Заработные платы в Казахстане продолжают устойчиво расти, отражая общее оживление экономики и постепенное повышение уровня жизни населения. Согласно данным Бюро национальной статистики АСПиР РК, по итогам второго квартала 2025 года среднемесячная номинальная зарплата в стране составила 448,6 тыс. тг, в том числе в городской местности – 471 тыс. тг, в сельской – 381,7 тыс. тг. В номинальном выражении среднемесячная номинальная заработная плата выросла на 11,3% к соответствующему периоду прошлого года. При этом по сравнению с предыдущим кварталом зарплата увеличилась на 6%, а её покупательная способность в реальном выражении – на 2,4%. Что касается долгосрочной динамики, ситуация следующая: за пять лет…
Автор: Асылхан Бөрібай
Ресей мұнай өңдеу зауыттарына бағытталған украин дрондарының соққыларынан кейін Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі отын нарығындағы ахуал күрделене түсті, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстан келіспеді Энергетикалық инфрақұрылымға бағытталған шабуылдар Ресейдің жанармай экспортына әсер етіп, аймақтық нарықтарда тапшылық қаупін арттыратыны белгілі. Сарапшылардың пікірінше, мұнай мен мұнай өнімдерінің жеткізілуіндегі кез келген кідіріс Қазақстанның ішкі отын балансына қысым түсіреді. Ресейден келетін отын көлемі азайған жағдайда Қазақстан бұрынғыдай импорт есебінен тапшылықты жаба алмайды. Бүгінде елдегі мұнай өңдеу зауыттары бар қуатында жұмыс істеп тұр, резерв көлемі шектеулі. Соған қарамастан, Ресейдің өзі Қазақстаннан жанармай мен дизель отынын жеткізу сұраған деген ақпарат тарады. Қазақстан тарапы мұндай өтінішке келіспеген,…
Абай облысы әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару және ауыл шаруашылығы айналымына енгізу жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы, облыстың жергілікті атқарушы органдарындағы кадр тұрақтылығының жай-күйі және оқушыларды тамақтандыру мәселелері қаралды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кеңеске облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері, ал аудан және қала әкімдері бейнережимде қатысты. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару және ауыл шаруашылығы айналымына енгізу жөнінде сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Әнуар Бейсенов пен Абай облысының жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Алмас Тоқсанбаев…
Елде жұмыспен қамту саясаты біртіндеп жалаң есептің көлеңкесінен шығып, нақты нәтижеге қарай ойысып жатыр. Ресми дерек бойынша, жоспарланған көрсеткіштің 73 пайызы орындалып, жыл басынан бері 480 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасқан. 2029 жылға дейін Үкімет тағы 3 миллион адамды жұмыспен қамтуды межелеп отыр. Әлеуметтік осал топтарға 1,5 млн теңгеге дейін қайтарымсыз грант беру тетіктері халықты жұмыспен қамтуда маңызды роль атқаруда. Осыған байланысты Алматы қаласы бойынша Кәсіпкерлер палатасының қызметкері Жанар Ибарагимовамен әңгімелесіп, грант пен жұмыспен қамту тетіктерінің нақты қалай жүзеге асып жатқанын сұрадық. – Жанар ханым, бүгінгі жұмыспен қамту көрсеткіштері мен жалпы ұлттық мақсаттар туралы толығырақ айтып бересіз бе?…
Қостанай облысында Орталық Азиядағы ең ірі «жасыл металлургия» зауыттарының бірі салынады. Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы Австрияның Primetals Technologies және АҚШ-тың Midrex Technologies консорциумымен стратегиялық келісімге қол қойды. Келісімге сәйкес, жаңа зауыттың жобасы мен қажетті жабдықтар толықтай халықаралық стандарттар негізінде дайындалады. Бұл бастама Қазақстанның өнеркәсіп картасындағы жаңа дәуірдің бастауы ретінде бағаланып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Жобаны ERG-нің еншілес компаниясы QazIron ERG жүзеге асырады. Жаңа өндіріс орны жылына 2 миллион тоннаға дейін ыстық брикеттелген темір (ГБЖ) өндіретін болады. Жоспар бойынша зауыт 2029 жылы іске қосылады. Инвестиция көлемі 650 миллиард теңгеден асады, ал құрылыс пен өндіріс барысында мыңнан астам жаңа жұмыс орны…
«Әлем үш ерекше кезеңнің – технологиялық (жасанды интеллект), демографиялық және эволюциялық кезеңдердің табалдырығында тұр. Бұл адамзаттың болашақ дамуына қалай әсер етеді?» тақырыбындағы көшбасшылық дәрісті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қырғызстанның тұңғыш президенті, РҒА академигі, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Күрделі жүйелердің математикалық зерттеулері институтының жетекші ғылыми қызметкері, профессор Асқар Ақаев оқыды. Шараға мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, танымал ғалымдар, зерттеушілер, сарапшылар, оқу ордасының оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер қатысты. Университеттің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев құрметті қонақты таныстырып, көшбасшылық дәрістің маңыздылығына тоқталды. – Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаев ғылымнан саясатқа келген. Ол Санкт-Петербург университеті мен Ленинград нақты механика және оптика институтында…
Түркістан облысындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнын үздік бітірген жас мамандарды конкурссыз жұмысқа қабылдау жүріп жатыр. Бұл бастама ҚР Оқу-ағарту министрінің және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы бұйрығына сәйкес жүзеге асырылды. Бастысы жас мамандар GPA көрсеткіші 3,33 балдан төмен емес және сертификаттаудан сәтті өтуі қажет, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Екі қолға бір күрек іздеген университет бітірушілерін алғашқылардың бірі болып, Түркістан қаласындағы №32 жалпы білім беретін мектебі қолдау білдірді. Өңірдегі «Келешек мектептері» бағдарламасы аясында ашылған бірінші келешек мектебі 2025-2026 оқу жылында 19 жас маманды жұмысқа қабылдап үлгерді.…
Белгілі қаржы сарапшысы әрі журналист Айбар Олжай өзінің Фейсбук парақшасында қоғамда қызу талқыға түскен жағдайға байланысты Бас прокуратураға ресми өтініш жолдағанын мәлімдеді. Ол журналист Асхат Ниязовтың әлеуметтік желіде айтқан бейәдеп сөзі қоғамда ашу туғызып, ұлт арасына сызат түсіруі мүмкін деген уәжбен Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша сараптама жүргізуді сұраған. Бұл бапта ұлт, нәсіл немесе діни араздықты қоздыруға қатысты құқықтық жауапкершілік қарастырылған, деп жазады Ertenmedia.kz. Сарапшы Айбар Олжай мәселенің мәні сотталу не жазалау емес, қоғамды бір-біріне қарсы қоюдың алдын алу екенін тілге тиек етті. – Мүмкін, Асхаттың айтқаны жай қалжың болар. Бірақ әзіл адамның араздығын қоздыратын құралға айналмауы керек. Нағыз әзіл адамдарды…
Астанада тұрғындардың кәсіби дамуына және еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруіне мүмкіндік беретін Joltap жобасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Елордалық оқушы Joltap жобаcы бойынша «Бариста» курсын тәмамдады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Астаналық Мақсат есімді мектеп оқушысы бос уақытында аниматор болып жұмыс істейді. Дегенмен ол мұнымен шектелмей, қазіргі таңда JOLTAP жобасы аясында «Бариста» курсын оқып, өз мақсатына нық қадам басып келеді. Оқу барысында Мақсат кофемашинамен жұмыс істеуді меңгеріп, кофені дәмді дайындауды үйреніп, қорытынды емтиханды сәтті тапсырды. Енді ол кофеханада жұмыс істегісі келетінін, тіпті болашақта өз кофеханасын ашқысы келетінін айтады. – «Бариста» курсы тек партада отырып, теорияны оқитын сабақ…
АҚШ-та ерекше сипаттағы оқиға тіркелді. Калифорния штатындағы Кэмп-Пендлтон әскери базасында өткен салтанатты артиллериялық атыс кезінде вице-президент Джей Ди Вэнстың кортежі үстінен 155 миллиметрлік снаряд жарылған. Шара Теңіз жаяу әскерлерінің құрылғанына 250 жыл толуына арналған болатын. Алайда мерекелік салтанаттың соңы күтпеген жағдайға ұласып, елдің назарын өзіне аударды, деп жазады Ertenmedia.kz. The New York Times пен Axios агенттіктерінің дерегінше, оқиға Interstate 5 тас жолының бойында, Лос-Анджелес пен Сан-Диего қалаларын жалғайтын ірі магистраль маңында болған. Вице-президент кортежі қозғалып келе жатқан сәтте, снаряд ауада жарылып, оның сынықтары күзет мотоциклі мен жол патрулінің көлігіне зақым келтірген. Қуанышқа орай, оқиға кезінде ешкім зардап шекпеген. Дегенмен, америкалық…
