Әкімдік шілде айында зауытты қаладан тысқары аумаққа көшіруді талап етіп, сотқа шағым түсірді.…

Толық оқу
Несие нарығындағы

Қазақстанда жұртты банк алаяқтарынан қорғау жүйесі күшейтіледі. Депутаттар Мұрат Әбенов пен Бақытжан Базарбек әзірлеген жаңа ереже Парламенттің төменгі палатасында мақұлданды, деп хабарлайды Ertenmedia. Жаңа талап банк және микроқаржы ұйымдарының несие беру тәртібін түбегейлі өзгертеді. Бірінші кезекте онлайн несие рәсімдеген кезде биометриялық идентификация міндетті болады. Клиенттің жеке басын Ұлттық банктің арнайы орталығы (ЦОИД) арқылы тексеру көзделген. Яғни енді ешкім өзге адамның атына қашықтан несие рәсімдей алмайды. Екіншіден, банктер мен МҚҰ клиентті тексеру үшін антифрод жүйесін (алаяқтық әрекеттерді анықтайтын алгоритм) енгізуге міндеттеледі. Несие алу туралы өтініштер мен күмәнді әрекеттер туралы ақпарат жедел режимде жіберіліп, алаяқтыққа жол берілмейді. Үшіншіден, бір адам қысқа уақыт…

Толық оқу

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі соңғы екі жылда өзгеше тыныс ала бастады. Бұрын колледж көбіне «жол жоқтардың таңдауы» саналса, қазір керісінше, өндіріс пен жаңа индустрияға жол ашатын негізгі баспалдаққа айналып келеді. 2025-2026 оқу жылында колледждерге қабылдау 189 мың адамға жетті, соның 145 мыңы мемлекеттік тапсырыс арқылы оқиды. Яғни жастар сұранысы да өсіп отыр, мемлекет те бұл саланы экономикаға керек негізгі құралдың бірі ретінде қарастырып отыр. Тоғызыншы сыныптан кейінгі түлектер үшін техникалық және өндірістік мамандықтарға тегін оқу мүмкіндігі толық ашылды. Машина жасау, энергетика, металлургия, IT сияқты бағыттарға мемлекеттік тапсырыстың 70 пайызы бөлінген. Еңбек нарығындағы сұраныс көбіне осы салаларда екенін ескерсек,…

Толық оқу
Түркістан

Қазақстанда 2025-2030 жылдарға арналған «Заң және тәртіп идеологиясы» тұжырымдамасын іске асыру басталды. Құжаттың негізгі мақсаты қауіпсіздікті күшейту, заңға сенімді арттыру және тәртіпке қоғамды барынша тарту. Соңғы жылдары жергілікті қауымдастықтардың белсенділігі өскені байқалады. Мысалы, 370 елді мекеннің тұрғындары өздері бастама көтеріп, алкогольден бас тартты. Мемлекет үшін де, қоғам үшін де бұл нақты жауапкершіліктің белгісі. Тұжырымдаманың маңызды бағытының бірі интернет алаяқтықпен күрес саналады. Ұялы байланыс операторларымен бірге шетелдік жалған нөмірлерден келетін қоңырауларға техникалық кедергі қойылған. 2022 жылдың қарашасынан бері мұндай 67 миллионнан астам қоңырау бұғатталды. Ондаған sim-бокс пен ондаған мың sim-карта анықталды. Құқық қорғау органдары мен операторлар арасындағы меморандум аясында жаңа алаяқтық…

Толық оқу

Қазақстан экономиканың жаңа моделіне – білімге негізделген экономикаға бет бұрды. Бұл ұғым елдің бәсекеге қабілеттілігі табиғи ресурстар емес, білім, ғылым, цифрлық технологиялар арқылы анықталатынын көрсетеді. Мемлекет енді әлеуметтік-экономикалық дамуды инновация, адами капитал, зерттеу мен технологиялық жаңалықтарға сүйене отырып құруды мақсат тұтуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде жасанды интеллект пен цифрлық құралдардың маңыздылығына атап өткен еді. «Стратегиялық міндет – үш жыл ішінде Қазақстанды толыққанды цифрлық елге айналдыру. Жасанды интеллект пен цифрлық құралдар мемлекеттің даму негізіне айналуы тиіс», — деді Мемлекет басшысы. Бұл – мемлекеттің дәстүрлі шикізаттық табыс моделінен толыққанды интеллектуалды экономикаға ауысу жолы. Қазақстан шикізаттық экономикадан білім мен инновацияға негізделген жаңа модельге…

Толық оқу