Бүгін, 5 қаңтар күні таңертең еліміздегі ең ірі банктердің бірі Halyk Bank клиенттері қолайсыздыққа тап болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстандықтар жаппай мобильді қосымшаға кіре алмай, аударым мен төлем жасау мүмкіндігінен айырылып қалғанын айтуда. Бұл жағдай көптеген қолданушының жоспарын бұзған сыңайлы. Әлеуметтік желілерде Halyk SuperApp қосымшасының дұрыс жұмыс істемей тұрғаны туралы шағымдар көбейді. Клиенттер қосымшаны ашқанда экран бетінде «Қате» (Ошибка) деген жазу шығып, жүйеге кіруге рұқсат бермей тұр. Банктің хабарлауынша, қазіргі уақытта сұраныс тым көп болғандықтан, жүйеге салмақ түскен. Қолданушыларға мынадай хабарлама келуде: «Біз көптеген сұранысты өңдеп жатырмыз. Өтінеміз, сәл кейінірек қайталап көріңіз. Қате орын алды». Ақаудың нақты себебі неде? Көпшілікті…
Автор: admin
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (ҚазҰУ) Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің студенттері жатақханадан орын бөлуде әділетсіздік бар екенін айтып шағымдануда, деп хабарлайды ErtenMedia.kz порталы Qazaq.today сілтеме жасап. Қандас студенттер орын ала алмай отыр Студенттердің айтуынша, Қытайдан келген этникалық қазақ жастар университет жатақханасынан орын ала алмай, Алматы облысының Талғар және Жамбыл аудандарынан қатынап оқуға мәжбүр. Кей күндері сабақ кешке дейін жалғасатындықтан, 16–17 жастағы студент қыздардың түнгі уақытта қала сыртына қатынауы қиындық туғызуда. Сонымен бірге, сол факультетте ақылы негізде оқитын өзге шетелдік студенттер жатақханамен толық қамтамасыз етілгені айтылуда. Бұл жағдай кейбір студенттер арасында «жергілікті және қандас жастарға басымдық берілмей отыр»…
Өскемендегі бір супермаркет төңірегінде туындаған жағдай қоғамдағы тұтыну мәдениеті мен бизнес жауапкершілігі мәселесін қайта күн тәртібіне шығарды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жеңіс көшесі, 10 мекенжайында орналасқан «Magnum» дүкені «Время истекло» азаматтық бастамасының тексерісінен кейін сынға ілікті. Рейд барысында белсенділер сөрелерден жарамдылық мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен өнімдерді анықтаған. Кейбір тауарлардың мерзімі бір жылдан астам уақыт бұрын аяқталғаны тіркелді. Бұл деректер хаттамаға енгізіліп, дүкенге ескерту жасалған. Басшылық жағдайды түзетуге уәде берген. Алайда бір ай өткен соң жағдай қайталанған. Белсенділер қайта барған кезде мерзімі өткен өнімдердің саны азаймағаны анықталған. Керісінше, тізімге жаңа санаттар қосылған. Олардың қатарында ет өнімдері мен қышқыл-сүт тағамдары бар. Бұл жағдай…



