Түркістан облысында «RESPUBLICA» партиясының өңірлік филиалында Өңірлік кеңес пен ReWomen іскер әйелдер қауымдастығының бірлескен отырысы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға облыстық партия филиалының төрағасы Бекжан Айтқұлов жетекшілік етті. Іс-шараға Өңірлік кеңес мүшелері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, кәсіпкерлер мен белсенді партия мүшелері қатысты. Кездесу барысында Республика күні қарсаңында партия мүшелерінің бірлігі мен ел дамуына қосқан үлесі атап өтілді. Белсенді мүшелерге партия төрағасы Айдарбек Асанұлының атынан Алғыс хаттар табысталып, мерекелік құттықтаулар айтылды. Бекжан Айтқұлов өз сөзінде партияның алдағы кезеңдегі негізгі бағыттарына тоқталды. Оның айтуынша, ұйым алдында тұрған басты міндеттердің бірі – партия құрамын сандық әрі сапалық тұрғыдан күшейту.…
Автор: Асылхан Бөрібай
Құтқарушылар күн сайын қауіп-қатердің ортасында жүреді. Осылайша олар елдің тыныштығын сақтауда. Зайсан ауданында 28 жыл бойы құтқарушы болып жүрген Бауыржан Оразғалиев солардың бірі. Әңгімесін тыңдасаң, қызық үшін емес, еңбектің қадірін түсесің. – Адамды құтқару ең қауіпті мамандықтың бірі. Бірақ бала күнімде біреуге көмектессем деп ойлайтынмын. Әскерден келген соң төтенше жағдайлар бөліміне жұмысқа шақырды. Бәрі тез болып кетті. Сөйтіп жүріп 28 жыл өтіп кеткенін өзімде аңғармай қалдым, – дейді ол. Құтқарушы үшін қауіптің үлкен-кішісі болмайды. Өрт те, су тасқыны да, аяз да қауіпті. Сондықтан біздер қауіпті бөліп-жарып қарай алмаймыз. Бұл салада жүрген азаматтардың бәрі қауіптің түріне емес, салдарына қарайды. Ал салдары…
Жетісу облысында ауыл тұрғындарына дәрігерлік көмекті жақындату жұмысы нақты қадамдарға көшті. Мемлекет басшысының ауылдағы медициналық қызмет қолжетімді болуы керек деген тапсырмасынан кейін өңірде алғашқы медициналық санитариялық көмек жүйесін күшейтуге бағытталған жоба жүріп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Жетісу облысының аудандарда сегіз жаңа нысан есігін ашты. Олардың қатарында фельдшерлік акушерлік пункттер, медициналық пункттер және дәрігерлік амбулатория бар. Маңыздысы бұл нысандар елге қайтарылған активтер есебінен салынғаны. Яғни кезінде сыртқа шығып кеткен қаражат ауылдағы нақты инфрақұрылымға айналып отыр. Облыста барлығы 18 жоба жүзеге асырылуда. Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан 1,7 миллиард теңге бөлген. Сол қаржы есебінен әр ауданнан нақты елді мекендер таңдалып, инженерлік инфрақұрылымымен бірге…
Республика күні қарсаңында Түркістан облысы, Сауран ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» жобасы аясында №5 жалпы білім беретін мектептің салтанатты ашылуы өтті. Жаңа білім ордасы 600 оқушыға арналған. Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, елді Республика күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. – Баршаңызды жаңа білім ордасының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін міне, терең тарихымен, еңбекқор халқымен ерекшеленетін Сауран ауданында «Келешек мектептері» жобасы аясында 3-ші білім ұясы іске қосылуда. Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың «Әрбір оқушының білім алып, жан‑жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс» делінген тапсырмасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асты.…
Республика күніне орай Махамбет ауданы Таңдай ауылында 150 адамға арналған заманауи «Таңдай» спорт кешені ашылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы басталған нысанның жалпы ауданы 2077,12 шаршы метр болса, спортпен қамтылатын бала саны 400-ге жуықтайды. Кешенде ойын және жаттығу залдары, ерлер мен әйелдердің киім ауыстыру бөлмелері, жуынуға арналған және медициналық кабинет бар. Мұнда футбол, волейбол, баскетбол, бокс, дзюдо, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, грек-рим күресі сияқты спорт түрлерінен секциялар жұмыс істейді. – Балалар және жасөспірімдерге арналған жаңа спорт кешенінің ашылуы ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізіп, спортқа қадам басуына үлкен серпін бермек. Президент…
Депутат Зайытов экс-президент Назарбаевтың немере інісі Нұрбол Назарбаевқа қатысты тәркіленген дүние-мүлік әлі де толық зерттелмегенін айтқан еді деп жазады Ertenmedia. Orda порталының мәліметінше Нұрбол жалпы сомасы 106,75 миллион доллар (57 миллиард теңге) көлеміндегі активінен айырылған. Сот шешімі бойынша Назарбаевтың есеп-шоты бұғатталып, бизнесі бақылауынан шығарылды және активтерін пайдалануға толық тыйым салынған. Осыған орай Мәжілісте мәселе көтерген Ринат Зайытов тәркіленген актив айсбергтің бергі беті ғана екенін айтқан. Ел ішінде Назарбаев әулеті Алматы мен Алматы облысындағы шұрайлы жерді заңсыз иемденді деген әңгіменің гу-гулеп тұрғанын жеткізген. «Алтын Орда? Тәркіленген активтің ішінде осы базарға қатысты еш ақпарат жоқ. Сондықтан қоғамның тарапынан сұрақ туындауы заңды. Бас…
Қостанай сотында Рудныйдың бұрынғы прокуроры Мұрат Оспановқа қатысты жемқорлық ісі қаралып жатыр. Экс-прокурорға бюджет қаржысын жымқыру бойынша қылмыстық істі тоқтату үшін 20 миллион теңге пара алмақ болды деген айып тағылды, деп хабарлайды Ertenmedia. «Қостанай жаңалықтарының» мәліметінше, оқиға осы жылдың көктемінде басталған. Рудный әкімдігінің құрылыс бөлімі қаланы абаттандыру жұмыстары кезінде 255 миллион теңгеден астам бюджет қаржысын талан-таражға салғаны үшін тексеріске іліккен. Осы кезде бөлім басшысы Дәурен Жәкеновке қылмыстық іс қозғалып, басына бұлт үйірілген болатын. Тергеу материалына сәйкес, дәл сол тұста Рудныйдың прокуроры мәселені «шешіп беруге» ұсыныс жасап, оның құнын 20 миллион теңгеге бағалаған. Жәкенов бірден Ұлттық қауіпсіздік комитетіне хабар берген. 28…
Қытайлық China Energy компаниясы Қазақстанда жалпы құны миллиард доллардан асатын екі ірі энергетикалы жобаны қолға алды, деп хабарлайды Ertenmedia. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов пен China Energy басшысы Сәо Сүбин Астанада кездесіп, жаңартылатын энергия саласындағы екі бірдей ауқымды жобаны іске асыруға келісті. Оның біріншісі Түркістан облысында қуаты 300 МВт болатын күн электр станциясын салу. Екіншісі Қарағанды облысында қуаты 500 МВт-қа жететін жел электр станциясын тұрғызу. Екі жоба да Астана мен Бейжіңнің Бакуде өткен БҰҰ климаттық конференциясында жасасқан үкіметаралық келісімі аясында жүзеге асады. China Energy жобаны жүзеге асыру барысында «Қазақтелекоммен» әріптес болады. Қазақстандық оператор осы жоба аясында деректерді өңдеу орталығын (Data-орталық) тұрғызады,…
Алматы облысында баспанасыз қалған отбасыға қысқа мерзімде жаңа үй салынып берілді. Бұл шешім облыс әкімінің тапсырмасымен жүзеге асырылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бір жылға жуық уақыт бұрын Азат ауылының тұрғыны Шерзат Полаттың отбасы ауыр жағдайға тап болған еді. Өрт салдарынан олардың үйі толық жанып, отбасы баспанасыз қалған. Осы оқиғадан кейін жергілікті билік мәселені бақылауға алып, нақты қолдау шараларын қолға алды. Аудан әкімдігі мен меценаттардың бірлескен көмегі нәтижесінде отбасыға жаңа тұрғын үй салу туралы шешім қабылданды. Қысқа уақыт ішінде заманауи талаптарға сай үй тұрғызылып, барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді. Құрылыс жұмыстары толық аяқталып, баспана пайдалануға берілді. Бүгінде Шерзат Полаттың отбасы жаңа үйге…
25 қазан Республика күніне орай Қонаев қаласында ауқымды мерекелік бағдарлама өтеді. Қаланың Орталық алаңы бұл күні өнер мен заманауи технология тоғысқан ерекше кеңістікке айналмақ, деп жазады Ertenmedia.kz. Кешкі бағдарлама сағат 17:00-де басталады. Сахнада танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Концерттің басты қонақтары – Esko, Ray және Нұрсұлтан Нұрбердиев. Кештің шарықтау сәті – Алматы облысында алғаш рет өтетін дрон-шоу. Жүздеген дрон түнгі аспанға көтеріліп, жарық арқылы түрлі бейнелер мен композициялар жасайды. Бұл көрініс қала тұрғындары үшін жаңа форматтағы мәдени тәжірибе болмақ. Облыс әкімдігінің мәліметінше, биыл еліміз Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуын атап…










