Автор: Асылхан Бөрібай

21 қазан күні Қазақстан үкіметі ірі қалаларды түгел қамтитын ұлттық Wi-Fi операторы іске қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia. Ауқымды жобаны Freedom холдингіне қарасты Freedom Telecom жүзеге асыруда. Компанияның мәліметінше, интернет желісі әлеуметтік маңызы зор нысандарда шекара бекетінде, әуежайда, теміржол мен автобус вокзалында, білім ордаларында және медициналық мекемелерде іске қосылады. Жобаға қатысты Forbes Kazakhstan басылымына пікір білдірген Freedom Telecom бас директоры Қайрат Ахметов бірінші кезең аяқталуға таяу екенін айтты. Қазіргі уақытта Freedom Wi-Fi желісі Астана, Алматы, Тараз, Қонаев, Өскемен, Жетіген (Алатау), Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау мен Түркістан сынды қалалардағы 400-ден астам нүктеде қолжетімді. «Қамту аумағы қолданушылардың сұранысына қарай кеңейе береді.…

Толық оқу

Ақмола облысында мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта қалыптастыру ісі сәтті жүзеге асуда. Облыс аумағында мыңнан аса мекеме пандус, арнайы кіреберіс, кең есік, тактильді жолақ сияқты элементтер орнатылып жатыр. Адамдар күнде баратын емхана, мектеп, колледж, мәдениет үйі, кітапхана сияқты орындарда мүгедектігі бар азаматтардың жүріп-тұруы үшін ыңғайлы жағдай жасалуда. Президенттің мүгедектігі бар азаматтарды қоғамнан бөліп қарамау жөніндегі тапсырмасы өңірде осылайша жан-жақты іске асуда, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл жұмыстың бір арқауы Amanat партиясының жол картасына тіреледі. Партия өзінің құжатында мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны кеңейтуге жеке бағыт арнаған. Соған сай өңірде мониторинг топтары құрылып, партия өкілдері, мәслихат депутаттары, белсенділер нысандарды аралап…

Толық оқу

Еліміздің Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Мәскеуде ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесіп, екі ел арасындағы байланыстың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Ertenmedia. Министрлер келіссөзі президент Тоқаевтың 12 қарашаға жоспарланған Ресей сапары қарсаңында өтті. Ермек Көшербаев екі ел басшысы арасындағы сенімді әрі тұрақты диалог Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасының қозғаушы күші екенін атап өтті. Өз кезегінде Сергей Лавров Қазақстан мен Ресей президенттері арасындағы «ерекше байланысты» жоғары бағалап, мұндай қарым-қатынас стратегиялық серіктестік пен көршіліктің дамуына тың серпін беретінін айтты. Келіссөз барысында Ресей Қазақстанның негізгі сауда серіктесі ретінде тағы да расталды. «2024 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда айналымы 28 миллиард доллардан асты. Бұл көрсеткішті…

Толық оқу

Бүгін Абай облысы мәслихатының кезектен тыс отыз бірінші сессиясы өтті. Сессияға облыс әкімі Берік Уәли, мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, депутаттар, басқарма басшылары қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Бүгінде осындай сессиялар елдің өңірлік басқару жүйесінде айқын бағдарлар қалыптастыратын, нақты шешім қабылданатын саяси алаңға айналып келеді. Қоғамдық сұраныс пен жергілікті билік арасындағы дәнекер саналатын мәслихаттардың ендігі қызметі өткеннің инерциясымен жүріп отыру емес, жаңа саяси мәдениетті қалыптастыру болуға тиіс. Абай облысы әкімі Берік Уәли, мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, басқарма басшылары мен депутаттар қатысқан жиында бірнеше маңызды құжат қабылданды. Алқалы басқосуда жекелеген азаматтарға дәрі-дәрмек пен медициналық…

Толық оқу

Мемлекет басшысы тапсырмасына сәйкес Оқу-ағарту министрлігі 2023 жылдан бастап Президенттік жастар кадрлық резерві үлгісінде «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасын іске асырып келеді. Жобаның мақсаты – білім беру жүйесін жаңғыртуға, басқару тиімділігін арттыруға және оң өзгерістерді жүзеге асыруға қабілетті жаңа буын көшбасшыларын даярлау. Бүгін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жобаның қорытынды кезеңінде кадрлық резервке енген педагогтермен кездесті. Биыл 411 үміткер қорытынды бағалаудан өтіп, әңгімелесуге шақырылған болатын. Нәтижесінде 403 қатысушы кадрлық резервке қабылданып, оларға министр арнайы сертификаттар табыстады. Кездесу барысында Жұлдыз Сүлейменова кадр резервіне енген білім саласының көшбасшыларымен еліміздегі білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын талқылады. Министр соңғы жылдары мемлекет тарапынан білім…

Толық оқу

Бүгін Жетісу облысында Республика күнінің қарсаңында «Қайнар-АКБ» зауытының жаңа өндірістік желісі іске қосылды. Мұнда резервте электр қуатын беруге арналған аккумулятор батареялары өндіріледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Зауыт ұжымын қуанышты сәтпен облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтады: –  Жаңа жоба облыс экономикасын дамытуға, жергілікті халықты жұмыспен қамтуға ықпал етеді деп сенеміз. Бұрын автокөлік аккумуляторлары «Қайнар» зауытының танымал бренді болса, енді оның жаңа өнімдері де сапа мен сенімділіктің кепілі болғалы отыр. Біз отандық өнім өндіру ісін ұйымдастыруға септігін тигізетін осындай бастамаларды әрдайым қолдауға дайынбыз, – деген өңір басшысы бірқатар зауыт жұмысшыларына алдағы Республика күніне орай Құрмет…

Толық оқу

Мәжіліс 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті бекітті және трансферттер көлемі туралы заңды қабылдады Мәжіліс Үкімет ұсынған 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдады. Құжат Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес әзірленді. Сондай-ақ 2026-2028 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заң қабылданды. Жергілікті бюджеттердің кірістерінің болжамы жаңа Бюджет және Салық кодекстерінің қолданысқа енгізілетіні ескеріле отырып қалыптастырылды.

Толық оқу

2026 жылғы республикалық бюджет шығыстары елдің әлеуметтік бағыттағы приоритетін айқын көрсетеді. Жалпы 10,7 трлн теңге бөлініп, оның 6,8 трлн теңгесі әлеуметтік төлемдерге, ал 3,9 трлн теңге білім беру мен денсаулық сақтау сияқты адами капиталға инвестициялауға бағытталады. Үкіметтің басты мақсаты – құрылымдық реформалар мен шығыстардың тиімділігін арттыру арқылы азаматтардың өмір сапасын жақсарту және әлеуметтік қорғанысты күшейту. Мәселен денсаулық сақтау саласына 2,7 трлн. теңге көзделген. Биылғы жылмен салыстырғанда бұл қаражат 107 млрд. теңгеге артық. Бұл шаралар медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осыған қоса білім және ғылым саласына – 901,7 млрд. теңге жоспарланып отырғанын айта кету керек. Бұл бағытта білім берудің сапасын…

Толық оқу

Бүгін, 22 қазанда Республика күні қарсаңында Мұнайлы ауданының Айрақты елді мекенінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында №21 жалпы білім беретін мектептің салтанатты ашылуы өтті. Бұл – Маңғыстау облысында аталған бағдарлама бойынша пайдалануға берілген он бірінші мектеп. Жаңа білім ордасы 900 оқушыға арналған. Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа білім ошағының ашылуымен құттықтады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы – еліміздегі білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Заманауи мектептердің ашылуы қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайтып, балалардың әлеуетін ашуға және бәсекеге…

Толық оқу

Қоғамдағы тәртіп ел азаматтары арасындағы түсіністікпен өлшенеді. Соңғы жылдары тұрмыстық деңгейдегі жанжалдың көбейіп, оның соңы қылмысқа ұласатынын көріп жүрміз. Бір үйде тұрып, бір аулада өмір сүретін көрші-көлеңнің көлікті дұрыс қоймаудан, жөндеу жұмыстарын түнде жүргізіп бір-бірімен қатты ренжісетіні жасырын емес. Осындай ұсақ-түйектің соңы кейде елеулі оқиғаға ұласып кетеді. Сондықтан құқықтық профилактиканы дамытып, ел ішіндегі тыныштықтың тірегіне айналдырудың маңызы зор. Осы мәселеге байланысты ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мәжіліске барып, қоғамдық тәртіпті күшейтуге бағытталған заңнамалық өзгерістерді таныстырды. Министрдің айтуынша, құқық қорғау органдары тек жазалаудан бөлек, алдын алумен айналысуы керек. Бұл ретте министрлік тұрғын үйлердегі Мүлік иелері бірлестігімен бірлесіп жұмыс істеуге ықласы…

Толық оқу